
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 2 материал
Қазіргі таңда география ғылымы тек сипаттамалық пән болудан қалып, нақты талдау мен болжау құралына айналуда. ХХІ ғасыр – бұл үлкен деректер (Big Data), жасанды интеллект (ЖИ) және геоақпараттық технологиялар (ГАТ) ғасыры. Бұл технологиялар географиялық қабықтың күрделі процестерін (климаттың өзгеруі, урбанизация, табиғи апаттар, ресурстарды басқару) түсінуге және басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламаға сұраныс жоғары, себебі оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап осы заманауи құралдармен жұмыс істеуді үйрету – олардың болашақ бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі. Бағдарлама 10-сынып оқушыларының география пәнінен алған теориялық білімін практикалық дағдылармен ұштастыру қажеттілігінен туындап отыр.
География
Авторлық бағдарлама
10 сынып
Қазіргі таңда геномдық зерттеулер – медицина мен биотехнологияның болашағы. ЖИ көмегімен ДНҚ-ны талдау, генетикалық ауруларды болжау, мутацияларды анықтау және жаңа препараттарды әзірлеу мүмкіндігі артып отыр.
Оқушылардың білімін өмірмен байланыстыра алмауы, ғылыми деректерді талдау дағдысының төмендігі – қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі қиындықтардың бірі.
Халықаралық зерттеулер (PISA, TIMSS) функционалдық сауаттылық пен деректерді талдау қабілетіне басымдық береді, ал бұл бағыттағы білім ЖИ мен геномика тақырыптарымен тығыз байланысты.
ЖИ мен геномдық зерттеулерді мектепте пәнаралық негізде (биология + информатика) оқыту оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт береді, ғылымға деген қызығушылығын арттырады
Биология
Авторлық бағдарлама
10 сынып