
Тайтенова Жаңылсын Отарқызы
Жеке ақпарат жазылмаған



Барлығы: 3 материал
"Тәуелсіздік тұғырым” атты топтық сайыс 1 курс оқушылары арасында 16 - желтоқсан тәуелсіздік күніне байланысты өткізілді.Сайыстың мақсаты оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана-сезімін, саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың туған елдің тарихын, тәуелсіздіктің қалай жеткендігін білуге деген қызығушылықтарын ояту. Тәрбиелілік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін, қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірінің жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру; Отаншылдыққа, ел қамын ойлаған, елі мен жері үшін қан төккен бабаларымыздан өнеге алып, үлгі тұтуға, халықтың тарихын білуге, ынтымақтылыққа тәрбиелеу;
Физика
Сыныптан тыс жұмыс
10 сынып
Ашық сабақ аспазшылар тобының оқушыларына өткізілді.Сабақ мақсаты оқушыларға линза,жұқа линза формуласы, линзадағы сәуле жолдары, линзада кескін алу туралы , линза түрлері,линзаларда кездесетін кемшіліктер туралы білімдерін толықтырып , меңгерту. Физика пәні мен болашақ мамандықтарын байланыстыру.Сабақ барысында оқушылар семантикалық картамен жұмыстанып,тест тапсырмаларын орындады.Оқушылар 3 топқа бөлініп топтық жұмыс болды.
Физика
Ашық сабақ
11 сынып
Ашық сабақ электромонтер тобында оқитын оқушылармен өткізілді.Сабақтың мақсаты оқушыларға өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушылардың электр тізбегін зерттеуде және есептеуде білім-білік дағдысын қалыптастыру.Физика пәнімен арнайы пән электротехниканы кіріктіре өткізілді.Сабақ барысында оқушылардың болашақ мамандықтарымен байланыс болды.Сабақта оқушылар тірек- сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыстанды ,топтық жұмыс,өзін-өзі бағалау жүзеге асырылды.
Физика
Ашық сабақ
10 сынып