
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
Мақсаты: оқушылар мен мұғалімдерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Конспект
6 сынып
« Тоғызқұмалақ » туралы қысқаша мағлұмат. «Тоғызқұмалақ » ойынын тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарыпты. Бұрын атабабаларымыз қой бағып жүріп ойнаған сондықтанда малшы математикасы деп атаған.Шындығында да екі малшы далада кездесе кеткенде жерді шұқып ойып дорбаларындағы қойдын кепкен құмалағын әр отауға 9 құмалақтарын салып бірден ойнай беретін. Қазақстан жеріндегі тастардың бетіне ойып салынған « тоғызқұмалақ » тақтасының бейнесі кәзіргі дейін сақтаулы. Тарғыбатай тауынын Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр.
Дене шынықтыру
Конспект
7 сынып
Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру . Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Айнал»! жаттығуларын орындау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. 2.Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Спорттық жүріс 2. Жеңіл жүріс 3.Тізені көтере жүгіру 4.Өкшені көтере жүгіру 5.Оң қапталмен жүгіру 6. Сол қапталмен жүгіру 7.Тыныс алу жаттығулары
Дене шынықтыру
Сабақ жоспары
7 сынып
Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қолды кеуде алдына ұстап, 1-2 қол кеуде алдында кеудені созу 3-4 оңға, 1-2 қол кеуде алдында кеудені созу 3-4 солға 6. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол белде, белді 1-4 санақ солға, 1-4 санақ оңға айналдыру. 7. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, иілу, 1-4 санақ сол қол белде, оң қолды жоғары солға, 1-4 санақ оң қол белде сол қол жоғары, оңға иілу. 8. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, алдыға еңкею, 1 – оң аяққа, 2 – ортаға, 3 сол аяққа, 4- бастапқы қалып. 9. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол тізеде, 1-4 санақ тізені ішке, 1-4 санақ сыртқа айналдыру 10. қол белде орнында тұрып биікке секіру, оң аяқпен, сол аяқпен, қос аяқпен.
Дене шынықтыру
Ашық сабақ
6 сынып
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Дене шынықтыру
Ашық сабақ
6 сынып