Қысқа мерзімді жоспардың қағидалары мен өзіндік ерекшелігі Презентация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қысқа мерзімді жоспардың
қағидалары мен өзіндік
ерекшелігі
Орындаған: Калиева Аружан (ҚҚ-32)
1 слайд
Қысқа мерзімді жоспардың қағидалары мен өзіндік ерекшелігі Орындаған: Калиева Аружан (ҚҚ-32)
2 слайд
Қысқа мерзімді жоспар - орта
мерзімді жоспардың құрамындағы бір
тақырыпқа байланысты болып,
оқушыларға арнап құрылған сабақ
жоспарының формасы немесе үлгісі.
Яғни, қысқа мерзімді жоспар – жеке,
дербес сабақ жоспары болып
табылады.
2 слайд
Қысқа мерзімді жоспар - орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты болып, оқушыларға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, қысқа мерзімді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
3 слайд
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге
төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына
болады:
сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында
және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды
басшылыққа алу қажет;
орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-
әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады;
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі
қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
3 слайд
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады: сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет; орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс- әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады; мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
4 слайд
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті
түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:
тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және
т.б.;
саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай
жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың
алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім
алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай
тексеруге болады?
метапәндік байланыстар;
денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен
байланысын қамтамасыз ету.
4 слайд
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет: тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.; саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады? метапәндік байланыстар; денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
5 слайд
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын
құрудың негізгі міндеттері:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер
қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі
жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен
ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия
ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен
тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
5 слайд
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері: сабақтың тақырыбын анықтау; әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу; оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану; тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау; төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу; уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру; жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру. сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау; оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау; тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
6 слайд
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ
жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да,
бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және
дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын
инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен
ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың
барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі
бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен
көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші
және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады),
төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1.
кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу
мақсатының реттік саны деп түсіну керек.
6 слайд
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады. Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.
7 слайд
Сабақ мақсаттары
Сабақ мақсаты - оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін
дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған
жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не
жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде
(сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері
бойынша белгіленеді:
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де
болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені
күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну»
деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса
«Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі
керек.
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі
үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге
шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын
мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе
«Бағалау» деңгейлерінде.
7 слайд
Сабақ мақсаттары Сабақ мақсаты - оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді: Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек. Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
8 слайд
Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері»,
«табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже» кей сабақ
жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына
жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың
үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап
беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім
мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың
мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым
(табыс критерийі)»
1, 2, 5, 7-сыныптарда бағалау критерийлерін оқу мақсатына
байланысты «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімге
арналған әдістемелік нұсқаулықтан» алуға болады. Ал басқа
сыныптарда қалыптастырушы бағалау таңдалмаған оқу
мақсаттары үшін бағалау критерийлерін мұғалімнің өзі
құрастыруы керек.
8 слайд
Бағалау критерийлері Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже» кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды. Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі)» 1, 2, 5, 7-сыныптарда бағалау критерийлерін оқу мақсатына байланысты «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан» алуға болады. Ал басқа сыныптарда қалыптастырушы бағалау таңдалмаған оқу мақсаттары үшін бағалау критерийлерін мұғалімнің өзі құрастыруы керек.
9 слайд
Тілдік мақсаттар
Тілді, сөйлеуді дамытуда тілдік мақсаттар қойған маңызды. Оларды нақты қойсақ
– оқушылар өздерінен не күтілетіндігін анық түсінеді. Тілдік мақсаттар оқуға деген
қызығушылықты ылғи да жоғары деңгейде ұстайды. Сондықтан да мұғалімдер әр
сабақта пәндік мазмұн мен сөйлеуді дамытуды назардан шығармауы керек.
Сөйлеуге үйрету үшін мұғалімдердің мына мақсаттарды сабақ жоспарларына
енгізгені дұрыс:
- оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару керек (оқу мақсатына жеткізуге
көмектесетін сөздер, терминдер, тіркестер, фразалар);
- оқушылардың тілдік дағдылардың төртеуін де әртүрліше біріктіріп қолдануы
(мысалы, оқылым-айтылым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, айтылым-жазылым,
т.б.);
- оқушыларды диалогқа (талқылау, пікірталас) тарту (мысалы, біржақты қысқа
жауаптарды қабылдамау, жауабы оқулықта бар сұрақтарды қоймау, алған білімін
талқылауда қолдануға ынталандыру, әңгімелесуге қажетті мол сөздік қорды ұсыну);
- тіл арқылы үйренудің дағдыларын дамыту (мысалы, сөздікті қолдану, парафраз жасау,
тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық санақылты дамыту);
- тіл туралы сыни ойлауды қолдау (мысалы, тілдерді салыстыру, тілді нақтырақ
қолдануға ынталандыру, тілді үйренудегі ілгерлеуді бағалау);
9 слайд
Тілдік мақсаттар Тілді, сөйлеуді дамытуда тілдік мақсаттар қойған маңызды. Оларды нақты қойсақ – оқушылар өздерінен не күтілетіндігін анық түсінеді. Тілдік мақсаттар оқуға деген қызығушылықты ылғи да жоғары деңгейде ұстайды. Сондықтан да мұғалімдер әр сабақта пәндік мазмұн мен сөйлеуді дамытуды назардан шығармауы керек. Сөйлеуге үйрету үшін мұғалімдердің мына мақсаттарды сабақ жоспарларына енгізгені дұрыс: - оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару керек (оқу мақсатына жеткізуге көмектесетін сөздер, терминдер, тіркестер, фразалар); - оқушылардың тілдік дағдылардың төртеуін де әртүрліше біріктіріп қолдануы (мысалы, оқылым-айтылым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, айтылым-жазылым, т.б.); - оқушыларды диалогқа (талқылау, пікірталас) тарту (мысалы, біржақты қысқа жауаптарды қабылдамау, жауабы оқулықта бар сұрақтарды қоймау, алған білімін талқылауда қолдануға ынталандыру, әңгімелесуге қажетті мол сөздік қорды ұсыну); - тіл арқылы үйренудің дағдыларын дамыту (мысалы, сөздікті қолдану, парафраз жасау, тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық санақылты дамыту); - тіл туралы сыни ойлауды қолдау (мысалы, тілдерді салыстыру, тілді нақтырақ қолдануға ынталандыру, тілді үйренудегі ілгерлеуді бағалау);
10 слайд
Тілдік мақсаттың мысалдары әр пәннің оқу жоспарларында
келтірілген. Тілдік мақсаттардың компоненттері мынандай атаулармен
көрсетілген:
- (1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.
- (2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі
оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар
мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға
болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру,
байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау,
сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау,
негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама
шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру,
басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау,
қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану,
өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Сонымен ҚМЖ-да тілдік мақсаттар мынандай тұрғыдан көрінуі керек:
Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.
Терминология: пәнге қатысты арнайы лексика және терминдер.
Сөз тіркестері: Диалогқа түсіретін сөз тіркестері.
10 слайд
Тілдік мақсаттың мысалдары әр пәннің оқу жоспарларында келтірілген. Тілдік мақсаттардың компоненттері мынандай атаулармен көрсетілген: - (1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология. - (2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі. Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру. Сонымен ҚМЖ-да тілдік мақсаттар мынандай тұрғыдан көрінуі керек: Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым. Терминология: пәнге қатысты арнайы лексика және терминдер. Сөз тіркестері: Диалогқа түсіретін сөз тіркестері.
11 слайд
Тілдік дағдылар
«Тыңдалым арқылы коммуникация (тыңдалым). Оқу бағдарламасы
аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі
мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін
түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды
қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің
мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты
ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.
Жазылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты
жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және
ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер
беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша
сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану
арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.
Оқылым арқылы коммуникация. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі
тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және
олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын
қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым-
қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең
түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді
қолдану.
Айтылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу
барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты
алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген
түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-
қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды
мазмұндау
11 слайд
Тілдік дағдылар «Тыңдалым арқылы коммуникация (тыңдалым). Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну. Жазылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру. Оқылым арқылы коммуникация. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым- қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану. Айтылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым- қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау
12 слайд
Құндылықтарды дарыту
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі
бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық
қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-
мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте
маңызды факторы ретінде мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін
көтермелейді.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары
ретінде:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу белгіленді
12 слайд
Құндылықтарды дарыту Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік- мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді. Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде: 1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу белгіленді
13 слайд
Пәнаралық байланыстар
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу
мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық-пәндік тұрғыда ғана
қалыптастырылмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті
пән ауқымынан тыс) деңгейлерді қамтиды. Бұл ұстаным оқушылар
арасында кең таралған «клиптік санаға» қарсы бағытталған. «Клиптік
сана» өмірді бүтін деп қабылдамай, оған деген үзік-үзік көзқарас
құрастырады, Әлемді әр пәннің тар ауқымында ғана тануды
қалыптастырады.
Ал метапәндік тәсілдеме оқушыларды әр пәнді Әлемді тану жүйесінің
құрамдас бөлігі деп тануға жетелейді, өйткені мұнда оқыту пән
ауқымынан шығып, өзге пәндермен байланыс құрап, әмбебап білім
қалыптастыруға бағыттайды. Метапәндік түсінік оқушыларды өмірдің
мәні мен мағынасы, құндылықтары мен қағидалары, адамның онда
алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырып, олардың
түсінігін, ойлауын, үйренуін, қарым-қатынасын, рефлексиясын, іс-
әрекеттерін дамытады. Метапәндік тұрғыда оқушылар әр сабақта «Мен
қалай үйренемін, дамимын? Білімімді қалай жақсарта аламын? Бұл білім
маған не үшін керек? Ол маған қалай және қай жерде қажет болады?»
деген сұрақтарға жауап іздейді.
13 слайд
Пәнаралық байланыстар Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық-пәндік тұрғыда ғана қалыптастырылмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті пән ауқымынан тыс) деңгейлерді қамтиды. Бұл ұстаным оқушылар арасында кең таралған «клиптік санаға» қарсы бағытталған. «Клиптік сана» өмірді бүтін деп қабылдамай, оған деген үзік-үзік көзқарас құрастырады, Әлемді әр пәннің тар ауқымында ғана тануды қалыптастырады. Ал метапәндік тәсілдеме оқушыларды әр пәнді Әлемді тану жүйесінің құрамдас бөлігі деп тануға жетелейді, өйткені мұнда оқыту пән ауқымынан шығып, өзге пәндермен байланыс құрап, әмбебап білім қалыптастыруға бағыттайды. Метапәндік түсінік оқушыларды өмірдің мәні мен мағынасы, құндылықтары мен қағидалары, адамның онда алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырып, олардың түсінігін, ойлауын, үйренуін, қарым-қатынасын, рефлексиясын, іс- әрекеттерін дамытады. Метапәндік тұрғыда оқушылар әр сабақта «Мен қалай үйренемін, дамимын? Білімімді қалай жақсарта аламын? Бұл білім маған не үшін керек? Ол маған қалай және қай жерде қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
14 слайд
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Орта мектепте АКТ-ні, БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға
қойылатын талаптар:
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның
нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде
гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды
пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану
мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді,
дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру,
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық
ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен
ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-
қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуғ...
14 слайд
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Орта мектепте АКТ-ні, БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар: - дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу; - сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу; - сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; - заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; - электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым- қатынас жасау және ақпарат алмасу; - интерактивті тақтаны белсенді оқытуғ...