КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Тақырып бойынша 11 материал табылды
КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №4 Жүсіп Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Тұрсынбаева Тоғжан Ерболқызы “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің бас жүлдесіне ие болып әлемге танымал Дубай қаласына демалуға жолдама жеңіп алды.
Осылайша Түркістан облысы бойынша жалғыз жеңімпаз аудан абыройын асқақтатты. Жас шәкірт болашақта дипломат болғысы келетіндігін айтады.
— Ұлттық бірыңғай тестілеуде дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Болашақта дипломат болғым келеді. Дубайға “Зерделі” оқу орталығының адамдарымен барамын. Бұл жоба негізінен балалардың оқуға деген қызығушылығы,зейінін арттыру үшін дайындалған, - дейді Тоғжан Ерболқызы.
Бүгінде Тоғжанның анасы өзі оқитын білім ордасында математика пәнінен сабақ берсе, әкесі Түркістан облыстық жастар құрамасының бапкері. Айта кетейік, қазіргі таңда №4 Ж. Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектебінде 600-дентаса оқушы білім алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.10.2024
111
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













