"Құрмалас сөйлемнің зерттелу татарихы" тақырыбында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Орындаған: Бейсембаева Диана
1 слайд
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі Орындаған: Бейсембаева Диана
2 слайд
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Жоспар:
1.Құрмалас сөйлемнің зерттелу кезеңдері
2.Қазақ лингвистерінің құрмалас сөйлем туралы
зерттеу еңбектері
Тілші мамандар Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Басымовтардың
құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастары алғаш
отызыншы жылдардан бастап көріне бастады.
Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері
мен қолданылуы жөнінде бірінші болып сөз
қозғағандардың бірі Құдайберген Жұбанов болды.
2 слайд
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі Жоспар: 1.Құрмалас сөйлемнің зерттелу кезеңдері 2.Қазақ лингвистерінің құрмалас сөйлем туралы зерттеу еңбектері Тілші мамандар Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Басымовтардың құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастары алғаш отызыншы жылдардан бастап көріне бастады. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері мен қолданылуы жөнінде бірінші болып сөз қозғағандардың бірі Құдайберген Жұбанов болды.
3 слайд
Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем туралы
көзқарастары ғалымның 1936 жылы
құрастырған оқу бағдарламасы мен
«Жанғазы» деп аталатын хатында көрініс
тапқан. Проф. Қ. Жұбанов құрмалас
сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған.
Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған.
Құрмалас сөйлем екі түрлі: а) сөйлемнің бір мүшесі жалаң сөзден жасалмай, ішін
жарып ақтарғанда, өзі бір сөйлем болса, осындай күрделі мүшесі бар сөйлемді күрделі
сөйлемнің (құрмаластың) бір түрі – сабақтасы болады. Мақтаулы жырау – осы. Жырау –
бастауыш, осы – баяндауыш, мақтаулы – бастауыштық анықтауышы. Мұндағы мүшелердің
бәрі де жалаң. Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал жұрт мақтайтын жырау – осы десек күрделі
сөйлем болады, күрделінің сабақтасы болады, неге десең мұнда анықтауыш емес, өзі бір
сөйлем: жұрт мақтайтын – солайымен тұрып бір-ақ анықтауыш, бірақ ішін жарып қарасақ,
өзара бір сөйлем: жұрт - бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуі қосылып барып
жыраудың анықтауышы болады.
ә) Жалғасқан сөйлемдердің жиынтығы – күрделінің салаласы болады . Жанғазы – жуас
та, Ақжарқын - асау. Бұл – салалас.
Екеуінің айырмасы: сабақтаста күрделі сөйлем бас сөйлемнің бір мүшесіне ғана байланысты
болады да, біріне-бірі мүше емес».
3 слайд
Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем туралы көзқарастары ғалымның 1936 жылы құрастырған оқу бағдарламасы мен «Жанғазы» деп аталатын хатында көрініс тапқан. Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған. Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған. Құрмалас сөйлем екі түрлі: а) сөйлемнің бір мүшесі жалаң сөзден жасалмай, ішін жарып ақтарғанда, өзі бір сөйлем болса, осындай күрделі мүшесі бар сөйлемді күрделі сөйлемнің (құрмаластың) бір түрі – сабақтасы болады. Мақтаулы жырау – осы. Жырау – бастауыш, осы – баяндауыш, мақтаулы – бастауыштық анықтауышы. Мұндағы мүшелердің бәрі де жалаң. Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал жұрт мақтайтын жырау – осы десек күрделі сөйлем болады, күрделінің сабақтасы болады, неге десең мұнда анықтауыш емес, өзі бір сөйлем: жұрт мақтайтын – солайымен тұрып бір-ақ анықтауыш, бірақ ішін жарып қарасақ, өзара бір сөйлем: жұрт - бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуі қосылып барып жыраудың анықтауышы болады. ә) Жалғасқан сөйлемдердің жиынтығы – күрделінің салаласы болады . Жанғазы – жуас та, Ақжарқын - асау. Бұл – салалас. Екеуінің айырмасы: сабақтаста күрделі сөйлем бас сөйлемнің бір мүшесіне ғана байланысты болады да, біріне-бірі мүше емес».
4 слайд
Қ.Жұбановтың сабақтас құрмалас сөйлем
туралы бұл көзқарастары кейін Сейіл Жиенбаев
пен Нығмет Сауранбаевтың еңбектерінен өз
жалғасын тапты.
Құрмалас сөйлемдерге қатысты мағыналық-
құрылымдық жағынан анықтама берген
ғалымдар С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтар
болды . Бұл ғалымдар: «Күрделі ой жеке, дара жай
сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы
көбінесе күрделі түрде айтылуды керек қылады»
деп, ондай құрылымдардың аралас, сабақтас,
салалас болып келетіндігін көрсетеді.
4 слайд
Қ.Жұбановтың сабақтас құрмалас сөйлем туралы бұл көзқарастары кейін Сейіл Жиенбаев пен Нығмет Сауранбаевтың еңбектерінен өз жалғасын тапты. Құрмалас сөйлемдерге қатысты мағыналық- құрылымдық жағынан анықтама берген ғалымдар С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтар болды . Бұл ғалымдар: «Күрделі ой жеке, дара жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы көбінесе күрделі түрде айтылуды керек қылады» деп, ондай құрылымдардың аралас, сабақтас, салалас болып келетіндігін көрсетеді.
5 слайд
Нығмет Сауранбаев
Н. Сауранбаев: «Жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде
салалас болып, бірде бір-біріне бағынып сабақтасып
құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы
табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың,
құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы
(восприятие)» – деп көрсетеді. Мұнда ғалым
құрмаластық құрылымдардың пайда болуының ең
басты себебін негізінен дұрыс аңдағанын көруге
болады. Бұл пікірінде Н. Сауранбаев құрмалас
сөйлемдердің тілдегі негізгі қызметін нақты көрсетіп
отыр. Мұнымен қатар ғалым құрмалас сөйлемдер
жайлы «Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің
арасындағы ішкі байланыс – құбылыстардың,
оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл
ажырату емес, ассоциация, аналогия, апперцепция
принциптерімен жинақталып, ұласуға негізделген.
5 слайд
Нығмет Сауранбаев Н. Сауранбаев: «Жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бір-біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы (восприятие)» – деп көрсетеді. Мұнда ғалым құрмаластық құрылымдардың пайда болуының ең басты себебін негізінен дұрыс аңдағанын көруге болады. Бұл пікірінде Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемдердің тілдегі негізгі қызметін нақты көрсетіп отыр. Мұнымен қатар ғалым құрмалас сөйлемдер жайлы «Салаласып құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы ішкі байланыс – құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты айқын, дәл ажырату емес, ассоциация, аналогия, апперцепция принциптерімен жинақталып, ұласуға негізделген.
6 слайд
Сағи Жиенбаев
С.Жиенбаев сабақтас құрмалас сөйлемдердің
интонациялық ерекшеліктеріне қарай
сабақтастарды бағыныңқы сөйлемді сабақтас
және үйірлі мүшелі сабақтас деп екіге бөледі.
Бағыныңқылы сабақтас шартты рай және –да,-
де шылаулы түрі мен көмектес септігінде
тұрған өткен шақтық есімше арқылы
жасалады. Бұлар ғалымның пікірінше,
«нақтылы бағыныңқылар». Ал есімше
көмектес септіктен басқа септіктердің бірінде
тұрып, шылаулармен тіркесіп келсе немесе
көсемше арқылы жасалған сөйлемдерді
бағыныңқы сабақтас емес, үйірлі мүшелі
сабақтас деп таниды. «Біздің үйірлі мүшеміз –
бәз-баяғы бағыныңқы сөйлем» .
6 слайд
Сағи Жиенбаев С.Жиенбаев сабақтас құрмалас сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктеріне қарай сабақтастарды бағыныңқы сөйлемді сабақтас және үйірлі мүшелі сабақтас деп екіге бөледі. Бағыныңқылы сабақтас шартты рай және –да,- де шылаулы түрі мен көмектес септігінде тұрған өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Бұлар ғалымның пікірінше, «нақтылы бағыныңқылар». Ал есімше көмектес септіктен басқа септіктердің бірінде тұрып, шылаулармен тіркесіп келсе немесе көсемше арқылы жасалған сөйлемдерді бағыныңқы сабақтас емес, үйірлі мүшелі сабақтас деп таниды. «Біздің үйірлі мүшеміз – бәз-баяғы бағыныңқы сөйлем» .
7 слайд
Қайырболат Мұқанұлы Есенов
1920-1940ж. А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов,
С.Жиенбаев, Х. Басымов, С.
Аманжолов, Н. Сауранбаев, М.
Балақаевтардың еңбектерін;
1940-1950ж. С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н.
Сауранбаев, М. Балақаев, А.
Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің
еңбектерін
1950ж кейінгі Қордабаев, О.Төлегенов,
А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х.
Арғыновтардың зерттеулерін
жатқызады.
7 слайд
Қайырболат Мұқанұлы Есенов 1920-1940ж. А. Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың еңбектерін; 1940-1950ж. С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерін 1950ж кейінгі Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ. Есенов, Х. Арғыновтардың зерттеулерін жатқызады.
8 слайд
Сарсен
Аманжолов
С. Аманжолов салалас құрмалас сөйлемдер туралы
«Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек
болғанмен, мағына жағынан бірімен-бірі байланысып
жату керек» десе, сабақтастар туралы «Сабақтас
сөйлемді жіктегенде, басыңқы мен бағыныңқы екі ара
қарым-қатынасынан туған мағынаға қараймыз (олар
істің мақсатын, шартын, мезгілін т.б. білдірмек). Бұл –
мағыналық классификация» деген тұжырымдар
жасады. Сондай-ақ ғалым құрмаластың үшінші түрі
аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде «Қазақ тілінде
салалас, сабақтастан құрылысы басқа, аталатын
орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа
құрмалас сөйлемдер бар. Ол – аралас құрмалас
сөйлем» – деп, қорытынды жасады.
8 слайд
Сарсен Аманжолов С. Аманжолов салалас құрмалас сөйлемдер туралы «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен, мағына жағынан бірімен-бірі байланысып жату керек» десе, сабақтастар туралы «Сабақтас сөйлемді жіктегенде, басыңқы мен бағыныңқы екі ара қарым-қатынасынан туған мағынаға қараймыз (олар істің мақсатын, шартын, мезгілін т.б. білдірмек). Бұл – мағыналық классификация» деген тұжырымдар жасады. Сондай-ақ ғалым құрмаластың үшінші түрі аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде «Қазақ тілінде салалас, сабақтастан құрылысы басқа, аталатын орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа құрмалас сөйлемдер бар. Ол – аралас құрмалас сөйлем» – деп, қорытынды жасады.
9 слайд
Ахмеди Ысқақов
А.Ысқақов қозғаған проблемалардың бірі –
бағыныңқы сыңардың орналасу тәртібі.« Бағыныңқы
сөйлем тұтасымен тұрып басыңқы сөйлемнен бұрын да
айтылады, сонымен қатар бағыныңқы сөйлем тұтасымен
тұрып басыңқы сөйлемнің негізгі мүшелерінің арасына
түсіп те кетеді» – дейді ғалым.
Сонымен қатар А.Ысқақов 1940 жылы басылған
«Құрмалас сөйлем мәселелері» атты мақаласында:
«Сабақтасты, салаласты ажыратудағы негізгі критерий –
бағыныңқының баяндауышы. Егер бағыныңқының
баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса,
онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына жатады
да, керісінше баяндауыш тиянақсыз болса, сабақтас
тобына жатқызылады» – дейді. Сондай-ақ, ғалым
«Сабақтастарда бағындырушы біреу-ақ, бағынушы біреу
я әлденеше бола береді. Бағыныңқы жағы құрмаластан
ажыратса, өз алдына тиянақты жай сөйлем бола
алмайды» – деген де пікір айтады.
9 слайд
Ахмеди Ысқақов А.Ысқақов қозғаған проблемалардың бірі – бағыныңқы сыңардың орналасу тәртібі.« Бағыныңқы сөйлем тұтасымен тұрып басыңқы сөйлемнен бұрын да айтылады, сонымен қатар бағыныңқы сөйлем тұтасымен тұрып басыңқы сөйлемнің негізгі мүшелерінің арасына түсіп те кетеді» – дейді ғалым. Сонымен қатар А.Ысқақов 1940 жылы басылған «Құрмалас сөйлем мәселелері» атты мақаласында: «Сабақтасты, салаласты ажыратудағы негізгі критерий – бағыныңқының баяндауышы. Егер бағыныңқының баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса, онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына жатады да, керісінше баяндауыш тиянақсыз болса, сабақтас тобына жатқызылады» – дейді. Сондай-ақ, ғалым «Сабақтастарда бағындырушы біреу-ақ, бағынушы біреу я әлденеше бола береді. Бағыныңқы жағы құрмаластан ажыратса, өз алдына тиянақты жай сөйлем бола алмайды» – деген де пікір айтады.
10 слайд
Рақыш Әмір
Құрмалас сөйлемдерді жаңа қырынан зерттеушілердің
бірі проф. Р.С.Әмір құрмаластық құрылымдардың пайда
болуындағы коммуникативтік мақсаттар мен сөйлеушінің
тілдік талғамына байланысты мәселелерге басты назар
аударады. Ғалым Р.Әмірдің пікірінше: «Сабақтас құрмалас
сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас
сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде, лебізде
тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас
сөйлемдер басым жұмсалады. Ол, сондай-ақ, тізбектілік
құрылымның (сабақтастың) таңдаулы болуы адамның о
бастағы табиғат құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру,
тану, айту дәстүріне байланысты, соны үлгі ету дәстүріне
байланысты орныққанын айтады. Адам бұл айтылғандардың
орналасу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып
көрген, айтқан, таныған. Осы дәстүр, тәртіп синтаксистегі
тізбектіліктің орнығуына, қалаулы болуына негіз болды», -
дейді.
10 слайд
Рақыш Әмір Құрмалас сөйлемдерді жаңа қырынан зерттеушілердің бірі проф. Р.С.Әмір құрмаластық құрылымдардың пайда болуындағы коммуникативтік мақсаттар мен сөйлеушінің тілдік талғамына байланысты мәселелерге басты назар аударады. Ғалым Р.Әмірдің пікірінше: «Сабақтас құрмалас сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде, лебізде тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас сөйлемдер басым жұмсалады. Ол, сондай-ақ, тізбектілік құрылымның (сабақтастың) таңдаулы болуы адамның о бастағы табиғат құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру, тану, айту дәстүріне байланысты, соны үлгі ету дәстүріне байланысты орныққанын айтады. Адам бұл айтылғандардың орналасу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып көрген, айтқан, таныған. Осы дәстүр, тәртіп синтаксистегі тізбектіліктің орнығуына, қалаулы болуына негіз болды», - дейді.
11 слайд
Базаралы алғашқы бір ауыздан-ақ Абай сөзін аңғарғандай кейіп
татынқандай болды, дегенмен сөздің ішкі астарын ұқпаған еді. (шылау
арқылы) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де
дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді. (жалғаулық шылау арқылы)
Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын
сәлем берді. (ұласпалы құрмаласа) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап
шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп
жүр екен. (ұласпалы құрмаласа) Телғара бұлардың қасынан
оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (ұласпалы құрмаласа)
Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан
тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (ұласпалы құрмаласа) Қонысымыз
алыс болғанымен, көңіліміз жақын.( ұласпалы құрмаласа ) ТАПСЫРМАЛАР:
11 слайд
Базаралы алғашқы бір ауыздан-ақ Абай сөзін аңғарғандай кейіп татынқандай болды, дегенмен сөздің ішкі астарын ұқпаған еді. (шылау арқылы) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді. (жалғаулық шылау арқылы) Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (ұласпалы құрмаласа) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (ұласпалы құрмаласа) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (ұласпалы құрмаласа) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (ұласпалы құрмаласа) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.( ұласпалы құрмаласа ) ТАПСЫРМАЛАР:
12 слайд
Н
а з а р л а р ы
ң ы
з ғ а
Р А
Х
М
Е
Т
! ! !
12 слайд
Н а з а р л а р ы ң ы з ғ а Р А Х М Е Т ! ! !