
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 6 материал
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мектеп табалдырығынан бастап-ақ білім мен ғылымды ықпалдастырып, ғылыми ойлау қабілетін дамыту қажет. Бұл үшін мектептегі зерттеушілік және инновациялық қызметтің ауқымын кеңейту керек. Биология пәнінде бұл мақсатқа жетудің тиімді жолы – биологиялық модельдеу әдісін қолдану. Модель арқылы биологиялық процестерді түсіну жеңілдеп, оқушының зерттеу, бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдылары дамиды.Үлгіге негізделген пайымдау немесе модельдеу оқушылар үшін пайдалы, себебі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Биология
Авторлық бағдарлама
10 сынып
Қазіргі таңда химия ғылымының жетістіктері түрлі салаларда — ауыл шаруашылығында, медицинада, экологияда, өндірісте кеңінен қолданылуда. Әсіресе химиялық өндіріс — экономиканың маңызды бөлігі ретінде өнеркәсіптің дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан оқушыларға химияның өндірістік аспектілерін ерте кезеңнен таныстыру – олардың теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, кәсіби бағдар беруіне үлкен мүмкіндік береді. Химия – қазіргі заманғы өндірістің негізін құрайтын маңызды ғылым салаларының бірі. Ол шикізатты өңдеу, жаңа материалдар жасау, энергия өндіру және халыққа қажетті түрлі өнімдер шығаруда шешуші рөл атқарады. Химия өндірісі болмаса бірде-бір ірі өнеркәсіп саласы толыққанды жұмыс істей алмайды.
Химия
Авторлық бағдарлама
11 сынып
Математикалық модельдеу мен логиканы зерттеу оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, олардың аналитикалық ойлауын қалыптастыру және ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды сала болып табылады. Сондықтан, 7-сыныпқа арналған «Математикалық модельдеу және логика» таңдау курсы (бұдан әрі курс деп аталады) мектептің оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Курс оқушылардың нақты әлемдегі жағдайлардың математикалық модельдерін құру, ақпаратты талдау, негізделген қорытындылар жасау және практикалық және білім беру есептерін шешу үшін логикалық әдістерді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Математика
Авторлық бағдарлама
7 сынып
Химия өндірісін сабақтарда қолдану
Химия сабағында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – оқушылардың пәнді терең түсінуінің негізгі жолы. Химия тек формула мен реакция теңдеулерінен тұрмайды, ол күнделікті өмірмен, өндіріс пен технологиямен тығыз байланысты ғылым.
Химия
Авторлық бағдарлама
11 сынып
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бекітілген оқу мақсаттарымен қатар, әр мұғалім оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойына құндылықтар мен өмірлік дағдыларды дарыту.
Химия
Баяндамалар, реферат
Барлық сыныптар
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
Химия
Сабақ жоспары
8 сынып