
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 3 материал
Волейбол- елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты. Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады
Дене шынықтыру
Мақала
Барлық сыныптар
Мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады.
Дене шынықтыру
Мақала
Барлық сыныптар
Биіктікке секіруде жүгіріп екпін алған кездегі жүгіру адымы әдеттегі жүріс адымынан, шамамен алғанда, екі есе үлкен. Сондықтан 14 жүріс адымына тең жерді жүгірген кезде 7 жүгіру адыммен өтіп шығуға болады. Кейбір балалар адымдап белгіленген жүгіру қашықтығын дұрыс өтіп шыға алмайды, яғни олар жерге тірейтін аяқтарын тура, дәл қоя алмайды. Осыны ескеріп, алғашқы үш-төрт секіруден кейін мұғалімнің көмегімен аяқты тірейтін жерді нақтылап алулары керек. Серпілетін аяқ серпілу нүктесіне жетпесе кергіні жақындатып, ал серпілетін аяқ бұл жерден асып кетсе, адымды қысқарту қажет. Жүгіріп екпін алу қашықтығын анықтаған кезде кергісіз секіріп үйрену керек. Өйткені кергінің жоқтығы оқушыларға еркін жүгіріп келуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл жаттығуларды аса көп қолдануға болмайды. Әрбір оқушы табанымен өлшеп,өзінің жүгіріп екпін алатын жерінің ұзындығын біліп алғаны жөн. Өлшеу кергіден басталып, жүгіріп екпін алу нүктесі басталатын жерге дейін жүргізіледі.
Дене шынықтыру
Мақала
Барлық сыныптар