Ахмет Байтұрсынов-ағартушы реформатор
МамыроваМирамкуль Ибраевна
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
№273 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бүгінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары халық арасында кеңінен танымал. Оның есімін қазақ халқының тәуелсіздігімен байланыстырмау мүмкін емес. Осы жолда аянбай еңбек еткен оның тағылымға толы істері бүгінгі күні өз дәрежесінде бағаланып жатыр. Бұның бәрі ұлт мүддесін берік ұстанған Ахмет Байтұрсыновтың халқына деген сүйіспеншілігінен туындайтын дүниелер.
ХХ ғасырдың басында үркердей топтанып шыққан қазақ зиялы қауымының аса көрнекті өкілі, өзінің жалпы рухани болмысы жағынан «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін биік деңгейде қозғаған, адамды рухани қалыптастырудағы оқу-білімнін құдіретін терең түсінген ағартушы - реформатор еді.
Ахмет Байтұрсынұлы өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін қозғаған, халқын қараңғылықтың құшағынан шығару үшін оқу-білімге шақырған және оның адамды рухани қалыптастырудағы құдіретін терең түсінген ойшыл ғана емес, үлкен іс-әрекеттің иесі, ірі тұлға болған. Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлердің бірі - ағартушы ұстаз, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов. ХХ ғасырдың алғашқы отыз жыл ішінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту және әдеби болашағын ойлап, санасын оятуда, сауатын ашуға, жағдайын жақсартуға күш-жігерін, білімін арнағандардың бірі. Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, қазақ халқының «Рухани көсемі» болған А.Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан салада көрінеді.Өткен ғасырдың алғашқы жылдарында А. Байтұрсыновтың елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған істері қалың елге кеңінен тарай бастайды. Әсіресе сол кездегі оның өлеңдерін Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алып жүрген жастар сүйіп оқиды. Ақынның өлеңдері жас өскіндердің жүрегіне жылы тиіп, саналарында сілкініс пайда болады. Осының нәтижесінде жастардың ұйымдастыруымен халық арасында қаражат жинап, газет ашу ісі қолға алынады. Бұл газеттің аты «Қазақ» деп аталып, оған редакторлыққа Ахмет Байтұрсынов шақырылады. Міне, газет ашылған 1913 жылдан бастап А. Байтұрсынов кәсіби түрде өз қызметін атқарды. Осы уақыт аралығында Ахаң халықтың көкейіне қонатын дүние шығарсақ, елдің жыртығын жамайтын мәселе көтерсек деген ниетте еңбек етті және бұл ойлары толықтай жүзеге асты. А. Байтұрсынов редакторлық еткен «Қазақ» газеті «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналды.
Ұлы ағартушы қазақты артқа тартып отырған аса қиын мәселенің бірі - ел ішіндегі надандық пен жалқаулық екенін жақсы ұғынды. Ол өнер мен ғылымның кадіріне жеткен өзге елдерді өнеге ете отырып, өнер-білімнің теңдікке жеткізетінін, әлсіздерге күш беретінін, тұрмысты түзететінін, оған қол жеткізгендердің басқалардың аяқ астында жаншылмайтынын, олармен терезесі тең болатынын айтты. Сондықтан: «Надандықтың кесепаты ар жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып-айрылмай келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз -бәрі надандық кесапаты... Дүниеде ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек кылатын қазақ аз деп налыды (2, 204) Алайда, қазақ халқын қараңғы дегенде, әңгіме тек халықта емес, содан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқ болып отырғандығында еді. А.Байтұрсынұлының «Орысша оқушылар» деген мақаласында: «Егерде оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан біреуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?» - деп жазуы сол кездің шындығынан туған жай еді.
Ахмет Байтұрсынұлы халықты оятудың жолын оқу-білімнен іздеді, Еуропада ғылым қазақта олардың жұрнағы да жоқ деп, Еуропаны үлгі тұтты. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді деп санады. Қиын-қыстау кезеңіне қарамастан ғылымның дамуына ерекше назар аударып Академиялық Орталықтың жұмысын басқарып,оның өркендеп дамуына жағдай жасап, оған өзі тікелей бағыт беріп отырды. Бұл саладағы қайраткердің қызметін ерлікке бағаласақ артық болмас еді. Жетім балар үшін балар үйі мен мектеп интернаттарын ашып, олардың әлеуметтік жағдайларын барынша жақсартты. Әлеуметтік жағдайдың әбден жіңішкеріп, экономикалық тапшылықтың құрсауындағы мемлекеттің дамып-жетілуіне зор еңбегін қосқанына қарамастан Кеңес үкіметі А. Байтұрсыновқа алакөздік танытып, қуғын-сүргінге ұшыратты.Бүгінгі таңда ұлт жанашыры А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі. Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе.
Ахмет Байтұрсынов үшін оқу-ағарту идеясы – оның әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық бағытына айналды. 1895 жылы 9 маусымда Ақтөбе уезі, Арынғазы ауыл мектебіне жолдама алған Ахаң аз ғана уақыт ішінде жастығына қарамастан өзінің өте білімдар мұғалім екенін көрсетеді. Бастапқы кезде Ахметкерей Қонысбаев деген байдың үйінен мектеп ашып, кейіннен Аманқарағай ауылнай мектебінде бір жылға жуық бала оқытады және сол жердегі Аманқарағай қорықшысының қызы Александра Ивановнаға үйленеді.
1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы шықты. Бұл ұлтын ұшпаққа шығармақ ақынның дабылы секілді. Себебі, Ахаң ештеңеден хабарсыз, ойсыз жатқан халқын маса секілді шағып, оятуды мақсат етеді. Сондай-ақ, осы мақсат жолында өзінің алған бетінен қайтпайды. Бұл жинақтағы «маса» бейнесі – еркіндікке ұмтылған, халқын оятуға бел байлаған, азаттықты аңсаған жанның келбеті. Тіпті, ол дәл осы жолда талай соққы жеп, небір қиын сәттерге ұшырайды. Алайда, ол бастапқы көздеген ұлы мұратынан алыс кетпейді. Бұл туралы ол өлеңде: «Пәленің түрін көрген мен – Сары маса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан»,-дейді. Бақытқа тек қана білім, таным арқылы жетуге болады деп есептеген Әл-Фараби және білім мен біліктілікті құтқа жетудің жолы деп санаған Жүсіп Баласағұнның үрдістерін бойына сіңірген Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абайдың тамаша дәстүрлерін жаңа кезеңде жалғастырушы, ұлы ағартушыреформатор Ахмет Байтұрсынұлы халыққа білім беру, оқу саласы, мектеп жұмысын ұйымдастыруда қазақ тарихында өшпес мұра қалдырды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. Алматы: Алаш баспасы, 2006.- 288б.
2. Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы, әліппелер мен мақалалар жинағы. Алматы: Алаш, 2006ж.- 320 б.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. — Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ-АҒАРТУШЫ РЕФОРМАТОР

шағым қалдыра аласыз