Материалдар / Ислам әдептері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам әдептері

Материал туралы қысқаша түсінік
кез-келген адамға ислам әдептерін үйренуге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Сырқат адамның көңілін сұрау. Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі

1 слайд
Сырқат адамның көңілін сұрау. Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды  құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі»  деген мақал бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрап, «ауырып  тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге  шипа берсін», «шикі ет ауырмаққа» деген сияқты жұбату сөздермен оның тез  жазылуға деген сенімін арттыра түсу қажет. Біз денсаулық сұраудағы сауаптармен әдептері жайлы қысқаша шолу жасамақпыз. Онда қолданатын сөз тіркестері де әр жерде әртүрлі. Бірақта негізгілері мыналар болар: «Денсаулығыңыз жақсы ма?», «Денсаулығыңыз қалай?», «Тәуірсіз бе?». Ал сауабы мен әдептеріне келер болсақ   Сауабы Алла Тағала науқасқа зиярат жасауды, Өзіне зиярат жасағанмен пара-пар санайды. Пайғамбарымыз  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Өзі және саңлақ сахабалар көңіл сұрауға ерекше мән берген. Ғиядәтүл-марид, науқастың көңілін сұрау мұсылманның асыл міндеттерінің бірі. Науқастың көңілін сұрауға таңертең шықсада, кешке шықсада жетпіс мың періште тілеулес болып, жаннатта бір бақша дайындалады. Әй жолаушы! Ең дұрысын жасадың, жаннаттан өзіңе орын дайындадың – деп бір айқайлаушы періште жар салады. Науқастың көңілін сұрау жолы, Жәннат бақшаларын аралаумен пара-пар. Мұсылман бауырының көңілін сұраған құлға, жетпіс мың періште дұға жасап күнәсінің жарылқануына тілеулес болады.Науқастың разылығында Рахманның разылығы жасырылған. Мұсылман бауырының көңілін сұрауда қос сауап жасырылған. Олар: Бауырына зияраты, денсаулығын сұрау сауабы. Көңіл сұрауды қайталау да сауап.

Ислам діні бес шартты сақтауға кепілдік береді: Бес шарттың үшеуі денсаулықпен (тән, абырой, сана) байланысты. Ислам медицинасы

2 слайд
Ислам діні бес шартты сақтауға кепілдік береді: Бес шарттың үшеуі денсаулықпен (тән, абырой, сана) байланысты. Ислам медицинасы адамның тәнін дертке ұшырау қауіпінен сақтайды.   Мәшһүр ғұлама Имам аш-Шафии:  «Қоғамға екі түрлі категориядағы адамдар қажет: ғалымдар - дінді сақтау үшін, дәрігерлер – олардың тәнін (денсаулық) сақтау үшін». Сондай-ақ «Мен халал (рұқсат етілген) мен харам (тыйым салынған) және медицина білімінен басқа ғылымды білмеймін»  дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен оның қадірлі жанұясы, әйелдері және сахабалар әрдайым дертке шипа іздеген, емделу жолдарын қарастырып, әрекет қылған. Ол сол уақыттағы атақты, құрамы пайдалы боп саналған нәрсені емделу әдісіне қолдануды кеңес еткен, ақырында ғалымдар оны құптады.    Алла Тағаланың емделу үшін жаратқан дәрісінің бірі – бал. Құранда былай айтылады :   «(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!»,  деп нұсқады. (Жаратылыс қабілет берді.) «Сонсоң әр түрлі өсімдіктен жеде Раббыңның қолайластырған жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шыгады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін әлбетте ғибрат бар»   (16: 68-69). Бал – қантамырлар жүйесін, ас қорыту, демікпе, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулардан сауықтандырып, иммунитетті көтереді.  

Алла елшісінің (с.ғ.с) сөзін жеткізуші Саид аль-Ансари былай дейді: «Зәйтүн майын жеңдер, оны денеге жағыңдар, ол қасиетті ағаш

3 слайд
Алла елшісінің (с.ғ.с) сөзін жеткізуші Саид аль-Ансари былай дейді: «Зәйтүн майын жеңдер, оны денеге жағыңдар, ол қасиетті ағаш» (ат-Тирмизи мен ибн Маджа риуаят еткен). Зәйтүн майы жүрек қан тамырларының ауруын алдын ала білдіріп, қанның қоюлануына жол бермей, қан тамырларының жүруін тездетіп,  сонымен қатар, қан қысымы көтерілген кезде оны түсіруге септігін тигізіп, семірудің алдын алады. Зәйтүн майын халықтың басым көпшілігі көп қолданатын елде семіру пайызы төмен. Зәйтүн майы ағзадағы бос радикалдардың санын азайтып, рак ауруына жол бермеуде басты рөл атқарады. Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) Әли ибн Әбу Тәлібке: «Сарымсақты же, мен періштелермен араласпағанда жейтін едім» деген. Сарымсақтың шипалы екенінде еш талас жоқ. Сарымсақты жеген соң өзіне тән қолайсыз иіс сияқты кемшілігі болса да, ол бактерияға қарсы, діңгене ауруына шипа, сондай-ақ қылтамырларды нығайтудағы өте тиімді табиғи әдіс, әрі ағзаны өте жақсы бейімдейді.   Алла Тағала біздің назарымызды осы ғұмырдың игілігіне аударады (мағынасы): «Сендер жас етпен қоректенсін деп, Ол – теңізді сендерге бағындырды». Пайғамбарымыз (с.ғ.с):   «Жәннаттың ең бірінші тағамы киттің бауырының ең жақсы бөлігі»   деп айтқан. Балық майының пайдасы туралы бұрын американдық және еуропалық ғалымдарымен дәлелденген. Сонымен қатар, ғалымдар балық майында   жартылай қанықпаған майлы Омега 3 қышқылының жүрек пен қан тамырларының ауруларына пайдалы екенін анықтаған.    

Әдептері Дәрет алып бару. Науқастың жанында Фатиха, ықылас, фәлақ және нас сүрелерін оқу. Аллада

4 слайд
Әдептері Дәрет алып бару. Науқастың жанында Фатиха, ықылас, фәлақ және нас сүрелерін оқу. Алладан шипа тілеп, атын атау сүннет. Дұғаны қысқада нұсқа, анық жасап, үш рет қайталау да сүннет. Имам, қари, ғалымдар «Руқия» жасау яғни дем салу. Ауру адамның жағдайын сұрап барған кезде, үміт беретін сөз айту. Науқас жанға, сырқаттың өткен күнәларға өтем екендігін, дұғаның қабыл болатындығын, науқас сәтіндегі құлшылықтың құндылығын да жеткізе білу. Нағыз шипагер Алла  екенін көңіл сұраушы есінен әсте шығармауы, науқасқа да даналықпен сол түсінікті бере білу. Сырқаттан сызатта, күнәдан кірде қалмай сауығып ұзақ ғұмыр кеш деу. Ас суды іш едейін іш деп қысамау. Қаламайтын әңгіме ақпар жайлы сөз қозғамау. Науқастың жанында үйінде шу шығармау, топырлап топ көбейтпеу. Өзі тілдесе аламаса жақын, тамыр-таныстарынан сұрастырып білу. Науқастың жанында өзі жақсы танитын дәрігер мен дәріден сөз етпеу, оны туыс-туғандарына айту. Еркек- әйел, туыс-жақынқ жағын ескере отырып, тамыр соғысын байқап әрі маңдайын басып көру. Қарапайым (танымал емес) науқастың көңілін сұрау басшы, ғалымдарға айып емес. Көңіл сұрау парыз кифая болып саналады. Мезгілсіз  уақытта науқас адамның көңілін сұрамау. Көп отырып алмау. Сырқат жанға Таухид танымдарын қамтитын дұғаларды жасауы жөн. Өйткені иманын үйіріп өткен жан тозаққа түспейді. Шипалы дәрі, дуалы дәрігер жайлы науқасқа емес, жақындарына айту. Қолынан келгенше көмек көрсету.    

Ем алушыға қатысты әдептер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы немесе ислам медицинасы – сүннет амалымен емделу, яғни ардақты п

5 слайд
Ем алушыға қатысты әдептер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы немесе ислам медицинасы – сүннет амалымен емделу, яғни ардақты пайғамбарымыз   Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен Құран аяттары немесе хадистеріне сүйене отырып ем қабылдау. Сахабалардың дерттен сауығу жайында қойған сауалдарына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қайтарған жауабы емделуге жатады. Ислам медицинасы адам өміріндегі тәни қажеттіліктеріне қатысты тамақ, сусын ішу, мекен ету орыны, отау құруы т.с.с. қамтиды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен емделуге байланысты мәселелер, медициналық тәжірибені жүзеге асыру, ислам көзқарасы тұрғысынан   дәрігерлердің жауапкершілігі секілді өзіндік заңнамаларды қамтиды. Хадис ілімін меңгерген ғалымдар  «Медицина бөлімі» атты бөлек тарауды құрап, онда ислам медицинасына байланысты айтылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) пікірлерін енгізген. Алғаш рет  «аль- Мувата»  атты хадистер жинағын имам Мәлік құрастырған еді. Бұл еңбектің жалғасын Имам Мәліктің ізімен имам әл-Бұхари онан соң имам Муслим және басқа да хадис жинақтаушы ғалымдар толықтырды. Тарихшылардың пайымдауынша,  Әли ар-Риза ибн Муса әл-Казим  атта ғалым Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы жайында арнайы кітап шығарған. Әл-Казимнің бұл еңбегі қысқаша трактаттардан (шартты) құралған. Мұның артынша  «Пайғамбарлық медицина» атты кітап жазылды, оның авторы әл-Мәлик ибн Хабиб аль-Андулуси   болды. Ол факих, мухаддис болған, осы ілімдерін құрмет тұтқан бұқара оны алим Андалуси деп атап кеткен. Айта кететін жайт, алғаш рет Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы бойынша хадистер және   бөлімдерге жинақталған хадистер осы кітапта баяндалады.Ал, ислам шариғатымен, пайғамбар өсиетімен амал қылып, мұсылманша емдеу тәсілдерін ең алғаш іске асырған  Абдуль-Латиф аль-Багдади  атты ғалым. Ол фикх пен грамматика саласының терең білгірі. Ғалымның артынан «Ат-Тибу мин аль-Китабиева ас-Суннати»  («Құран мен Сүннет негізіндегі медицина») атты құнды мұра қалды.

Сондай-ақ, тарихтан мәлім, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы туралы Ибн Сина, Абу Нуайм, аль-Асбахани, ат-Тайфаши, аль-Камил

6 слайд
Сондай-ақ, тарихтан мәлім, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы туралы Ибн Сина, Абу Нуайм, аль-Асбахани, ат-Тайфаши, аль-Камил ибн Тархан және т.б. ғалымдар   құнды деректер қалдырған. Ислам медицинасы саласында мазмұны жағынан терең әрі көлемді еңбектердің көш басында Имам хафиз Джалалуддин ас- Суютидың  «Аль-манхадж ас-савив аль-манхали ар-рави фи ат-тиби ан- набавий»  кітабы тұр.  Джалалуддин ас-Суюти хадис ғылымында хабары  мол, медицина тақырыбында көп ізденген ғалымдардың бірі әрі бірегейі. Қандай да бір ауру-сырқаттан Алла Тағала рұқсат еткен амалдармен оның емін, шипасын іздеу керектігі жайлы ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде көптеп айтылады. Бұхариден жеткен хадисте пайғамбарымыз былай дейді:   «Алла Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермейді». «Әр сырқаттың емі бар және де егер дәрі сырқаттың шипасын берсе, ол Аллаһтың қалауымен болғандықтан»  ( Муслим). Ал, Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген:   «Аллаһ Тағала бірде- бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді»  (имам Ибн Маджа). Бұл хадистерден біз емделуге ниет етудің маңыздылығын байқаймыз. Алла Тағала дәріні сырқаттан жазылу үшін жаратқан. Алла елшісінің (с.ғ.с) «Оның емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді» деген сөзіне ислам дәрігерлерін ғылыми зерттеулер жүргізіп, бұрын емін таппаған аурулардың шипасын іздеуге шақырған. Алла Тағала өзі толығымен ешбір кемшіліксіз түсірген Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қос дүниенің бақытына кенелуіне ғана қызмет етеді.  