7-сынып Әдебиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып Әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып: 5


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»

5-сағат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.А/И.4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сынып алдында талдайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап өлең жолдарын құрастырады

Бағалау критерийі

  • Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: егінші , бала бидай , дәнге толу, тәкаппарлық, шекірею, бүгілу, кекірейіп, иілу, қалпы

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Сайран ету, көкке қарау, қайран қалу, көпке балау, ешкімді менсінбеу, көз түсу, тағзым ету

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?


Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?


Бастары дәнге толы бидайлар неге тағзым етіп тұр?


Ишара: Көркем шығармадан қандай әсер алдыңдар, не байқадыңдар, өз ойларыңды шағын эссе түрінде жазыңдар.


Құндылықтарға баулу

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» әңгімесін оқу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, биология, география

Алдыңғы оқу

Көркем шығармадан шағын көлемді үзінді жаттау, мәнерлеп оқу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

(2-5 мин)






Оқушылармен сәлемдесу.Кезекшімен сұхбат

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін айтады.

Саналу бойынша сыныпты топқа бөлу.


Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы А. Байтұрсынұлының шығармаларына шолу жасау.

БК: Өлеңдерін атап бере алады.

Басқа мысал өлеңдермен салыстыра алады.

Бағдаршам тәсілі бойынша бағаланады.




Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

(25-35 мин)








Ж.

«Авторға хат»

Ахмет Байтұрсынұлына хат жазу.

БК:

1. Хат жазу ережесін сақтайды.

2. Өз ойын толық жеткізе алады.


С.

«Ақпаратты сүзіп алу»

Оқушылар «Егіннің бастары» өлеңінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды.

БК: Сөз тіркесін таба алады.

Сөз тіркестерінің мағынасын аша алады.


Жетекші сұрақ қою.

Қазіргі жастарға бұл өлең не береді?

БК: 1. Өмірмен байланыстыра алады.

2. Өзекті мәселелерді талдай алады.


ЖЖ.

«Бидайдың басын көтергені – дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» мақалы мен мысалдың байланысын талдаңыз.

БК. 1. Ортақ шешім шығара алады.

2. Мақалдың мағынасын аша алады.


Ж. Деңгейлік тапсырма

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

  • Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыр.

БК. 1. Өлең құрылысын сақтайды.

2. Салыстыра алады.


Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

  • Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талда.

БК. 1.Әрекеттерге талдау жасай алады;

Автор идеясын аша алады.


Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

- Көркем шығармадан алған әсеріңді сипаттап жаз.

БК. 1.Іс-әрекеттерді сипаттай алады.

2. Алған әсерін жаза алады.


Сергіту сәті. «Ауада санау»




Ақын суреті
















таратпа қағаздар







Үлестірмелі карточкалар


Сабақтың

соңы


(5 мин)






Т. Пікір алмасу Сұрақ-жауап арқылы ой қорытындылайды.

1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

2. Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

БК. Сұрақтарға жауап бере алады.

Адам мен бидай іс-әрекетін салыстыра алады.

Бағалау. Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.


Үйге тапсырма беру.

А. Байтұрсынұлының басқа мысалдарын оқу.


Рефлексия. «Сыныптан шығу билеті».




Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыру тапсырмасы берілді,

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талдау тапсырмасы берілді,

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

Көркем шығармадан алған әсеріңді сипаттап жаз деген тапсырма берілді.

Оқушылардың деңгейіне сай, әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет.






Критериалды бағалау,

Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.




АКТ-мен байланыс болды.

Интербелсенді

тақтаны қолдандым.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі