Некенің дұрыс болу шарттары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
ҚЫЗДЫ АЙТТЫРУ.
Екі жас болашақ жар ретінде бір-бірін таңдағаннан кейін уақытты көп созбай отау көтеруге қам
жасау қажет. Халқымыздың салт-дəстүрі бойынша, көбінесе үйленудің алдында екі жақтың келісімін
алу үшін, əрі тойға дайындалу мақсатымен ең бірінші құда түсіп, қызды айттыру салты орындалады.
Бұған дініміз бойынша да рұқсат етілген. Бірақ Ислам діні қыз айттыру кəдесінің шығынсыз іске
асқанын құп көрген. Мұсылмандық салт-дəстүріне көз жүгірткенімізде қызды айттырудың бірнеше
түрін кездестіреміз. Келесі тақырыпшалардан қыз айттыру ережелерінің өзі халқымыздың əдет-
ғұрыптарына айналған мұсылмандық дəстүр екенін көреміз.
1.Қызды ата-анасынан сұрату. Жігіт жағы қалауы түскен бойжеткеннің ата-анасынан барып қызын
сұрайды. Пайғамбарымыз да (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Айша анамызбен (р.а.) үйленерде хазірет
Əбу Бəкірдің (р.а.) өзінен сұраған. Еліміздегі қыз айттыру дəстүрі де көбінесе осы түрде өтеді.
2. Қыздың өзіне ұсыныс білдіру. Үйлену туралы ұсыныс қыздың тікелей өзіне жасалса да ағаттығы
жоқ. Мысалы, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Үммү Сəлəмə анамызбен (р.а.)
үйленерде тікелей өзіне тілегін білдірген. Үммү Сəлəмə анамыз ұсынысын қабыл алып, некелерін
қидырған.
3. Қыздың ата-анасы немесе жақындарының жігітке қолқа салуы. Бұны Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисін жинақтаған кітабында Имам Бұхари: «Кісінің қызын немесе
қарындасын тұрмысқа беру үшін жақсы адамдарға өзінің ұсыныс жасауы» деп атаған. Хазірет
Омар (р.а.) қызы Хафсаның (р.а.) күйеуі қайтыс болып жесір қалғанда алдымен Осман ибн Афуанға
ұсыныс жасайды. Осман «Ойланып көрейін» дейді. Бір күн өткен соң: «Мен онымен отау құра
алмайтын сияқтымын», – дейді. Одан кейін хазірет Омар хазірет Əбу Бəкірге барып: «Қызымды сен
ал. Хафсаны саған берейін», – дейді. Əбу Бəкір бұл ұсынысқа жауап қатпайды. Ертеңінде
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Хафса анамызды айттырады. Хазірет Омар бұл
ұсынысқа қуана келісімін беріп, оларды үйлендіреді. Сондай-ақ, Құран кəрімде де «Қасас» сүресінің 27-
28-аяттарында Мұса пайғамбардың (а.с.) Мəдиан деген жерде қойларын суғара алмай тұрған екі
қызға жəрдем еткені айтылады. Қыздар үйлеріне келген соң өздеріне көмектескен кісі жайлы
əкелеріне баяндайды. Сонда қыздардың əкесі Мұса пайғамбарға (а.с.) қыздарының біреуін ұсынып
үйлендіреді. Осы оқиғалардан көріп отырғанымыздай, мінез-құлқы жақсы, сенімді кісілерге қыз
жағы да ұсыныстарын айтып, екі жастың қосылуына мұрындық болуы дінмен құпталған.
1 слайд
ҚЫЗДЫ АЙТТЫРУ. Екі жас болашақ жар ретінде бір-бірін таңдағаннан кейін уақытты көп созбай отау көтеруге қам жасау қажет. Халқымыздың салт-дəстүрі бойынша, көбінесе үйленудің алдында екі жақтың келісімін алу үшін, əрі тойға дайындалу мақсатымен ең бірінші құда түсіп, қызды айттыру салты орындалады. Бұған дініміз бойынша да рұқсат етілген. Бірақ Ислам діні қыз айттыру кəдесінің шығынсыз іске асқанын құп көрген. Мұсылмандық салт-дəстүріне көз жүгірткенімізде қызды айттырудың бірнеше түрін кездестіреміз. Келесі тақырыпшалардан қыз айттыру ережелерінің өзі халқымыздың əдет- ғұрыптарына айналған мұсылмандық дəстүр екенін көреміз. 1.Қызды ата-анасынан сұрату. Жігіт жағы қалауы түскен бойжеткеннің ата-анасынан барып қызын сұрайды. Пайғамбарымыз да (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Айша анамызбен (р.а.) үйленерде хазірет Əбу Бəкірдің (р.а.) өзінен сұраған. Еліміздегі қыз айттыру дəстүрі де көбінесе осы түрде өтеді. 2. Қыздың өзіне ұсыныс білдіру. Үйлену туралы ұсыныс қыздың тікелей өзіне жасалса да ағаттығы жоқ. Мысалы, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Үммү Сəлəмə анамызбен (р.а.) үйленерде тікелей өзіне тілегін білдірген. Үммү Сəлəмə анамыз ұсынысын қабыл алып, некелерін қидырған. 3. Қыздың ата-анасы немесе жақындарының жігітке қолқа салуы. Бұны Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисін жинақтаған кітабында Имам Бұхари: «Кісінің қызын немесе қарындасын тұрмысқа беру үшін жақсы адамдарға өзінің ұсыныс жасауы» деп атаған. Хазірет Омар (р.а.) қызы Хафсаның (р.а.) күйеуі қайтыс болып жесір қалғанда алдымен Осман ибн Афуанға ұсыныс жасайды. Осман «Ойланып көрейін» дейді. Бір күн өткен соң: «Мен онымен отау құра алмайтын сияқтымын», – дейді. Одан кейін хазірет Омар хазірет Əбу Бəкірге барып: «Қызымды сен ал. Хафсаны саған берейін», – дейді. Əбу Бəкір бұл ұсынысқа жауап қатпайды. Ертеңінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Хафса анамызды айттырады. Хазірет Омар бұл ұсынысқа қуана келісімін беріп, оларды үйлендіреді. Сондай-ақ, Құран кəрімде де «Қасас» сүресінің 27- 28-аяттарында Мұса пайғамбардың (а.с.) Мəдиан деген жерде қойларын суғара алмай тұрған екі қызға жəрдем еткені айтылады. Қыздар үйлеріне келген соң өздеріне көмектескен кісі жайлы əкелеріне баяндайды. Сонда қыздардың əкесі Мұса пайғамбарға (а.с.) қыздарының біреуін ұсынып үйлендіреді. Осы оқиғалардан көріп отырғанымыздай, мінез-құлқы жақсы, сенімді кісілерге қыз жағы да ұсыныстарын айтып, екі жастың қосылуына мұрындық болуы дінмен құпталған.
2 слайд
Некенің дұрыстық шарттары : Үйленуге ризашылық жəне ерікті болу
Некелері қиылатын жастардың ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, ешқандай мəжбүрлеусіз, өз
еріктерімен отбасын құруға келісім беруі қажет. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мына
бір хадисі жоғарыда да келтірілді: «Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы
алынбайынша неке шын мəнінде жүзеге аспайды». Осыны айтқанда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ, жас қыздың
разылығын қалай білеміз?», – деп сұрапты. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Жас қыздың
рұқсаты – үндемегені», – деген екен. «Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы
алынбайынша неке шын мəнінде жүзеге аспайды». Осыны айтқанда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ, жас қыздың
разылығын қалай білеміз?», – деп сұрапты. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Жас қыздың
рұқсаты – үндемегені», – деген екен. Екі куəгердің болуы Үйлену дегеніміз – екі жұпқа белгілі құқық пен
міндеттерді жүктейтін, харам мен адалдың аражігін ажырататын шара болғандықтан, оның көпшілікке
жария етілуі тиіс. Қиылған некеге екі куəгердің қатысуы шарт. Куəгерлердің саны Құранда былай деп
айтылған: «Екі ер адамды куəгер етіңдер. Егер екі ер адам болмаса, өздерің куə ретінде құп көретін бір ер
кісі мен екі əйел жеткілікті». Сұрау жəне қабыл ету Екі жасқа «Сен оны жұбайлыққа қабыл еттің бе?» деген
сұрақ айқын қойылып, оған нақты сөзбен «қабыл еттім» деген жауаптар берілуі қажет. Ата-ананың
рұқсаты. Ханафи мəзһабы бойынша, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына келген қыз баланың ата-ананың
келісімінсіз неке қидыруына рұқсат. Яғни неке қидыру үшін ата-ананың ризашылығы шарт емес. Бірақ өзінің
теңіне бармаған жағдайда ата-анасы оның некесін бұздыра алады. Уақытша неке қиылмайды Некенің
белгілі бір уақыт аралығында ғана өкілеттілігі болуы үшін қиылуы шариғатқа сай емес. Төрт мəзһабтың да
көзқарасы бойынша мұндай неке неке санатына жатпайды. Некелесетін жастардың алдында дін
тарапынан белгіленген кедергінің болмауы Некенің дұрыс деп есептелуі үшін екі жұптың бір-біріне
үйленулері харам адамдар болмауы керек. Ал егер бірге түтін түтетуге харам кісі таңдалса, бұл неке
жарамсыз саналады. Мұсылман ер кісінің мүшрік əйелмен үйленуге рұқсат етілмейтіні белгілі. Кітап
иелерін ала алады. Ал əйел адам үшін мұсылманнан басқамен некелесуге мүлдем тыйым салынған. Қыз
басқа біреудің некелісі болса, ол ажыраспайынша онымен өзге адам некелесе алмайды. Ал ер кісіге бір
уақытта төрт бірдей əйелмен некеде тұруға құқық берілген.
2 слайд
Некенің дұрыстық шарттары : Үйленуге ризашылық жəне ерікті болу Некелері қиылатын жастардың ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, ешқандай мəжбүрлеусіз, өз еріктерімен отбасын құруға келісім беруі қажет. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мына бір хадисі жоғарыда да келтірілді: «Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы алынбайынша неке шын мəнінде жүзеге аспайды». Осыны айтқанда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ, жас қыздың разылығын қалай білеміз?», – деп сұрапты. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Жас қыздың рұқсаты – үндемегені», – деген екен. «Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы алынбайынша неке шын мəнінде жүзеге аспайды». Осыны айтқанда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ, жас қыздың разылығын қалай білеміз?», – деп сұрапты. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Жас қыздың рұқсаты – үндемегені», – деген екен. Екі куəгердің болуы Үйлену дегеніміз – екі жұпқа белгілі құқық пен міндеттерді жүктейтін, харам мен адалдың аражігін ажырататын шара болғандықтан, оның көпшілікке жария етілуі тиіс. Қиылған некеге екі куəгердің қатысуы шарт. Куəгерлердің саны Құранда былай деп айтылған: «Екі ер адамды куəгер етіңдер. Егер екі ер адам болмаса, өздерің куə ретінде құп көретін бір ер кісі мен екі əйел жеткілікті». Сұрау жəне қабыл ету Екі жасқа «Сен оны жұбайлыққа қабыл еттің бе?» деген сұрақ айқын қойылып, оған нақты сөзбен «қабыл еттім» деген жауаптар берілуі қажет. Ата-ананың рұқсаты. Ханафи мəзһабы бойынша, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына келген қыз баланың ата-ананың келісімінсіз неке қидыруына рұқсат. Яғни неке қидыру үшін ата-ананың ризашылығы шарт емес. Бірақ өзінің теңіне бармаған жағдайда ата-анасы оның некесін бұздыра алады. Уақытша неке қиылмайды Некенің белгілі бір уақыт аралығында ғана өкілеттілігі болуы үшін қиылуы шариғатқа сай емес. Төрт мəзһабтың да көзқарасы бойынша мұндай неке неке санатына жатпайды. Некелесетін жастардың алдында дін тарапынан белгіленген кедергінің болмауы Некенің дұрыс деп есептелуі үшін екі жұптың бір-біріне үйленулері харам адамдар болмауы керек. Ал егер бірге түтін түтетуге харам кісі таңдалса, бұл неке жарамсыз саналады. Мұсылман ер кісінің мүшрік əйелмен үйленуге рұқсат етілмейтіні белгілі. Кітап иелерін ала алады. Ал əйел адам үшін мұсылманнан басқамен некелесуге мүлдем тыйым салынған. Қыз басқа біреудің некелісі болса, ол ажыраспайынша онымен өзге адам некелесе алмайды. Ал ер кісіге бір уақытта төрт бірдей əйелмен некеде тұруға құқық берілген.
3 слайд
Келін таңдау.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде: «Қоқыстың арасында өскен қызыл гүлге
қызықпаңдар» деп ескертеді. Мəнісін сұраған сахабаларына «нашар ортада өскен сұлу əйел» деп түсіндірген.
Хазірет Омар (р.а.) осы хадиске сай: «Жаман ортада өскен сұлу əйелден сақтаныңдар. Себебі оның туған
баласы тегіне ұқсамай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын алыңдар. Себебі ол нағашыларына тартқан
салиқалы ұрпақ дүниеге əкеледі», − деген. Демек, жар таңдағанда оның əке-шешесінен, туған-туыстарынан
алған тəрбиесіне де көп көңіл бөлу керек. Адамның мінез-құлқының қалыптасуында алған өнегесінің маңызы
ерекше. Дегенмен, мұсылман ғұламалары мінез-құлықты қайта тəрбиелеуге болатынын айтқан. Себебі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде «Мінез-құлықтарыңды көркемдеңдер» деген еді.
Демек, адам баласы туа біткен мінез-құлқын иманы арқылы тəрбиелеп, қайта түзеуіне болады. Яғни
жоғарыда айтылған қағида барлығы үшін бірдей емес. Құран кəрімде де баяндалғандай Ибраһим пайғамбар
(а.с.) мүшрік əкесімен, Мұса пайғамбар (а.с.) Перғауынның сарайында өссе де Аллаһ тағаланың сүйікті
құлдарына айналған. Ал Нұх пайғамбардың (а.с.) ұлы шаңырақтағы шұғылалы нұрдан қапы қалып, ақырында
топан суға батты. Міне, осындай оқиғаларға назар салсақ, адам отбасында көрген тəрбиесінен кейін де
өзінің адами болмысын көркейте аларына көз жеткіземіз. Дегенмен жар таңдағанда отбасына, алған
тəрбиесіне, іске бейімділігіне мəн берудің артықшылығы жоқ. Бұны тек қана ер жігіттерге айтылған
ескерту деп түсінбеу керек. Қыздар да жігіттердің тəлім-тəрбиесіне көңіл бөлгені абзал. Босаға аттаған
келіннің етегінен қарадомалақтың өруі хадистермен құпталған. Жар таңдаған ер азаматтың осы мəселеге
де көңіл бөлуі қажет. Бір кісі Аллаһ елшісіне (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен бір
текті, беделді, бай əйелді таптым. Бірақ құрсақ көтермейді. Оған үйленуіме бола ма?» − дегенде,
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тыйым салады. Екінші рет келіп айтқанда, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тағы да қарсы болады. Үшінші рет жəне келіп сұрағанда: «Сендер өздеріңе
ұнамды жəне бала туатын əйелдерге үйленіңдер, өйткені мен басқа үмбеттердің алдында сендердің
көптіктеріңмен мақтанамын», – деген екен. «Əйелдеріңнің ең жақсысы – Аллаһтан қорқатын, өздеріңе
ұнамды, бала туатын, өздеріңе жайлы һəм жанашыр əйелдер. Ал ең жаманы – тəнін ашып жүретін,
тəкаппар əйелдер»[
3 слайд
Келін таңдау. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде: «Қоқыстың арасында өскен қызыл гүлге қызықпаңдар» деп ескертеді. Мəнісін сұраған сахабаларына «нашар ортада өскен сұлу əйел» деп түсіндірген. Хазірет Омар (р.а.) осы хадиске сай: «Жаман ортада өскен сұлу əйелден сақтаныңдар. Себебі оның туған баласы тегіне ұқсамай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын алыңдар. Себебі ол нағашыларына тартқан салиқалы ұрпақ дүниеге əкеледі», − деген. Демек, жар таңдағанда оның əке-шешесінен, туған-туыстарынан алған тəрбиесіне де көп көңіл бөлу керек. Адамның мінез-құлқының қалыптасуында алған өнегесінің маңызы ерекше. Дегенмен, мұсылман ғұламалары мінез-құлықты қайта тəрбиелеуге болатынын айтқан. Себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде «Мінез-құлықтарыңды көркемдеңдер» деген еді. Демек, адам баласы туа біткен мінез-құлқын иманы арқылы тəрбиелеп, қайта түзеуіне болады. Яғни жоғарыда айтылған қағида барлығы үшін бірдей емес. Құран кəрімде де баяндалғандай Ибраһим пайғамбар (а.с.) мүшрік əкесімен, Мұса пайғамбар (а.с.) Перғауынның сарайында өссе де Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарына айналған. Ал Нұх пайғамбардың (а.с.) ұлы шаңырақтағы шұғылалы нұрдан қапы қалып, ақырында топан суға батты. Міне, осындай оқиғаларға назар салсақ, адам отбасында көрген тəрбиесінен кейін де өзінің адами болмысын көркейте аларына көз жеткіземіз. Дегенмен жар таңдағанда отбасына, алған тəрбиесіне, іске бейімділігіне мəн берудің артықшылығы жоқ. Бұны тек қана ер жігіттерге айтылған ескерту деп түсінбеу керек. Қыздар да жігіттердің тəлім-тəрбиесіне көңіл бөлгені абзал. Босаға аттаған келіннің етегінен қарадомалақтың өруі хадистермен құпталған. Жар таңдаған ер азаматтың осы мəселеге де көңіл бөлуі қажет. Бір кісі Аллаһ елшісіне (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен бір текті, беделді, бай əйелді таптым. Бірақ құрсақ көтермейді. Оған үйленуіме бола ма?» − дегенде, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тыйым салады. Екінші рет келіп айтқанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тағы да қарсы болады. Үшінші рет жəне келіп сұрағанда: «Сендер өздеріңе ұнамды жəне бала туатын əйелдерге үйленіңдер, өйткені мен басқа үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанамын», – деген екен. «Əйелдеріңнің ең жақсысы – Аллаһтан қорқатын, өздеріңе ұнамды, бала туатын, өздеріңе жайлы һəм жанашыр əйелдер. Ал ең жаманы – тəнін ашып жүретін, тəкаппар əйелдер»[
4 слайд
2. Үйленуі уақытша харам болған əйелдер
а. Əйелінің əпке-сіңлілері: ер азаматқа балдыздарымен,
қайын апаларымен үйленуіне рұқсат жоқ. Бірақ əйелімен
ажырасып кетсе немесе əйелі көз жұмса рұқсат етіледі.
ə. Əйелінің нағашы əпкелері жəне əйелінің əпке-
қарындастарының қыздары:
Ер азаматқа бұлармен де үйленуге болмайды. Бірақ
жоғарыдағы жағдайдағыдай əйелімен ажырасса немесе
əйелі өмірден озса, аталмыш əйелдермен үйленуіне шек
қойылмайды.
б. Кез-келген некелі əйел: біреудің некесіндегі əйел
күйеуімен ажырасса немесе күйеуі қайтыс болса ғана
басқа кісі оны əйелдікке ала алады.
в. Мүшрік əйел: мүшрік əйел тəубе етіп, Исламды
қабылдаса, онымен некелесуге рұқсат бар.
г. Өзінің үш рет талақ айтып, ажырасқан əйелі: Егер ер
кісі өз əйелімен үш рет талақ айтып ажырасса, онда əйелі
басқа ер кісімен некесін қидырып, сосын қайта
ажыраспайынша, өз күйеуіне қосыла алмайды.
4 слайд
2. Үйленуі уақытша харам болған əйелдер а. Əйелінің əпке-сіңлілері: ер азаматқа балдыздарымен, қайын апаларымен үйленуіне рұқсат жоқ. Бірақ əйелімен ажырасып кетсе немесе əйелі көз жұмса рұқсат етіледі. ə. Əйелінің нағашы əпкелері жəне əйелінің əпке- қарындастарының қыздары: Ер азаматқа бұлармен де үйленуге болмайды. Бірақ жоғарыдағы жағдайдағыдай əйелімен ажырасса немесе əйелі өмірден озса, аталмыш əйелдермен үйленуіне шек қойылмайды. б. Кез-келген некелі əйел: біреудің некесіндегі əйел күйеуімен ажырасса немесе күйеуі қайтыс болса ғана басқа кісі оны əйелдікке ала алады. в. Мүшрік əйел: мүшрік əйел тəубе етіп, Исламды қабылдаса, онымен некелесуге рұқсат бар. г. Өзінің үш рет талақ айтып, ажырасқан əйелі: Егер ер кісі өз əйелімен үш рет талақ айтып ажырасса, онда əйелі басқа ер кісімен некесін қидырып, сосын қайта ажыраспайынша, өз күйеуіне қосыла алмайды.
5 слайд
Үйленуге тыйым салынған әйелдер.
Үйленуге шешім қабылдаған мұсылман кімдермен үйленуге болмайтынын жақсы білгені дұрыс. Əйтпесе,
үлкен қателікке ұрынары сөзсіз. Сондықтан бұны жастарымыздың есіне сала кетуді жөн көріп отырмыз.
Ислам діні бойынша ер азаматтың некелесуіне болмайтын əйелдер мына екі топта қарастырылады:
1.Мəңгілік харам болған əйелдер. 2. Уақытша харам болған əйелдер.
2.Мəңгілік харам болған əйелдер: Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан
мəңгілікке харам саналатын əйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен жəне отау құру себебімен үшке
бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған: «Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, əпке-
қарындастарыңмен, əкелеріңнің əпке-қарындастарымен, аналарыңның əпке-сіңлілерімен, туған
бауырларыңның қыздарымен, əпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес əпке
қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен жəне жақындасып қойған əйелдеріңнен туған қолдарыңдағы
өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен əйелдеріңнің
қыздарына үйленсеңдер күнə болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену,
һəм апалы-сіңілі екі қызды бірдей əйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дəуірінде) болған
іс болды. Расында, Аллаһ өте кешірімді, ерекше мейірімді».
3.а. Қан жолымен харам болғандар Аналары: өзінің туған анасы, əжелері. Қыздары: туған қыздары,
немерелері, шөберелері. Бауырлары: туған бауырлары, бір əкеден немесе бір анадан туған бауырлары.
Əке жағынан əпке-қарындастары: əкесінің немесе атасының туған əпкелері мен қарындастары. Нағашы
əпке-қарындастары: анасының немесе əжелерінің қыз бауырлары. Бауырларының қыздары: өзінің туған
бауырларының қыздары.
4.ə. Сүт ему жолымен харам болғандар: Ер жігіт сүт анасымен жəне оның қыздарымен үйлене алмайды.
Сондай-ақ қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ.
5.б. Отау құру нəтижесінде пайда болған харамдық: 1. Қайын аналар: ер азамат қайын аналары, қайын
əжелеріне үйлене алмайды. 2. Өгей қыздары: əйелінің бұрынғы күйеуінен тапқан қыздарымен де үйленуіне
тыйым салынған. (Ер кісі мен əйелдің некесі қиылған, бірақ төсек қатынасы болмай тұрып ажырасып
кетсе, онда өгей қызына үйленуіне рұқсат) 3. Келіндер: ұлдары мен немерелерінің əйелдеріне үйленуге
болмайды. 4. Өгей аналары: өгей аналарымен де мəңгілікке үйленуге болмайды. Міне, осы жоғарыдағы
топтарда айтылғандар мəңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар.
5 слайд
Үйленуге тыйым салынған әйелдер. Үйленуге шешім қабылдаған мұсылман кімдермен үйленуге болмайтынын жақсы білгені дұрыс. Əйтпесе, үлкен қателікке ұрынары сөзсіз. Сондықтан бұны жастарымыздың есіне сала кетуді жөн көріп отырмыз. Ислам діні бойынша ер азаматтың некелесуіне болмайтын əйелдер мына екі топта қарастырылады: 1.Мəңгілік харам болған əйелдер. 2. Уақытша харам болған əйелдер. 2.Мəңгілік харам болған əйелдер: Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мəңгілікке харам саналатын əйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен жəне отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған: «Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, əпке- қарындастарыңмен, əкелеріңнің əпке-қарындастарымен, аналарыңның əпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, əпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес əпке қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен жəне жақындасып қойған əйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен əйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнə болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену, һəм апалы-сіңілі екі қызды бірдей əйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дəуірінде) болған іс болды. Расында, Аллаһ өте кешірімді, ерекше мейірімді». 3.а. Қан жолымен харам болғандар Аналары: өзінің туған анасы, əжелері. Қыздары: туған қыздары, немерелері, шөберелері. Бауырлары: туған бауырлары, бір əкеден немесе бір анадан туған бауырлары. Əке жағынан əпке-қарындастары: əкесінің немесе атасының туған əпкелері мен қарындастары. Нағашы əпке-қарындастары: анасының немесе əжелерінің қыз бауырлары. Бауырларының қыздары: өзінің туған бауырларының қыздары. 4.ə. Сүт ему жолымен харам болғандар: Ер жігіт сүт анасымен жəне оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ. 5.б. Отау құру нəтижесінде пайда болған харамдық: 1. Қайын аналар: ер азамат қайын аналары, қайын əжелеріне үйлене алмайды. 2. Өгей қыздары: əйелінің бұрынғы күйеуінен тапқан қыздарымен де үйленуіне тыйым салынған. (Ер кісі мен əйелдің некесі қиылған, бірақ төсек қатынасы болмай тұрып ажырасып кетсе, онда өгей қызына үйленуіне рұқсат) 3. Келіндер: ұлдары мен немерелерінің əйелдеріне үйленуге болмайды. 4. Өгей аналары: өгей аналарымен де мəңгілікке үйленуге болмайды. Міне, осы жоғарыдағы топтарда айтылғандар мəңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар.
6 слайд
Өмірлік жар таңдау.
Қалыңдық немесе күйеу жігіт жайлы таныс кісілерден сұрап-білу де құрылатын шаңырақтың беріктігі
үшін маңызды қадам. Үйленетін жастар бір-бірінің тегін, отбасын, алған тəрбиесін, мінез-құлқын оны
жақын танитын кісілерден сұрастырып, жұртпен ақылдасқаны дұрыс. Бір істі бастар алдында елмен
ақылдасу Пайғамбар сүннеті. Бірақ кеңескен адам дұрыс сөзді, жақсы мен жаманды айыра білетін кісі
болуы керек. Бұл жайында орта ғасыр ғұламасы Имам Ғазали былай дейді: «Əйелдің мінез-құлқы мен
əдемілігін тек қана шыншыл, ақылды, дұрыс пен бұрысты ажырата білетін кісіден сұрау керек.
Ақылдасқан кеңесші айттырылатын қыздың сөзін сөйлейтін кісі емес, сырт көз болғаны дұрыс. Сонда ғана
ол қыздың қасиеттерін бүге-шегесіне дейін жеткізеді. Ақылдасатын адам қызды жақтырмайтын да кісі
болмауы тиіс. Өйткені дұшпандықпен қыздың жақсы жағын жасырып қалуы мүмкін. Бұл мəселеде
туралықты ұстанып, шындықты айтатындар өте аз». Осы қағида қыз бала үшін де маңызды. Ол да
күйеу жігіт жайлы оны танитындардан сұрастырғаны дұрыс. Бұрынғы кезде мұсылман елдерінде қыздың
əкесі немесе ағасы жігіт тұратын жердегі мешіттің имамынан жігіттің жөн-жосығын, мешітке
қаншалықты жиі келетінін сұрастырады екен. Сөйтіп бірінші орында жігіттің имандылығын білуге
тырысқан. Өкінішке орай, біздің қоғамымызда томпақтау тисе де шындығы сол, жігіттің
имандылығынан бұрын материалдық жағдайы сарапқа салынатыны жасырын емес. Сондай-ақ қыз бен
жігіт бір-бірінің кіммен араласатынын, нені қалап, нені ұнатпайтынын білуі қажет. Бұл мəлімет те
адамға үйленетін адамының кім екенін тани түсуіне сеп болады. Себебі үмбеттің ұстазы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Адам досының дінінде болады. (досы қандай болса, ол да сондай)
Сондықтан да əрқайсысың кіммен достасатынына айрықша мəн беріңдер», – деген. Атам қазақ
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жама...
6 слайд
Өмірлік жар таңдау. Қалыңдық немесе күйеу жігіт жайлы таныс кісілерден сұрап-білу де құрылатын шаңырақтың беріктігі үшін маңызды қадам. Үйленетін жастар бір-бірінің тегін, отбасын, алған тəрбиесін, мінез-құлқын оны жақын танитын кісілерден сұрастырып, жұртпен ақылдасқаны дұрыс. Бір істі бастар алдында елмен ақылдасу Пайғамбар сүннеті. Бірақ кеңескен адам дұрыс сөзді, жақсы мен жаманды айыра білетін кісі болуы керек. Бұл жайында орта ғасыр ғұламасы Имам Ғазали былай дейді: «Əйелдің мінез-құлқы мен əдемілігін тек қана шыншыл, ақылды, дұрыс пен бұрысты ажырата білетін кісіден сұрау керек. Ақылдасқан кеңесші айттырылатын қыздың сөзін сөйлейтін кісі емес, сырт көз болғаны дұрыс. Сонда ғана ол қыздың қасиеттерін бүге-шегесіне дейін жеткізеді. Ақылдасатын адам қызды жақтырмайтын да кісі болмауы тиіс. Өйткені дұшпандықпен қыздың жақсы жағын жасырып қалуы мүмкін. Бұл мəселеде туралықты ұстанып, шындықты айтатындар өте аз». Осы қағида қыз бала үшін де маңызды. Ол да күйеу жігіт жайлы оны танитындардан сұрастырғаны дұрыс. Бұрынғы кезде мұсылман елдерінде қыздың əкесі немесе ағасы жігіт тұратын жердегі мешіттің имамынан жігіттің жөн-жосығын, мешітке қаншалықты жиі келетінін сұрастырады екен. Сөйтіп бірінші орында жігіттің имандылығын білуге тырысқан. Өкінішке орай, біздің қоғамымызда томпақтау тисе де шындығы сол, жігіттің имандылығынан бұрын материалдық жағдайы сарапқа салынатыны жасырын емес. Сондай-ақ қыз бен жігіт бір-бірінің кіммен араласатынын, нені қалап, нені ұнатпайтынын білуі қажет. Бұл мəлімет те адамға үйленетін адамының кім екенін тани түсуіне сеп болады. Себебі үмбеттің ұстазы Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Адам досының дінінде болады. (досы қандай болса, ол да сондай) Сондықтан да əрқайсысың кіммен достасатынына айрықша мəн беріңдер», – деген. Атам қазақ «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жама...