Материалдар / 7 жаңа әдіс-тәсіл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

7 жаңа әдіс-тәсіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытатын ұстаздарға арналған 7 жаңашыл әдіс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
679
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Құрастырған: Солтанова Бұлбұл ҚайсарқызыШығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, КММ «Аршаты орта мектебі»2019 жыл

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН 7 ӘДІС
  • «АТҚА МІНУ» әдісі
Мақсаты: айтылым дағдысын қалыптастыру; үй тапсырмасын еске түсіру; үйде меңгерген ақпаратты ой елегінен өткізу; өз ойларын тұжырымдау. Мазмұны: Үй тапсырмасын қайталау үшін бір оқушы ортаға шығады; бірінші қатарда отырған оқушылардан бастап үй тапсырмасын сұрайды, берілген сұраққа жауап берген білім алушы, сұрақ қойып жүрген білім алушымен еріп отырады. Жауап бере алмаған білім алушы орнында қалады.
  • «АЛТЫН ЖАПСЫРМА» әдісі
Мақсаты: үй тапсырмасын орындау барысында түсініксіз болған тұстарын білу.Мазмұны: Білім алушылар алдарында берілген «алтын жапсырмаларға» үй тапсырмасында түсінбеген, орындау үшін қиындық тудырған тұстарын жазып, тақтаға орныластырады. Бұл сұрақтар сабақ соңында талқыланатын болады.
  • «БІЛІМ ІЗДЕУШІ» әдісі
Мақсаты: білім алушылардың жаңа ақпаратты өздігінен игеруіне жол ашу.Мазмұны: Білім алушыларға А3 форматындағы қағаз беріледі; жаңа ақпаратты оқып болғаннан кейін бірінші қатардан бастап бір білім алушы өзі меңгерген бір ақпаратты жазады, келесі білім алушы алдындағы білім алушыны қайталамай басқа бір ақпарат жазады. Осылайша А3 форматындағы қағазға сынып болып жаңа тақырыпты құрастырып шығады
  • «АЛТЫН ОЙ» әдісі
Мақсаты: айтылым дағдысын қалыптастыру; өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Мазмұны: білім алушылар сабақта меңгерген жаңа тақырып негізінде өз ойын айтады. Сабақ барысында өтілген ақпаратты немесе шығарманы мақал-мәтелмен, «Мәңгілік ел» құндылықтарымен байланыстыра айтады.
  • «АЛТАЙ ШЫҢЫ» әдісі
Мақсаты: білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар орындату.Мазмұны: Тақтада үш деңгейге бөлінген (жоғары, орта, төмен) тау суреті беріледі.Қағаз қиындыларына білім алушылардың деңгейіне сай түрлі тапсырмалар жаылады. Білім алушылар өз деңгейлеріне сай тапсырмаларды алып, орындауы тиіс.
  • «КЕРУЕН ЖОЛЫ» әдісі
Мақсаты: жазылым дағдыларын қалыптастыру; жаңа ақпаратты қаншалықты меңгергенін бақылау.Мазмұны: Білім алушылар екі топта отырады. Әрбір білім алушы алдында берілген түйе суретіне сабақта меңгерген бір ақпаратын жазып, керуен жолына апарып түйені орналастырады. Осылайша екі топта 1 минут уақыт ішінде сабақта меңгерген ақпараттарын жазып кезекпен орналастырып отырады. Қай топтың керуен жолында түйе суреті көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
  • «АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚ» әдісі
Мақсаты: білім алушылармен өтілген сабаққа кері байланыс жасап, сабақты қорытындылау.Мазмұны: Білім алушылар дайын үлгідегі қағазға бүгінгі өтілген тақырыптың атауын, жаңа тақырыптың негізгі тірек сөздерін және де «Бүгінгі меңгерген ақпарат маған пайдалы болды ма? Мен нені есте сақтауым керек?» деген сұрақтарға жауап жазады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!