Сабақты жоспарлау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Сабақта ең маңызды мәселе мақсат.
Сабақ бойы барлық әрекеттерді мақсатпен
екшеу керек, өлшеу қажет: әр тапсырма,
сұрақ пен дидактикалық тәсіл тек мақсатқа
жетелейтіндіктен қолданатын құралдар деп
танылады. Барлық тапсырма, сұрақ пен
тәсілдерді не үшін сабақта қолданамыз?
Әрине, мақсатқа жету үшін ғана. Олардың
құндылығы оқушыларды мақсатқа қандай
дәрежеде жақындататындықтарында.
1 слайд
Сабақта ең маңызды мәселе мақсат. Сабақ бойы барлық әрекеттерді мақсатпен екшеу керек, өлшеу қажет: әр тапсырма, сұрақ пен дидактикалық тәсіл тек мақсатқа жетелейтіндіктен қолданатын құралдар деп танылады. Барлық тапсырма, сұрақ пен тәсілдерді не үшін сабақта қолданамыз? Әрине, мақсатқа жету үшін ғана. Олардың құндылығы оқушыларды мақсатқа қандай дәрежеде жақындататындықтарында.
2 слайд
Сабақты тіпті мақсатқа негізделген мынандай
ретпен өткізу қажет болар:
Мақсатты айқындау → Мақсатты жүзеге
асыратын әрекеттер, амалдар → Мақсатқа
жеткен-жетпегенді талқылау.
Сонда сабақтың қисындылығы (логикасы) арта
түсер.
Сабақтың құрылымын да осы ұғымдармен
байланысты үшке бөлуге болатын тәрізді:
І. Мақсатты айқындау.
ІІ. Мақсатты жүзеге асыру.
ІІІ. Нәтижені бағалау.
2 слайд
Сабақты тіпті мақсатқа негізделген мынандай ретпен өткізу қажет болар: Мақсатты айқындау → Мақсатты жүзеге асыратын әрекеттер, амалдар → Мақсатқа жеткен-жетпегенді талқылау. Сонда сабақтың қисындылығы (логикасы) арта түсер. Сабақтың құрылымын да осы ұғымдармен байланысты үшке бөлуге болатын тәрізді: І. Мақсатты айқындау. ІІ. Мақсатты жүзеге асыру. ІІІ. Нәтижені бағалау.
3 слайд
Сабақтың мақсатын құрастырғанда
«мақсат=нәтиже» формуласын қолданған
дұрыс болар. Және де мақсатта оқушы
сабақ барысында (не сабақ нәтижесінде),
яғни 40 минутта не үйренетіндігін, не
жасай алатындығын көрсеткен орынды.
Сонда мақсат құрастырудың қысқаша
анықтамасы мынандай болар: «Оқушылар
сабақта не үйренеді (немесе не жасай
алады)?».
3 слайд
Сабақтың мақсатын құрастырғанда «мақсат=нәтиже» формуласын қолданған дұрыс болар. Және де мақсатта оқушы сабақ барысында (не сабақ нәтижесінде), яғни 40 минутта не үйренетіндігін, не жасай алатындығын көрсеткен орынды. Сонда мақсат құрастырудың қысқаша анықтамасы мынандай болар: «Оқушылар сабақта не үйренеді (немесе не жасай алады)?».
4 слайд
Мақсат құрастыруды «Оқушылар» деп бастап
(Назар аударыңыз: атау септігінде!
«Оқушыларды» не «оқушыларға» емес), әрі
қарай олардың не үйренетіндігін немесе не
жасай алатындығын, оқушы жұмысының
қандай да бір нәтижесін келтірген дұрыс.
Мұнда етістік 3-жақта болуы керек: Оқушылар
түсіндіре алады (немесе бөледі, жіктейді,
атайды, сипаттайды, шығарады, таңдайды,
тізімін жасайды, сәйкестендіреді, анықтайды,
т.б.). Мақсатта тұйық етістікті
қолданбаймыз: түсіндіру (немесе бөлу,
жіктеу, атау, т.б.).
4 слайд
Мақсат құрастыруды «Оқушылар» деп бастап (Назар аударыңыз: атау септігінде! «Оқушыларды» не «оқушыларға» емес), әрі қарай олардың не үйренетіндігін немесе не жасай алатындығын, оқушы жұмысының қандай да бір нәтижесін келтірген дұрыс. Мұнда етістік 3-жақта болуы керек: Оқушылар түсіндіре алады (немесе бөледі, жіктейді, атайды, сипаттайды, шығарады, таңдайды, тізімін жасайды, сәйкестендіреді, анықтайды, т.б.). Мақсатта тұйық етістікті қолданбаймыз: түсіндіру (немесе бөлу, жіктеу, атау, т.б.).
5 слайд
Мақсаттарды құрастыруда Блум таксономиясын қолданған
орынды. Мұнда тек «Білу» деңгейінің оқушылар үшін
міндетті екендігін естен шығармайық, яғни сабақта, менің
ойымша, оқушыларға бұл деңгейдегі сұрақтар мен
тапсырмаларды ұсынбаған дұрыс. Оқушылар білгендерін
«Білуден» жоғары деңгейлерде берілген тапсырмаларды
орындауда көрсетуі, қолдануы керек. Мысалы, «Сын есім
деген не?» деген сұрақтың орнына «Зат есім мен сын есімнің
қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?» деп
сұраса («Түсіну» деңгейі), оқушылар екі сөз табын туралы
деректерді білмесе, бұл тапсырманы орындай алмайды.
Немесе оқушыларға «Екі санның қосындысының квадраты
туралы ережені жатқа айтыңыздар» деген сұрақтың орнына
«Осы ережені қолданып, мына есепті шығарыңыздар»
(«Қолдану» деңгейі) десек, оқушылар бұл ереже мен
формуланы білмесе, есепті шығара алмайды. Осылайша
«Білуден» жоғары деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды
ұсыну арқылы біз оқушыларды біліп, түсінуге жетелейміз,
оларды жұмсақ түрде белсенділендіріп, өздігімен біліп,
түсінуге мәжбүрлейміз.
5 слайд
Мақсаттарды құрастыруда Блум таксономиясын қолданған орынды. Мұнда тек «Білу» деңгейінің оқушылар үшін міндетті екендігін естен шығармайық, яғни сабақта, менің ойымша, оқушыларға бұл деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды ұсынбаған дұрыс. Оқушылар білгендерін «Білуден» жоғары деңгейлерде берілген тапсырмаларды орындауда көрсетуі, қолдануы керек. Мысалы, «Сын есім деген не?» деген сұрақтың орнына «Зат есім мен сын есімнің қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?» деп сұраса («Түсіну» деңгейі), оқушылар екі сөз табын туралы деректерді білмесе, бұл тапсырманы орындай алмайды. Немесе оқушыларға «Екі санның қосындысының квадраты туралы ережені жатқа айтыңыздар» деген сұрақтың орнына «Осы ережені қолданып, мына есепті шығарыңыздар» («Қолдану» деңгейі) десек, оқушылар бұл ереже мен формуланы білмесе, есепті шығара алмайды. Осылайша «Білуден» жоғары деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды ұсыну арқылы біз оқушыларды біліп, түсінуге жетелейміз, оларды жұмсақ түрде белсенділендіріп, өздігімен біліп, түсінуге мәжбүрлейміз.
6 слайд
Төменде мен Блум таксономиясының әр деңгейінде оқушылардың
қандай әрекеттерін мақсат құрастыруда қолдануға
болатындығын көрсетейін.
«Білу». Жаттайды, оқулықтағы ережені (формуланы, мысалдарды,
т.б.) қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді
орындарына қояды, мәтіннен табады, тыныс белгілерін қояды,
формуланы жазып алады, көшіреді, диктант жазады, өзгертпей
сипаттайды (хабарлайды, әңгімелеп береді), дәл сол қалпында қайта
құрастырады, т.б.
«Түсіну». Өз сөзімен әңгімелейді, мазмұндап береді, екі ұғымды
(объектіні, құбылысты) салыстырады: ұқсастықтарын не
ерекшеліктерін айқындайды, ереже (анықтама, мысал, формула)
ойлап шығарады, топпен талқылайды, тірек схемалар арқылы
түсіндіреді (көрсетеді, құрастырады), «Неліктен? Не үшін?» деген
сұрақтарға бір жақты жауап береді, орфограмманы түсіндіреді,
интерпретациялайды, қорытындылайды, өз сөзімен айтып береді,
түсіндіреді, кестемен (сөзбен, суретпен, графикпен, сызбамен,
схемамен, диаграммамен, слайдпен) көрсетеді, болжайды, басқа
тілге аударады, түрлендіреді, т.б.
6 слайд
Төменде мен Блум таксономиясының әр деңгейінде оқушылардың қандай әрекеттерін мақсат құрастыруда қолдануға болатындығын көрсетейін. «Білу». Жаттайды, оқулықтағы ережені (формуланы, мысалдарды, т.б.) қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды, мәтіннен табады, тыныс белгілерін қояды, формуланы жазып алады, көшіреді, диктант жазады, өзгертпей сипаттайды (хабарлайды, әңгімелеп береді), дәл сол қалпында қайта құрастырады, т.б. «Түсіну». Өз сөзімен әңгімелейді, мазмұндап береді, екі ұғымды (объектіні, құбылысты) салыстырады: ұқсастықтарын не ерекшеліктерін айқындайды, ереже (анықтама, мысал, формула) ойлап шығарады, топпен талқылайды, тірек схемалар арқылы түсіндіреді (көрсетеді, құрастырады), «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға бір жақты жауап береді, орфограмманы түсіндіреді, интерпретациялайды, қорытындылайды, өз сөзімен айтып береді, түсіндіреді, кестемен (сөзбен, суретпен, графикпен, сызбамен, схемамен, диаграммамен, слайдпен) көрсетеді, болжайды, басқа тілге аударады, түрлендіреді, т.б.
7 слайд
«Қолдану». Есеп шығарады, сөйлем құрастырады, берілген схема
(алгоритм) бойынша орындайды, модельдейді, кескін картамен
жұмыс жасайды, хронологиялық кесте жасайды,
иллюстрациялайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды, жасап
көрсетеді, рөлдер ойнайды, тәжірибе-эксперимент қояды,
макет/құрылым жасайды, приборлармен жұмыс жасайды, жағдаят
құрастырады/ойнайды, сахналайды (инсценировка), шолу
жасайды, ұйымдастырады, санайды/өлшейді, жоспарлайды,
эксплуатациялайды, зерттейді, т.б.
«Талдау». Дәлелдейді (дәлелдер келтіреді), сараптайды, жан-
жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, бір-біріне қарсы
қояды, сынайды, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жан-
жақты (тереңінен) жауап береді, себеп-салдарын айқындайды,
астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды, жіктейді
(классификациялайды), категорияларға бөледі, тестілейді
(тексереді), жасалу алгоритмін құрастырады, қателерді табады,
ретке (тәртіпке) келтіреді, жасалған жұмысты талдайды, жасалған
жұмыстың алгоритмін келтіреді, проблеманы шешу жолдарын
көрсетеді, т.б.
7 слайд
«Қолдану». Есеп шығарады, сөйлем құрастырады, берілген схема (алгоритм) бойынша орындайды, модельдейді, кескін картамен жұмыс жасайды, хронологиялық кесте жасайды, иллюстрациялайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды, жасап көрсетеді, рөлдер ойнайды, тәжірибе-эксперимент қояды, макет/құрылым жасайды, приборлармен жұмыс жасайды, жағдаят құрастырады/ойнайды, сахналайды (инсценировка), шолу жасайды, ұйымдастырады, санайды/өлшейді, жоспарлайды, эксплуатациялайды, зерттейді, т.б. «Талдау». Дәлелдейді (дәлелдер келтіреді), сараптайды, жан- жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, бір-біріне қарсы қояды, сынайды, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жан- жақты (тереңінен) жауап береді, себеп-салдарын айқындайды, астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды, жіктейді (классификациялайды), категорияларға бөледі, тестілейді (тексереді), жасалу алгоритмін құрастырады, қателерді табады, ретке (тәртіпке) келтіреді, жасалған жұмысты талдайды, жасалған жұмыстың алгоритмін келтіреді, проблеманы шешу жолдарын көрсетеді, т.б.
8 слайд
«Жинақтау». Шығармашылық жұмыспен айналысады:
эссе, өлең, мақала, шығарма, ертегі, әңгіме (сторителлинг),
баяндама, сөз, жоспар, сценарий жазады, слайд жасайды,
есептер/жаттығулар құрастырады, жоба жасайды, тест
сұрақтарын құрастырады, компьютерлiк бағдарлама
жазады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады,
ғылыми гипотеза (болжау) құрастырады, құрамдас
бөліктерді жаңаша біріктіреді, т.б.
«Бағалау». Бірнеше жауаптың (ұсыныс, нұсқа, пікір, т.б.)
ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді
(дәлелдейді), өзіндік шешім қабылдайды, қажеттілігін
(маңызын, пайдасын, құндылығын, зиянын) дәлелдейді,
дұрыс-бұрысын ажыратады, дәлелдейді, тұжырымдайды,
жақтайды немесе қарсы шығады, өз пікірін дәлелдеп
келтіреді, керектісін таңдап алады, тізім (рейтинг)
жасайды, т.б.
8 слайд
«Жинақтау». Шығармашылық жұмыспен айналысады: эссе, өлең, мақала, шығарма, ертегі, әңгіме (сторителлинг), баяндама, сөз, жоспар, сценарий жазады, слайд жасайды, есептер/жаттығулар құрастырады, жоба жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, компьютерлiк бағдарлама жазады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады, ғылыми гипотеза (болжау) құрастырады, құрамдас бөліктерді жаңаша біріктіреді, т.б. «Бағалау». Бірнеше жауаптың (ұсыныс, нұсқа, пікір, т.б.) ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді (дәлелдейді), өзіндік шешім қабылдайды, қажеттілігін (маңызын, пайдасын, құндылығын, зиянын) дәлелдейді, дұрыс-бұрысын ажыратады, дәлелдейді, тұжырымдайды, жақтайды немесе қарсы шығады, өз пікірін дәлелдеп келтіреді, керектісін таңдап алады, тізім (рейтинг) жасайды, т.б.
9 слайд
Мақсаттарды атақты SMART бойынша да
құрастыруға болады. Өздеріңізге аян,
SMART - мақсаттарды айқындау және
міндеттерді қою үшін қолданатын
5 критерийден тұратын тәсіл. Ол білім беру
жүйесіне бизнестен, атап айтқанда
менеджмент пен жобалық басқарудан
келген.
9 слайд
Мақсаттарды атақты SMART бойынша да құрастыруға болады. Өздеріңізге аян, SMART - мақсаттарды айқындау және міндеттерді қою үшін қолданатын 5 критерийден тұратын тәсіл. Ол білім беру жүйесіне бизнестен, атап айтқанда менеджмент пен жобалық басқарудан келген.
10 слайд
Specific (Нақты) - не нәрсеге қол жеткізу
керектігі түсіндіріледі. Мысалы, «Әрбір
оқушы жалқы және жалпы есімдердің
арасындағы айырмашылықты түсіндіріп бере
алады».
Measurable (Өлшенбелі) - нәтиже немен
(қалай) өлшенетіндігі түсіндіріледі.
Мысалы, көрсеткішті мөлшерлік (сан
тұрғысынан) келтіріп, мақсатта тапсырма
немесе оқушылардың санын (пайызын)
көрсетуге болады: «Оқушылардың қанша
пайызы тапсырманы дұрыс орындайды?».
10 слайд
Specific (Нақты) - не нәрсеге қол жеткізу керектігі түсіндіріледі. Мысалы, «Әрбір оқушы жалқы және жалпы есімдердің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп бере алады». Measurable (Өлшенбелі) - нәтиже немен (қалай) өлшенетіндігі түсіндіріледі. Мысалы, көрсеткішті мөлшерлік (сан тұрғысынан) келтіріп, мақсатта тапсырма немесе оқушылардың санын (пайызын) көрсетуге болады: «Оқушылардың қанша пайызы тапсырманы дұрыс орындайды?».
11 слайд
Attainable, Achievable (Қолжетімді) - мақсатқа
ешкімнің де көмегінсіз, тек оқушылардың жеке
әлеуетін қолдана отырып жету мүмкіндігі
түсіндіріледі. Мысалы, «Оқушылар берілген кез
келген үшбұрыштың ауданын есептеп шығара
алады».
Relevant (Шынайы, өзекті) - мақсаттың
шынайылығын анықтау: бұл проблеманы шешу
немесе тапсырманы орындау шындығында да
қажет, өзекті екендігіне көз жеткізу. Мысалы,
«Оқушылар Аңырақай шайқасында қазақ
әскерлерінің жеңіске жетуінің себептерін талдай
алады».
Time-bound (Уақыт ауқымында шектеулі) -
мақсатқа жетудің (проблеманы шешудің
орындалуын/аяқталуын) уақыттық өлшемін
анықтау. Мысалы, «Оқушылар берілген 7 минут
ішінде 100 сөзден кем емес эссе жазады».
11 слайд
Attainable, Achievable (Қолжетімді) - мақсатқа ешкімнің де көмегінсіз, тек оқушылардың жеке әлеуетін қолдана отырып жету мүмкіндігі түсіндіріледі. Мысалы, «Оқушылар берілген кез келген үшбұрыштың ауданын есептеп шығара алады». Relevant (Шынайы, өзекті) - мақсаттың шынайылығын анықтау: бұл проблеманы шешу немесе тапсырманы орындау шындығында да қажет, өзекті екендігіне көз жеткізу. Мысалы, «Оқушылар Аңырақай шайқасында қазақ әскерлерінің жеңіске жетуінің себептерін талдай алады». Time-bound (Уақыт ауқымында шектеулі) - мақсатқа жетудің (проблеманы шешудің орындалуын/аяқталуын) уақыттық өлшемін анықтау. Мысалы, «Оқушылар берілген 7 минут ішінде 100 сөзден кем емес эссе жазады».
12 слайд
Еркін Дүйсенбаевтың /ПӨО қызметкері, бағалаушы-эксперт/
материалында SMART мақсатының негізгі құраушылары төртеу деп
көрсетіледі:
- Орта – мақсатқа қол жеткізетін оқушылардың шамасы, оны пайыздық
өлшеммен беруге болады,
- Шарт – орындалатын жұмыс ауқымы мен орындау барысын уақыттық
шектеу,
- Деңгей – нақты орындалған жұмыс мөлшері мен сапалы орындау
деңгейі,
- Әрекет – орындалатын жұмыстың басты немесе негізгі сипаты.
Мысал ретінде «Етістік» тақырыбы бойынша мақсаттың мынандай
үлгісі келтіріледі: «Оқушылардың кем дегенде 80% (орта) 10
минуттың ішінде берілген 10 жай сөйлемнің (шарт) ең кемі 8
сөйлемінен еш қатесіз (деңгей) етістіктерді анықтай алуы керек
(әрекет)».
Нақты, өлшенбелі, қолжетімді, шынайы, уақыт ауқымында
шектеулі, яғни SMART бойынша құрастырылған мақсаттар
осындай болады.
12 слайд
Еркін Дүйсенбаевтың /ПӨО қызметкері, бағалаушы-эксперт/ материалында SMART мақсатының негізгі құраушылары төртеу деп көрсетіледі: - Орта – мақсатқа қол жеткізетін оқушылардың шамасы, оны пайыздық өлшеммен беруге болады, - Шарт – орындалатын жұмыс ауқымы мен орындау барысын уақыттық шектеу, - Деңгей – нақты орындалған жұмыс мөлшері мен сапалы орындау деңгейі, - Әрекет – орындалатын жұмыстың басты немесе негізгі сипаты. Мысал ретінде «Етістік» тақырыбы бойынша мақсаттың мынандай үлгісі келтіріледі: «Оқушылардың кем дегенде 80% (орта) 10 минуттың ішінде берілген 10 жай сөйлемнің (шарт) ең кемі 8 сөйлемінен еш қатесіз (деңгей) етістіктерді анықтай алуы керек (әрекет)». Нақты, өлшенбелі, қолжетімді, шынайы, уақыт ауқымында шектеулі, яғни SMART бойынша құрастырылған мақсаттар осындай болады.
13 слайд
Енді оқушылар өз мақсаттарын айқындау керек, өйткені
сабақ солар үшін өткізілуде, оқушылар сабақтың басты
тұлғалары болып табылатын. Олар мақсат құрастыру
арқылы өздеріне қандай міндеттеме алар екен?
Осылайша мұғалім оларды саналы және ерікті түрде өз
біліміне жауапты жасайды, жауапкершілікті өздеріне
жүктейді. Бұл әрекет балалардың сабақ бойы белсенді
түрде жұмыс жасауының кепілі болуы әбден ықтимал.
Мақсат қою оңай шаруа емес. Сондықтан да мұнда
оқушыларға «Сіздердің бұл сабақтағы мақсаттарыңыз
қандай?» деген сұрақ қойсақ, әрине, олардың жауап
беруіне қиналатындығы сөзсіз. Оның орнына олардан
«Балалар, бүгінгі тақырып бойынша не үйренгілеріңіз
келеді?» деп сұрасақ, бұл сұраққа жауап беру оңайырақ
болар.
13 слайд
Енді оқушылар өз мақсаттарын айқындау керек, өйткені сабақ солар үшін өткізілуде, оқушылар сабақтың басты тұлғалары болып табылатын. Олар мақсат құрастыру арқылы өздеріне қандай міндеттеме алар екен? Осылайша мұғалім оларды саналы және ерікті түрде өз біліміне жауапты жасайды, жауапкершілікті өздеріне жүктейді. Бұл әрекет балалардың сабақ бойы белсенді түрде жұмыс жасауының кепілі болуы әбден ықтимал. Мақсат қою оңай шаруа емес. Сондықтан да мұнда оқушыларға «Сіздердің бұл сабақтағы мақсаттарыңыз қандай?» деген сұрақ қойсақ, әрине, олардың жауап беруіне қиналатындығы сөзсіз. Оның орнына олардан «Балалар, бүгінгі тақырып бойынша не үйренгілеріңіз келеді?» деп сұрасақ, бұл сұраққа жауап беру оңайырақ болар.
14 слайд
Сонымен, әр сабағымыз мақсатты жариялаудан
(талқылаудан, құрастырудан) басталады. Әрі қарай сабақ
барысында біз мақсатқа қаншалықты жақындағанымызды
нақтылау үшін 1-2 минут уақытымызды қиып, мынандай
сұрақтарды талқылап отырамыз: «Балалар, біз нәтижеге
қаншалықты жақындадық? Топ ішінде осы мәселені
талқылап жіберіңіздер!», «Бақытжан, сіз өз мақсатыңызға
қаншалықты жақындадым деп ойлайсыз? Сыныппен
бөлісіңізші!».
Тіпті оқушыларға тапсырма орындауды ұсынғанда да мақсат
ең басты ұғым болып табылады. Сабақта тапсырманы
қолданудың формуласы мынандай болу қажет болар:
Тапсырма = мақсат → тәсіл → нәтижені қорытындылау.
14 слайд
Сонымен, әр сабағымыз мақсатты жариялаудан (талқылаудан, құрастырудан) басталады. Әрі қарай сабақ барысында біз мақсатқа қаншалықты жақындағанымызды нақтылау үшін 1-2 минут уақытымызды қиып, мынандай сұрақтарды талқылап отырамыз: «Балалар, біз нәтижеге қаншалықты жақындадық? Топ ішінде осы мәселені талқылап жіберіңіздер!», «Бақытжан, сіз өз мақсатыңызға қаншалықты жақындадым деп ойлайсыз? Сыныппен бөлісіңізші!». Тіпті оқушыларға тапсырма орындауды ұсынғанда да мақсат ең басты ұғым болып табылады. Сабақта тапсырманы қолданудың формуласы мынандай болу қажет болар: Тапсырма = мақсат → тәсіл → нәтижені қорытындылау.
15 слайд
Тапсырманы орындаудың басында оқушыларға «Балалар, бұл
тапсырманы мен сіздерге мынандай мақсатта ұсынып отырмын»деп
айтудың қисыны бар. Немесе бұл мәселені олардың өзінен де сұраған
орынды: «Балалар, қалай ойлайсыздар, бұл тапсырманы мен сіздерге
не үшін ұсынып отырмын? Қанеки, топ ішінде осы сұрақты 30 секунд
ішінде талқылап жіберіңіздерші!». Тапсырма мақсатын айқындаған
шәкірттер іс-әрекетке саналы түрде қатысады. Ал егерде олар үшін
тапсырманың қандай мақсатта орындау керектігі түсініксіз не көмескі
болса, онда балалардың белсенді түрде жұмыс жасауы екіталай.
Әрине, тапсырмалардың сабақ мақсатын ашуға бағытталғанын есімізден
шығармағанымыз жөн. Бұл туралы да оқушылардың ой-пікірін
сұраған жөн: «Балалар, бұл тапсырма бізді мақсатқа қаншалықты
жақындатты? Кімнің қандай ойы бар екен: топ ішінде жеделдетіп
талқылау ұйымдастырыңыздаршы!»
Сабақ немен аяқталады? Дұрыс! Мақсатқа қаншалықты жеткен-
жетпегенді талқылаумен қорытындыланады. Сабақтың маңыздылығы
оның мақсатқа қаншалықты бағытталатындығымен өлшенеді деп
ұйғарым жасауға толық қисын бар. Мұнда рефлексияның көптеген
тәсілдерін қолданып, «Мақсатымызға жеттік пе? Оның қандай
дәлелдері бар? Неліктен біз мақсатымызға жеттік (не жетпедік)?
Біздің мақсатқа жету жолында жасағандарымыздың жақсы жақтары
қандай? Біз біліміміздің қай жақтарын жақсартуымыз керек? Оны
толықтыру (дамыту, тереңдету) үшін не жасауымыз керек?» деген
секілді сұрақтарға ауызша немесе жазбаша (не алдымен ауызша,
содан кейін жазбаша) жауап беруді ұйымдастыруға болады.
15 слайд
Тапсырманы орындаудың басында оқушыларға «Балалар, бұл тапсырманы мен сіздерге мынандай мақсатта ұсынып отырмын»деп айтудың қисыны бар. Немесе бұл мәселені олардың өзінен де сұраған орынды: «Балалар, қалай ойлайсыздар, бұл тапсырманы мен сіздерге не үшін ұсынып отырмын? Қанеки, топ ішінде осы сұрақты 30 секунд ішінде талқылап жіберіңіздерші!». Тапсырма мақсатын айқындаған шәкірттер іс-әрекетке саналы түрде қатысады. Ал егерде олар үшін тапсырманың қандай мақсатта орындау керектігі түсініксіз не көмескі болса, онда балалардың белсенді түрде жұмыс жасауы екіталай. Әрине, тапсырмалардың сабақ мақсатын ашуға бағытталғанын есімізден шығармағанымыз жөн. Бұл туралы да оқушылардың ой-пікірін сұраған жөн: «Балалар, бұл тапсырма бізді мақсатқа қаншалықты жақындатты? Кімнің қандай ойы бар екен: топ ішінде жеделдетіп талқылау ұйымдастырыңыздаршы!» Сабақ немен аяқталады? Дұрыс! Мақсатқа қаншалықты жеткен- жетпегенді талқылаумен қорытындыланады. Сабақтың маңыздылығы оның мақсатқа қаншалықты бағытталатындығымен өлшенеді деп ұйғарым жасауға толық қисын бар. Мұнда рефлексияның көптеген тәсілдерін қолданып, «Мақсатымызға жеттік пе? Оның қандай дәлелдері бар? Неліктен біз мақсатымызға жеттік (не жетпедік)? Біздің мақсатқа жету жолында жасағандарымыздың жақсы жақтары қандай? Біз біліміміздің қай жақтарын жақсартуымыз керек? Оны толықтыру (дамыту, тереңдету) үшін не жасауымыз керек?» деген секілді сұрақтарға ауызша немесе жазбаша (не алдымен ауызша, содан кейін жазбаша) жауап беруді ұйымдастыруға болады.
16 слайд
Пәнаралық байланыс:
-Пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң
ықпалын тигізеді;
-Оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып
пәндердің арасындағы мәселелерді
талқылап пікірталас жүргізеді;
-Бір пән аясында үйренген мәселелерін
екінші пәнге пайдалана алады;
-Бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды
жақсарта алады
16 слайд
Пәнаралық байланыс: -Пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді; -Оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді; -Бір пән аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады; -Бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады
17 слайд
Жаңартылған бағдарламалардағы
педагогикалық тәсілдер белсенді оқуды
көздейтін сындарлы оқуға негізделеді.
-Білім алушылар оқу үдерісіне белсенді
атсалысады;
-Өзіндік рефлексия дағдылары дамиды;
-Сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып,
қатысқанын сезінеді;
-Оқу үдерісінің белсенді мүшесі болады;
-Құрдастарымен қарым-қатынасы дамиды;
-Танымдық белсенділігі артады.
17 слайд
Жаңартылған бағдарламалардағы педагогикалық тәсілдер белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. -Білім алушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады; -Өзіндік рефлексия дағдылары дамиды; -Сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінеді; -Оқу үдерісінің белсенді мүшесі болады; -Құрдастарымен қарым-қатынасы дамиды; -Танымдық белсенділігі артады.
18 слайд
1.Жағымды психологиялық климат.
-Тұлғаның еркін, жан-жақты даму;
-Тиімді жұмыс жасау;
-Қолайлы тұлға аралық қатынастар мен
жағдайлар жасау;
-Бір-біріне бейімдеу;
-Бөтен пікір мен қөзқарастарды жағымды
тұрғыдан қабылдауға және оларды түсінуге;
-Көңілін көтеруге;
-Назарын сабаққа аудару;
-Жұмысқа ынталандыру;
-Сенімсіздіктен арылту, т.б. мақсаттарда
жүргізіледі.
18 слайд
1.Жағымды психологиялық климат. -Тұлғаның еркін, жан-жақты даму; -Тиімді жұмыс жасау; -Қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасау; -Бір-біріне бейімдеу; -Бөтен пікір мен қөзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдауға және оларды түсінуге; -Көңілін көтеруге; -Назарын сабаққа аудару; -Жұмысқа ынталандыру; -Сенімсіздіктен арылту, т.б. мақсаттарда жүргізіледі.
19 слайд
Кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады:
әрекеттерді түзету мен реттеу,
тұлға аралық қатынастарды реттеу,
өзін өзі тану құралы.
Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек.
Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау
емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын
анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.
Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен
үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның
сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс
арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс
жауап немесе бағыт таңдалынып, ...
19 слайд
Кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету. Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, ...