БАЯНДАМА 12 жылдық білім жүйесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деген болатын. Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын , қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан –жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де сол ұстаздар қауымы. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу –қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым –қатынас құралының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Осы заман талабынан қалыспай біздің мектепте 2004 жылдан бері эксперимент сыныптар ашып, жұмыс жасауда. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты – Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін – өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл ,өзін – өзі таныған, қоғам мүддесін қорғай алатын, жауапкершілігі мол білімді тұлғаны қалыптастыру. 12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады. 1 – саты – жалпы бастауыш білім беру /1-4 – сыныптар- бастауыш мектеп/ 2- саты—негізгі орта білім беру / 5 -10 – сыныптар- негізгі мектеп/3 – саты – жалпы орта білім беру / 11 – 12 – сыныптар—жоғарғы мектеп/2- сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін – өзі ұйымдастыру тетіктерін , кәсіби және танымдық ой – пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады. Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.Үшінші сатының бағдары – жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін – өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкесәлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік – гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. 12 жылдық білім беру міндеттерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау болғандықтан алғашқы жылдардан бастап № 21 жалпы орта мектептің сынақ сыныптарында ағылшын, информатика, орыс тілі пәндері жүргізіледі. Сынақ сыныптарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері, жетістіктері, қиыншылықтары жетерлік. Жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсам: облыстық, қалалық, мектепішілік семинарлар жоғарғы дәрежеде болып өтті. 2008-2009 оқу жылында сынақ сыныбындағы оқушылар орта буынға ауысты. Өзім сынып жетекшісімін. Менің эксперимент сыныппен жұмыс жасағаныма биыл алтыншы жыл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-10- сыныптарға сабақ беремін. Қазақ тілін оқытуда алдыма қойған мақсатым – баланы оқу ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе еңбек ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады, ал мұғалім – бағыт беруші ғана. Оқыту барысында білім жүйесі негізінде мынандай міндеттер қойылады: оқы, түсін, қолдан, салыстыр, жинақта. Содан соң мақсаттың жүзеге асуы негізінде мұғалім мен оқушы міндеттері айқындалады. Мен қолданылатын технология «Ұжымдық оқыту» технологиясы. Осы технология оқушылардың қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа тартады Ж.Аймауытов XX ғасырдың басында-ақ: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Олай болса, қазақ тілін заман талабына сай жаңа технологиямен оқытудың тиімді әдістерін әр ұстаз өз деңгейінде қолдана білсе, нұр үстіне нұр болмақ. Оқу мен тәрбие - егіз, бір – бірінен бөліп алып қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Баланы кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару-еліміздің мектептеріндегі оқыту үрдісіндегі басты мақсат. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата –ана үлгісі» деп Ыбырай атамыз айтқандай ата – аналармен тығыз байланыс жасап, әртүрлі шаралар өткіземіз. Атап айтсақ «Ата заң- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында өткен конференция, «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел, оқушылар мен ата –аналарды бір сергітіп тастады. 12 жылдық білім беру- өз халқының, өзге елдің ұлттық салт – дәстүрін сыйлап, қадірлейтін оқушыны тәрбиелеуді ұсынады. Біз де сол жолда еңбек етудеміз. Оқушылар сонымен бірге шығармашылық жұмыспен де айналысады. Былтырғы оқу жылында екі оқушым бірі өлеңін, екіншісі «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында мақаласын жариялады. Еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі –ұлттық білім беру жүйесін жаңаша сипатта,дүниежүзілік білім беру орталықтарының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру және білікті, саналы, шығармашылық ұрпақ тәрбиелеуді көздеген заман талабы.