Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: «Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды пәнге кіріктіру арқылы оқытудың тиімділігі»
Бағыты: Жаратылыстану
Авторы: Турдалиева Д.Ж
Қызметі, лауазымы: химия пәні мұғалімі
Шымкент-2025
Мақсатты аудитория: негізгі орта және жалпы орта мектеп оқушылары
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бекітілген оқу мақсаттарымен қатар, әр мұғалім оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойына құндылықтар мен өмірлік дағдыларды дарыту.
Педагогикалық идеяның аннотациясы: Бұл педагогикалық идеяның мақсаты — химия пәні арқылы оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіндіре отырып, өз елінің тарихы, мәдениеті туралы түсінік, отан алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Құндылықтарға бағытталған химия сабақтары оқушылардың адамзаттық сыйластығын арттырып, оларды бір-біріне құрметпен қарауға үйретеді. Сабақ барысында өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алуға,топта жұмыс жасай білуге үйрету, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге, айналасындағыларға көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі қоғам алдындағы
басты мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық
іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу екендігі белгілі.
Қазіргі замандағы жастар арасындағы тәрбие мәселелері, табиғи
ресурстардың сарқылуы, адамдардың қоршаған ортаға деген
қарым-қатынасын қайта қарауға итермелеп отыр. Осы мәселелерді шешу
үшін өсіп келе жатқан ұрпаққа түрлі мамандықтарға қызығушылық
танытуға, өз еліміздің табиғи қазба байлықтарын қорғау және бағалау
құндылықтарын үйрету маңызды. Химия сабағында ұлттық құндылықтар
жүйесін қалыптастыру — оқушыларды өз елінің тарихын, мәдениетін
құрметтеуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеудің тиімді құралы.
Педагогикалық идеяның мақсаты:
- Сабақ
барысында өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алуға
дағдыландыру;
- Еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет көрсете білуге
тәрбиелеу;
- Табиғи және әлеуметтік объектілер,тірі және жансыз табиғаттың
байланысы, ғылым мен ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы;
- Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды
орындауға дағыдыландыру;
Міндеттері:
- Химия сабақтарында
табиғатқа және оның алуантүрлілігіне деген қызығушылықты ояту; -
Құндылықтарға бағытталған әдістерді қолдану арқылы оқушылардың
ұлттық мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, бәсекеге
қабілетті тұлға ретінде дамуына үлес қосу;
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір- бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс болғандықтан, сабақта оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруіміз қажет.
Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды пәнге қалай кіріктіруге болады?
1.Мақсат қою (Яғни оқушыларға ұлттық қасиеттердің элементтерін дарыту). Мақсат қол жетімді болуы керек
2.Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбы мен құндылықтарды байланыстыру үшін талқылау
3.Тапсырмаларды өмірлік жағдайлармен байланыстыру
4.Ұлттық болмысты сақтау мәселелерін ұсынып, талдау
Құндылықтарға бағытталған білім беру:
Оқушылардың
өмірде маңызды құндылықтарды бағалап, оларды сақтау арқылы қоғамдық
жауапкершілікті сезінуін дамыту.
Сабақ барысында
құндылықтарға баулу:
Ынтымақтастық (ұйымдастыру сәтінде)
Табандылық (тапсырма орындау кезеңінде)
Достық және ынтымақтастық (топтық жұмыс барысында)
Адалдық және әділдік (жұптық жұмыс барысында)
Табандылық және еңбекқорлық (зертханалық жұмыстар орындау барысында)
Пәнаралық байланыс арқылы ұлттық құндылықтарды кіріктіру
1.9-сыныпта «Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттері» тақырыбын өткенде «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғауға сурет көрсету арқылы ұжымдық талқылау жүргіземін
Суретте
не бейнеленген?

Қай зат
осы күнге дейін жақсы сақталған?
Неге темірден жасалған зат татанған? Оған қандай факторлар әсер
етті деп ойлайсыз?
Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра отырып «Тәуелсіздік пен
Отаншылдық» бағыты бойынша оқушыларға өз елінің тарихы және
мәдениеті туралы түсінік қалыптастыруға жағдай жасаймын. Мұнда
оқушыларға тапсырма бере отырып «Алтын адам» туралы өздеріне
зерттеу жұмыстарын жасатудың үлкен тәрбиелік мәні бар.
Мысалы:«Алтын адам» – биіктігі 6 метрге, ал диаметрі 60 метрге
жететін Есік өзенінің жағасындағы Есік қорғанын қазу нәтижесінде
Алматыдан 53,5 шақырым жерде 1969-1970 жылдары табылған
археологиялық олжаның шартты атауы. Бұл алтын киімдегі сақ
жауынгерінің қалдықтары екендігі айтылады.
2.9-сыныпта
«Металдарды алу» тақырыбын өткенде «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы
оқушыларға ғалымдардың суреттерін көрсете отырып, сұрақ
қоямын. жерде 
«Мен зерттеушімін» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма төмендегідей беріледі:
1.Қаныш Сәтбаев:ғалымның өмірбаяны
2.Қаныш Сәтбаев:ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі
3.Қаныш Сәтбаев:Қазақстанның пайдалы қазбалар картасының жасалуы
Сабақ құрылымы
|
Бөлім: |
9.1A Электролиттік диссоциация |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Катиондарға сапалық реакциялар. №3 зертханалық тәжірибе «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау». №4 зертханалық тәжірибе «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар» |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.4.1.8 - Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау; 9.4.1.9 -Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу; |
|
Сабақтың мақсаты: |
Кейбір катиондарды анықтау үшін сілтілермен жүргізілетін реакцияларды біледі. Кейбір металдардың катиондардың анықтау үшін жалынның түсінің өзгеруін анықтайды. Катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізеді |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менің есімімнің тарихы» әдісі арқылы жүзеге асырылады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ынтымақтастық құндылығы арқылы оқушылардың бірлігі, ынтымақтастығы,достығы артады 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. Үй тапсырмасын сұрау «Таза тақта әдісі» арқылы жүзеге асырылады. Тақтаға 3 деңгейде тапсырмалар беріледі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының табандылық құндылығы көрініс табады |
Оқушылар ұстазымен, бір-бірімен амандасады. Көңіл күйлерін сұрау арқылы жағымды атмосфера туғызады. Менің есімімнің тарихы әдісі арқылы (Мұнда оқушыларға тұздар атауы беріледі. Оқушылар берілген тұздарға сипаттама береді)
Оқушылар өздерінің алған тұздарының ортасына қарай топтарға бөлінеді
Оқушылар өз қалауы бойынша сұрақтарды тағдап жауап береді I деңгей тапсырмалары 1.Қышқылдық ортада индикатор түсін өзгертуі
2.Әлсіз қышқылдарды ата II деңгей тапсырмалары 1.PH мәні туралы түсіндір 2.Калий сульфитінде фенолфталейн ұандай түске боялады? III деңгей тапсырмалары 1.Гидролизге толық түсетін тұздарды көрсет 2.Алюминий сульфидінің толық гидррлиздену теңдеуін жаз |
Ауызша мадақтау арқылы бағаланады «Жарайсың» «Тамаша» «Керемет»
Дескриптор I деңгей тапсырмалары-1 балл II деңгей тапсырмалары-2 балл III деңгей тапсырмалары-3 балл |
Оқулық, жұмыс дәптері Тұздар аттары жазылған кеспеқағаздар топтамасы
|
||
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабаққа кіріспе
Мағынаны білу
Миға шабуыл 10 минут |
(Ұ) (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1.Сұрақ Сапалық реакциялар дегеніміз не? Сапалық реакция – қасиеттері бойынша затты нақты анықтауға болатын химиялық реакциялар 2.Мұғалім түсіндірмесі (слайд бойынша) Жалынды арқылы сынау химияда әр элементтің өзіне тән сәулелену спектрі негізінде қосылыста белгілі металл иондарының болуын анықтау үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Жалынның түсі, әдетте, температураға да байланысты. Тәжірибе қосылыстың үлгісін бунзен жанарғысының ыстық және жарқырамайтын (көк) жалынына енгізіп, боялған жалынды бақылау арқылы жасалады. Тәжірибелер тұз қышқылымен тазартылған нихром сымының көмегімен өткізіледі. Презентация арқылы металл катиондарының жалынды бояу тестілерін көрсетіледі |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» «Тамаша жауап» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Паенльді тақта Презентация |
||
|
Жеке жұмыс Зерттеу кезеңі 7 минут |
Көрсетілген видеоролик бойынша тапсырмаларды орындатады |
1-тапсырма. Саматқа белгісіз заттарды анықтауға эксперимент жасау тапсырылады. ХBr заты жалынды сары түске бояды, бірақ күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттеспеген. ХBr затына күміс нитраты ерітіндісін қосқанда, аммиак ерітіндісінде жай еритін, ақ-сары тұнба түзілді. УCl2 заты жалынды кірпіш қызыл(қызыл-қоңыр) түске бояды, күміс нитраты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Саматқа бұл заттардың қандай екенін анықтауға көмектесіңдер. Х ____________[1 балл] У ____________[1 балл] 2-тапсырма Екі тұз берілген. Бірінші тұз жалынды күлгін түске, екінші тұз сары түске бояйды. Берілген тұздардың құрамындағы металл катиондарын ата, жауабыңды дәлелде. _______________ [2 балл] 3-тапсырма Белгісіз сынауықтарда 2 зат берілген: мыс сульфаты барий хлориді. Бұл заттарды қалай анықтауға болады _______________ [2 балл] Дескриптор: Катиондарды анықтай алады-2 балл |
ҚБ бағалау Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» «Тамаша жауап» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
||
|
Қабілеті төмен оқушыларға арналған тапсырмалар |
Жеке жұмыс (Тапсырмалар қарапайым болу керек және оқушыға көмек беріңіз) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әділдік құндылығы көрініс табады |
1-Тапсырма Реакция жүруінің сыртқы белгілері
Газ тәрізді заттардың бөлінуі
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Суреттерді талдау |
9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
|
Топтық жұмыс 10 минут |
№3 зертханалық жқмысты орындау Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катионгдарын жалын түсінің өзгеруі бойынша анықтау №4 зертханалық жұмыс Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар Оқушыларды топтарға бөліп, топтарға зертхана құралдарын таратып беру, техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру.
Зертханалық жұмысты орындауды бастамастан бұрын өткен материалды еске түсіріп, теорияны қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, әр сұраққа оқушылар нақты жауап берулері тиіс. |
Оқушылар жұмысты топпе орындайды Зертханалық жұмысты орындап болған соң қорытындыны қалай жазады, қорытынды жазу үшін неменеге сүйену керек, нені негізге алу керек? (презентацияда қорытынды жазудың үлгісін көрсетемін)
Дескриптор 1.Техника қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтайды-1 балл 2.Жалын түстерін ажырата алады-2 балл 3.топтық реагентті анықтай алады-1 балл |
Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты» Дескриптор арқылы өздерін бағалайжы Жалпы балл 4 балл |
Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар |
||
|
Сергіту сәті (4 минут)
|
Mix Pair Share Мұғалім әуен қосады. Оқушыларға әуен өірілгенде 3 адамнан топ құру керектігін айтады Және төмендегі тапсырмаларды береді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әділдік және адалдық құндылығы арқылы оқушыларды әділ болуға және адал болуға баулу құндылығы
|
Оқушылар ән ырғағымен сыныптың ішінде кездейсоқ кіші топтарға бірігеді, мұғалім берген тақырып бойынша талдап, пікір алмасады.
|
Кері байланыс: Мадақтау арқылы бағаланады. «Жарайсың!» «Тамаша жауап» «Талпын» |
Әуен |
||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Пирамида» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
«Әлі де ізденуім керек», «Сабақты жақсы түсіндім», «Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды». |
Мұғалім оқушыларды «Ашық журнал» әдісі арқылы бағалайды. |
Кеспе қағаздар |
||
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
|
Қабілетті оқушыларға: Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға: Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтимын. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» «Тамаша жауап» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. «Ашық журнал» әдісі арқылы бағалау |
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||
Құндылықтарға бағытталған білім берудің нәтижелері:
1. Жеке тұлға ретінде дамып, өмірдің мәнін түсіну: Оқушылар өмірдегі маңызды құндылықтарды игеріп, олардың қоғамдағы рөлін түсініп, өз өмірінде дұрыс таңдаулар жасауға дайын болады.
2. Ар-ұят құндылығы: Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын тұлға қалыптасады.
3. Жасампаздық және жаңашылдық: Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындауға дағыдыланған бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптасады.
4.Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік: оқушылар құндылықтар жүйесін меңгеріп, өздері мен қоғам үшін пайдалы іс-әрекеттер жасауға ұмтылады.
Қорытынды:
Жалпыадамзаттық құндылықтар — бұл адамзаттың өмір сүруінің
негізін қалаушы маңызды құндылықтар жүйесі, олар адамдардың
қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын, табиғатпен үйлесімділігін және
адамгершілік деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді. Өмірдің
құндылығы, экологиялық теңгерім, табиғатқа деген құрмет,
жауапкершілік пен жанашырлық сияқты құндылықтар жеке тұлғаның,
қоғамның және бүкіл әлемнің тұрақтылығы мен үйлесімділігін
қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Бұл құндылықтар жеке
тұлғаның моральдық-этикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Әрбір
адамның табиғатқа және қоғамға деген жауапкершілікті сезінуі оның
тек өзіне ғана емес, жалпы қоғамға, экожүйеге де пайда әкелетінін
түсінуге бағыттайды. Сонымен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтар
табиғатпен үйлесімді өмір сүруге, экологиялық апаттардың алдын
алуға, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға ықпал етеді.
Білім беру жүйесінде осы құндылықтарды қалыптастыру оқушыларды
жауапкершілікке, жанашырлыққа, экологиялық сауаттылыққа және қоғам
алдындағы міндеттерін орындауға тәрбиелейді. Бұл білім негізінде
болашақ ұрпақ адамгершілік және экологиялық жағынан жауапты
азаматтар болып өсіп, қоғам мен табиғаттың тұрақтылығын қамтамасыз
етуге белсене атсалысады. Осылайша, жалпыадамзаттық құндылықтарды
ұстану — бұл әрбір адамның және бүкіл қоғамның тұрақты дамуының
негізі болып табылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды пәнге кіріктіру арқылы оқытудың тиімділігі»

шағым қалдыра аласыз
Тақта және стикерлер