Материалдар / Марфуға Бектемірова поэзиясындағы «жүрек» концептісі талдау презентация

Марфуға Бектемірова поэзиясындағы «жүрек» концептісі талдау презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Марфуға Бектемірова поэзиясындағы «жүрек» концептісі (концептуалдық талдау) қорғау үшін дайын презентация. Сайтта ворд толық талдауы жарияланған менің кабинетімде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
24
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ (КОНЦЕПТУАЛДЫ ТАЛДАУ) Орындаған: Калиева Аружан, ҚТмӘ

1 слайд
МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ (КОНЦЕПТУАЛДЫ ТАЛДАУ) Орындаған: Калиева Аружан, ҚТмӘ 17-32 Ғылыми жетекші: Есіркепова К.Қ. ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Филология департаменті Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы

«КОНЦЕПТ» ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК «Концепт» ұғымы дегеніміз – адам санасында қалыптасқан орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанд

2 слайд
«КОНЦЕПТ» ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК «Концепт» ұғымы дегеніміз – адам санасында қалыптасқан орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, дүниетаным негізінде белгілі-бір ұрпақтан өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық 1) жиынтық, жүйе, байланыс, қойма, заң актілерін тұжырымдау; 2) ұрық қабылдау; 3) сөйлем және т.б. мәнге негізделген  Концепт латын тілінде де бірнеше мағынаға ие:

Н.К. РЯБЦЕВА КОНЦЕПТ ҚАСИЕТТЕРІН БЫЛАЙ АЙҚЫНДАЙДЫ: - адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы арқ

3 слайд
Н.К. РЯБЦЕВА КОНЦЕПТ ҚАСИЕТТЕРІН БЫЛАЙ АЙҚЫНДАЙДЫ: - адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы арқылы толығып, өзгеріп отырады; - концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның базистік элементі – негізгі құрылым болып танылса, прототиптік мазмұндары – көмекші элементтер болып саналады; - концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделген және өңделіп ұсынылған өнім ретінде танылады

Р.И.Павеленис: «Адам ақиқат дүниенің тілдік көрінісін іздемес бұрын сол дүниені өзінің сезімдік қабілеттері, жинақталған а

4 слайд
Р.И.Павеленис: «Адам ақиқат дүниенің тілдік көрінісін іздемес бұрын сол дүниені өзінің сезімдік қабілеттері, жинақталған ақпараты арқылы танып алады. Танымында қалыптасқан дүние туралы ақпараттардың ұқсас жақтары мен айырмашылығын санада сұрыптайды (өңдейді). Осындай әрекеттер нәтижесінде пайда болған ұғым ақпараттарының реттелуін концептілік құрылым деп атаймыз» [5, 26] 1.Қарапайым форма (фрейм); 2.Күрделі форма (скрипт); 3.Оқиғалы форма (сценарий); 4.Сызбалы форма (схема); 5.Бейнелі форма (ойсурет). Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: концептілік құрылымдарды санада бейнелеу; құрылым элементтерін (ақпараттарды) өңдеу Концептілік құрылымның түрлері:

МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «жүрек» сөзіне берілген анықтам

5 слайд
МАРФУҒА БЕКТЕМІРОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «жүрек» сөзіне берілген анықтама: 1. Бойға қан жүргізуші басты орган 2. Ауысп. Кісінің жан дүниесі, рухани сезімі «Жүрек» адам өміріндегі физикалық және рухани өмір сүрудің негізгі көзі болып табылады А.А.Султангубиева «жүрек» сөзіне мынадай жалпылама түсініктеме берді: Адам көкірегі – сезімнің ұясы. Оны бірінен соң бірін туындатып, бірімен-бірін шарпыстырып, бірін тұтандырып, бірін тұншықтырып жататын майдан алаңы – жүрек Ж.Ысмағұловтың түсініктемесі бойынша «жүрек»:

1. Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын концепт типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең

6 слайд
1. Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын концепт типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады. Е.С.Беляевтің пікірінше: «Фрейм – айтылған сөзден емес, көруден алған әсер, бірақ ол санада динамикалық әрекеті арқылы стереотиптік таңба ретінде сақталады». Фрейм - санада сақталған ақпаратты құрылымга бөліп, бөліктерін анықтайды. Біздің түсінуімізше, әр концепттің бойында оның кұрамдас бөлшектері, яғни фреймдері болады. Фрейм арқылы адам, жадындағы ақпарат ассоциацияланады. Бұл ақпараттар тілдік бірліктер арқылы ғана көрінеді, яғни адам санасында әлемнің тілдік бейнесін корсетеді.

«Жүрек» концептісінің фреймдік құрылымы М. Бектемірова поэзиясындағы «жас жүрек», «ғашық жүрек», «ақ жүрек», «мазасыз жүр

7 слайд
«Жүрек» концептісінің фреймдік құрылымы М. Бектемірова поэзиясындағы «жас жүрек», «ғашық жүрек», «ақ жүрек», «мазасыз жүрек», «қара жүрек», «тәтті жүрек», «нәзік жүрек», «үнсіз жүрек» сияқты танымдық элементтерден (тармақтардан) құралады. Халық едік, Жүрегі ақ, серті берік, Келеміз ғой ғасырдың дертін еміп, Үміт артып қарайды келер ұрпақ, Қамығады қаракөз жер түнеріп («Мекен бұл», 49б) Көзін сүзіп қозғалмастан тұрады ай, Жақсы үмітпен жерді кезіп жүр арай. Жібітем деп қара тастай жүректі, Қара түнге қамалған жас құралай («ШаҺризада», 11б) Жас жүрегім, Жыр-теңізін тасытқан, Көңіл – кеме, жағалауға асыққан. Қайта оралды көкейіне арудың, Көптен күткен, Жыл құсындай асыл ән («Ән», 23б) Кімге айып көркемделсе ой- күмбез, Ақ моншағын толқын үзіп шашады. Гүлдерімді жинап алып толқын тез, Кәрі жүрек кеудесіне басады («Көз тұндырып дүниеге қарашы», 56)

 2. Схема – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды кеңістікте, зат

8 слайд
 2. Схема – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды кеңістікте, заттық формада таныту тәсілі. Бұл тәсіл концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұқсас емес қасиеттерінен ажыратып, концепт мазмұнын дәл, нақты денотат арқылы тануға мүмкіндік жасайды. Дүниені схемалық құрылымда тану механизмі мынадай қағидаларға негізделеді: ақиқат дүниені тану барысында кеңістіктегі материалдық бейне ретінде сенсорлы, перцептивті қабылданған ақпараттары жинақталады; ақпараттарды детальдау әрекеті қалыптасады; детальданған ақпараттар арқылы концептінің кеңістіктегі формасы объективтенеді

М. Бектемірова поэзиясындағы «жүрек» концептісіне қатысты схемалар: «жүрегі жарылды», «жүрегінің жарқылы ұшты», «жүрек жұ

9 слайд
М. Бектемірова поэзиясындағы «жүрек» концептісіне қатысты схемалар: «жүрегі жарылды», «жүрегінің жарқылы ұшты», «жүрек жұтқан», «жүрекке жақын алу», «жүректі әуреге салу», «жүрегі дір ете қалды», «жүрегі лүп етті», «жүрегі айныды». Жел буып, нәзік белін мүсіндеген, Қайыңдар арасында жүрсің бе, өлең? Құшақтап сол қайыңды мен де тұрғам, Жүрегім жарыла дүрсілдеген («Жел буып», 33б) ЖҮРЕГІ ЖАРЫЛДЫ; ЖҮРЕГІ ЖАРЫЛА ЖАЗДАДЫ - қатты қуанды, көңілденді [11,215]   Жаным менің Сезгенде мол тынысты Кеудемнен жүрегімнің жарқылы ұшты, «Сүйемін» деп айтуға дәрменім жоқ, «Сүйемін» деп айту да қорқынышты («Сүйемін», 18б) ЖҮРЕГІ ТАС ТӨБЕСІНЕ ШЫҚТЫ; ЖҮРЕГІНІҢ ЖАРҚЫЛЫ ҰШТЫ - 1.Қатты қорықты, үрейленді; 2. Ренжіді, көңілі қалды [11,218]

Аңыз да, ертегі емес оның бәрі, Көк толқындар жартасқа соғылады. Бір күшті ағын алып кетері анық, Жалындап жүрек жұтқан жан

10 слайд
Аңыз да, ертегі емес оның бәрі, Көк толқындар жартасқа соғылады. Бір күшті ағын алып кетері анық, Жалындап жүрек жұтқан жандарды («Бір-ақ рет келетін ғасырдайын», 22б) ЖҮРЕК ЖҰТҚАН, ЖҮРЕГІНІҢ  ТҮГІ БАР - өте батыл, ештеңеден қорықпайтын адам [12, 57] Сезімталмын, соған жүрек дір етті. Қанша нәзік, қанша мұңлы болсамда, Бұл әлемде, Жан жоқ шығар менен артық жүректі («Жүрегімді бере алмаймын», 99б) ЖҮРЕГІ ДІР ЕТЕ ҚАЛДЫ – кенет қатты қорықты [11, 215] Күту керек, мүмкін жыл, мүмкін айлар, Мәңгі емес бірақ та бұл құдайлар. Өз ісінен өзінің жүрегі айнып, Өзі жайлы олар да бір күн ойлар («Еске түсіп жақсыны жүдеткені», 83б) ЖҮРЕГІ АЙНЫДЫ 1. Құсқысы келді; 2. Безер болды, мезі болды [11,214]  

3. Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегі

11 слайд
3. Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер – сценарийлер мен скриптер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады. Сценарий концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады. Сценариялық құрылымның деңгейі мәтінде төрт түрлі формада танылады: 1.Үстірт – синтаксистік фрейм. Тілдік құрылымда предикаттық байланыс формасында танылады (атау + предикат) 2.Үстірт – семантикалық фрейм. Оқиға әрекетіне негізделген кейіпкер, ондағы құрал – жабдықтар, іс – әрекет, оқиғадан алған әсер, фрейм тармақтарынан құралған фрагменттер 3.Тақырыптық фрейм – сценарийлер 4.Баяндау фреймі. Тақырыптың мазмұнын ашатын түсініктеме

Басып өтем мұздарды да, отты да, Кең пейілді дүниеге жоқ кінә, Толқын – көңіл қалжырай ма бір күні, Жүрегі жоқ жартастарғ

12 слайд
Басып өтем мұздарды да, отты да, Кең пейілді дүниеге жоқ кінә, Толқын – көңіл қалжырай ма бір күні, Жүрегі жоқ жартастарға соқтыға. Күзгі желдер ұшырғанда гүлді үрлеп, Сала берер сан пернелер күмбірлеп. Патшалықта сезім билік ететін, Мазасыздау мекендейді бір жүрек («Мазасыз жүрек», 89б) Жүрегімді, Бере алмаймын сыр тұнған, Айналып өт, Долы дауыл сыртымнан. Мен – бұлақпын, Жылап аққан көктемде, Жылап жатып арманына ұмтылған. Кейбіреулер, Өсек тасып күнелтті, Сезімталмын, Соған жүрек дір етті. Қанша нәзік, қанша мұңлы болсамда, Бұл әлемде, Жан жоқ шығар менен артық жүректі («Жүрегімді бере алмаймын», 99б)

Асқар арға Дақ салса кейбір пасық, Жаным менің жүдеме, Далаға шық. Даналыққы кең дала тұнып тұрған, Сендік асқан арманға дал

13 слайд
Асқар арға Дақ салса кейбір пасық, Жаным менің жүдеме, Далаға шық. Даналыққы кең дала тұнып тұрған, Сендік асқан арманға дала ғашық. Нәзік еткен сені де Кең дала жүдетпейді, Туған жердің сендерсіз күні өтпейді («Жаным менің, жүдеме», 77б)М.Бектемірова бұл өлеңінде жүректің жүдемеуі – табиғаттың арқасында деген түйін жасайды. Әрбір адам маң даланың таза ауасын жұтып, керемет көріністердің куәсі болған шақта ішкі жан дүниесі тазарып, талай істерді бітіруге күш- жігер жинайды. Егерде жүректеріңіздің жүдегенін сезсеңіздер, онда міндетті түрде табиғатпен тілдесіп, ішкі жан-сырына үңілу керектігін ақын бұл сюжетке құрып оқырманға жеткізеді.

Ойсурет – концепт құрылымдарын бейнелі формада таныту. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен тан

14 слайд
Ойсурет – концепт құрылымдарын бейнелі формада таныту. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады Концептінің ойсурет типіне салынып танылған формасы логикалық – позитивтік танымнан гөрі эстетикалық таным деңгейінде, ақиқат дүние үзіктерін өздігінше суреттеп ұқсату, елестету шеберлігінен туындайды Қиялдау (фантазиялау) шеберлігі басым болса, концептіні ойсуретке салып таныту деңгейі, яғни ұғымды метафоралау деңгейі жоғары болады Ойсуреттің ерекшелігі абстрактілі ұғымдарды аялық білімдері сәйкес келетін адамдар үшін тез, әрі жеңіл түсіну барысында көрінеді

 М.Бектемірова шығармаларында «жүрек» концептісінде кездесетін ойсурет құрылымы : «ғашық жүрек – ұстатпайтын қасқа құлан»

15 слайд
 М.Бектемірова шығармаларында «жүрек» концептісінде кездесетін ойсурет құрылымы : «ғашық жүрек – ұстатпайтын қасқа құлан», «жүрек – домбыра шегі», «жүрегім сынаптай балқығанда» және т.б. Арман ғой...өмірдегі басқа мұнан, Ғашық жүрек – ұстатпайтын қасқа құлан. Жатырмын құламайтын күмбез салып, Жиналған жақұт түстң жастарымнан («Арман ғой..», 173б) Жүрек деген, Домбыра шегі ме еді? Жаратқан ғой нәзік қып тегі оны. Сәл нәрсеге үзілер мына жүрек Сәл нәрсеге балаша егіледі, Түсінбеген жүректі не біледі... («Ғашық жүрек», 16б) Аптыққан, аласұрған екі жүрек Тапты ма, тапқан жоқ па бір келісім Өкінбе, мүмкін, жүрек ерте өледі, Ол саған сәби болып еркеледі («Өкінбе...»,46б)

Таңданбаса, таңданбас жасын ғана, Таң болып сен тұрарсың, асыл аға. Жүрегімде ал менің көктем туып, Көк шалғынға малынға

16 слайд
Таңданбаса, таңданбас жасын ғана, Таң болып сен тұрарсың, асыл аға. Жүрегімде ал менің көктем туып, Көк шалғынға малынған жасыл дала («Үміт бер өмір сүретін», 22б) Құдай ғана келеді енді маған жәрдемге, Тірі болсам дейтұғын арман ғана бар менде. Бас тартады тіршілік ақынына ардақтап, Тас жатады кейде менің ыстық кеудемде («Құдай ғана келеді енді маған жәрдемге», 116 бет)

ҚОРЫТЫНДЫ Концептуалды талдау барысында «концепт», «фрейм», «схема», «ойсурет», «сценарий» және т.б. секілді ұғымдармен тер

17 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Концептуалды талдау барысында «концепт», «фрейм», «схема», «ойсурет», «сценарий» және т.б. секілді ұғымдармен терең танысып, ғалымдардың ол жайындағы пікірлерін саралап талданды. Қостанайлық ақын «жүрек» концептісін өлең жолдарында ерекше ұйқастармен астастырып, мағынасын түрлі көркемдік тәсілдермен ашатыны байқалды. «Ғашық жүрек – ұстатпайтын қасқа құлан», «жүрек – домбыра шегі», «жүрегім сынаптай балқығанда» ойсурет құрылымы мен «жүрегі жарылды», «жүрегінің жарқылы ұшты», «жүрек жұтқан», «жүрекке жақын алу», «жүректі әуреге салу», «жүрегі дір ете қалды», «жүрегі лүп етті», «жүрегі айныды» секілді схемалар «жүрек» концептісінің қолданылу ерекшелігін танытады. Қорытындылай келе, Марфуға Бектемірованың поэзиясындағы «жүрек» концептісін талдау барысында барлығы 25 мысал теріліп, оның ішінде: 10 фрейм, 6 схема, 3 сценарий және 6 ойсурет элементтерінің қолданыс ерекшеліктері мен мағыналары ашылды.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Жампейісова Ж.М. «Ақ» және «Қара» концептілерінің әлеуметтік мағыналары. ҚР ҰҒА-ның хабаршысы, 2

18 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1.Жампейісова Ж.М. «Ақ» және «Қара» концептілерінің әлеуметтік мағыналары. ҚР ҰҒА-ның хабаршысы, 2005.- №8. 2. Ислам А. «Өмір» концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени сараптама, 2003.-№ 4. ҚР ҰҒА –ның хабаршысы.Тіл әдебиет сериясы. 3.Күшпаева М.Т.Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны. 2003. Дис.жұмыс. 4.Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: филол.ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 2004. – 229 б. 5.Гиздатов, Г.Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности [Мәтін]: Диссертация / Гиздатов Г.Г. –Алматы, 1999 6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-968б. 7. Султангубиева А.А. «Жүрек» сөзінің семантикалық өрісі (Қазақ, ағылшын, және орыс тілдеріндегі «жүрек» концептісі бойынша). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. №3(111).2008. – 138б. 8. Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы. Алматы: Ғылым, 1994.-56б. 9. Күштаева М.Т. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингво мәдени мазмұны [Мәтін]: Автореферат / Күштаева М.Т. – Алматы, 2003 10. Ғиздатов Г. Когнитивные модели в речевой деятельности. - Алматы: «Ғылым», 1997. 11. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1977 жыл. – 712 б. 12. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. - Алматы: «Елтаным» баспасы, 2010 жыл. – 252 б. 13.Бектемірова М. Жанары жәудір дүние. – Алматы: «Айқап» баспасы, 1993 жыл.-121б. 14. Бектемірова М.Айдыным менің. – Алматы: «Өлке» баспасы, 1997 жыл.- 108б. 15. Бектемірова М. Ғашық жүрек. – Қостанай қ., 2001 жыл.-271б

Іс-шаралар кестесі
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ