Материалдар / Семинар: " Педагогикалық этика"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар: " Педагогикалық этика"

Материал туралы қысқаша түсінік
білім саласында жұмыс істейтін жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
620
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ « ЖАМБЫЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ » КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ « Педагогтің кәсіби эти

1 слайд
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ « ЖАМБЫЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ » КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ « Педагогтің кәсіби этикасы » Педагог-психолог: Г.К.Саменова

«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәрәттар мен кеселдерді б

2 слайд
«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»  А.В. Луначарский Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Педагог өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады.

Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.Этика (грек. Ethos – дағд

3 слайд
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.Этика (грек. Ethos – дағды, әдет, ғұрып) деген мағынаны білдірсе керек. Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым- қатынас жасауда жалпы әдептік нормаларды басшылыққа алуы.Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді. Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады. Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.

Педагогикалық этика – адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс ұстауы әрі өз орт

4 слайд
Педагогикалық этика –  адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс  ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну: жұмысқа, қыдыруға, тойға, т.б) байланысты киім-киісі, сөйлеу мәнері, мимика, жесть, дене қимылы жатады. «Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай атамыз әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп айтады. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Педагогтың дауыс ырғағы балаға түрліше әсер етеді.Педагогтың даусы баланың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір педагогтардың сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі.

Оның өзі балаға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Жеке адамның сыртқ

5 слайд
Оның өзі балаға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсесі жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз педагогтарға айтылған сияқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру педагогтік этикаға үлеспейді. Әрқашан сұлу болып жүрейік.

Педагогтың киім киісі қандай болу керек? Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан ә

6 слайд
Педагогтың киім киісі қандай болу керек? Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ететіндей киіну керек.   Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек   Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек   Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс.Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.

Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болу керек? Шебер педагог үшін ең бастысы ол кімм

7 слайд
Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болу керек? Шебер педагог үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер педагог үшін аса маңызды дүние. Педагог өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Педагогтың мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге өте лайықты.

Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек? 1.Мейірімділік 2.Балаларға деген шынайы махаббат 3.Эмоц

8 слайд
Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек? 1.Мейірімділік 2.Балаларға деген шынайы махаббат 3.Эмоционалдық байсалдылық 4.Әділдік 5.Балаларға деген зейін 6.Қайырымдылық 7.Сергектік 8.Өмірді сүйгіштік 9.Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу 10.Жігер 11.Қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы, қарым-қатынас жасай алу ептілігі, ол бала үшін құрметті адам.

Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер Дөрекілік Баланы жеке тұлға ретінде қабылдамау,сыйламау Әділет

9 слайд
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер Дөрекілік Баланы жеке тұлға ретінде қабылдамау,сыйламау Әділетсіздік Өзін-өзі ұстай білмеу Әдепсіздік Балаларға немқұрайлы қарау Өзінің мамандығына немқұрайлы қарау