Волейбол ойынындағы жаттығу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру
Спорт және қимыл ойындары - дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын
тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың
жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал
волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа
деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз
қолданылады.
Волейбол ойнау
реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға
көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой
шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер
етеді.
Волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен
дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше,
волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан
осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс
орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар
еді.
Волейбол ойыны
аумағы 9x18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп
тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы
орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар
командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер
балаларға арналған тордың биіктігі-220 см, қыздар үшін 210см
болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр
команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі
65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың
ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін
доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі
рет қолын тигізуіне рұқсат
етілмейді.
Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу хұқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Волейбол- елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.
Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады:
-
Допты екі қолмен жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

-
Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп-доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.
Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

-
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.
Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

-
Допты төменнен тіке ойынға қосу
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

-
Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамала ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.
Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:
-
Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
-
Шабуыл соққысын жасау;
-
Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
-
Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
-
Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
-
Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
-
Тордың маңындағы ұстағышқа(держатель) бекітілген допты соғу;
Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.

Волейболшылардың оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған денешынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, ойын техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық -интегралдық дайындықтар жиындықтары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз