Материалдар / Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» - қазақтың алғашқы романы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» - қазақтың алғашқы романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Міржақып шығармашылығын зерттеуші ғалым М. Әбсеметовтың деректері бойынша романға негізінен Көкшетау даласында болған оқиға өзек болған. «1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, Торғайды тастап, Көкшетауға келеді. Көкшетауда Саумалкөл деген жерде ауыл мектебінде мұғалім болып істеп жүргенінде, ол Жамал атты қазақ қызының тауқыметті тағдырына куә болады. «Бақытсыз Жамал» романындағы сол аяулы бейне осылайша шындық өмірден алынған еді. Роман оқиғасы қазіргі Көкшетау облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Саумалкөл – Сұлу көл төңірегінде өтеді. Бұл табиғаты тамылжыған, алабын ақ қайың көмкерген, айнадай жарқыраған көлдері көз тұндырған қазақ даласының бір құйқалы да көрікті жері.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ «273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







ТАНЫМДЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» - ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ РОМАНЫ

(мерзімі 19.01.2042 жылы 8 - сыныптар)







Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: М.И. МАМЫРОВА





БАЙҚОҢЫР

2024 ж



«Бекітемін» Мерзімі 19.01.24 ж мектеп директорының оқу Уақыты 09.45 ________жөніндегі орынбасары Өткізілетін орны 201 каб Г. Сапарова қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

«_____» _______2024 ж. мұғалімі М.И.Мамырова



Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» - қазақтың алғашқы романы

Мақсаты: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтасы мен қызығушылығын, логикасын жетілдіру, сыни тұрғыдағы көзқарасына еркіндік беру; Оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, төл әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру. Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Барысы:

І. Бастапқы таныстық – Өз білгеніңді халқыңа үйрет

1. Міржақов жүрген жолдар 2.1916 жыл: ұлт зиялыларының көзқарасы 3. Қазақтың тұңғыш романы 4. Ашаршылық және алаш арыстары

ІІ. Терең таныстық – Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» - қазақтың алғашқы романы.

ІІІ. Нәтиже – Сыр шерткен тағдыр...

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.


Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар! Білім құмар өсер ұрпақ!

Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Әлихан Бөкейханов, Ахан, Мағжан салған демократтық бағытта «Өз білгеніңді халқыңа үйрет» деген бағытты ұстаушы Алаш көсемі, ірі ғалым, ақын әрі жазушы М. Дулатов шығармасына тоқтаймыз.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.


І. Бастапқы таныстық – Өз білгеніңді халқыңа үйрет

1. Міржақов жүрген жолдар 2.1916 жыл: ұлт зиялыларының көзқарасы 3. Қазақтың тұңғыш романы 4. Ашаршылық және алаш арыстары

М.Дулатов туралы өз ойларынортаға салады. Тапсырма Өмірі

1.1885 жылы ( Торғай уезінің , Сарықопа болысында дүниеге келген)
2. 1897 жылы ( Мұқаннан дәріс алады)
3. 1904 жылы ( Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұзтазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі) .
4 .1909 жылы(«Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарық көреді)
5. 1910 жылы (Қазан қаласында « Бақытсыз Жамал» романы шығады)

1913 жылы (А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде жұмыс жасайды)

7. 1915 жылы («Терме» атты кітабы шығады)

8. 1922 жылы ( «Есеп құралы» оқулығын жазады)

9. 1928 жылы (бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады)

10. 1988 жылы 4 қарашада Міржақып Дулатов есімі толық ақталады

«Оян, қазақ» өлеңін жатқа оқиды.

М ұғалім сөзі. Аталған ұлт зиялылары  саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған  қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған  М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз. А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағыңа ызыңдаса?»- деген жолдар арқылы ызыңдап ұшқан маса болып  қалың ұйқыдағы енжар халқын оятпақ болады .Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтқан, азаттықты аңсаған азаматтардың қатарында болған, Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол 1917–1918 жылдары билікке келген кезде досы профессор Тайыр Шағатайға тапсырма беріп «Оян Қазақ!" кітабын түрік тіліне аударып шығарған еді. Осы кітапқа еліктеп «Оян, Түрік!» деген кітаптар да шыққан. Жапондарға «Оян, қазақты» таныстырған «Серке» газетін шығарып, содан патша шабармандарының қуғынына ұшыраған татар баспагері Ә.Ибрагимов екенін айтады.

2.1916 жыл: ұлт зиялыларының көзқарасы

1916 жыл. Олар: « қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады»,-деп  1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар” - деп жазды.  Әлихан Бөкейханов бас болып, қара жұмысқа алынғандар шоғырланған жерлерді аралауға аттанды. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Ал 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі жұмысқа шақырылған қандастарымыз елге қайтару ісінің басы-қасында болды “Қазақ” газетінде жарық көрген “Соғыс майданында қазақ жұмыскерлер” деп аталатын мақалада қазақ интеллигенциясы былай деп жазды: “Қазақ жұмыскерлерді ренжітпей жақсы ұстау үшін, мынадай шарттар қойылсын:

Қазақтар өз алдына қос болсын. Өз арасынан ақсақал сайласын, тіл білетін тілмәштары болып, дружина бастықтарымен сөйлесу, хабарлау үшін;

Намаз оқу секілді құлшылықтарынан тыйылмасын, қажет орны болса, табуға мүмкін болғанда араларына молда қойылсын;

Тамақтары: шай, қой еті, түздаған сиыр еті болсын. Шошқа етін беруге болмайды. Ұн, тары, май, ет, шайлар қолдарына берілсін. Өз араларынан аспазшы сайланып қойылсын;

Қазақтардың таза тұруына көз салынсын” (Соғыс майданындағы қазақ жұмыскерлер. //«Қазақ» газеті.-Алматы,1998.-310 б.).).

3 . Қазақтың тұңғыш романы

Тақырыбы: Әйел теңсіздігі Идеясы: Романның өлеңмен жазылған сөз басында: Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта, Бақытсыз бір қыз екен осы шақта. Біреуге хас нәрсе емес, һәм болған іс, Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта. Айырсын оқушылар мағынасын, Жай ғана хикая деп қарамасын. Көрген кім шариғаттан деген сөзді: «Қор етіп әйел халқын аямасын» - деген жолдардан автордың көздеген мақсаты аңғарылады.

4. Ашаршылық және алаш арыстары

Торғайға жеткiзiлген 15 мың малдың iшiнде Әлихан Бөкейхановтың - Шыңғыстауды, Мiржақып Дулатовтың Семей уезiн, Мұхтар Әуезовтiң Ертiс бойын аралап жүрiп жинаған сауын-салауаты да бар едi. А.Байтұрсыновтың ұсынысымен «Аштарға көмек» комитеті құрылды.

ІІ. Терең таныстық – Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» - қазақтың алғашқы романы

. І бөлім. Крестьянский начальник

  • ІІ бөлім. Үмітсіз -шайтан

  • ІІІ бөлім. Еркек балаша киінген Жамал

  • ІV бөлім. Жамалдың молдадан дәріс алуы

  • V бөлім. Сайлау

  • VІ бөлім. Байжан мен Сәрсембайдың құда болуы

  • VІІ бөлім. Басындағы бағы жоқ Жамал

  • VІІІ бөлім. Ғали мен Жамалдың кездесуі

  • ІХ бөлім. Ғали мен Жамалдың арасындағы ғашықтық сезім

  • Х бөлім. Қос ғашықтың қол ұстасып қашуы

  • ХІ бөлім. Ел ішіндегі дау

  • ХІІ бөлім. Жас ғұмырдың сөнуі



Ұяшық таңдау- Әдебиет теориясы

1.Пролог деген не?

2.Шығарма прологінде айтылған ойға өз көзқарасыңыз.

3. Тура және жанама мінездеу дегеніміз не?

4.Сәйкестендіру. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесінің тура немесе жанама мінездеуге сәйкестігін анықтаңыз.

5. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» әдісі. Шашылған сөздерді теріп, сөйлем құрастыру керек.

6. Енді осы сөйлемді мәтінмен байланыстырып көрейік. Сіздің ойыңызша аталған сөйлем қай бөлімге қатысы бар?

7. Эпилог деген не?

8. Жамал өз басының теңдігі үшін күресе алды ма, оқырманына нендей ой салып кетті?

Ұяшық таңдау- Кейіпкерлер бейнесі

Кейіпкерлер

Өмірге қызығу-шылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

1.Жамал




2.Ғали




3. Сәрсенбай





4.Байжан




ІІІ. Нәтиже – Сыр шерткен тағдыр...

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»...

Ахмет Байтұрсынов

Қорытындылау:

Міржақып шығармашылығын зерттеуші ғалым М. Әбсеметовтың деректері бойынша романға негізінен Көкшетау даласында болған оқиға өзек болған. «1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, Торғайды тастап, Көкшетауға келеді. Көкшетауда Саумалкөл деген жерде ауыл мектебінде мұғалім болып істеп жүргенінде, ол Жамал атты қазақ қызының тауқыметті тағдырына куә болады. «Бақытсыз Жамал» романындағы сол аяулы бейне осылайша шындық өмірден алынған еді. Роман оқиғасы қазіргі Көкшетау облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Саумалкөл – Сұлу көл төңірегінде өтеді. Бұл табиғаты тамылжыған, алабын ақ қайың көмкерген, айнадай жарқыраған көлдері көз тұндырған қазақ даласының бір құйқалы да көрікті жері.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!