1929-31жж шаруалар көтерілісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1929-31жж шаруалар көтерілісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1929-1931 жж қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру салдары, зардаптары, шаруалар қарсылығы ауқымы мен сипатын анықтап білу, қосымша әдебиеттер мен бейнетаспаны пайдалану арқылы кең көлемді білім беру;

  • Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру, білімін шыңдау, өзіндік ой қорытуға үйрету;

  • Оқушыларды елжандылыққа, өткен тарихты бағамдай білуге, Қазақстанның тәуелсіздігін қорғап өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, интертақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Оқушыларды топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Карточкалар /конвертпен/ арқылы

  2. Картамен жұмыс

  3. Шығармашылық тапсырма / ауылымыздағы ашаршылықты басынан өткерген қарияларымыздан оқушылардың алған сұхбаты видеослайдпен2 минут /

«Жылдар сөйлейді»

  1. 1914-1918 жж

  2. 1918-1920 жж

  3. 1920 ж 26 тамыз

  4. 1921 жылы наурыз партияның Х съезі

  5. 1925 ж желтоқсан партияның ХІV съезі

  6. 1927 ж желтоқсан партияның ХV съезі

  7. 1928 ж тамыз

  8. 1929-1931 жж

ІІІ.Жаңа сабақ.

  • Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес

1 тапсырма

  • Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды:

  • Қалалар мен құрлыстарға кету

  • Басқа аймақтарға, шетелге көшу

  • Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру

  • Қарулы отрядтар құру

  • Көтеріліске шығу.

  • Ірі көтеріліс ошақтары, барысы

1929-1931 жылдары өлкеде қарулы көтерістер болып өтті.

  • Көтерілістің жеңілу себебі:

  1. Көтерілісшілердің нашар қарулануы;

  2. Жеткілікті ұйымдаспауы;

  3. Ашаршылықтың әсері

  • Көтерілісшілерді жазалау шараларының салдары:

Республика аумағында 80 мыңдай адам қатынасқан 372 толқулар мен көтерілістер болған.

  • Респулика аумағынан шетке қашу жиіледі

  • Демографиялық апатқа әкелді

  • 1929-1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883-і атылған

  • Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды

2 тапсырма

  • 1932 ж қыркүйектегі Компартияның қабылдаған қаулысы.Міндеттері:

  • Ұжымдастыру кезінде республиканың шаруашылық, мәдени даму деңгейін ескеру

  • Шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру.

  • Ұжымдастыру қателіктерін реттеу жұмыстары қалай жүргізілді?

ІV.Сабақты бекіту:

  1. Бандит-басмашылардың көтерілісі деп бағаланған көтеріліс – Батпаққара.

  2. Көтерілісшілер басып алған аудан орталығы – Созақ.

  3. Иран, Ауғаныстанға көшіп кеткендер – Маңғыстау мен Ойылдан.

  4. Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады – 1932 жылы.

  5. Ұжымдастыру жылдарындағы толқулар мен көтерілістер саны – 372.

  6. Қарақұм көтерілісін, Орынбордан келіп басқан – 8 дивизия.

V.Үйге тапсырма: «Ұлттың ұлы қайғысы» атты тақырыпқа эссе жазу.

VІ.Бағалау / топ жетекшісі оқушыларды бағалайды/






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі