Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 22 материал
КЕЛЕСТЕ ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Нұрлан
06 Қазан 2024
49
0
1 - қыркүйек Білім күні Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекенінде №18 С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебіне қосымша жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 900-ге жуық оқушы білім алатын аталған білім мекемесін 1976 жылы пайдалануға берілген. Ауылда балалар санының көбеюіне байланысты мектепке қосымша ғимарат қажет-ақ еді. Айта кету керек, мектептің қосымша ғимаратына демеушілер оқу тақталарын алып берген.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келестік 14 жасар оқушы қыз домбыра жасайды
Досбол
06 Қазан 2024
51
0
Келес ауданы N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сүндетқұл Кәусар Қалмырзақызы жас кезінен еңбекқор болып өсуде. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды. — Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де түрлі бұйымдар жасаймын. Маған бұл қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мектепте көркем еңбек пәні қатты қызықтырады,-дейді талантты оқушы. Айта кету керек, Кәусардың әкесі шаштаразшы, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жас қыздың атасы э Сапарбеков Сүндетқұл Алтынбекұлы болса ауданға танымал шеберлердің бірі. Атасы мен немересінің жасаған қолөнер бұйымдары, домбыралары түрлі көрмелерге қойылған, ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Жас шәкірттің өзі оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғ
Барлық пәндер
Барлық материалдар
Барлық сыныптар
КЕЛЕС: ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Нұрбек Алпысбай
06 Қазан 2024
57
0
Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі №44 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция Есбаев Алдаберген Үсенұлының есімімен ашылған «Полиция сыныбы» ашылды. Сыныптың ашылу салтанатына Келес ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлназ Қасымбекова, Келес ауданының ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің орынбасары Жансая Маханбеталиева мен Түркістан облысы полиция депертаментінің кадр саясаты басқармасының бастығының орынбасары Шамшат Ерлан Дәрібайұлы, аудандық полиция подполковнигі Мұрат Абилханұлы, зиялы қауым өкілдері, Алдаберген Үсенұлының отбасы мен ағайын-туыстары қатысты. Ортамызда жүрген жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істерінің, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ БАСТЫ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ
Даурен Макаш
06 Қазан 2024
50
0
Келес ауданы білім бөлімі ұйымдастыруымен №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары және тәрбие орынбасарлары қатысты. Жиын Келес аудандық прокурорының орынбасары Ағабеков Нұркен Керімбайұлының төрағалығымен өтті. Сонымен қатар жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы, Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай Сәрсенбекұлы да қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы баяндаманы оқыған Келес аудандық прокуратурасының прокуроры Қалдыбек Бауыржанұлы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау маңызды екенін атап өтті. Келес аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ибрагимов Әсет Жақыпбекұлы «Жасөспірімдер мен мектеп оқушылар
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қайыржан Полатов
06 Қазан 2024
60
0
Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде 5 қазан - Мұғалімдер күні ерекше форматта атап өтілді. Ісшараға келген ауданның 500 мұғалімі қызыл кілеммен жүріп, үздік мұғалімдер шеруі ұйымдастырылды. Ісшараға қатысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан ұстаздарына алғыс білдірді. – Мұғалімдер күні шын мәнінде бүкіл халықтық мереке. Бұл мейрамның қоғам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп қабырғасында болған барлық жанның жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Шәкірттің сәулелі сәтін ғана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадамын да ұстаз бағыттайды. Қадірлі ұстаздар, білім шаңырағындағы әр сағатыңыз қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! Барлығыңызға мәлім бүгінгі күні ұстаз мәртебесін ата-аналардың алдында ауыз толтырып айта алмаймыз. Барлығымыз ұстаз мәртебесін көтеруде бірлесе жұмыс жасағанымыз дұрыс деп санаймын, - деді аудан басшы Жәнібек Есенұлы. Сонымен қатар Келес ауданы білім бөліміні
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Түркістандық ауыл мұғалімі әлем тілдерінен 100-ден аса өлеңді қазақ тіліне аударған
Арман Айдаралиев
05 Қазан 2024
56
0
Түркістан облысы, Келес ауданы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дустанова Робия Қамшыбекқызы қазақ классик ақындарынан және қазіргі қазақ поэзиясынан 135 өлеңді өзбек тіліне аударған, сонымен қатар түрік, әзірбайжан, құмық, өзбек, қарақалпақ, орыс тілдерінен 111 өлеңді қазақ тіліне де аударған. Дарынды мұғалім Қазақстанға 2000 жылдардың басында көшіп келген. Қазіргі таңда аталған білім ордасында жас ақындарды тәрбиелеп, балаларға сапалы білім беруде: — Жас кезімнен ақындық өнерге қатты қызықтым. Бүгінгі күні балаларға өзбек тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Сонымен қатар сабақ барысында әлем ақындарының өмірі мен шығармашылығын зерттейміз. Қазақ тілінен өзбек тіліне Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан 50 өлең, басқа қазақ классик ақындарынан 41 өлең,заманауи қазақ поэзиясынан 44 өлең, жалпы 135 өлең аудардым. Өзбек тілінен қазақ тіліне болса Умида Абдуазимовадан жеке аударма кітап ( "Қос қанат" )та 44 өлең, басқа өзбе
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келесте тәрбиеленушілер мен оқушылар байланысы артпақ
Маликова Айша
05 Қазан 2024
53
0
Келес ауданы білім бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастық іс шарасы аясында 2024 жылдың 25 қыркүйек күні облыстың 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында ауданымызда мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен мектептердегі 1-сынып педагогтері мен өзара сабақтастық іс- шарасын өткізді. Кездесу барысында мектеп ұстаздары мен мектепке дейінгі ұйымгың тәрбиешілері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері балалар жайында олардың мінез құлықтары мен оқуға деген ынталары туралы ой пікірін білдірді.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келестік оқушы шетелде білім алуда
Тиленова Жазира
05 Қазан 2024
79
0
Келес ауданында мектеп оқушылары пәндік олимпиадаларға қатысып, ұстаздарымен бірге әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтарды игеру үшін шет тілдерін меңгеріп, таңдаған пәндері бойынша терең білім игеруге ұмтылады. Соның арқасында пәндік білім олимпиадаларында түркістандық озат оқушылар үнемі жеңімпаз, жүлдегерлер қатарынан көрініп, мектепті бітірген соң үздік оқушы ретінде шетелдік айтулы оқу орындарының гранттарын иеленіп, соларда білім алуда. Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 “Жуантөбе” жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Саттар Жансая Нұрланқызы да мектеп қабырғасынан бастап өзін ізденімпаз да үздік оқушы ретінде көрсетіп, мектепті бітірген соң шетелдік жоғарғы оқу орнына рантпен оқуға түскен білімді де белсенді қазақ жастарының бірі. Жансая қазіргі таңда Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алуда. Дарынды шәкірт жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететі
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕC: БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
Маликова Айша
05 Қазан 2024
65
0
Келес ауданындағы «Алтын-ай» бөбекжай балабақшасында тәрбиеленушілері жас кезінен техниканың қыр сырын меңгеруде. Бұл балалардың конструкторлық құрастырушы қабілетін арттыра түседі дейді балабақша меңгерушісі Утенбаева Айгул Каттабековна. — Балабақшамызда әр тәрбиеленушінің қызығушылығы ескеріледі. Қазіргі таңдағы балалардың басым қызығушылығы «Жасанды интеллект», «Робототехника» тағы басқа қызықты техникалық құралдар болып табылуда. Болашақта балабақшамызда ІТ кабинетін ашу жоспарлануда. «Жас техниктер жарқын болашағымыздың кепілі» демекші бүлдіршіндерге заман талабына сай етіп шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту мақсатында қолжетімді заттардан құрылыс көліктерін жасадық. Экскаватор жасалу барысында қолжетімді заттарды қолдандық. Балабақшамыздағы жас техниктермен осындай шығармашылық жұмыстар санын арттыру алға қойған мақсатымыз, - дейді меңгеруші. Айта кету керек қазіргі таңда аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымында 8 топта 190 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, балабақша ұж
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ж.Абдуалиев
05 Қазан 2024
53
0
Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Жайлаубай Рахат Сәрсенбекұлы Молдова астанасы Кишинев қаласында қол күресінен ХХХХV әлем чемпионатында 40 келіге дейінгі салмақта 1 алтын медаль, 1 күміс медаль жеңіп алған N62 Н.Шойбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Закирова Назым Бердихаирқызы мен ата-анасын жеке қабылдады. Кездесі барысында чемпионның ата-анасына ел абыройын асқақтатқан талантты қызды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. Айта кету керек Назымның әкесі мен анасы аталған білім ордасында ұстаз болып жұмыс істейді. Назым Закирова әлемнің 61 елінен 1500-ден астам спортшы қатысқан жарыста биіктен көрінді. Айта кету керек, Назым Бердихаирқызы Шардара армспорт мектебінде Арман Қарсыбаевтан тәлім алады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ-БЕТБҰРЫС» АТТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ БОЛЫП ӨТТІ
Қ.Полатов
05 Қазан 2024
60
0
Білім бөлімі ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі-бетбұрыс» атты аудандық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинары болып өтті. Семинарда Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің орынбасары А.Сапарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, әжелер алқасының төрайымдары, аналар кеңесі төрайымдары мен мүшелері білім ошақтарының ұстаздары, жастар және сала мамандары қатысты. Семинардың мақсаты өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беру және бағыт, бағдар көрсету. Семинар соңында Ә.Кежеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының сахналық қойылымдар мен ән шырқады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Руслан Толегенов
05 Қазан 2024
58
0
Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №4 Жүсіп Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Тұрсынбаева Тоғжан Ерболқызы “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің бас жүлдесіне ие болып әлемге танымал Дубай қаласына демалуға жолдама жеңіп алды. Осылайша Түркістан облысы бойынша жалғыз жеңімпаз аудан абыройын асқақтатты. Жас шәкірт болашақта дипломат болғысы келетіндігін айтады. — Ұлттық бірыңғай тестілеуде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Болашақта дипломат болғым келеді. Дубайға “Зерделі” оқу орталығының адамдарымен барамын. Бұл жоба негізінен балалардың оқуға деген қызығушылығы,зейінін арттыру үшін дайындалған, - дейді Тоғжан Ерболқызы. Бүгінде Тоғжанның анасы өзі оқитын білім ордасында математика пәнінен сабақ берсе, әкесі Түркістан облыстық жастар құрамасының бапкері. Айта кетейік, қазіргі таңда №4 Ж. Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінде 600-дентаса оқушы білім алады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келестік ұстаздар отбасында сегіз перзентті тәрбиелеп отыр
Келес ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі
05 Қазан 2024
56
0
Келес ауданы Түркістан облысындағы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады. №7 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұхтар Абдрахманұлы мен оның жұбайы тарих пәнінің мұғалімі Индира Асилбекова отбасында 8 перзентті тәрбиелеп отыр. -- Мұғалім мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Жарым екеуіміз де ұстаздық жолын таңдағанбыз. Ал тұңғышымыз Диана Шымкент қаласындағы N47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебінде, екіншіміз Мадина - студент. Ұлжан, Балжан, Нұрмұхаммед, Байкен – мектеп қабырғасында. Тауман мен Асылым балабақшада тәрбиеленуде. Қазіргі таңдк біз аман талабына сай өмір сүріп, өркендеріміздің робототехника саласын дамытуға үлес қосуы үшін барымды салып келемін, - дейді Мұхтар Абдрахманұлы. Үнемі ізденісте жүретін мұғалім мектепте оқушыларды робототехникаға баулып, олардың аудандық және облыстық олимпиадаларда бақ сынауына мұрындық болып жүр. Жас өрендердің анасы Индира болса тарих пәніне сабақ береді. Келес ауданы білім бөлімінің баспасө
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келесте білім беру мекемелерінің үздік сынып жетекшісі анықталды
Ж.Абдуалиев, Келес ауданы білім бөлімінің әдіскері
05 Қазан 2024
52
0
Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық "Үздік сынып жетекші" байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезең екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең сегіз аймақта ұйымдастырылды. Екінші кезеңге болса әр аймақтан оза шауып үздік деп танылған сегіз сынып жетекші ұстаздар бақ сынады. №8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылған байқау қызықты әрі тартысты өтті. Әділ қазылар шешімімен №7 жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Әділова Жанерке бас жүлдеге лайық деп танылып, облыстық кезеңге ұсынылды.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ 2289 ОҚУШЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
Нұрбек Алпысбай
05 Қазан 2024
52
0
Келес ауданы білім бөлімі ұйымдастыруымен Ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңі басталды . Қатысуға ниет білдірген оқушылар арнайы ресми сайт арқылы 4-20 қыркүйек аралығында тіркелген еді. Келес ауданы бойынша ауыл олимпиадасына 2289 оқушы қатысып жатыр.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН АТТЫ ШАРА ӨТТІ
Айып Әлсейіт
05 Қазан 2024
90
0
КЕЛЕСТЕ МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН АТТЫ ШАРА ӨТТІ Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округіндегі №36 Мәншүк Мәметова жалпы орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Салтанатты әскери шеруге аудандық білім ошақтарының оқушылары қатысып, түрлі спорттық сайыстардан бақтарын сынады. Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары оқушыларға Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша арнайы «мастер класс» көрсетті. Сонымен қатар шара барысында арнайы ашық сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтқанда , секіру және оның түрлері, алғашқы медициналық көмек, отбасы құндылығы – отбасы жылулығы, жақсы көңіл күй жанға қуат тақырыптарында психологиялық тренингтер мен ашық тәрбие сағаттары өтті. Шара соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар сондай-ақ жеңімпаз және жүлделі болған ұжымдарға арнайы кубоктар табысталды.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келестік он жеті жасар оқушы Дубайға демалуға жолдама жеңіп алды
Лаззат Нурлыбаева
04 Қазан 2024
82
0
Келестік он жеті жасар оқушы Дубайға демалуға жолдама жеңіп алды Келес ауданы, N4 Ж. Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Турсинбаева Тоғжан Ерболқызы “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің бас жүлдесін және әдемге танымалы Дубай қаласына демалуға жолдама жеңіп алды. Түркістан облысы бойынша жалғыз жеңімпаз аудан абыройын асқақтатты. Жас шәкірт болашақта дипломат болғысы келетіндігін айтады: — Ұлттық бірыңғай тестілеуде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Болашақта дипломат болғым келеді. Дубайға “Зерделі” оқу орталығының адамдарымен барамын. Бұл жоба негізінен балалардың оқуға деген қызығушылығы,зейінін арттыру үшін дайындалған,-дейді Тоғжан Ерболқызы. Айта кету керек, Тоғжанның анасы өзі оқитын білім ордасында математика пәнінен сабақ берсе, әкесі Түркістан облысы жастар құрамасының бапкері. Қазіргі таңда N4 Ж. Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінде 600-дентаса оқушы білім алады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ-БЕТБҰРЫС» АТТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ БОЛЫП ӨТТІ
Арман Айдаралиев
04 Қазан 2024
90
0
«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ-БЕТБҰРЫС» АТТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ БОЛЫП ӨТТІ Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі-бетбұрыс» атты аудандық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинары болып өтті. Семинарда Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің орынбасары А.Сапарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, әжелер алқасының төрайымдары, аналар кеңесі төрайымдары мен мүшелері білім ошақтарының ұстаздары, жастар және сала мамандары қатысты. Семинардың мақсаты өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беру және бағыт, бағдар көрсету. Семинар соңында Ә.Кежеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының сахналық қойылымдар мен ән шырқады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
КЕЛЕСТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Шыңғыс Тұрсынбай
04 Қазан 2024
88
0
КЕЛЕСТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ Келес ауданы білім бөліміне қарасты 52 білім беру ұйымдарынан 45 оқушы қатысқан президенттік олимпиада мәресіне жетті. Олимпиада төрт пәнді меңгерген ( математика, физика, химия, биология) 11- сынып оқушылары арасында өтті. Оқушылар 150 минут ішінде өз білімдерін көрсетті. Президенттік олимпиадада орын алған оқушыларды құттықтаймыз. Облыстық кезеңге бірінші орын иесі қатысады
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Келесте мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық арта түсуде
Арман Айдаралиев
04 Қазан 2024
116
0
Келесте мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық арта түсуде Келес ауданы білім бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастық іс шарасы аясында 2024 жылдың 25 қыркүйек күні облыстың 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында ауданымызда мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен мектептердегі 1-сынып педагогтері мен өзара сабақтастық іс- шарасын өткізді. Кездесу барысында мектеп ұстаздары мен мектепке дейінгі ұйымгың тәрбиешілері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері балалар жайында олардың мінез құлықтары мен оқуға деген ынталары туралы ой пікірін білдірді.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар