Материалдар / Тобанияз Әлниязұлы презентация
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тобанияз Әлниязұлы презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
494
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Ия, бүгінде ел билігі өз халқымызға қайта оралған сәтте жергілікті баспасөздер Тобекең туралы ғалымдардың зерттеулерін, шежіреш

1 слайд
Ия, бүгінде ел билігі өз халқымызға қайта оралған сәтте жергілікті баспасөздер Тобекең туралы ғалымдардың зерттеулерін, шежіреші қариялардың естеліктерін, басқа да ел ішіндегі ауызекі деректерді көптеп шығара бастады, Архивтен Тобекеңе қатысты құнды деректер тауып, «Тобанияз» атты көлемді зерттеу жазған өлке танушы журналист Ә. Спанов түрмеде түсірілген фотосуреттері және соның негізінде бет бейнесі (портреті) салынған кітабын көпшілік қауымға ұсынды. Мұның өзі Тобекең тұлғасына лайықты бағасын беруде едәуір септігін тигізуде. Сонымен Тобанияз кім еді?  

Оның, ата тегі Адай - Келімберді - Бұзау - Айтумыс (Жеменей) - Шылым - Өрдек - Кенже болып келеді. Осы рудан шыққан, атақты Қон

2 слайд
Оның, ата тегі Адай - Келімберді - Бұзау - Айтумыс (Жеменей) - Шылым - Өрдек - Кенже болып келеді. Осы рудан шыққан, атақты Қонай батырдың тікелей ұрпағы. Кейбір деректерде оны Маңғыстау ауданының Аусары жерінде 1875 жылы дүниеге келген деп көрсетеді. Алайда осы мәселеде дәлсіздік бар сияқты, өйткені ауыл арасындағы көне көз қариялар Тобаниязды өз ата-бабаларының негізгі қонысы, Бозашы түбегінің қазіргі Ақшымырау шаруашылығының территориясында туған, Аусарыға 1910 жұт жылынан соң көшіп барған дейді. Сонымен, жас кезінен-ақ батыл да, өткір Тобанияз ел ішінде ертерек көріне бастаған. Жасынан мұсылманша сауаты бар ол күштінің әлсізге, малдының кедей- кепшікке зорлық етуіне, әділетсіздік атаулыға болысып, ел ішінде өте беделді, абыройлы болса керек. Оның үстіне сөзге шешендігі тағы бар Тобекеңді халқы би атаған.

 Тобанияз өмір сүрген кезең Қазақстанның оның Ішінде Маңғыстаудың да Ресей империясының қол астына толықтай кіріп, отарлық е

3 слайд
 Тобанияз өмір сүрген кезең Қазақстанның оның Ішінде Маңғыстаудың да Ресей империясының қол астына толықтай кіріп, отарлық езгінің күшейе бастаған кезіне тұспа- тұс келеді. Сондықтан да ежелден еркіндік сүйген халқымыздың бостандыққа ұмтылысынан Тобекеңді бөлектей алмаймыз. Өзінен бұрынғы ата-бабаларының сырт басқыншыларға қарсы күрестері, өз бабасы Қонай батырдың ел ауызындағы ерліктері, Ресей отаршыларына қарсы Маңғыстаудағы XIX ғасырдың 70-ші жылдарындағы қарулы көтерілістер, жас Тобанияздың қалыптасуына көп әсер еткені даусыз.  Әсіресе, Маңғыстаудағы Иса мен Досан батыр бастаған көтеріліс басып жаншылғаннан кейінгі елге салған соғыс шығындары мен ауыр алым-салықтар, халықтың қиын тұрмысы, отарлық қысымшылық Тобаниязды да өз атасы Қонай батыр секілді ел мүддесі үшін алдыңғы саптан табылуға мәжбүр етті.

 Қашан да қиыншылық заманда ел ерге қарайды емес пе? Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ауыр салмағы қазақ даласына, Маңғыстауға да

4 слайд
 Қашан да қиыншылық заманда ел ерге қарайды емес пе? Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ауыр салмағы қазақ даласына, Маңғыстауға да келіп жетті. Мал-мүлікке салынған ауыр салыққа қоса, «жығылғанға жұдырық» дегендей, 1916-шы жылғы қазақтың 18 бен 31 жас аралығындағы жастарын «қорғаныс бекіністерін, әскери шептерді жасауға қара жұмысқа алу туралы» патша жарлығы бүкіл Қазақстанда сондай-ақ Маңғыстауда да халық наразылығын туғызды. Бұл кезде Тобанияз Шылымның болысы еді. Тобанияз бастаған азаматтар Маңғыстауда патша жарлығына қарсы шығып елде жігіт жібермеу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Алайда, Маңғыстаудағы патша жарлығына қарсы қозғалыс Торғай мен Жетісудегідей жаппай қарулы сипат алған жоқ, Тобанияз бастаған бірнеше азамат тұтқынға алынады.    1917 жылы ақпандағы патшаны тақтан құлатқан төңкерістің ықпалымен Тобанияз абақтыдан босанып елге оралады. Іле-шала болған Қазан төңкерісін сол кездегі еркіндік аңсаған қазақ зиялылары сияқты Тобанияз да жылы қабылдайды.    1918 жылы 23 тамызда Түпқараған түбегіне келіп түскен Ә. Жангелдиннің отряды Маңғыстаудағы кеңес өкіметін нығайту үшін, түбек халқын соңына ерте алғандай тұлға іздеді. Мұндай азамат, әрине, Тобанияз еді.    Ә. Жангелдин осы сапарында Маңғыстаудың Бозашы түбегіндегі Қаратөбе жерінде бүкіл Адай елінің съезін ашып, сонда Маңғыстау уездік революциялық комитетін құрып, оның төрағасы етіп Тобанияз Әлниязұлын тағайындады. Бұл 1918 жыл еді. Бүкіл елді азамат соғысының жалыны шарпып тұрған кез. Осы қысылтаяң кездегі Тобекеңнің, Жангелдин отрядына үлкен көмек көрсетіп, олардың шашылмай, тоналмай межелі жерге жетуіне, бірден бір ықпал еткен адам екені бізге тарихи құжаттардан таныс.    Сөйтіп, бұрыннан да ел арасында үлкенді-кішілі билікке араласып жүрген Тобанияз Маңғыстаудағы халық тағдырын өз қолына алады. Сол кездегі жаз жайлауы сонау Қарақұм, Ойыл, Теке, Ақтөбе, Орынборға шейін болса, күздігі мен қыстауы Маңғыстаудың Бозашы, Түпқараған түбектеріне, Түрікпеннің Жаңғақ ойы, Шағадамға дейін жайылған қалың Адай елінің бірден бір ресми, әрі халық таныған басшысы болды.   

Тобекеңнен бұрын Маңғыстауда ұзын саны 19 - 20 мұсылман мектебі, бір орысша мектеп болса, бұл кісі ел билеген кезде, дәлірек ай

5 слайд
Тобекеңнен бұрын Маңғыстауда ұзын саны 19 - 20 мұсылман мектебі, бір орысша мектеп болса, бұл кісі ел билеген кезде, дәлірек айтсақ 1920 жылдары қысқа мерзімде мұғалімдер даярлап әр жерлерде мектептер аштырады. Адай уездік деңгейінде өткен кеңестердің бірінен жазылған есепте былай жазылған «из них 10 киргизских и 4 русских школ с количеством детей учащихся около 1100 человек». Тобекеңнің 1922 жылы ревком төрағалығынан босағанын ескерсек осы мектептерді құрушысының өзі екені түсінікті де. Тобанияз 1922 жылы ҚазЦИК-тің III съезінде Маңғыстау қазақтарының шаруашылығы үшін өзені бар жерлерден жер бөлдіру, елді отырықшыландыру, мектеп, ағарту жүйелерін дамыту үшін қаржы көмектерін көрсету талаптарын қойған. Үкімет мүшелеріне - халықты араламайсыздар, халықпен байланыстарыңыз жоқ - деп санаған. Сол үшін де осы съезде КазЦИК-тің мүшелігіне өтпей қалған сияқты. Хиуа хандығы мен Адайлар арасындағы ежелден келе жатқан барымта-тастыс күшейіп, шекаралас отырған ауылдарды түрікпен жасақтары жиі шауып кетіп отырған соң, Тобанияз бұл мәселені орталықтың алдына қойған. Алайда, Қазақстан үкіметінің талабы жағдайға ықпал ете алмайды, әрі, үкімет басшылары өздерің бейтараптау ұстап бұл іске жете маңыз бермейді. Тобанияз бұл мәселені ревком мүшелерінің сұрауымен өз қолына алады. Бұл кезде Тобанияздың жақсы қаруланған мықты-әскери күш құруға мүмкіндігі бар еді.(Қару-жарақтың көбі Толстов армиясын талқандағанда қолға түсірілген, әрі бұрын Тобанияздың Түркстан майданының қолбасшысымен тікелей байланысы болған). Алайда Тобанияз ел билерімен, ақсақалдарымен кеңесе келе Хорезмге жаулықпен емес, елдікпен бітім сұрап бару қажет деп тапты. Кейбір ресми орындардың 3000адамдық әскермен келіп Хорезмді шапты деп көрсетуі шындыққа сәйкес келмейді. Расында білікті өлке зерттеушісі. Ә. Спанов архив құжаттарына сүйене отырып Тобанияз 180адамдық жасақпен(оның ішінде әнші, күйші өнер адамдары билер мен әйелдер де бар)барғанын дәлел дейді. Сонда Түрікпен және Қарақалпақ халықтарының беделді адамдарымен, жергілікті үкімет мүшелерімен келіссөз жүргізіп, жағдайды талқылайды. Шекара, сауда саттық, көші-қон, ел аралығындағы қақтығыс мәселелерін ағайынгершілікпен, бейбіт шешу туралы келісімге келеді. Осылайша ежелден жауласқан көршілер(Адайлар мен Түрікпендер)арасындағы ұзақ жылғы жанжал тиылып, екі ел арасында бейбіт заман орнайды.  

30-шы жылдардағы аштықтан босқан Адайлардың көбі Түрікпенстанға барып жан сауғалағанда, екі ел арасындағы тыныштықтың маңызы зо

6 слайд
30-шы жылдардағы аштықтан босқан Адайлардың көбі Түрікпенстанға барып жан сауғалағанда, екі ел арасындағы тыныштықтың маңызы зор болды.   Қазіргі ашылып жатқан архив материалдары Тобекеңнің Қазақстанның қазіргі территориясының осы деңгейде қалыптасуына тікелей атсалысқан азамат екенін дәлелдейді.   Қазіргі Маңғыстау облысы, кезінде Закаспий облысының құрамында Түрікменстанға қарап келсе, 1920 жылы Тобекеңнің Орынборда Адай уезін Қазақстан Құрамына қосу туралы мәселе көтеруі нәтижесінде, қазір Егемен Қазақстан Республикасының бай өндірістік өлкесі. Бұл да Тобекеңнің еңбегінің жемісі екенін ұмытпағанымыз абзал.   1922 жылы, сол кездегі бірден бір дара билік иесі және елтаныған көсем ретінде, халқы«қарадан шыққан хан»атаған Тобанияз қудаланып, қызметінен алынады және«ұлт араздығына жол берген дінді, ескілікті дәріптейді»деген сияқты айыптармен кінәланады, алайда оның халық ішіндегі беделінің зор екенінен сескеніп абақтыдан босатады.  

1925 жылы қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына Ф. Голощекин келеді, Қазақ топырағына келген 30-шы жылдардағы қасірет ті

7 слайд
1925 жылы қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына Ф. Голощекин келеді, Қазақ топырағына келген 30-шы жылдардағы қасірет тікелей осы фамилиямен сабақтас. «Ұлы Қазан төңкерісі қазақ даласына келмеген жанай өтіп кетіпті, сондықтан мұнда да «кіші» Қазан төңкерісі «өтуі тиіс» - деп есептейді. Осы «кіші Қазан төңкерісі» миллиондаған отандастарымыздың өмірін мезгілінен ерте әкетті. Қазақстандағы әдейі ұйымдастырылған жаппай ұжымдастыру мен байларды тәркілеу науқандары қазақ елінің тарихындағы ең бір қасіретті 1932 - 33, жылдардағы жаппай ашаршылық қырғынына бірден бір себепшісі болды. Әрине бұл қырғын біздің өлкеміз Маңғыстауды да айналып өткен жоқ. Тобанияз кезінде бұл салтына қарай біртіндеп, асықпай жүргізілгені дұрыс. Қазақта орыстардағыдай көп бай жоқ, сондықтан оларға салық саясатын қолданған жөн. Әйтпесе ел бүлінеді. Тізгінді қолдан бір шығарып алған соң бұл тарпаң ел қайыртпайды, жұртын сипап қаласыздар» дейді Тобекең. (Қараңыз. Ә. Спанов. Маңғыстау. 21 қаңтар. 1995 ж). Мұның қаншалықты дұрыс пікір екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Әрине, тарихтан білеміз, голощекиншілер бұл пікірді елемек орны науқандарға да қарсылық білдірді. «Ұжымдастыру елдің тұрмысына, науқанды қайта өрбіте жүргізді.   «Әзірге бізде Адай округінде Адай князі Әлниязов бар, мұндай мыңдап мал айдап, халықты қанап отырған округтің ең ықпалды қожалық етушісі, бұларсыз атқару комитеті түк істей алмайды және бұқараны кедейліктің шырмауынан босату туралы сөз болуы да мүмкін емес» - дейді Голощекин 1927 жылғы Қызылордада өткен IV Бүкілқазақтық партияконференциясында. (Қараңыз. Т. Омарбеков. Ақиқат. 1995 ж.№ 6). Бұл сөздер Голощекиннің қызыл қырғыны алдындағы кіріспесі іспетті.

Тобаниязға және оның «контрреволюциялық ұйымына»:«1922 жылы Форт Александровскіде кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс дайынд

8 слайд
Тобаниязға және оның «контрреволюциялық ұйымына»:«1922 жылы Форт Александровскіде кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс дайындаған, Адай даласында жергілікті ұлтшылдықты қоздырып орыстарды қуғындаған, кеңес үкіметінің нұсқауын елемей оларды шариғат заңдарымен ауыстырған, Түрікменстан мен Ауғанстанға халықтың жаппай көшуін ұйымдастырған, Құрмаш Қосжанов бандасын қолдаған»-деген сияқты толып жатқан айыптар таққан. Алайда ОГПУ дәлелсіз, негізсіз айыптады. «Дегенмен жергілікті халыққа сыйлы да құрметті, әрі өзінің де едәуір ауқатты шаруашылығы бар Тобанияз секілді көзі қарақты,көкірегі ояу ірі тұлғалардың дәстүрлі шаруашылықты қорғап, күшпен . ұжымдастыруға наразы болғаны, Адай даласын басқаруға бөтен, орыс ұлты өкілдерінің. жіберілуіне қырын қарағаны. зорлық, зомбылық. пен аштық апаты төніп келе жатқан Адайлардың жан бағып Түрікменстанға жаппай көше бастауларын ұйымдастыруы заңды, табиғи еді деп ойлаймыз».(Қараңыз. Т. Омарбеков. Ақиқат. 1995 ж № 6) Осы пікірлерді айтушы тарихшы, ғалым Талас Омарбеков сол кездегі жағдайды дәл, әділ бағалаған.   1929 Жылы желтоқсанда Тобанияз ұсталып Ақтөбе түрмесіне жөнелтіледі. 1930 жылы ОГПУ-дың үштігі Тобанияз бастаған 69 азаматтарды соттайды. Тобаниязбен бірге 20 адам мал-мүлкі тәркіленіп атылады. Қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге айдалады. Бұлардың көбі Гурьев округтік партия конференциясына 1928 - 29 жылдары Форт Александровскіден сайланған коммунистер еді.   Халқымыздың ең көзі ашық зиялы деген 22 мың азаматтары атылып 44 мыңы түрмелерге қудаланған. 1937 - 38 жылдардағы саяси террордың басы Тобекеңдер кеткен осы 29-дан басталып еді. Барлық адам құқы, оның бостандығы мен өмірі деген адами қасиеттер аяққа тапталып, әкесі үшін балалары жауап бермейді деген адамзатқа ортақ принциптер өрескел бұзылған дәуірде, Тобанияз ұрпақтары да қудалауға түсті.    

Иә, ел үшін өлген ер шейіт дейді. Тобанияздың мерейтойын өткізгелі жатырмыз, өткізерміз де. Әйтседе бұл той Тобаниязға емес, біз

9 слайд
Иә, ел үшін өлген ер шейіт дейді. Тобанияздың мерейтойын өткізгелі жатырмыз, өткізерміз де. Әйтседе бұл той Тобаниязға емес, бізге, оның артындағы ұрпағына, қалың еліне керек. Болашақ үшін, ұлттық бірлік үшін керек деп есептеймін. Ерін ардақтаған ел азбас, Тобекең халқымен қайта табысты. Осы күнге дейін Тобанияз халқынан қағыс қалса ол біздің кінәміз емес, заман кінәсі, уақыт кінәсі деп ұғынайық, ағайын. 1931 жылы Бүкіл Адай Уездін қамтыған Адай көтеріліснің кезіндегі құрбандарымыздың рухына тағзым ете ұлықтай атап кеткім келіп отыр! Бұл бас көтеруде Гурьев огругтік партия конференциясының делегаттары , Адай даласының зиялы-басшылары, үкіметтің мүшелері мен қызметкерлері болатын және ішінде қарапайым азаматтарда кездеседі! Яғни, көпшілік бөлігі шетінен білімді, сауатты, жартылай сауатты , бай, саудагелер қауымы болатын! Бізге көтеріліс басшысы Тобанияз Әлниязұлы мен оның қолдаушылары тобы жеңіліп жазаға тартылғаны белгілі болатын! Бұл көтерілістің мақсаты Кеңес үкіметінің елдің шаруашылығын біріктіріп және коллективизация жасау саясатына қарсы наразылық білідіру. Яғни, бұл саясат түпкі тамыры Адай даласының көшпенді өмірін жою, бай-cаудагер ұғымын жою, яғни, бірінші міндеті бай, орташа бай, саудагерлердің мал-мүлкін тәркілеп үкіметке өткізу болатын. Ата-бабадан келе жатқан маңдай терімен жинаған мал-мүлкін бір күнде үкіметтің қазынасына бере салу оңай емес екіндігі сірә мәлім. Көтеріліс басшысы Тобанияз Әлниязұлы сол кезде Кеңес ...