Материалдар / №16 Тақырып: «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№16 Тақырып: «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме

Материал туралы қысқаша түсінік
№16 Тақырып: «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме Білімділік: Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Көшпелі алтын» әңгімесін оқып түсіндіру. Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту. Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2022
2132
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары


№16 Тақырып: «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме


Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті

Дайындаған оқытушы: Қадырова Ельнара Ержанқызы
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу-жылы
1 курс, 2021-2022ж
Сабақ типі: аралас сабақ
2.Мақсаты: Білімділік: Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Көшпелі алтын» әңгімесін оқып түсіндіру.

Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

2.1 Оқыту нәтижесі,бағалау өлшемдері:
1) Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін, әдеби шығарманың тұжырымдамасын түсіндіру.

1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;

2) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын анықтайды;

3) А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі, Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме, Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің мазмұнын баяндайды және пішінін анықтайды;

4) Әдеби шығармаға құрлысына талдау жасайды;

5) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды.

3.Сабақты жабдықтау:
-Көрнекілік құралдар/ наглядные пособия: Дәріс, презентация.
-
Оқытудың техникалық құралдары/ технические средства обучения ноутбук, мультимедиалық проектор, электронды оқулықтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі







Сабақтың мазмұны


Элемент №

Сабақтың элементтері, оқу мәселелеріоқыту әдістері мен формалары




-Ұйымдастыру 3мин
-Амандасу
-Білім алушыларды түгендеу

-Сабақтың жоспарымен таныстыру 2мин

Үй тапсырмасын сұрау 15мин

  1. Дәйексөз 2мин

  2. Жаңа ақпарат 25мин

  3. Сабақты бекіту 30мин

  4. Қорытынды 5мин

  5. Бағалау 5мин

  6. Рефлекция 4мин

  7. Үй тапсырмасын беру 2


І

Дәйексөз: Батар күннің де атар таңы бар.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау: Оқулық Р.Зайкенова, Қазақ әдебиеті 10 сынып: 60-62 беттер. Т.Сұлтанбеков өлеңдері

ІІІ

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Талап Сұлтанбеков – фантастика жанрының жазушысы. Жасөспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды, «Лұқпан хакім» т.б. әңгімелері оқушыларды қиял әлеміне, асқақ арманға жетелейді. Оқырманын ғылымның сырына үңілуге шақырады, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны бағындыруға да болатынын айғақтайды. Жазушының «Ғажайып планета» атты фантастикалық әңгімесінде биолог Тұрановтың, «Байқоңыр – 12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразовтың, жасанды адам физиомеханикалық Кибердің, Осипов пен Мәриямның жұмбақ ғаламшарға экспедициясы туралы қызықты да тартымды баяндалған.

Әңгіменің қысқаша мазмұнымен танысыңдар.


Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі


Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» атты шығармасы ғылыми фан-тастика жанрында жазылған. Бұл туынды үш бөлімнен тұрады – «Тудағы от», «Шайтантауға сапар», «Үңгірдегі сыр». Әр бөлім атауына сәйкес әңгіме сюжеті де бағытын өзгертіп отырады. Негізгі кейіпкер қарапайым мектеп оқушысы – Сәмен.

Әңгімедегі оқиға желісі Сәменнің тау бөктерінен «көшпелі алтын» атты ғажайыпты жолықтырғанынан бастау алады. Қоскөл ауылының тұрғында-рына ертеден таныс алтын туралы аңыз басты кейіпкердің ойына оралғанымен, қапелімде не істерін білмей, аңтарылып қалады. «Сәмен Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде кенет астындағы торы осқырынып жалт берді. Аяқ астынан үріккен аттың жалын құшып қалған ол әнтек құламай қалды. Тізгінді күшпен тартып, торыны әзер тоқтатып, артына бұрылғанда тұла бойы түршігіп, шошып кетті. Қараса, сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт-сары. Жер бетінен бір метрдей биікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді. Жол-жөнекей ұшқын ұшып түсіп жатыр. Бұл не деген керемет! Сәмен аузын ашып аңқиып тұр. Қозғалуға дәрмен жоқ. Сәменнің ойына бір кезде атасынан естіген ескі аңыз түсті. Көшпелі алтын! Бұл көшпелі алтын ғой! Ол ой түкпірін қазбалап, есіне аңызды түсіре берді. ...Бір кедей жігіт болған екен. Ол түнде ұйықтап жатса, үйіне көшпелі алтын кіріпті. Ол жалма-жан орнынан тұрып, алтынды қумақ болады. Сөйтсе, алтын «аяғын» сытыр-сытыр «басып», кірген есігінен қайта шығып кетіпті. Жігіт артынан қуа шығады. Алтын жайлап жүріп отырып, үй артына кетеді. Жігіт жан қалтасынан кездігін алады да, шынашығын тіліп жіберіп, кетіп бара жатқан алтынның үстіне бір тамшы қан тамызады. Сөйтсе, алтын сатыр-сатұр етіп жарылыпты да, жерге сіңіп кетіпті. Жігіт үйден күрек әкеліп, жалма-жан жаңағы жерді қаза бастайды. Белуардан қазғаннан кейін бір қоңыр тасқа паналаған ат басындай алтынды көріпті. Соншама мол қазынаға кенелген жігіт содан кейін байып кеткен екен» дейді аңызда.


Оқиғаның қызықты өрбуіне арқау болған осы бір сюжет желісі әрі қарай жас оқушының қиялын жетелеп, құпия сырды ашуға ынтықтырады. «Не істеу керек? Аңыздағы сияқты қуайын ба, әлде қайда барар екен, бақылайын ба?». Осы екі сұрақ Сәменді әрі-бері жібермей, арпалыстырып тұр. Бірақ ғажап көрініс оны күтпеді. Алтын сайды құлдилап келді де, суға еңкейе құлап тұрған жақпар тасты айнала беріп, ғайып болды. Сәмен көп аялдамады, алтын қонған жерді белгіледі де, қызыл арайланып келе жатқан таңды бетке алып, ауылына тарта жөнелді».


Психологиялық паралеллизим арқылы жазушы табиғ т көрінісінің әдемі суретін адам жа нының сол кез дегі құбылысына, кейіпкер ойының шылуына қарай көркемдеп отырады. Мәселен, «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды...». Осы үзіндіде берілгендей ерекше жер-су аттары да оқырманды ерекше қызықтырады.


Сәмен қандай шешім қабылдайды?


Ертеден келе жатқан, туған мекені жайындағы аңыз оқушы Сәменді де баурап алады. Дегенмен ғылыми-танымдық әдебиеттерді көп оқитын Сәмен бәрін өзі тексеріп көруді ұйғарады. Досы Қажытаймен бірге «алтын сапарына» аттанады.

Жазушы Шайтантауды сипаттау арқылы оқырмандарын алда болар оқиғаға ынтықтырып қояды: «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал, малшылар да қонып көрген емес. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды. Жұрттың айтуынша тек қана байларды конфискациялау тұсында қашқан-пысқан ұры-қарылар тығылып жүретін үлкен-үлкен үңгірлер бар дейді тау бабында. Елді мекеннен әрі қашық, әрі кісі қызығарлық дәнеңесі жоқ болғанымен, бұл таудың ғажап құпия сыры ел аузында талай аңыздар тудырған. Шайтантау деген ат бұған тегін берілмепті. Мал қарап шыққан талай жылқышылар бұл таудың басынан, етегінен жарқылдаған оттар көрген. Екінші бір ғажабы, тау оншалықты биік болмаса да, бауырына бұлттар шөгіп жатады екен». Осылайша деміңді ішіңе тартып, бір ғажайып оқиғаға дайындаласың.

Соңғы «Үңгірдегі сыр» деп аталатын бөлімде балалар ауалдарында ғылыми түрде нақты жауап алады. Мұнда жұмыс істеп жатқан ғалымдардың бірі Сералы Әйтиев жұмбақтың сырын ашады. «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен кейін- ақ түсінген боларсыңдар, – деді Әйтиев. – Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния» дейді. Біз мына өзіміз отырған биіктаулық лаборторияда жұмбақ сыры көпке дейін белгісіз болып келген осы көшпелі найзағайдың сырын ашу жолындамыз. Алдымен лаборатория ішінде, кейінірек кәдімгі табиғи түрде жасауды игердік. Соның өзінде осындай найзағайдың бірнешелеген түрі бар екен.


Электр туралы, оның оң және сол зарядтарының бар екендігін және олардың бірін-бірі тарту, тебу қасиеттері жөнінде өздерің білесіңдер. Найзағай табиғаты атмосфералық электрде жатыр. Өзіміз күнде аяғымызбен басып жүрген жер мен оны қоршаған атмосферада электрдің адам игілігіне жаратылмаған орасан зор қазынасы бар. Мұның өзінде жердің үстіңгі қабатының көпшілік бөлігі сол зарядпен зарядталған. Өздеріңе мәлім, найзағай қарама-қарсы зарядтардың арасында ғана болады. Ол үшін жерден биік оң зарядталған дене болуы қажет қой. Оның рөлін кәдімгі жауын бұлты атқарады. Ауа үйкелісінің әсерінен бойына оң заряд жинаған бұлт онысы шекті мөлшерден асып кетсе, жердегі қарама-қарсы заряды бар бір затқа (қарсы зарядтардың бірін-бірі тарту заңдылығы бойынша) өз бойындағы жиған-тергенін таратып береді екен. Ал ауа өзі тұрған жағдайында электр тогын өткізбейді емес пе? Міне, осы кезде атыс басталады. Бұлт өзінің зарядын шоқтап, алыстан ұшқын атқызып жеткізеді. Мұны бұлттың разрядталуы дейді. Разрядталу кезінде найзағайдың оты көрінеді. Шар найзағай міне, осы разрядталу кезінде электрленген ауада кейбір жағдайларда ғана пайда болады».

Дегенмен Әйтиев тауда алтынның болу мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Бірақ аңызда негіз бар. Мәселен, бізден бұрын да басында найзағай ойнап келген Шайтантау, осы бір жақпар тастар темір рудалы кварциттен тұрады екен. Ал алтын кварцитті кендерде болады ғой. Біз зерттеп қарап едік, таудың астынан көп алтын таптық. Бұл алтынды бізге нұсқаған – найзағай. Сонымен бірге аңыздағы жігіттің де алтын табуы мүмкін. Бәлкім ол ішкі магмадан теуіп үстіңгі қабатқа дейін ағып келген магнетитті өзекшеге тап болған шығар. Кейде ондай өзектерде де алтын кездеседі. Магнит өрісінің әсерінен көшпелі найзағай мүмкін сол жерде разрядталған шығар. Жігіт қазып жіберіп, бұрыннан жатқан алтынға тап болған ғой...».

Әңгіме балалардың физика саласында терең мағлұмат алуларымен аяқталады. Ол

әлбетте өздері ойлаған көшпелі алтынды кезіктірмейді.Алайда оқушылар алтыннан да қымбат білім алып қайтады. Әңгімеде айтылған табиғат қорын пайдалану жай қиялдың жемісі емес: «Ғылымға беретін бірінші пайдамыз, әрине, адам еркінен тыс табиғатта пайда болып жататын орасан мол электр қуатын кәдеге жарату, екінші – найзағайлы бұлттарға құрық алып, оны адамның дегеніне жүргізу. Үшінші – көшпелі найзағайдың қуатын пайдалану».


ІV

Сабақты бекіту: 1тапсырма «Таза тақта» әдісі.

- Әңгіме ұнады ма?

- Әңгіменің таңғалдырған тұсы?

- Қандай кейіпкерлер бар?

-Әңгімеде қайдай оқиға суреттеледі

2 тапсырма Кім жылдам? Қалай ойлайсыз Талапбек Сұлтанбековтың "Көшпелі алтын" атты ғылыми-фантастикалық əңгімесінің идеясы қандай? Адамгершілік тұрғысынан талдасақ қандай?

1. «Көшпелі алтын» атты әңгіменің басты кейіпкері кім?

2. Өздерің физикадан білетін шар найзағай мен автордың берген анықтамасы сәйкес келе ме?

3. Ғылыми-фантастикалық жанрда шығарма жазу үшін автордың міндетті түрде жаратылыстану ғылымдарынан белгілі бір деңгейде теориялық білімі болу керек пе?

3 тапсырма Топтастыру «Адасқан сөздер » әдісі

Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс табу керек

Мақал-мәтелдер:

  • Жаяудың жұлдызы болмас, Қалың құлан жаусыз болмас.

  • Болатын бала — пысық, Жауатын күн — ыстық.

  • Үркер жиылып - ай болмас, Кедей жиылып - бай болмас.

  • Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

  • Дүние жиып нетесің, Бір күн тастап кетесің.

  • Бiлiмдiге дүние жарық, Бiлiмсiздiі күнi кәрiп.

  • Керіспейінше, ашу басылмайды. Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.

4 тапсырма Себебін анықта

1. Неліктен қазіргі таңда фантастикалық фильмдер мен шығармалар кең етек алды деп ойлайсың?

2. Не себепті балалар көшпелі алтынды таппайды?

5 тапсырма «Төрт сөйлем» арқылы оқушылар тақырып туралы өз ойын, пікірлерін білдіреді.

Пікір. Мәтін бойынша бір сөйлеммен пікір білдір.

Дәлел.Пікірді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.

Қорытынды.Бір сөйлеммен қорытынды жаса.

* «Бес жолды өлең» құру арқылы оқушылар тақырып туралы өз ойын, пікірлерін білдіреді.

1. Зат есім -1

2. Сын есім-2

3. Етістік-3

4. Сөйлем — 4

5.Синоним-1


V

Қорытынды: Көшпелі алтын шығармасы - қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.

Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай "алтын". Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.

Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық таптым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.


Рефлексия: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кесте арқылы сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.


Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?


















Мен үшін маңызды болған екі нәрсе

Мен үшін түсініксіз болған екі нәрсе

Менің ұсынысым


 

Берілген смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсету.


VII

Үй тапсырмасы: Оқулық Р.Зайкенова, Қазақ әдебиеті 10 сынып: 63-70беттер. Аңыз әңгіме дегеніміз не?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!