10 сынып Қазақ әдебиеті пәнінен 1-тоқсандағы БЖБ тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 сынып Қазақ әдебиеті пәнінен 1-тоқсандағы БЖБ тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып Қазақ әдебиеті пәнінен "Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. Дескрипторларымен бірге ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады

  • Шығарма оқиғасындағы автор бейнесін анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

  1. А.Құнанбаевтың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

1 - Махрұм – бос, құр, бос қалу, құр қалу

Дәріптелетін құндылық

Шығармадан мысал

1




2




Автордың мінезі мен түсінігі _____________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5 балл


2. «Сегіз аяқ» өлеңінде автор қолданған көркемдегіш құралдарды анықтаңыз, қолданылу мақсатын талдаңыз:


Бір кісі мыңға,

Жүз кісі сұмға

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым,

Қайратты жасым

Айғаймен өтті, амал жоқ.

Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір.

...Ол қаны бұзық, ұры-қар

Қапысын тауып сені алар.

Басы-көзі қан боп.

Арқа-басы шаң боп,

Және тұрып жылпылдап;

Жығылып тұрып,

Буыны құрып,

Тағы қуып салпылдап.

Абұйыр қайда, ар қайда?

Әз басыңа не пайда?

_____________________________________________________________________________


5 балл


3. Берілген үзіндідегі автордың көңіл күйін анықтаңыз, пікіріңізді жазыңыз.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


3 балл


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы құндылықтарды анықтап, маңыздылығын контекстермен байланыстырады

1

кейіпкер бейнесі арқылы дәріптелген 2 құндылықты анықтайды;


2

шығармадан 2 мысал келтіреді;

2

Автордың мінезі мен түсінігін көрсетеді

1

шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау


2

Кемінде 3 көркемдегіш құралды анықтайды

3

Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын түсіндіреді

2

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

3

өлең жолдарынан автор бейнесін анықтайды;


1

көңіл күйі сипатталған жолдарды анықтайды;

1

өзіндік тұжырым жасайды.

1

Барлығы

13










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2021
4779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі