Материалдар / 1 Ауыл шаруашылығының теориялық даму негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 Ауыл шаруашылығының теориялық даму негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба Ауыл шаруашылғы қай елдің болмасын экономикасын дамытуда ерекше орын алатын сала. Сонымен бірге елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамыту үшін мүмкіндіктері зор. Соған қарамастан дамыған елдердің ауыл шаруашылығынан әлдеқайда төмен екені белгілі. Осы жерде ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолы ретінде кластерлеуді дамыту қажеттілігі өзекті болып отыр. Сондықтан ғылыми жоба бүгінгі танда өзекті. Ауылшаруашылығын талдай отырып, ондағы негізгі мәселелерді ашып, оны кластерлеу жолымен қалай дамытуға болатынын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1411
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



  1. Ауыл шаруашылығының теориялық даму негіздері



1.2 Мал шаруашылығы ауылшаруашылықтың бір бөлігі



Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді.



1.2 Ауылшаруашылығының дамыту жолдарымен тармақтары



Экстенсивті   дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам  өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады.  Экстенсивті  дамудың қайнар көзінің  жойылуы қоғамды  интенсивті   өсу  мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау  және  қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық  өсу  тауар мен қызмет көрсетқудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық  өсуді  өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық  өсу   абсолюттік  және  салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.Мал санын және фермалардын санын көбейту.

2 Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

Интенсивті  экономикалық  өсу  мен жоғары инфляцияның тіркесуінде көрініс тапқан экономиканың “қызып кету” белгілері байқалды, сонымен бірге, кредит рыногының “қызып кетуі”, әсіресе жалақының жеделдетілген өсуімен байланысты құрылысты несиелеу, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда-саттық, тұтыну кредиті секторларында байқалған.мысалы мал тұқымын асылдандыру,сапасын арттыру.Интенсивті-тиімді пайдалану, жаңарту,сапасын көтеру, алдыңғы қатарлы технологияларда қолдану. Ол еңбек өнімділігімен анықталады ,тиімділгін арттырады.



1.3 Мал шаруашылығының салалары



ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, қой өсіру – мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.

Жылқы шаруашылығы — мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке – тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына – күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т.б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор

Шошқа шаруашылығы - дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді.

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру– мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады.

Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы — мал шаруашылығының басты салаларының бірі.Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді. Ұзақ уақыт жүргізілген ғылыми практикалық жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқы етті мал тұқымы — қазақтың ақбас сиыры, сондай-ақ сүтті-етті тұқым — алатау сиыры мен сүтті тұқым — әулиеата сиыры шығарылды. Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ышоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 — 6,5%-ға, ет, сүт өндіру мөлшері 3,5 — 6,0%-ға өсті







Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы  ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Балық шаруашылығы  халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық  Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласындаТүркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.

Марал шаруашылығы - мал шаруашылығының марал мен теңбіл бұғы өсіретін саласы. М.ш.-ның негізгі өнімі марал мен теңбіл бүғының жас мүйізі -пант. Бұдан Мал шаруашылығы дәрісі жасалады. Ол жүрекке, қан-тамыр жүйесіне, бұлшық етке, тыныс жолына, жыныс куаттылығына жақсы әсер ететін сергіткіш дәрі. Сонымен қатар марал шаруашылығы. ет пен былғары иленетін тері өндіреді. Марал шаруашылығымен Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Қатон Қарағай өңіріңде шұғылданады. Бұрынғы жылдары бұл өңірде марал мен теңбіл бұғы саны 10 мыңнан асып, 6-6,5 т шығыс медицинасының аса бағалы шикізаты - пант өңдірілді.



2 Қазақстандағы ауыл шаруашылығының даму қарқыны және өнімдерін өткізу



2.1 Қазіргі таңда ауылшаруашылығының дамуы



Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кәсіпорындары шаруашылық механизмнің жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының (тұтынушылардың іс-әрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы, т.б.) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз шарттарда әрекет етіп келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге бағытталған зерттеулерді қайта қарастыру және күшейту қажет. Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі – АӨК) жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатта Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.лады.Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген қаржы бөлінуде: 2007– 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы

 

Р/с №

Қаржыландыру бағыты

Үлесі, %

1

Субсидиялар

28%

2

Кредиттер

20%

3

Инвестициялар мен инвестициялық жобалар

30%

4

Өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына, қайта өңдеуге арналған қызметтер

20%

5

ҒЗТКЖ және консультациялар

2%


Жиыны

100%




Дерек көзі: ҚР АШМ Сандық мәндегі жалпы сома тек 2011 жылы 283,5 млрд.-тан астам теңгені құрады.



Мақсат

1.Ауыл шаруашылығын әр ауданға кластерелизациялау арқылы ауыл өнімдерімен қала дүкендерін толтыру

2.Қала халқын арзан және пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз ету

3.Қала және ауыл арасындағы сауданы нығайту

4.Отандық өнімді жарнамалап, ұлттық өнімдерді тұтынуды жоғарылату

5.Шетелдік, яғни импортталған қымбат азық-түліктерді отандық өніммен біртіндеп алмастыру





2.2 Жалпы азық-түлік импорты



Республикамыз пайдаланылатын азық-түліктің 20%-ын,оның ішінде ет консервілерін 40%-ын,жеміс-жидек консервілерін-75%-ын,сары майдын-20%-ын,қанттын 30-ын,тауық етінің-70%-ын импортқа алады.Сарапшылардың айтуыынша елдің қауіпсіздігі тек импорт мөлшері 17%-дан аспағанда ғана етіледі қамтамассыз

Қазақстанда 2009 – 2011 жылдары өнімдерді тұтынудағы импорттың үлесі, мың тонна

Өнім



Импорт

Тұтыну

Тұтынудағы импорт үлесі %

2009 – 2011 жылдарда орташа, мың тонна

Жемістер, жүзім және оларды қайта өңдеу өнімдері

573,6

678,3

84,57%

Балық және балық өнімдері

67,2

88,7

75,72%

Өсімдік майы және құрамында майы бар өнімдер

165,4

342,3

48,33%

Ет және ет өнімдері

209,2

1 122,2

18,64%

Сүт және сүт өнімдері

870,6

5 756,8

15,12%

Күнбағыс тұқымы

28,7

316,4

9,06%

Көкөністер, бау-бақша дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдері

193,2

3 169,0

6,10%

Картоп және оны қайта өңдеу өнімдері

145,3

2 518,7

5,77%

Астықты қайта өңдеу өнімдері

43,8

1 989,8

2,20%

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, млн. дана

33,4

3 565,5

0,94%

Астық

110,0

11 973,7

0,92%



2.3 Ауылшаруашылығын кластерлеу қажеттілігі



Кластерлік нақты экономикалық артықшылығы әсерін ықпал етеді, сондықтан, тұтастай алғанда кластер бәсекеге қабілетті жеке компанияларды жақсартады және. Кластерлер технологиялар, дағдылар мен қызметті жүзеге асыруға тиісті ақпаратты тарату дамыту арқылы толықтыратын секторларды қамтамасыз ету арқылы маңызды қарым-қатынастарды қамтитын, өнеркәсіп қарағанда неғұрлым тиімді болып табылады. және т.б. стратегиялық бизнес даму бағыттарын анықтау осы Қосылымдар конкурсқа іргелі кәсіпорындар басқару, инновация, өнімділігін жақсарту, өндірістік шығындарды азайту үшін  .

Әдетте, кластерлер мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  • жаңа технологияларды енгізу арқылы кластер мүшелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

  • шығындарды азайту және т.б. сапасы, логистика, машина жасау, ақпараттық технологиялар, көзқарастарды синергиялық және үйлестіру арқылы тиісті жоғары түпкі қызмет көрсету сапасын арттыру.;

  • кең ауқымды кәсіпорындар реформалау және аутсорсинг жағдайында жұмыспен қамту;

  • әр түрлі органдарында шоғырландырылған лоббистік кластер мүшелері. Өткізілген шетелде зерттеулер кластерлер өнімділігін және инновациялар елеулі артуы ынталандыру екендігін көрсетеді. Компаниялар жақсы тәжірибесін бөлісуге және сол қызметтер мен жеткізушілерді пайдалану арқылы шығындарды азайту мүмкіндігі бар пайдалы.

  • салалық кластерін түрлі нысандары мен ұйымдардың ықпалдастығын ынталандыру факторлардың арасында, біз мынадай атап өтуге болады:



  • келісілген талаптар басшысы құрастыру зауыттары 
    олардың жеткізушілер және дилерлер;

  • құнының байланысты жаңа технологияларды енгізу қысқарту 
    ауқымдағы экономикасы;

  • инновациялық неғұрлым тиімді ұжымдық сипаты 
    тік интеграция және аутсорсинг көлденең ынтымақтастық жоғары технологиялы өндірістер;

  • күрделі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде субконтракт енгізу арқылы, шағын бизнес үшін, соның ішінде инженерлік және консалтингтік қызметтер үшін әлеуетті нарығын ұлғайту;

  • ірі кәсіпорындардың нарығында шағын бизнес үшін өнімдер мен қызметтер нарығында және ілгерілету қажеттілігіне ақпаратқа қол жеткізу жетілдіру;

  • инвестициялар мен гранттарды тартуға шағын, соның ішінде кәсіпорындар қабілетін жетілдіру;

  • шетелдік серіктестер мен жаңа нарықтарға шығу тиімдірек жүйесі











3 Қазақстанда ауылшаруашылығын кластерлеу арқылы дамытудың жолдары және оны мемлекет тарапынан реттеу бағыттары



3.1 Ауылшаруашылығын кластерлеу арқылы дамыту



Кластердің басты ерекшелігі –географиялық тұрғыдан белгіленген аумақты міндетті бәсекелестік, интеграциялық және инвестициялық бағдардың үйлесуі, трансакциялық шығындарды төмендету арқылы аймақтың синергиялық әсеріне қол жеткізу. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін өндіру оны тереңдетіп өңдеу, дайын өнімді өндіру, сату, табыс табу, ірі бірлескен нарық субъектілерінен (кластер) шекарасы аясында, кеңейтілген ұдайы өндірісті молайту үшін, өңірлік және өңіраралық деңгейде нарықтық жағдаятты реттеуге, көтерме азық-түлік нарығында толық бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтарын пайдалануға, мүмкіндік береді. Ресейде агрокластерлерді қалыптастыру ерекшелігі- қарқынды дамушы өңдеу кәсіпорындарының айналасына, субъектілердің бірігуі болып табылады. Қаржылық тәуелсіздігінен айырылған осындай кәсіпорындар өзін-өзі сақтау үшін, осындай кәсіпорынның қарамағына кіреді. Кеңес кезеңдегі көрнекті, белгілі экономист-географ Н. Н. Колосовский 1927 жылы «Жоспарлы шаруашылық» журналында комбинаттарды құрудағы алғашқы айқындама (қазіргі заманғы мағынада, яғни кластерге ұқсас құрылымдар) белгілі аумақтағы табиғи, еңбек, энергетикалық ресурстар деп жазды [1]. Бұл тәсілді Н. Н. Колосовский ауыл шаруашылығында «қоғамдық егіншілікті басқа да ауыл шаруашылығының түрлерімен құрамдастыруға, ары қарай ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, соңында өнеркәсіптің әр түрімен біріктіруге болады. Егерде құрамдастыру ең басында ауыл шаруашылығы –өнеркәсібі өндірісінде дұрыс жүзеге асырылса». Осылайша, тіпті ертедегі 1920 жылы кластерге ұқсайтын, ауыл шаруашылығы құрылымдарын құру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар осы кезеңдерде агроиндустриалды комбинаттарды (Я. П. Никулихин) құру идеясы пайда болды [2]. Ол машина-трактор станциялардың колхоздар мен совхоздардың өзара әрекеттерін, өңдеуші және сервистік кәсіпорындардың үдерісін зерттеген. Экономиканың кластерлік дамытудың заңнамалық және әдістемелік негіздері, әлемнің барлық экономикасы дамыған елдерде кластерлік дамудың жоғарғы дәрежеде, өте тиімді екені дәлелденген, бірақ біздің елімізде бұл қалыптасудың бастапқы сатысында тұр. Ал егер Ресейдің кейбір жоғары технологиялық саласындағы өнеркәсіптік өндірістерінде халықаралық кластерлеудің тәжірибесі белсенді пайдаланылса, ал отандық АӨК-дерді бұл тәжірибелердің қолданылуы шектеулі, өйткені айырықша, елеулі түрде ғана сипатқа ие. Ұзақ перспективадағы отандық АӨК-дерді дамыту, инновациялық дамытудың құралы ретінде кластерді қалыптастырудың қажеттілігі ҚР Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің деңгейінде көптеген заңнамалық актілерде қарастырылған, атап айтқанда, 28 қараша 2008 жылғы № 1106 «2009–2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [3], Қазақстан Республикасының агорөндірістік кешендерін тұрақты дамытудың кешенін бекіту туралы» «2013–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешендерді дамыту бағдарламасы» (Агробизнес — 2020) [4]. Қазақстандағы АӨК қалыптастырудағы жүйелік мәселелер, тез өзгеретін сыртқы ортадағы әлеуметтік-экономикалық жүйелерді құрудың объективті заңдарын, аймақтардағы АӨК кіші салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдары мен тетіктерін әзірлеуде жетілдіруді талап етеді. Қазақстан аймақтары өз аумағында, инвестицияларды орналастыру үшін бәсекеге түседі. Бұл, өз кезегінде, АӨК кіші салаларындағы кластерлер арасындағы бәсекелестікті дамытады. Аймақтар арасында және аймақ ішінде ынтымақтастықты дамытудың тетігі кластерлерді дамыту, ол ұзақ мерзімді перспективада бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылады. Кластерлік тәсіл аймақтық және аудандық деңгейде аграрлық секторды дамыту траекториясын құруда өте тиімді болуы мүмкін. Әр түрлі өндірістік құрылымдар арасында, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, инновациялық тәсілдерді, мемлекеттік және жеке бизнестің әріптестік қағидаттарын қалыптастыру жолымен тік және көлденең тұрақты байланыстарды құру, Қазақстандық АӨК өндірістік бәсекеге қабілеттік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. АӨК кластерлік технологияны пайдалануға жарамды, мұның негізін шетелдік тәжірибеге сүйіне отырып, мысалы АҚШ-тың Калифорния штатындағы шарап қабылдау кластері, Франциядағы шарап-коньяк кластері, Данияның сүт кластері, Швейцариядағы ірімшік кластері, Канада мен АҚШ-тың астық кластерлерін айта айтамыз. Кластерлік тәсіл экономикасы дамыған елдердің қарқынды дамуына ықпал етті, аумақтық кеңістіктерде тағы бір ресурсты ұйымдастырып шоғырландырды, олардың бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттырды. Әлемдік тәжірибе, кластерлік тәсілді пайдалану, инновациялық кәсіпкерліктің перспективалық бағыты болып табылатынын көрсетеді. 1997 жылы Еуропадағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы Декларацияда, еуропалық интеграцияның маңызды бағыттарының бірі кластерлерге негізделген, жаңа өндірістік жүйелерді қалыптастыруды көрсеткен [5]. Еуропалық Одақ, кластерлік тәсілді жалпы өңірлердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, болашақта инновациялық әлеуетін арттырудағы негізгі құралы ретінде қарастырады. Кластерлік технологияларды АӨК дамытуға пайдалану мүмкіндіктерін бағалағанда, олардың ерекшелігін ескере отырып, міндетті жүйелі тәсіл қолданылуы тиіс. Әлеуетті кластерлік құрылымдарды айқындау барысында, олардың экономикалық жай-күйін және олардың болашақтағы жұмысының қалыптасуын бағалау қажет. Көптеген отандық ғалымдар аймақтық агрокластерлерге көп кезеңдік сызбамен зерттеулер жүргізгенде ұстанымы: бірінші кезекте аймақаралық және ұлттық деңгейлерде аймақтық АӨК-дің салаларының маңыздылығына баға беріледі. Егерде осы салалар анықталған болса, белгілі бір ортада бірегей бәсекелестік артықшылықтарын болуын растайды және ол гипотетикалық тұрғыдан аймақтық АӨК кластерлердің болуын болжауға мүмкіндік береді (мысалы, Оңтүстік Қазақстан мақта-тоқыма кластері) Екінші кезеңде өңірдегі АӨК дамытудың жалпы үрдістері талданады. АӨК қосалқы салаларының перспективалы кластерлік технологияларды қолдану тұрғысынан, өндірістің жылда ұлғайуы, немесе өндіріс көлемінің тұрақтылығы, қалыпты рентабельділік, еліміздің өзге аймақтарға елеулі өнім көлемін өткізу қарастырылады. Үшінші кезеңде кластердің өзекті кәсіпорындары нақты салалардың басшылары анықталады. Есепке сандық көрсеткіштер (жалпы өндіру көлемі, ірі көлемдегі экспорт) және сапалық (мал өнімділігі, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі) алынады. Кластердің басқа интеграциялық нарық субъектілерінің нысандарынан іргелі айырмашылық, олардың арасындағы міндетті бәсекелестік болып табылады. Сондықтан да кәсіпорынның бір кластерге тиесілі екендігін анықтайтын нышандар, олар үшін ең маңызды ерекшеліктерінің бірі, ортақ бәсекеге қабілетті өріс- кластердің әрбір мүшесі — бұл оның таңдаған құқықтық нысаны бойынша жұмыс істейтін толық ойыншы болып табылады. Нақты кластерге тиесілі болған басқа белгілер, ортақ нарықтық инфрақұрылым (несиелік инситуттар, ақпараттық және кеңестік қызметтер, аудит фирмалар және т. б.) ортақ бизнес серіктестердің, бірлескен ғылыми зерттеулердің арнайы мамандарды дайындайтын ортақ оқу орындарының болуы болып табылады. Төртінші кезеңде кластерлердің көлденең және тік қатынастарын құрайтын өзекті кәсіпорындар талданады. Осы талдаудың негізгі міндеттері — кластер мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастардың нақты кеңістіктегі орналасу шекараларын анықтау, кластерге қатысушылар арасындағы сапаны (орнықтылығын) анықтау. Картаның бесінші кезеңінде нақты кластердің шекарасы көрсетіледі. Картографиялық негіз тек географиялық ақпараттық ғана қамтымауы тиіс, сондай-ақ кластер қамтыған аумақтағы ресурстың ахуалы да қамтылуы қажет. Алтыншы қадамда, кластердің бәсекелестік артықшылықтарына кешенді талдау жүргізіледі, SWOT- күшті және әлсіз жақтарының талдауы, нақты басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді. Соңғы қорытынды жетініші қадамда, аймақтағы АӨК кластерлік даму стратегиясын іске асыру шаралары әзірленеді. Белгілі болғандай, мемлекеттік құзырлы органдар кластерлік тәсілді аймақтағы АӨК қолдануда таразылау қажет. АӨК –дер кластерлеу кез келген инновация сияқты- бұл қауіпті қадам, аймақтық құзырлы органдардың өздеріне белгілі дәрежеде жауапкершілік алады. Кластерлік тәсіл, кез келген басқа әдістеме сияқты, аймақтық АӨК үшін, елеулі нәтижелер әкелуі мүмкін, егер ол кеңейтілген мәнмәтінге жазылса, экономикалық өркендеудің өңірлік стратегияларды неғұрлым кең тұрғыдан дамытады. Қазақстан экономикалық үдерістерді реттеуде мемлекеттің маңызды ролі бар ел, ал ауыл шаруашылығы «көрінбейтін қол» арқылы нарықта барлығын өз орнына қоятын сала емес. Ауыл шаруашылығы өте мардымсыз дәрежеде өзін-өзі реттейді, АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, бұл салаға құзырлы органдардың басқада сапалы түрде қарым-қатынасын, көзқарасын талап етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі және және жергілікті билік органдары басышылықты өз қолдарына алу керек. Қазақстанда агрокластерлерді құру мынадай қағидаттарға негізделуі тиіс: саланың техникалық қайта жаңғырту үшін жағдай жасау, нақты коммерциялық тетіктердің негізінде инвестициялар тарту, инновацияның технологиялық тұрғыдан да басқару тұрғысынан да қолдану, бұл міндетті түрде кластердің субъектілерінің тұрақты дамуына және олардың аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Аймақта қолайлы іскерлік жағдаят қалыптасуы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың етек алмауы, экономикалық қылмыстардың болмауы, құзырлы органдардың бизнестің заңды негізінде «көлеңкелі» сызбаларды қолданбай жүргізілуіне қызығушылығының болуы қажет. Сонымен қатар жергілікті билік агрокластерді қолдау қажет, немесе мемлекеттік реттеу керек, немесе кластерге (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) тікелей қатысуын қолдауға тиіс. Ауыл шаруашылығы саласында отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, өндірістің экономикалық тиімділігінің мардымсыздылығы және инфрақұрылымының дамымауы әсерінен Қазақстанның агроөндірістік кешендерінде, кластерлік жүйені пайдаланудың қажеттілігі туындайды. Елімізде, астық, сүт, мақта-тоқыма, жеміс-жидек пен көкөніс және т. б. кластерлерін қалыптастырудың ұйымдастырушылық және экономикалық алғышарттары бар [6]. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекеге қатаң талаптар қояды, жалпы мақсаттарға жету үшін, жеткізу тізбегін басқарудың тиімді жүйелерін пайдалануды талап етеді, сапаны сақтай отырып, бәсекеге қабілетті бағаны қамтамасыз етуде қатаң талаптарды орындауды талап етеді. Өнімдерді өндіру, қызмет және орау технологиясы үдерістерінде негізгі маңыздылық инновацияға беріледі.



3.2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің  негізгі бағыттары



Агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және   шынайы   азық-түлік   қауіпсіздігіне   қол   жеткізу, агробизнесті дамыту үшін экономикалық реформаларды дамыту және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін мәселелері ерекше бөлігі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы  жағымсыз  жағдайларға  алып  келуі  мүмкін.  Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

Нарықтық  қатынастарды  дамытуға  ынталандыратын  заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

-    Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру   және   басқа   мәселелерді   дұрыс   шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру:

-    Агроөнеркәсіп   өндірісін   тұрақтандыру,   тауар   өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;

-    Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

-    Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру;

-    Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу;

-    Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй,
әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысын тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;

-    Ғылыми    зерттеу,    селекциялық    және    асылдандыру    ісін қаржыландыру  және  ұйымдастыру,  ғылым  мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;

-    Ауыл     шаруашылығы     тауарларын     өндірушілерді     ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

-     Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік
ресурсын қалыптастыру;

-    Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын   сақтауға,   азық-түлік  сапасына  бақылау  жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

- Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын басқару;

Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құкықтық
тұрғыдан қорғау.

Ауыл шаруашылығы өнімі рыногын мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несие және құқықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінін негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық (өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанға дейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.

Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты АӨК өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

- ауыл     шаруашылығын     несиелендіретін      банкілер     қызметін
ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

- меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл
шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанга дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде пайызсыз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін объектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;

- несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;

- коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдікберу;

- ауыл  шаруашылығына несие  беретін  банкілерге  бағалы  қағаздар
шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше
қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне   қажетті   қаржылық   ресурстарды   арзандатуымен   қатар   тез жинақтауды жеделдетеді);

- несиелік қаржыны төмендетілуі  мен  қарыздың қайтарылмауынан
туындаған    шығындарды    жабу    үшін    ауыл    шаруашылық    несиесін
ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.[7]

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынғаландырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

Белгілі бір ауданда бір шағын зауыт салып сол ауыл тұрғындарына белгілі бір бағада сүтті сатып алып оны шағын зауытта өндеп қала дүкенлеріне сату.Жақсы жақтары ауыл халқының күн көрісін көтеріп, қала халқын таза ауылдық өніммен қамтамасыз ету. Тұтынушыға жақын болғандықтан тауар бағасы арзан және пайдалы өнім болады.




















































Пайдаланған әдебиеттер


  1. Дворкин А. С. Кластеризация — как перспективное направление экономического развития региона: дис.... к.э.н. — Самара, 2004. — 194 с.

  2. Третьяк В. П. Кластеры фирм как проявление квазинтеграции. М.: Изд-во «УРСС», 1999. Feldman V. P., Audretsch D. B. Innovation in Cities: Science based Diversity, Specialization and Localized Competition-European Economic Review. — 1999. — № 43. — Р.409–429.

  3. Жакашев Б. Р. Диверсификация деятельности предприятий АПК на основе кластерного развития//Проблемы агрорынка.- июль — сентябрь 2015.-С.33.

  4. Ескараев О. К. Закономерности и тенденции развития кластеров в Республике Казахстан//Проблемы агрорынка.-2006.- № 1.- С.24

  5. Мырзалиев Б. С.и др. Кластеры как новая форма конкурентных отношений в современной экономике. Монография. Алматы, 2013 г., 272 с.

  6. Азретбергенова Г. Ж., Султанов Д. С. Қазақстандағы агроөнеркәсіпті кластерлеу арқылы дамыту // Молодой ученый. — 2016. — №8.9. — С. 9-11.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!