Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5-сынып Қазақ әдебиетінен жұмыс дәптері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Торгын Каировна Тлеуова
Түсінік хат
Қазақ әдебиеті пәнінен жұмыс дәптері 5-сыныпқа арналған. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар 5-сыныптың әдебиетінде өтілетін өлеңдерді талдауға ұсынылған. Өлеңдерді талдау ғалым Қуандық Пазылұлы Жүсіповтің талдау технолгиясы негізінде құрылған. Қ.П.Жүсіпов қазақ әдебиетін мектепте оқыту сапасын жетілдіру дегенде, түрлі әдіс-тәсілдерді әйтеуір көбейте берудің үнемі пайдалы бола бермейтінін ескерткен, кез келген әдіс-амал, бір қарағанда, қаншама ұғымды қолайлы болып көрінсе де, шығарма көркемдігін таныту шарттарына бағындырылмаса, нәтиже солғындауына әкелмей қоймайды деген. Ғалымның «Көркем сөздің құдіреті» атты кітабында 5-сыныпта өтілетін М.Жұмабаевтың «Сағындым» және С.Сейфуллинің «Ақсақ киік» өлеңдерінің дайын талдау үлгілері берілгендіктен, олар сол күйінде алынды.
Ғалымның талдау технологиясы бойынша өлеңді жалаң ауызша баяндап бере салмай, көркем туындының көркемдік нәрін жеткізу үшін 5-сыныпта өтілетін өзге де поэзиялық шығармаларды талдау үлгісін жасадым. Сол арқылы оқушылар әдемілікті сүюге, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру міндеттерін негізге алдым. Және талдау тапсырмаларын ұсыну арқылы әдебиет теориясынан білімдерін тереңдете отырып, өз беттерімен ізденіп, әдебиет материалынан рухани адамгершілікті сезіне біліп, сөздік қорларын молайту негізге алынды.
Жұмыс дәптерінің алғашқы бетінде талдау технологиясының үлгісі көрсетілген. Үлгі арқылы оқушыларға талдау сауалына қатысты сандарды сөзді сол санмен белгілеп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін, мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салу ескертіледі.
Әдебиет өзі қоғам өмірімен тығыз байланыста болған соң, кейбір тақырыптарға тереңірек тоқталған жөн. Оқушыларға талдау тапсырмаларын ұсынуда тақырып соңында оқушылардың алған білімдерін пысықтауда көмекші құрал болады деген ойдамын.
А хмет Байтұрсынұлы
(1873-1938)
Ө гіз бен Бақа (талдау үлгісі)
/Бір Өгіз айдын шалқар10 көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді./1-7
/Шілденің /сарша тамыз ыссы/10 кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді./2-15
/ Су ішіп көлдің шықты жағасына,
Мал еді /көз тоятын қарасына/8./1-9-17
/Артықша бір көлбақа күншіл екен/3,
Сол көлдің Бақасының арасында.
/Өгізді суға тойған Бақа көрді,
/Секіріп көршісіне жетіп келді/5-15-12.
«Боламын сонау мен де өгіздей11» деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді./3-5-12
/ Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? – деп, -
Өгіздей11 анау тұрған болдым ба?» деп/3-12,
/Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сонда бүй деп/15:
«Өгіздей11 болу саған қайда, шырақ?!
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ!
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
/«Қарашы! Енді қандай болдым? – деді,
Міне, мен жаңа Айдай11 толдым!» – деді/4-12.
Ж олдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпыңда қараң мен пормың», – деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа!
/Зорланды қарнын керіп, енді Бақа/3-4-12.
/Шыдамай жұқа10 қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа/6-12.
/Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндей ме біреуге /Алла берген бақты/13?»
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?/6
Әуелде /құдай өлшеп берген/13 дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз: /«Әлін білмес әлек»/14 деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Талдау сұрақтары:
-
Өгіздің суат іздеуі, шөлдеуі
-
Жаз ерекшелігі
-
Бақаның күншілдігі
-
Бақаның мақтаншақтығы
-
Бақаның көрсеқызарлығы
-
Бақаның іштарлығынан тапқан пайдасы
-
Тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Пішін (форма) келістігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Сатира
-
Ұлттық өрнек
-
Мақал-мәтел
-
Нақты көрініс
Жоғарыда көрсетілгендей талдауға берілген сауалдар бойынша өлеңді оқып отыра, бастапқы екі жолда шілденің сарша тамыз ыстық күнінде өгіздің әбден шөлдеп, су ішетін жер іздеп, бір суатқа келіп су ішкендегісі суреттелген. Осы жерге сауалдар бойынша 1 және 7 санын қою керек. Тіршілік салтанаты дегенде шілденің аптап ыстық кезі, даладағы жан-жануар, жәндік атаулыны шөл қысып, су, көлеңке іздейтін кезін бейнелейді. Жалпы бастапқы алты шумақта өгізді көрген бақаның күншілдігі, бақаның бойындағы көрсеқызарлығы, өгіздей боламын деп мақтануы баяндалады. Бұл жерлерге 3,4,5 сандарын қою қажет. «Мал еді көз тоятын қарасына» деген тіркестерде өгіздің пішін келістігі де, рең әсемдігі де бар. Және өлеңнің өн бойында сатира, юмор көрінеді, яғни мысал өлең болғандықтан, сатираға құрылған поэзиялық шығарма. «Өгіздей», «Айдай» деген сөздер «-дай, -дей, -тай, -тей» жұрнақтар арқылы жасалытын, бір затты бір затпен салыстыра суреттеу арқылы жасалған теңеу. Ал «айдын шалқар», «жұқа» деген сөздердің заттың ерекше қасиетін көрсететін эпитеттер. «Алла берген бақ», «құдай өлшеп берген» деген тіркестер қазақ халқының Аллаға сеніп, әрдайым сыйынып жүретіндігін білдіреді, сондықтан оны ұлттық өрнек деп айтамыз. Осылайша талдау сауалдарына орай әр сөздің жоғары жағына сандарды қою арқылы белгілеп және өз ойларын ортаға салады.
М ахамбет Өтемісұлы
(1803 – 1846)
Соғыс
...Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып,
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер білінді,
Исатай – басшы, мен – қосшы.
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті,
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын,
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында,
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ әр жерден,
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды,
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып аларға.
Толғай-толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан.
Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан.
Талдау сауалдары:
-
Исатайдың сырт тұлғасын білдіретін сөздер
-
Жаумен айқасқандағы ерлік бейнесі
-
Исатайдың мықтылығы
-
Исатайдың сақтығы, көрегендігі
-
Исатайдың мергендігі
-
Исатайдың астына мінген атының бейнесі
-
Исатай жанындағы әскердің көптігі
-
Жаудың көптігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Нақты көрініс
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Көптік ұғым
-
Ұлттық өрнек
Қызғыш құс
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
И сатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Сені көлден айырған
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған
Хан Жәңгірдің екпіні.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Айтып-айтпай не керек,
Құсалықпен өтті ғой
Махамбеттің көп күні.
Талдау сауалдары:
-
Лирикалық қаһарманның жалғыздығы
-
Лирикалық қаһарманның күйзелуі
-
Лирикалық қаһарманның сағынышы
-
Лирикалық қаһарманның жанына медет іздеуі
-
Паралелизм (егіздеу)
-
Эпитет
Ы бырай Алтынсарин
(1841 – 1889)
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап, күн көреді жанабында,
Дәм болар, алуан-алуан балығында...
Т ау таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында...
Талдау сауалдары:
-
Тіршілік салтанаты
-
Судың көптігі
-
Судың екпіні
-
Су дыбысы
-
Судың қасиеті
-
Судың ағысы
-
Судың бағыты
-
Шөптің көптігі
-
Малдың көптігі
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Ұлттық өрнек
-
Н ақты көрініс
Абай Құнанбайұлы
(1845 – 1904)
Қыс
А қ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.
Талдау сауалдары:
-
Аяздың ерекшелігі
-
Қыстың ерекше бейнесі
-
Қыстың іс-әрекеті
-
Қыстағы балалар бейнесі
-
Қыстағы малшының күй-жайы
-
Қыстағы жылқылардың жай-күйі
-
Қыста жылқыға қасқырдың шабуы
-
Тарығып отырған кедей ауылдарға қол ұшын беру
-
Малды «ант ұрған кәрі» қысқа беріп өлтіріп қоймау амалы
-
Тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Форма (пішін) келістігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Синекдоха (меңзеу)
-
Кейіптеу
-
Ұлттық өрнек
-
Дерексіз ұғымды жандандыру
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Нақты көрініс
Сұлтанмахмұт Торайғыров
( 1893 – 1920)
Шілде
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай,
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң желіне тербетілді,
Көк майса көзі ілініп тербетілді.
Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып.
Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат:
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.
К өлбеңдеп көкке қарай жердің буы,
Айнадай анандайдан көлдің суы.
Би билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбырамен құстың шуы.
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,
Айдың да өлеусіреп түсі қашқан.
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,
Бірі жоқ, тамам жұлдыз бетін басқан.
Жайылып төрге қарай таңның ағы,
Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.
Қарайып, өрген сиыр, түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы.
Ыңыранып қой қотанда таңды көріп,
Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.
Төбеттер үй алдына жаңа жатты,
Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бөліп.
Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып,
Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.
Бір молда шәугім ұстап, тысқа шықты,
Бүкшеңдеп, арба айнала қақырынып.
Қисайған қос секілді жалғыз қара –
Ауылдан арқан бойы тұрды дара.
Қолтықтап «Әптиек» пен «Құрандарын»,
Жиылып жатыр сонда біткен бала.
Күн хабар сонда берді нұрын шашып,
Бір күлді жүзіменен амандасып:
«Ал бізге сәуле түсті, алақай!» деп,
Ой мен қыр қарап тұрды жымыңдасып.
Талдау сауалдары:
-
Шілде таңының келбеті
-
Торғайдың ән салған бейнесі
-
Ауа тазалығы
-
Әсем қозғалыс
-
Шөптің иісі
-
Су тазалығы
-
Айдың әлсіздігін сезінуі
-
Күн шыққандағы әсем көрініс
-
Жұлдыздың көптігі
-
Малдың көптігі
-
Ауыл шалдарының бейнесі
-
Нұрын шашқан күннің бейнесі
-
Сабақ оқуға дайындалған балалар
-
Тыныштық белгісі
-
Дыбыс сипаты
-
Жалпы тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Форма (пішін) келістігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Синекдоха (меңзеу)
-
Кейіптеу
-
Ұлттық өрнек
-
Дерексіз ұғымды жандандыру
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Нақты көрініс
М ағжан Жұмабаев
(1893 – 1938)
Қысқы жолда
Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді.
Ызғарлы жел долданып,
Е кі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі...
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі?..
Талдау сауалдары:
-
Қараңғы түннің бейнесі
-
Боранның соғуы
-
Аттың жүрісі
-
Желдің долдануы
-
Рең әсемдігі
-
Форма (пішін) келістігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Ұлттық өрнек
-
Дерексіз ұғымды жандандыру
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Нақты көрініс
Сағындым
Абақтыда айдан, күннен
жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды
сағындым.
«Қарашығым, құлыным!», - деп
зарлаған
Алыстағы сорлы анамды
сағындым…
Жатқан үйім – қабырғасы қара
тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қаракөлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Т апал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар!
Алтын Күнді, қара жерді
сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді
сағындым.
Асау тайдау еркелетіп өсірген
–
Ағайынды, туған елді
сағындым.
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
Бостандықта өткен күнді
сағындым,
Желдей заулап кеткен күнді
сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам
ерікті,
Ойдағыны еткен күнді
сағындым.
Ойыны бір кұрдастарды
сағындым,
Тілегі бір жолдастарды
сағындым.
Келешекке бірге жоспар
құрысқан,
Сырласатын жан достарды
сағындым.
Не көрсем де – Алаш үшін
көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!
Баласынан тұтқын болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама?
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Талдау сұрақтары:
-
Шығармадағы алапат қиындық, таршылық көрінісі – Мағжан стилінің айнасы
а) жалпы тақсірет, таршылық көрініс
ә) қаттылық, беріктік сипаты
б) жалпы жағымсыздық
в) жағымсыз реңк
г) тамақ нәрсіздігі
ғ) уақыт өтпеуі
-
Лирикалық қаһарман сезімі даралығы – стиль көрінісі
а) лирикалық қаһарманның жүдеуі
ә) лирикалық қаһарманның сағынышы
б) лирикалық қаһарманның күйзелуі
в) лирикалық қаһарманның күрескерлігі
-
Табиғат, қоршаған орта сипатының ақын идеясын негіздеудегі, өрістетудегі орны
а) табиғат бейтараптығы
ә) тыныштық үстемдігі
б) бағалылық, құндылық белгісі
в) тіршілік салтанаты
г) әдемілік сипаты
ғ) белгілі бір көріністі нақты кескіндеу
д) көптік ұғым
-
Сөз нақышының да ақын стиліне бағындырылуы
а) көріктеуіш
ә) теңеу
б) метафора (ауыстыру)
в) метафоралық тіркес
г) кейіптеу
ғ) дерексіз ұғымның заттануы
д) дерексіз ұғымның жандануы
е) рәміздік (символдық) белгі
ж) ұлттық өрнек
з) сөз мәнерлілігі
-
Тура айтудың әсерлілігі
Сәкен Сейфуллин
( 1894 – 1938)
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.
Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қыс ішінде талай көштік.
Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.
Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
Казақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген...
Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер,
Асығып қар суымен "несіп етер".
Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң ауласып кәсіп етер.
Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте-бірте келе жатқан!..
Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам көзі қиып.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
М ың-мыңнан баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келеді анда-санда саяқ-некен.
Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.
Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай.
Ел қайда? Ел алыста - шулаған ел!
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақ бөкен сахаранын бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..
Ботакөз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан
мерген!..
Талдау
сұрақтары:
-
Киік әдемілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестері
-
Киіктің әсем әрекетін білдіретін сөздер
-
Киіктің бір кезде көп болғаны
-
Табиғат қиындығы, онда өмір сүру ауыртпалығы
-
Киікті көп ату
-
Киік қиналуы: қанның көп ағуы
-
Киік азапталуының басқа да түрлері
-
Лирикалық қаһарманның, сол арқылы ақынның киік қиналысына, өліміне аяныш білдіруі
Қасым Аманжолов
(1911 – 1955)
Жамырап күнде жас өмір
Жамырап күнде жас өмір,
Маңырап тұрған марқасы,
Сауыры семіз құтты жер –
Қ азақтың Сары Арқасы.
Қоңырау үнді құлыншақ,
Желкілдеп желмен айдары
Ойнаған қырда асыр сап,
Жарысып құнан-тайлары.
Даласы мауыт-пүліштей,
Дария дарқан, думан жер.
Өзені аққан күмістей,
Дариға, біздің туған жер!
Даламыз толы байлыққа,
Қаламыз толы білімге!
Асылы елдің ашылды
Тереңнің жатқан түбінде.
Талдау сауалдары:
-
Тіршілік салтанаты
-
Сарыарқаның ерекшелігі
-
Барлық, байлық белгісі
-
Дыбыс
-
Судың ағысы
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Синекдоха (меңзеу)
-
Ұлттық өрнек
-
Нақты көрініс
-
Қара байыр сөз
Мұқағали Мақатаев
(1931 – 1976)
Фантазия
Жеті қат жерің мына төңкерілген,
Жеті қат аспанменен көмкерілген.
Адамзат табысқан ертеңімен,
Ғаламаттар туылған ертегіден.
Ғаламаттар жасалған ертегіден,
Ертегілер қиялдан ерте жүрген.
Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат,
Галилей, Коперниктен ерте білген.
Барлығын да адамзат қиялдаған,
Қиялдан жер бетіне сыя алмаған.
Ойлап-ойлап, отырып кілемімен
Аспанға ұшудан да ұялмаған.
Қиялдап, менің дана, байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған.
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
Талдау сауалдары:
-
Тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Әсірелеу (гипербола)
-
Ұлттық өрнек
-
Нақты көрініс
Мен таулықпын
Тау дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,
Қ уат алып қыранның қанатынан.
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам,
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.
Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын,
Тау – менің дәу бесігім,
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам.
...Тауға барып,
Көкке ұшып, кетсем бе кен?
Ұстап алып қыранның қанатынан.
Талдау сауалдары:
-
Тіршілік салтанаты
-
Лирикалық қаһарманның өжеттігі, мықтылығы
-
Лирикалық қаһарманның еркіндігі
-
Лирикалық қаһарманның ой-арманы
-
Лирикалық қаһарманға табиғаттың әсері
-
Тау биіктігі
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Әсірелеу (гипербола)
-
Ұлттық өрнек
-
Нақты көрініс
Фариза Оңғарсынова
(1939 – 2014)
Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын,
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр-өндерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім...
Болардай басқұр, өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтың қарар жебеп,
Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қалам ба деп,
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...
Талдау сауалдары:
-
Ақынның сағынышы
-
Ақынның сүйіспеншілігі
-
Ақынның әжесіне деген махаббаты
-
Ақынның намысқорлығы
-
Ақынның ұлттық дәстүрді бағалауы
-
Пәктік, күнәсіздік белгісі
-
Әдемілік сипаты
-
Тіршілік салтанаты
-
Пішін келістігі (форма)
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Кейіптеу
-
Синекдоха (меңзеу)
-
Ұлттық өрнек
-
Нақты көрініс
-
Қара байыр сөз
М ұхтар Шаханов
(1942 жылы туған)
Нарынқұм зауалы
(үзінді)
Махамбеттің монологы
...Иә, шындықтың ащы даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты шарты –
Басты алса да шындықты айту емес пе?
Өлімге сан жақын бардым,
Қоғансыз боп көрінсем де жай көзге.
Шындықты айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?
Мен сенемін күні ертең
Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.
Күліп жайсаң күн ғажайып
Ел наласы тарқар деп.
Ақымақтар күрт азайып,
Сұмдар қорқақ тартар деп.
Мен сенемін, күні ертең,
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем.
Мынау дәурен бұрқан-тарқан
Ертең қайта өзгерер...
Шындап құлап сүйе алмауды
Қылмыс санар кез келер.
Туған елім,
Құдіретімсің аңсаған.
Алдан жарқын күн шыққанша
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша,
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,
Жер астынан қарап жатам мен саған.
Талдау сауалдары:
-
Махамбет ақынның трагедиялық көңіл күйі
-
Ақынның шындық үшін басын да құрбан етуге дайын болуы
-
Ақынның өлімнен қорықпауы
-
Ақынның үміті, сенімі
-
Туған елге деген махаббаты
-
Тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Ұлттық өрнек
-
Дерексіз ұғымды жандандыру
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Нақты көрініс
Күләш Ахметова
(1946 жылы туған)
Қазағым менің
Бір жерде тұрлау таппаған,
Қ осылмай малы қаптаған.
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?!
Бағынып бірақ қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!
Жер бар ма жалпақ төсінде
Қасірет жасы тамбаған?!
Толқимын-дағы тоқталам,
Тоқталмай кімдер өтті аман?
Ардағын қимай қазақтар
Кей жерге күмбез соқпаған?!
Құстары көлде шулаған,
Тұлпары белде тулаған.
Тулары биік желбіреп,
Қандай бір әндер тумаған?!
Жауына қатты қасарған,
Қасарған сайын жасарған.
Найзамен
Нағыз қазақтың
Намысын кімдер баса алған?!
Өтпеген қанша қамалдан,
Қамалдар шыққан тағы алдан.
Несібі жомарт қазақтың
Есігін кімдер жаба алған?!
Жатты да кейде бауыр дер,
Жақсы қыз бенен жалынды ер.
Жиын-той болса – бәрі ақын,
Жау тисеүгел – жауынгер!
Аударып жұрттың назарын,
Бардың да көрген базарын.
Жоқтың да көрген азабын,
Даладай дана қазағым.
Ойларға толып көптеген,
Өрнегін қанша төкті өлең.
Ұрпақты сақтап қалсақ деп,
Қайда да, қайда кетпеген?!
Бәрі де таныс жайт маған,
Әділет болмас айтпаған.
Ақыры алтын бесікке
Сабылып қайдан қайтпаған?!
...Сағынып қайдан қайтпаған?!
Талдау сауалдары:
-
Еркіндік салтанаты
-
Малдың көптігі
-
Құстың көптігі
-
Қазақ халқының намысқойлығы
-
Қазақ халқының өршіл рухы
-
Көрген қасіреті
-
Қазақ халқының асыл қасиеттері: жомарттығы, жайсаңдығы
-
Қазақ халқының даналығы
-
Қазақ халқының ұрпақ болашағына алаңдауы
-
Тіршілік салтанаты
-
Рең әсемдігі
-
Эпитет (көріктеуіш)
-
Теңеу
-
Метафора (ауыстыру)
-
Метонимия (алмастыру)
-
Синекдоха (меңзеу)
-
Кейіптеу
-
Ұлттық өрнек
-
Дерексіз ұғымды жандандыру
-
Дерексіз ұғымды заттандыру
-
Нақты көрініс
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Әдебиет. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. 4-басылым, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2015ж
-
Көркем сөздің құдіреті. Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2000ж
5