Тақырыбы: «Тәуелсіздік -
тұғырым»
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз
еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық
сана-сезімін, саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең
мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен
көксеген арманы туралы білім
қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың туған елдің
тарихын, тәуелсіздіктің қалай жеткендігін білуге деген
қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелілік: Қазақстанның болашақ дамуына
өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін, қоғамның бір мүшесі
ретінде адам өмірінің жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру;
Отаншылдыққа, ел қамын ойлаған, елі мен жері үшін қан төккен
бабаларымыздан өнеге алып, үлгі тұтуға, халықтың тарихын білуге,
ынтымақтылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
орай слайд, мемлекеттіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны,
Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар,
шарлар,гүлдер. /оқулықтар көрмесі/.
Сабақтың
түрі: Топтық
жарыс
Барысы
1. Тәуелсіздік
шежіресі
2. «Тәуелсіздік тұғырым» атты
сайыс
3.
Қорытынды
І. Кіріспе
сөз.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “
Тәуелсіздік - тұғырым“ атты сайысымызды ашық деп бастаймыз. Қайран,
қазақ елі.. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді
дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған
куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер,
құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі
қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ
исі мүңкіп тұр.
2-жүргізуші:Қазақ халқы бұл дүниеде не
көрмеді? Сонау “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама“ заманынан
бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта
халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету
қаупі тұрған еді.
1-жүргізуші:Еліміздің егемендігіне ең
алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толыпты. Қазақ
халқы азаттық үшін талай қиындықты
бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы
туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске
түсіріп өтейік.
1- ж: 1723-1725
жылдар Ақтабан шұбырынды.
2-ж: 1836-1838
жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1-ж:
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
2- ж: 1916
жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс.
1-ж:
1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
2-ж:
1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
1-ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан
соғысы.
2-ж: 1986
жылы Желтоқсан оқиғасы. Осы желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарды
еске алайық.
І.ТӘУЕЛСІЗДІК
ШЕЖІРЕСІ (балалар қолдарында жыл
жазылған қағаздар)
-1991жылы Тәуелсіздік алған жыл.Өзіңдікі
туың да,отпен ауа,суың да,Жаса,
Қазақстаным!
Белді бекем буын да. Ұраның да
жасасын! Егемен тәуелсіздігін жасасын
-1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл
толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып
кірді.
-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні
деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға
түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада
теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш
ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6
ғарыш кемесімен көкке самғады.
-1995жылы 30 тамызда Қазақстан
Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
-1996жылы 20қаңтарда Қазақстан
Республикасының І сессиясы болып өтті.
-1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу»
жылы деп аталды.
-1998жылы 6 мамыр Астана күні .
Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті.
Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп
келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына
айналды.
-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы
өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
-2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп
аталды.Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды.
-2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа
ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл
толды.
-2002жыл «Денсаулық жылы» деп
жарияланды.
-2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп
жарияланды.
-2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы
болды.
-2005жылы
Ресейде «Абай жылы» деп аталып
өтті.
-2006жылы Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл
толды.
-2007жылы «Қазақ тілін қолдау»
жылы.
-2008жылы Астананың сол жағалауындағы
әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды.
Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі
91метр.
-2009жылы Қазақстан Республикасының
Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары жасалынды.
-2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас
қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
жөніндегі ұйымға төрағалық етті.
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы
қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын,
21күміс, 17қола барлығы 70 медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс»
еді.
-2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының
сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі
«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл
толды.
-2012
жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен
жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы
7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие
болды.
-2013
жылы Қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды
саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды.
Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен
«Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға
бағытталған.
-2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы
атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында
Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын
атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін
жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет
Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып
шешілді.
-2015
жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы
тойланды
-2016
жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл
ІІ: «Тәуелсіздік тұғырым»
аты сайыс
-
Кезең.
Таныстыру
-
Кезең.
«Мағыналы сөздер»
-
Кезең.
«Тіл-маржан»
-
Кезең.
«Сен білесің бе?»
-
Кезең.
«Сұрақ-жауап»
-
Кезең. «Ойлан тап».
-
Кезең «Формула білесің
бе?»
-
Қорытынды
1-жүргізуші: Әр
топ өздерін
таныстырады.
2-жүргізуші: «Мағыналы сөздер» сыр шертеді
атты бөлімде әр топ «Тәуелсіздік» атты сөздің мағынасын
ашасыздар.
Т – білдіреді
теңдікті,
Ә — әдептілік,
әлдікті.
У – уайымсыз
уақытты,
Е – егемендік
елдікті
Л – дейді лағып
лепірме
С – сенімділік секілді
сең,
І –
ілтипат пен ізет қой,
З –
зиялылық тілек қой.
І- ізеттілік
қашанда
Д –
шақырады достыққа,
К –
дейді күн боп көктегі
1-жүргізуші: «Тіл-маржан» атты бөлімде
берілген суретке қарап мақал айту керек.
2-жүргізуші: «Сен білесің бе?» бөлімде
ұяшықта жасырылған сұрақтарға әр топ кезекпен жауап
береді.
1-жүргізуші: «Сұрақ-жауап» Әр сұраққа топтар
кезекпен жауап береді.
1.Зат неден тұрады?
(молекула)
2.Қысымның өлшем бірлігі
(Паскаль)
3.Температураны өлшейтін аспап
(Термометр)
4. «Сұйыққа немесе газға
түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне
өзгеріссіз келеді» кімнің сөзі (Паскаль)
5.Диффузия құбылысы қандай
күйде тез өтеді? (Газда)
6.Физикалық шамалардың қайсысы
жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді?(дене
массасы)
7.Массасы 1кг дененің салмағы неге
тең?(9,8Н)
8.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не
қалады?(ауа)
9.Орнынан қозғалмай не өтіп
барады?(уақыт)
10.Күштің өлшем бірлігі
(Ньютон)
11.Күшті өлшейтін аспап
(Динамометр)
12.Қай планетаның сақинасы
бар? (Сатурн)
13.Қозғалысқа қарама-қарсы
бағытталған күш қалай аталады? (Үйкеліс)
14.Будың сұйыққа айналу
құбылысын қалай атайды? (Конденсация)
15.Атомның моделін құрған кім?
(Резерфорд)
16.Ядро неден тұрады? (протон,
нейтрон)
17.Қуаттың өлшем бірлігі
(Ватт)
18.Пойыздың қозғалыс жылдамдығы
20м\с дегенді қалай түсінесің ?(1с-та 20м жол
жүреді)
19.Елеуішпен су әкелуге болама?
(болады,қар,мұз күйінде)
20.Қандай ыдысқа су құйылмайды?
(су толы ыдысқа)
21.Неліктен вертикаль жоғары
лақтырылған доп жерге түседі?(жер тарапынан тартылыс күші әсер
етеді)
22.Күн күркірегенде ең алдымен
найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе?
(Найзағай)
23.Сұйықтың ең кішкентай бөлігі
қалай аталады? (Тамшы)
24.Дүние жүзінде көп тараған
сұйық (Су)
25.Идеал газ күйінің теңдеуін
ашқан ғалым кім? (Менделеев)
2-жүргізуші: Келесі сайысымыздың аты «Ойлан
тап». Бұл сайысымыз физикаға өзіндік үлес қосқан ғалымдар жайлы
болады.
1 Аристотель 2 Әбу Насыр Әл –
Фараби 3 И.Ньютон. 4 Г.Галилей 5. Әубәкіров
Т.
1. Ғылымға «физика» деген
сөзді енгізген ғалым кім? (1)
2. Итальян ғалымы, инерция
құбылысын ашқан ғалым? (4),
3. Қазақ ғарышкері?
(5)
4.Ағылшын ғалымы, БӘТЗ ашқан
кім? (3)
5. «Физика» сөзінің мағынасын
байтуда тарихта екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз?
(2)
1-жүргізуші: Келесі сайысымыздың аты
«Формула білесің бе?» Бұл сайыста тақтада физикалық
шамалардың формулалары
көрсетілген. Сіздер қойған сұраққа жауап
бересіздер.
-
1. p=F/S
|
2.
v=S/t
|
3.
PV=m/MRT
|
4.
F=kg1g2/R2
|
5. I=U/R
|
6. F=ma
|
1-сұрақ: Ом заңының формуласы
- 5
2-сұрақ: Кулон заңының
формуласы - 4
3-сұрақ: Қысымның формуласы
- 1
4-сұрақ: Менделеев - Клапейрон
формуласы - 3
5-сұрақ: Ньютонның екінші
заңының формуласы - 6
6-сұрақ: Жылдамдықтың
формуласы - 2
2-жүргізуші: Қорытынды бөлімде
оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
тілек айтады.
ІІІ.
Қорытынды
1-жүргізуші: Міне, бүгін балалар, өздеріңді
Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат
екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын: Жұбан
Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен.
2-жүргізуші: Олай болса, халқымыздың
бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда
еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсіздік мерекесі құтты
болсын!