Мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығулардың маңызы және қауіпсіздік ережесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығулардың маңызы және қауіпсіздік ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығулардың маңызы және қауіпсіздік ережесі

Мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады.

Таңepтeңгi бой жазу жаттығуларын оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша ipiктeп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып, бой жазып cepгyінe мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте аз да болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықтарда шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.

Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-
қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет
қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс
қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке
қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикалық жаттығуларды қолдану жан-жақтылық қана емес, ағзаға сапалы да ықпал етуі (дененің жеке бөліктеріне, бұлшық етерге және
буындарға) гимнастиканы метеп оқу орнында дене тәрбиесінің маңызды
бір құралы етеді.Гимнастикамен айналысу ағзаның арнайы морфологиялық және функционалдық өзгеруін тудырады.Гимнастикалық жаттығулар
кезіндегі қауырт түсірілген күш бұлшық еттердің негізгі топтарыныңдамуына ықпал етеді. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі жылдамдық-күштік жұмысты шапшаң өзгеретін қозғалыстар бағытымен үйлестіру жүйке үрдісінің қозғалысын және қозғалыс аппаратының жұмылдырылуын көтереді. Гимнастикамен айналысу үдерісінде бұлшық еттердің жұмысы сезім мүшелерінің қызметі жетілетіндіктен, жұмсалатын уақыт және күш мөлшері бойынша ұйғарымдырақ және қатаң мөлшерленген болып келеді.

Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму npoцecтepi баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бipден-бip құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-кұлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни бipeyi әділ ойнайды, біpeyi алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді біреуі жігерсіздік танытады. Сондықтан сынып мұғалімдері ойынды тәрбиенің негізгі құралы ретінде пайдалануы тиіс. Адамның жеке басының касиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту, адамның ойын өсіріп, шығармашылық кабілетін арттырады. Дене қасиеттерінің шамасы келетін дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана жас дене жан жақты жетіледі.

Гимнастикалық жаттығуларды оқушыларға үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш –қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп –бүгілгіштігін дамытуға жан жақты жағдай жасау жөн. Сондай-ақ оқушы өз қимыл қозғалысын, соған сәйкес музыкаырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады .

Гимнастиканың өте үлкен сауықтыру-гигиеналық мәні бар. Плутарх айтқандай «Гимнастика – медицинаныңшипалыбөлімі». Көптеген ғалымдар мен педагогтар дене шынықтыру жаттығуларына, соның ішінде гимнастикалық жаттығуларына, үлкен маңыз беретін және оларды адамдардың тіршілік әрекет пен жұмыс қабілеттілігін арттыружәне де сауықтыру мен белсенді демалыстың ең жақсы құралы деп қарастырған.

Негізігимнастиканыңқолданбалымаңызы бар, өткені айналысу барысында қажетті жүру, жүгіру, тепе-теңдік, лақтыру, өрмелеу, кедергілерден өту және т.б. дағдылары қалыптасады, шыңдалады. Оған қоса, гимнастика қозғалтқыш тәжірибені байытады. Құрылымы бойынша түрлі жаттығуларды меңгергеннен кейін оқушылар жаңа қимылдарды табысты игеріп, кеңістік бойынша және уақыт параметрлері, бұлшық еттерге түсетін күш дәрежесі бойыншаүлкен дәлдікпен орындайтын болады.

Гимнастикамен шұғылдану дұрыс мүсіннің, саптық жинақылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Гимнастиканың мазмұны саналуанды: ол жүріс, жүгіріс, секіру, эстафеталар, сонымен қатар гимнастикалық снарядтарда жаттығу (маңдайша, қырлы бөренелер, ат, шығыршықтар және т.б.). жаттығулардың көп әртүрлілігі, жүктемені қатаң реттеу мүмкіндігі гимнастиканың қолжетімділігін анықтайды.

Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикалық жаттығулардың маңызы мен мәнін ұғынуда оның әдістемелік ерекшеліктеріне назар аудару керек. Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:

1. Адам ағзасына жан-жақты әсер етеді. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.

3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсерін тигізеді.

5. Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т.б. Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық) мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді.

Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқ упроцесін ұйымдастырғандажеке әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданаотырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу керек. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ шешіледі.

Гимнастикалық жаттығуларды оқыту барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

-шұғылданушылардың жалпы қозғалыс және спорттық дайындығы үшін маңызды қозғалыс дағдыларды қалыптастыру;

- төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік, икемділік деген дене сапаларын тәрбиелеу;

- педагогикалық дағдыларды қалыптастыру;

Күнделікті таңғы жаттығулар түрінде өткізілетін гигиеналық гимнастика айналысушылардың сауығуына үлкен ықпал етеді. Ондай сабақтар ағзатініндегі қан айналымын күшейтеді, жүрек-тамыр жүйесі және зат алмасуды,жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, адамның психикасына жағымды әсер етеді. Таңғы күнделікті гимнастика ұйқыдан кейінгі ағзаныңбейтарап ахуалынан болашақ әрекетке қажетті белсенділікке көшуге ықпалетеді.

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл- ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп жеңіл атлетика мен гимнастиканың жаттығулары да дене тәрбиесінің барлық даму түрлеріне әсер етіп, орасан мол міндеттерді атқарады. Осылайша алғанда мектеп оқушыларының күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары дұрыс жүйелі түрде жолға қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз.

Мектеп оқушыларның бас амандығы мен денсаулығы сабақ уақытында мұғалімдердің жауапкершілігінде. Сондықтан дене шынықтыру сабағында барлық оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау керек.

Сонымен, дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығылуарды орындағандай қандай қауіпсіздік ережесін ұстанамыз:

- гимнастика сабақтарында белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;

- спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;

- спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;

- мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;

- дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.

Мектептерде оқушылар мен оқутушылар ескеретін талаптар:

1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.

2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.

3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.

5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.

6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.

7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.

8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.

10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Сонымен, мектептерде дене шынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың маңыздылығы жоғары екендігіне көз жеткіздік. Нақтырақ айтсақ, гимнастикалық жаттығулар арқылы баланың тек дене бітімінің дамуы ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой әрекеттерінің, танымдық белсенділіктерінің дамуына, олардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауына, оқуға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал ете аламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2021
796
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі