
Мамырова №435513 Мирамкуль Ибраевна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 3 материал
ХХ ғасырдың басында үркердей топтанып шыққан қазақ зиялы қауымының аса көрнекті өкілі, өзінің жалпы рухани болмысы жағынан «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін биік деңгейде қозғаған, адамды рухани қалыптастырудағы оқу-білімнін құдіретін терең түсінген ағартушы - реформатор еді.
Ахмет Байтұрсынұлы өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін қозғаған, халқын қараңғылықтың құшағынан шығару үшін оқу-білімге шақырған және оның адамды рухани қалыптастырудағы құдіретін терең түсінген ойшыл ғана емес, үлкен іс-әрекеттің иесі, ірі тұлға болған. Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлердің бірі - ағартушы ұстаз, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов. ХХ ғасырдың алғашқы отыз жыл ішінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту және әдеби болашағын ойлап, санасын оятуда, сауатын ашуға, жағдайын жақсартуға күш-жігерін
Қазақ әдебиеті
Мақала
10 сынып
Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.
Қазақ тілі
Мақала
10 сынып
Міржақып шығармашылығын зерттеуші ғалым М. Әбсеметовтың деректері бойынша романға негізінен Көкшетау даласында болған оқиға өзек болған. «1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, Торғайды тастап, Көкшетауға келеді. Көкшетауда Саумалкөл деген жерде ауыл мектебінде мұғалім болып істеп жүргенінде, ол Жамал атты қазақ қызының тауқыметті тағдырына куә болады. «Бақытсыз Жамал» романындағы сол аяулы бейне осылайша шындық өмірден алынған еді. Роман оқиғасы қазіргі Көкшетау облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Саумалкөл – Сұлу көл төңірегінде өтеді. Бұл табиғаты тамылжыған, алабын ақ қайың көмкерген, айнадай жарқыраған көлдері көз тұндырған қазақ даласының бір құйқалы да көрікті жері.
Қазақ әдебиеті
Тәрбие сағаты
8 сынып