Материалдар / 7,8 сыныптарға арналған биология пәнінен кіріктірілген сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7,8 сыныптарға арналған биология пәнінен кіріктірілген сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ,әсіресе, шағын жинақталған мектептің мұғалімдері үшін таптырмас құрал болып табылады.Биология пәнінің мұғалімдеріне арналған сабақ. Сабақ жаңартылған оқу мазмұны бойынша құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
1586
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ §15-17

Адам ағзасы үшін дәрумендердің,көмірсулардың,нәруыздардың және майлардың маңызы

Мектеп: «Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7-8 кіріктірілген сыныптар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам ағзасы үшін дәрумендердің,көмірсулардың,нәруыздардың және майлардың маңызы (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып,мазмұнын түсінеді,адамға қажетті негізгі дәрумендердің,нәруыздардың,көмірсулардың,майлардың тізімдемесін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Адам ағзасында органикалық заттардың жетіспеушілігі салдарынан болатын өзгерістерді болжайды,жетіспеушіліктен пайда болатын ауруларды талдайды;

Кейбір оқушылар:

Тамақ өнімдеріндегі дәрумендердің,көмірсулардың,нәруыздардың, майлардың болуына байланысты тамақ өнімдерін анықтап,категорияларға бөледі,адам ағзасы үшін органикалық заттардың роліне баға береді

Сабақтың құндылығы

  • Зайырлы қоғам мен жоғары руханият

Бағалау критерийлері

  • Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды

  • Құрамында дәрумендердің қажетті мөлшері бар азық-түліктердің тізімін жасайды

  • Ағзадағы органикалық заттардың жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттайды

  • Адамның тамақ рационындағы майлардың ролін анықтайды

  • Адам ағзасы үшін дәрумендердің,нәруыздардың,көмірсуардың,майлардың роліне баға береді

  • Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін тұжырымдайды

Тілдік мақсаттар

Белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы,қажетті мәліметті алу үшін тыңдау,түсіндіру, басқа сөзбен айту,сөздікпен жұмыс істеу дағдылары

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дәрумендер,суда еритіндер,майда еритіндер,авитаминоз,гиповитаминоз,құрқұлақ,бери-бери,пеллагра,ақшам соқыр,мешел

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Егер сендер топтарыңмен дүниежүзін айналуға саяхатқа шығатын болсаңдар,қандай азық-түлік алар едіңдер? Топтарыңмен сұрақты талдап,алатын әрбір азық-түлікке түсініктеме беріңдер./Естеріңде болсын,сендер саяхатқа шығатын кемеге көп нәрсе салуға бомайды/

Сіз неліктен......... екенін айта аласыз ба?

1.В тобына жататын дәрумендерді және Е,Д,С дәрумендерін неліктен жеке-жеке емес бір комплексте қабылдаған жөн екендігін түсіндіріп бере аласыңдар ма?.

2.Дүкеннен азық-түлік сатып алған кезде,олардың қаптамаларының сыртындағы сол өнімнің құрамы туралы жазуларға көңіл аударатын боларсыңдар.Азық-түлік қандай заттардан тұрады?Дұрыс тамақтану рационында қандай заттар болуы керек?

1.Себебі олардың мөлшері үйлестірілген,ең бастысы минералдар мен дәрумендер арақатынасы тиімді теңестірілген.Бәрі бір ағза үшін тиімді қызмет етеді.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

1.Дәрумендердің жетіспеуінен туындайтын ауруларды дәптерге жазып алу.

2.Нәруыздың жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды дәптерге жазып алу.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Биология,химия, медицина

Алдыңғы оқу

« Лездеме сұрақтар» 8сынып

Ішек-қарын ауруларының жұғу жолдарын атаңдар:/қайнамаған су, лас қол, жуылмаған жемістер, көгөністер, лас ыдыс-аяқ, шала піскен ет не балық, беті ашық қалған тағам.


Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер); 3) Тамақ құнарлығы адам жасына, денсаулығына байланысты; 4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 5) Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуы.


« Лездеме сұрақтар» 7сынып

1.ДНҚ,РНҚ,АТФ құрамындағы элемент

2.Жануарлардың қантүзіліміне әсер етеді

3. Микроэлементтерге мысал келтіріңдер, оларды неге солай атайды?






Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин






Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал

Сынып көкөністер мен жеміс-жидектер суретін таңдау арқылы «Зеректер» және «Зерделілер» болып екі топқа бөлінеді.Әр топ өздерінің атына байанысты бір шумақ өлең шығарады.

«Зеректер» тобы: Біз дайынбыз бұл сабаққа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

«Зерделілер» тобы: Қиындықтан ,сірә, бізде қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру;

«Сыйқырлы қалта»

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра тұрады.Ортада сыйқырлы қалта тұрады.Сыйлықтар-қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қалтадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып,ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.



Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жаңа тақырып мәтінін беремін

(оқу ұзақтығы-3мин)

Берілген тақырып бойынша постер қорғау. (2мин)

«Зеректер» тобы: Дәрумендерге сипаттама

«Зерделілер» тобы: Азық-түліктегі көмірсулардың,нәруыздардың, және майлардың маңызы



«Дәрумендер» видео материалы бойынша мына төмендегі сұрақтар қойылады.

1.Авитаминоз ауруына шалдықпау үшін не істеу қажет?

2.Балықтың құрамында қандай дәрумендер бар?

3.Сдәруменінің жетіспеуінен қандай ауру туындайды. (цинга ауруы)

4.Қымыз қаншалықты пайдалы?

Дескрипторлар:

Екі сыныпта мәтінді толық меңгеріп,органикалық заттардың жетіспеуінен туындайтын ауруларды тізімдейді.

Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын аурулардың белгілерін анықтайды

Дәрумендер кездесетін азық-түліктерді жүйелейді.

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies





1- 3 слайд





Сабақтың ортасы






«Ролдік ойын» стратегиясы.

Рөлдер:Дәрігер мен пациент

Тақырып: диагноз қою


Пациент:1. Менің көзім жиі ауырады,теріскен көп шығады/ С дәруменінің жетіспеушілігінен (дәрігер түсіндіреді)

2.Қолымның сырт жағы ,аяғым ауырады,жылы мен суықты сезбейді- В1 дәруменінің жетіспеушілігінен

3.Мен соңғы уақытта ұмытшақ болып бара жатырмын,бұған не себеп?

4.Авитаминозды қалай анықтауға болады?


Дескрипторлар:

Ролдің шынайы ойналуы

Диагноздың дұрыс қойылуы

Ағза үшін дәрумендер ролінің ашылуы


1 - қосымша






Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарайсыз?


Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

8 сынып. Қабілеті жоғары оқушы:

Майда және суда еритін дәрумендерді «Венн диаграммасымен салыстыру»








7 сынып. Құрамында нәруыз,көмірсу,май мөлшері көп азық-түлік тізімін жасау


«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы


Тақырып бойынша топ мүшелері келесі топ мүшелерінен сұхбат алады.

Дескрипторлар: – мәтіннен негізгі ойды бөліп алады;


Рефлексия. «Қасыңдағы көршіңе 1 пікір таңдаңыз» – Жарайсың!! – Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. – Сен жақсырақ жұмыс жасай алар едің. – Бүгін сен «жұлдызсың». – Сен мен үшін ең білгір доссың.



Сабақтың соңы

39-40 мин







Кері байланыс:

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» стратегиясы

1.Қандай ой пайда болды?

2.Не сезіндім?

3.Не ұнады?


Үй тапсырмасы:

Тағамды дайындау, сақтау кезінде оның құрамындағы дәруменнің мөлшерін сақтау жолдары туралы ақпараттар жинап келу.

12 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Пациенттік карталар мен кеңес беруші дәрігердің рөлін таңдаған кезде оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларына сай жұмыс істеуге мүмкіндік алады.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау – мұғалімнің тарапынан кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады

Өзара бағалау-оқушылардың стикерлер арқылы топтық жұмыстарды бағалауы кезінде жүзеге асырылады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалады.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!