Материалдар / «М. Мырзахметов зерттеулеріндегі әуезовтану мәселелері».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«М. Мырзахметов зерттеулеріндегі әуезовтану мәселелері».

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мырзахметов еңбек жолы, ғылыми еңбектеріне, шығармашылығына қысқаша шолу. М.Мырзахметовт Әуезов және Абай зерттеулері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2021
664
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

1 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ Тақырыбы : «М. Мырзахметов зерттеулеріндегі әуезовтану мәселелері ». Дайындаған: Кәрімова Н. Т Вахобова К. А Жұмақұлова А. С Капсалямова Ж. Ш Тобы : Кя-703 Тексерген : Хасенова И . ҚСемей 2020 жыл

Жоспар: І. Кіріспе - М.Мырзахметов еңбек жолы , ғылыми еңбектеріне , шығармашылығына қысқаша шолу . ІІ. Негізгі бө

2 слайд
Жоспар: І. Кіріспе - М.Мырзахметов еңбек жолы , ғылыми еңбектеріне , шығармашылығына қысқаша шолу . ІІ. Негізгі бөлім   - М.Мырзахметов еңбектеріндегі Әуезов мәселелері ; - М.Мырзахметовт Әуезов және Абай зерттеулері ; ІІІ. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

М. Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы (9 мамыр 1930 жылы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбеде туған) — Абайтанушы, ғалым.

3 слайд
М. Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы (9 мамыр 1930 жылы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбеде туған) — Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1996) жән «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері. "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Мырзахметұлы кеңестік кезеңде-ақ патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін әшкерелеп (“

4 слайд
Мырзахметұлы  кеңестік кезеңде-ақ патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін әшкерелеп (“Қазақ қалай орыстандырылды”,  1993 )‚ қазақ жеріндегі топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік сырларын ашып, қоғамдық ой-санаға ықпал етті. Абайтану мен мұхтартанудың ғылыми негізді қарым-қатынасын зерттеді. Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, ондағы айтылмай келген шығыстық мәселелер мен танылмай келген ойларды, шығыстық термин сөздерді бүгінгі күн талабы тұрғысынан жаңаша қорытып, ғылыми айналымға түсірді. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан мамандар даярлап, отыздан астам кандидат диссертация қорғатты. Абайтанудың  библиография  көрсеткіштерін құрастырып (1965, 1988, 1995) алғы сөздерін жазды. “Абай” энциклопедиясы мен М.Әуезовтің 20 томдық, 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысты.Мекемтас Мырзахметұлының  зерттеу еңбектерінде абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, иасауитанудың, Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері,  Абай  мұрасының шығыспен байланысы  1965  жылдан бастап терең зерттеле бастады. Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздері оның исламға, адамгершілік мұраттарына қатысты зерттеліп ашылды. Қараханидтер заманынан бастау алған кемел адам мәселесі Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” дастанында қамтылып, Иасауидің “ хал ілімі ” (камили инсани) арқылы негізделіп, Абайдың “толық адам ілімі” арқылы дәстүрлі жалғастық тауып даму жолдары жәуанмәртлік, яғни иманигүл(үш сүю) жайындағы Абай танымдары негізінде талданып‚ бір жүйеге түсірілді.  Ғылыми еңбектері

1953-1964 Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ

5 слайд
1953-1964 Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті )нің филология факультетін (оның аспирантурасын бітірген.      1953–1961 жылдары Низами  атындағы  Ташкент  педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан, проректор; 1969–75 жылдары ҚазПИ -де  доцент , 1975 – 91  жылдары Қазақстан  Ғ.А  Әдебиет  және өнер институтында ғылыми қызметкер, абайтану бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды . 1991–2000 жылдары арасында  Қожа Ахмет Ясауи атындағы   Халықаралық қазақ-түрік университетінің  кафедра меңгерушісі‚ Иасауи ғылыми лабораториясының меңгерушісі, әдебиет және этнофилология ғылыми-зертттеу орталығының директоры; 2002–2003 жылы Түркітану ғылыми-зертттеу институтының директоры қызметтерінде болды. 2000 жылдан М.Х. Дулат атындағы  Тараз  мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және “Түркі халықтары әдебиетінің тарихы” ғылыми-зертттеу орталығының директоры, “Бауыржантану” ғылыми-зертттеу орталығының бас ғылыми қызметкері. Еңбек жолы

«Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965), «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары (1982), «Абай жүрген ізбенен» (198

6 слайд
«Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965), «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары (1982), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш» (1988), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1994), «Абай және Шығыс» (1995), «Әуезов және Абай (1996), «Түркістанда туған ойлар» (1998), «Түркістан, Тараз арасы...» (2002), т.б. монографиялар, кітаптардың («Абайды оқы, таңырқа», 1993; «Абайтану дәрістері», 1994; «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайды білмек парыз, ойлы жасқа», 1997; Шығармалары

Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеулерімен танылған ғалым – Мекем

7 слайд
Қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеулерімен танылған ғалым – Мекемтас Мырзахметов Абайды тану, Абайды насихаттау ісімен бірге әуезовтану мәселесіне ғұмырлық еңбегін арнап келеді. Абай мен Мұхтардың шығармашылық тұлғасын тығыз бірлікте және рухани байланыста қарастыру әсіре орынды да күрделі ғылыми еңбек. Ғалымның абайтану саласына қосқан үлесі өз алдына күрделі, үлкен бір арна болса, әуезовтанудағы еңбегі өлшеусіз, құнды дүние. Абай мен Мұхтар тақырыбын бір-бірінен ажыратпай, тел қарастырып, қатар зерттеп келе жатқанына ғалымның сүбелі еңбектері дәлел. «Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965), «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайтану» (1988), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Қазақ қалай орыстандырылды» (1993), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1994), «Абай және Шығыс» (1994), «Әуезов және Абай» (1997) атты іргелі зерттеулері қазақ әдебиеті қазынасының құнарлы құндылығы ІІ. Негізгі бөлім

Мекемтас о Мырзахметов М.О.Әуезовтің әдеби мемориалды мұражай үйінде қызмет атқарған жылдары абайтану мен м

8 слайд
Мекемтас о Мырзахметов М.О.Әуезовтің әдеби мемориалды мұражай үйінде қызмет атқарған жылдары абайтану мен мұхтартану саласына мол еңбек сіңіргені мәлім. Ғылыми зерттеу ізденістерінің нәтижесінде абайтану мен мұхтартануға жаңа серпін ,тың жаңалық әкелді. Ғалым Мұхтар Әуезовтің абайтанушылық еңбегін жіті бақылап Абайтану мәселелерін көтеріп, зерттеу саласын нықтай, бекіте , мықтай түседі де, бұл саланың іргесін қалаған Мұхтар Әуезовтің ғылыми-зерттеушілік еңбегін, өмірбаянын қоса зерттеу нысанына айналдырады.

Ендігі кезекте М.Мырзахметұлының әуезовтану саласындағы бүгінгі уақыт талабынан туындаған, кезек күттірмес өзекті мә

9 слайд
Ендігі кезекте М.Мырзахметұлының әуезовтану саласындағы бүгінгі уақыт талабынан туындаған, кезек күттірмес өзекті мәселелерін көтерген ғылыми идеялары мен бағыт-бағдарына тоқталсақ. Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым әуезовтану саласында әлі зерттеу нысанына алынбаған, арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын қажет ететін тың тақырыптарды атап көрсетеді. Профессордың пікірі бойынша оларды төмендегідей топтастырып, атап өткенді жөн санаймыз. 1. Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті. 2. Академик-жазушының мұрасына текстологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажеттілігін сөз етеді. 3. М.Әуезовтің жазған хаттары және өзгелердің жазушыға жазған хаттарының тобын құрайтын эпистолярлық жанрда жазылған нұсқалары. 4. жазушының өмірін, әдеби, ғылыми шығармашылығы, атқарған тарихи қоғамдық қызметтері туралы жазылған естеліктерді жинақтап, бірізділікке түсіру мәселесіне арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу. 5. Мұхтар Әуезовтің әдеби ортасы мен айналасы. 6. М.Әуезов шығармаларындағы Абай мұрасы. 7. М.Әуезовтің өмірі мен әдеби, ғылыми мұрасына арналған бірегей энциклопедия жасау қажеттілігі. 8. 8. М.Әуезов шығармаларының тілін толық қамтитын жазушы тілінің сөздігін жасаудың қажеттілігі.

2003 жылы Семейге келген сапарында студенттермен, ғалымдармен болған басқосуда Мекемтас Мырзахметов ағынан ж

10 слайд
2003 жылы Семейге келген сапарында студенттермен, ғалымдармен болған басқосуда Мекемтас Мырзахметов ағынан жарыла: «Семей жерінде көп бодым. Рухани өмірімнің бәрі осы жерге байланысты. Қазақ халқының бүкіл рухани мәні Абай мен Мұхтарда. Мұхтар Әуезов рухани өзектен өскен. Абайтанудың негізін салып, ішкі сырын аңғарған – Мұхтар. Мұхтартанудың негізі қазір салынып жатыр»,- деген еді.

М.Мырзахметовтің «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары», «Әуезов және Абай» атты еңбектері әдебиеттан

11 слайд
М.Мырзахметовтің «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары», «Әуезов және Абай» атты еңбектері әдебиеттанудағы мұхтартану мен абайтану ілімінің өзара сабақтас күрделі мәселелерін терең талдаған зерттеулер. «Әуезов және Абай» еңбегі мұхтартанудағы тың мәселелерді арқау етуімен ерекшеленеді. Еңбектің «Ғылымның соқтықпалы соқпақтары», «Абайтанушы ғұлама», «Мұхтартану», «М.Әуезовтің жарияланбаған еңбектері» бөлімдері тың мәселе көтеруімен бағалы.

М.Мырзахметов Әуезов шығармашылығының құндыл

12 слайд
М.Мырзахметов Әуезов шығармашылығының құндылығын, абайтануға қатысты зерттеушілігін жазумен қоса жазушының ғылыми өмірбаянынан да құнды деректер келтіреді. Мәселен «М.Әуезов өмірінің ташкенттік кезеңі» тақырыбындағы мақаласы 1922-1924, 1928-1930 жылдар аралығындағы жазушы өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат береді.

Әдебиетші М.Әуезовтің абайтануға және әдебиет тарихына қатысты бұрындары жазылып, кейіннен жарияланбаған ғылыми-зертт

13 слайд
Әдебиетші М.Әуезовтің абайтануға және әдебиет тарихына қатысты бұрындары жазылып, кейіннен жарияланбаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ел игілігіне айналдыру ісіне де зор үлес қосуда. Мысалы, М.Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» (1988), «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» (1997) кітаптарын құрастырып, алғы сөзін жазды. Сондай-ақ «Әдебиет тарихын» алғашқы нұсқасымен толық күйінде жарыққа шығарып, түсініктемесін жазды.

14 слайд

14 слайд

Қорытындылай келе. Ғалым М.Мырзахметовтің ғылыми еңбектері ұлттық әдебиеттану ғылымында ойып алар орны бар,

15 слайд
Қорытындылай келе. Ғалым М.Мырзахметовтің ғылыми еңбектері ұлттық әдебиеттану ғылымында ойып алар орны бар, ұлттық мүддемен сабақтас, байырғы тарихы мен бүгінгі әдебиеттегі мәслелелерді байланыстыра қарастырған, халықтың басынан кешкен «тар жол, тайғақ кешулерін» терең ұғынудан туындаған, халықтың рухани даму сатысындағы биік көкжиектерді алуына деген адал ниеттен дүниеге келген күрделі, маңызды, өміршең туындылар . ІІІ. Қорытынды

Жалпы сөз соңында, Мекемтас Мырзахметұлы мәселенің әлі де күн тәртібінде қалып отырған қырларын осыдан 35

16 слайд
Жалпы сөз соңында, Мекемтас Мырзахметұлы мәселенің әлі де күн тәртібінде қалып отырған қырларын осыдан 35 жылдай уақыт бұрын еске салған болатын. «Осы тұрғыдан қарағанда, төрт рет қайта жазылған Абай өмірбаянының барлық нұсқалары мен «Абай жолы» эпопеясындағы өзекті творчестволық ішкі байланыстардың сырын ашу үшін арнайы кең көлемдегі ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді» [4,318]. Соңғы 65 жыл уақытта абайтану Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазған төрт нұсқасынан (1933, 1940, 1945, 1950) басқа да дерек-дәйектермен толыға түскенін де ескерсек, мәселе тіптен жоталана түседі. Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеудегі методологиялық ұстанымдар түзу өнегесінен де монографиялық зерттеулер, оқу құралдарын, дәстемелік нұсқаулар шығару шаруасын да ұмытпасақ. Келесі жылы Мұхтар Әуезовтің қайтыс болғанына 55 жыл толады. Арғы жылы ХХ ғасырдағы қазақтың азат ойлы асыл ұлдарының бірі – Мұхтар Әуезовтің туғанына – 120 жыл. Мерейлі тұстарда әдеттегіден гөрі қаурыт, қызу қимылдайтын дағдымызбен бірқатар шаруаның басын қайтарып тастауға болатын сияқты.

1. Пірәлі Г. Қазіргі мұхтартану. 1, 2 кітап. – Алматы: Елтаным, 2014. 2. Мақпырұлы С. Қазына. – Алматы: Арыс, 20

17 слайд
1. Пірәлі Г. Қазіргі мұхтартану. 1, 2 кітап. – Алматы: Елтаным, 2014. 2. Мақпырұлы С. Қазына. – Алматы: Арыс, 2004. – 340 б. 3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 2011. 4. Мырзахметұлы М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – 318 б. IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

18 слайд

18 слайд