Материалдар / 8 сынып "Ашық және жабық тұқымдасты өсімдіктердің тіршілік циклі" үздік қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8 сынып "Ашық және жабық тұқымдасты өсімдіктердің тіршілік циклі" үздік қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
биология мамандарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Национальная академия образования имени И. Алтынсарина



Shape1












Shape2

Астана

2014

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 қыркүйектің № 8 хаттама).


Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 26 сентября 2014 года).



Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру. Әдістемелік құрал – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 33 б.


Организация деятельности попечительских советов. Методическое руководство. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. – 31 с.


Әдістемелік құрал білім мазмұнын жаңартудың қазіргі таңдағы өзекті

мәселесі – білім беру ұйымдары қамқоршылық кеңестерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.

Құралда мектептегі қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру жолдары туралы баяндалған, қамқоршылық кеңестері қызметін аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесі талданған, сонымен бірге білім беру ұйымдары қамқоршылық кеңестерінің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген.



Пособие посвящено актуальным в современных условиях обновления содержания образования вопросам организации деятельности попечительских советов организаций образования.

В книге даются ответы на вопросы, каким образом организовать попечительский совет школы, проанализирован казахстанский и зарубежный опыт организации деятельности попечительских советов, выявлены особенности организации работы попечительских советов с учетом региональных особенностей и разработаны методические рекомендации по организации деятельности попечительских советов в организациях образования.



© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014


© Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014

Кіріспе


Білім берудің қазіргі кезеңінде қамқоршылық кеңестері қызметін жандандыру әрекеті қоғам мен мемлекет тарабынан мектепке қолдау көрсету механизмін құру қажеттігін түсінгендігін көрсетеді.

Қамқоршылық кеңестерінің қызмет аясы мектеп әкімшілігімен бірге білім беру ұйымын дамыту стратегиясын дайындау, білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жүргізу болып табылады.

Мектептің әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеуі – бұл білім беру процесіне қатысушылардың барлығына білім мен тәрбие беретін мектепте және мектептен тыс жерде жаңа әлеуметтік шынайылықты орнатуды білдіреді. Мектептің негізінде мемлекеттік-қоғамдық ынтымақтастықты реттеу әдіснамасы мектеп ішінде және мектептен тыс жерде қажет құрылымдарды жобалауды, ұйымдастыру мен дамытуды, қолданыстағы заңнама негізінде олардың тиімді қызмет ету тәртібін дайындауды және игеруді білдіреді.

Жұмыстың өзектілігі тұтас алғанда қазақстандық қоғамның қарқынды және тез өзгеру шарттарымен, және өмірдің түрлі салаларында нарықтық экономика, құқықтық мемлекет, азаматтық сана және қоғамдық белсенділік сияқты оның маңызды элементтерінің орнауымен келісілген.

Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру проблемасын зерттеудің қажеттілігі дамудың инновациялық жолына өту, басымдылық ретінде адами капиталды бөліп көрсету сияқты әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістермен және білім берудегі қазіргі объективті қарама-қайшылықтармен байланысты. Білім беру ұйымдарының қызметіне әлеуметтік әріптестіктің қосылуын және білім беру процесінің субъектілері мен жұртшылықтың олар үшін жеткіліксіз бағдарланған әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде өзара тиімді әрекеттестікті арттыратын процестер негізгі қарама-қайшылыққа жатады.

Білім беру және әлеуметтік қорғау салаларындағы проблемалар соңғы кездері мемлекет пен жұртшылық тарабынан қызығушылық туғызып отыр, және қамқоршылық кеңестерін құру осы салаларда қызмет ететін мекеме қызметінің тиімділігін арттырудың бірден бір тетігі болуы мүмкін.

Білім беру саласында қамқоршылық кеңестері өзге құрылымдармен қатар білім беруді дамыту үшін жағдайлар туғызуға, оның қолжетімдігін, сапасын және еңбек нарығының ағымдағы әрі болашақтағы сұранысына сәйкестігін, балалар мен жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті.

Қамқоршылық кеңестерінің қызметін ғылыми-әдістемелік түсіну уақыт сұранысынан айтарлықтай артта қалып келеді.

Осыған байланысты әдістемелік құралдың мақсаты – қамқоршылық кеңестерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін тарату. Кітапта фактілік материалдар негізінде логикалық жүйелілікпен баяндалған қамқоршылық кеңестерін ұйымдастырудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу жөніндегі материалдар; білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестері

қызметін ұйымдастырудың талдауы; білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар берілген.

  1. Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастырудың қазақстандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу


Қазақстандағы қамқоршылық кеңестері мазмұны жағынан білім беру ұйымдарын басқарудың жаңа, прогрессивті формасы болып отыр. Жаңа құрылымдарға мектептің стратегиясын анықтауды жүктейді, басшылық қызметтерге мамандарды тағайындайды, сондай-ақ қаржы қызметін бақылауға кеңес береді.

Білім беру ұйымдары қамқоршылық кеңестерінде ата-аналар жұртшылығы, үкіметтік емес ұйымдары, бизнес өкілдері және педагогтардың өздері қызмет етеді.

Назарбаев Университеті қамқоршылық кеңесінде Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшелері алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті басшылық тарапынан өтініш пен өкім күтіп отырудың қажеті жоқ екеніне баса назар аударды. Қамқоршыларға өте маңызды міндет жүктелді, сондықтан олар проблеманы өздері тауып, байыбына баруы, шешімін табуы және көмек көрсетуі тиіс.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін» құру мақсатымен қатар «білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің үлесін 2015 жылы 45%-дан 2020 жылы 60% - ға арттыру» міндетін белгіледі [1].

Бағдарлама Қазақстандағы білім беруді басқаруда қамқоршылық кеңестеріне жұртшылықты тарту ісінде басты механизм рөлін белгіледі.

«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері» (2007 ж.) қамқоршылық кеңестерін құруды және қызметін реттейтін ереже болып табылады [2].

Қамқоршылық ұғымы қолдаушылық, қамқорлық мағынасын білдіретіні бәрімізге белгілі.

Ешбір мемлекетте және ешқандай қоғамдық құрылыста оқу орындарын жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкін болмаған шығар. Бұрынғы кезде қамқоршылық кеңестері көпестерден, шонжарлар мен губернаторлардан, жоғары деңгейлі шенеуліктерден тұрды. Кейбір қазақстандық отбасыларда бүгінгі күнге дейін әжелерінің мектеп директорымен бірге қаланың құрметті азаматтары – қамқоршылық кеңесінің мүшелері қол қойған орта білім туралы аттестаты сақталған.

Бүгінгі күні Қазақстанда мектептер жанында 3259 қамқоршылық кеңестері бар. Олардың көпшілігі Үлгілік жоспарға сәйкес мектеп ұйымы жанындағы өзін өзі басқару органы ретінде ресімделген. Жеке қамқоршылық кеңестер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке заңды тұлға түрінде қоғамдық қор немесе бірлестіктер ретінде құрылған.

Қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуі нәтижесінде мектептер үшін істің кең аясы ашылады. Мектеп бюджеті үш бөлімнен тұратын болады. Бірінші бөлім – негізгі, яғни стандарттарды ұстау, екінші – ғимаратты ұстау. Үшінші

гранттар – бұл ынталандыру бөлімі. Жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы балдық жүйе бойынша шығарылады, егер мектеп жақсы жұмыс атқарса, қосымша гранттар бөлінеді.

Қамқоршылық кеңестері қызметінің талдауы көрсеткендей, қамқоршылық кеңестерінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы білім беруді басқару, қаржы тарту және мектептердің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, жұртшылықты орта білім беру ұйымдарын басқару ісіне қатысуға ынталандыру мәселелері бойынша бірқатар қиындықтарды басынан өткеріп отыр. Оларды жою үшін қамқоршылық кеңестері институтын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазақстанда қамқоршылық кеңестері қызметін одан әрі оңтайландыру жөнінде шешім іздестіру таяу және алыс шетелдердегі қамқоршылық кеңестері институтын құру және даму тәжірибесін зерттеуді қажет етеді.

Келесі проблема жұртшылыққа қамқоршылық кеңестері туралы ақпаратты, олардың қызметі, құру тәртібі, олардың білім беру ұйымдарындағы мақсаты мен рөлі туралы хабарлау проблемасы.

Өкінішке орай, біздің елімізде көп жағдайда қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыру қосымша және материалдық қаржыны тарту механизмі ретінде қарастырылады, ал шет елдерде қамқоршылық кеңестері айтарлықтай өкілеттігі бар басқару органдарының бірі болып орнын алған.

Білім беру ұйымдары арасынан қамқоршылық кеңестері қызметінің жақсы тәжірибесі бар Шығыс Қазақстан облысы № 1 Жезкент орта мектебін атап көрсетуге болады. Бұл мектепте мектеп дамуына қажет неғұрлым көп ресурстар тартуы үшін қамқоршылық кеңестері мен демеушілердің өзара шығармашылық қарым-қатынасы қалыптасқан. Қатысу үшін мысалы, агороқұрылымдар мен кәсіпорындардың басшылары шақырылады. Олардың көпшілігі қамқоршылық кеңестерімен белсенді түрде жұмыс жүргізе бастады және айтарлықтай материалдық қолдау көрсетуде. Қамқоршылық кеңестер пилоттық жоба ретінде құрылған Алматы қаласындағы бірнеше мектептің іс-тәжірибесі құптауға тұрарлық. Мысалы, №158 мектептің қамқоршылық кеңесі болып табылатын

«Үміт» қоғамдық қоры. Сол сияқты Алматы қаласындағы № 175 мектеп- гимназиясының, Қостанай қаласындағы физикалық-математикалық лицейдің іс-тәжірибесі қызықты. Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы Вячеслав орта мектебі қамқоршылық кеңесінде «Ақ бота» қоғамдық қоры, әкімшілік құрылымдар (ауыл әкімі), Ардагерлер кеңесінің мүшелері, амбулатория, клуб, бала бақша басшылары, әскери бөлімдердің өкілдері бар.

Мысалы, «Ақ бота» ҚҚ тек мектеп үшін ғана емес, сондай-ақ жергілікті жұртшылыққа қажет жобаға, мысалы, балаларға ғана емес, сол сияқты олардың ата-аналарына, ауылдың барлық тұрғындарына қызмет көрсететін физио және стоматология кабинеттеріне жабдықтар алу үшін тиісті гранттар іздестіруде.

«Пар айдайтын жердің топырақты қорғаудың баламалы табиғатты сақтау технологияларын көрсету», «Тұқымдық картофельді мерестемдік технология бойынша өсіру», «Вячеслав ауылының табиғи ауыз су көздерін сақтау» және т.б. жобалар мектепке елеулі қаржы түсірді. Бірақ бұл тек қаржы ғана емес

сондай-ақ бұл оқушылардың зерттеу жұмыстары, отандық және шетелдік оқымыстылармен танысуы, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы. Бұл жобалардың нәтижелерін ауданның (олар картофельдің аудандастырылған элиталы тұқымдарын алды) және Арнасай ауылының фермерлері (су құбыры жөндеу жұмысына жабылған кезде халық ауыз суды балалардың жобасы бойынша түзетілген бұлақтардан алды) пайдалана алды.

Алматы қаласындағы №175 гимназия мектептердің қолдаушылығы мен патронатына мысал бола алады. Бұл гимназияның ата-аналары – танымал адамдар, «2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ Алматы филиалының директоры Қайрат Досаев қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған уақыт аралығында мектепке барынша белсенді түрде көмек көрсетілуде.

Дегенмен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қамқоршылық кеңесі міндеттерінің бірі – бюджеттен тыс қаржы тарту, оларды бөлу және бақылау болғандықтан, олар банкте өз шоты болмайынша күн көре алмайды. Мұның барлығы заңды тіркеуді, салықтық есептілікті, штатты қажет етеді. Осыған байланысты білім беру ұйымдары қазіргі таңда қамқоршылық кеңестері қызметін заңды ресімдеу мен сүйемелдеу мәселесін қарастыруы қажет.

Қамқоршылық кеңестерін құру мен жұмыс істеудің шет елдік іс- тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, олар жанынан құрылған мекемелердің (органдардың) ұйымдастыру құрылымын және саясатын қалыптастыратын жоғары атқарушы билігі бар, заң шығару органдары болып табылады.

Шет елдік кеңестердің қызметі жөніндегі әдебиеттер талдауы олардың басым қызметтерін көрсету мүмкіндігін береді.

Білім беру саясатын жүзеге асыру. Бұл қамқоршылық кеңестері жауап беретін басты міндеті. Ұлыбританияда басқармаға «мүдделі тараптардың» Басқарушы кеңестер арқылы қосылуымен мектептік білім беруді басқарудың жекеленуі негізгі стратегия ретінде таңдап алынды.

Бірақ Ұлыбританияда жекелену кезінде мемлекет мектепті басқарудан бас тартқан жоқ, ол өзіне 28 000-ға таяу ағылшын мектептерінің қаржыландыруы, саясаты мен оқыту бағдарламаларының негіздері үшін жауапкершілік алды. Білім беру реформасында мемлекеттің идеологиялық рөлі білім беру жүйесін

«цементтемеді» және орталықтандырмады, себебі білім беруді дамытудың нарықтық реттеуіне және қоғамның (сатып алушылар) білім беруді басқару ісіне қатысуына барынша жақындату негізгі мақсат болды.

Үздіксіз тоқырау жағдайындағы білім беру мекемелері үшін Ұлыбританияда нарықтық орта құру әрекетінде өте қызық және нәтижелі эксперименттер жүргізілді. Олардың бірі әу баста жұмыстың инновациялық стиліне ниеттенген және көрсетілетін қызмет «планкасын» беретін жергілікті (колледждің, мектептің) бәсекелес пайда болуынан тұрады.

Ұлыбританияда мемлекет білім беру саласындағы өзгерістер мен инновация идеяларын таратушы рөлін атқарады.

Нәтижесінде қоғамның білім беруді басқару механизмі ретінде қатысуы мектептердің Басқарушы кеңестерін үлкен жетістікпен пайдалану мүмкіндігін

береді.

Шындығында әрбір ағылшын мектебінде қоғамдық Басқарушы кеңес бар (ол бұрын «Басқарушы орган» деп аталды). Бұл Кеңес, заң жүзінде, мектептің қызметіне басшылық жасауы тиіс. Осы органның құрамына келесі өкілдер кіреді:

  • ата-аналар, оларды басқа ата-аналар сайлайды;

  • мұғалімдер, оларды мектеп қызметкерлері сайлайды;

  • директор;

  • жергілікті басқару органының өкілдері.

Бұл топ Кеңестің басқа мүшелерін: іскерлік орта мен жергілікті қауымдастықтың басқа да маңызды құрылымдарының өкілдерін тартады. Егер мектептің қызметін қайырымдылық қоры қолдап отырған болса, олар осы қордың да жұмысын басқарады. Кеңестің құрамында оқу орнының көлеміне байланысты 15-тен 20-ға дейін адам болады. Кеңес төрағасы сайланады, ол мектеп директоры, немесе мектеп мұғалімдерінің бірі болмайды. Педагогикалық құрамды негізінен директор іріктесе де, Кеңес мұғалімдердің лауазымын бекітеді. Шын мәнінде Кеңес мектептің педагогикалық құрамы үшін жұмыс беруші рөлін атқарады. Мектептің Басқарушы кеңесі мектеп бюджетін бөлуге жауап береді. Кеңес қаржыны жұмсауда басымдықтарды орналастыру үшін жауап береді, қанша мұғалім тағайындау, басқа қанша қызметкер қабылдау, қандай техника және кітаптар сатып алуды, мектеп ғимаратының жөндеу жұмыстарына және қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қанша қаржы жұмсау қажет екенін шешеді.

Ол мектептің оқу бағдарламасы үшін жауап береді (міндетті ұлттық оқу жоспарын орындауға бөлінген уақыттан тыс сағаттарға иелік ете алады) және мектеп өмірінің ережесін (оқушылар тәртібінің ережесі, мектеп формасын енгізу немесе бас тарту) орнатады.

Ол шын мәнінде мектеп ғимаратының қожайыны болуы мүмкін, іргелі инвестициялардың көп бөлігін тартуға жауап береді. Кеңестің жұмысын жұртшылық бақылайды. Жылына бір рет Кеңес мүшелері мектептің қызметі туралы жылдық есепті жариялап отыруы тиіс, онда мектептің білім беру тестілеуіндегі нәтижелері де көрсетілуі қажет. Мұнан кейін жалпымектептік жиналыс болады, онда оқушылардың ата-аналары дайындалған баяндаманың мәні бойынша сұрақтар қоя алады. Қолда бар деректерге сүйене отырып, Кеңес балаларды оқыту мен мектептің келешектегі жай-күйінің сандық көрсеткішін жасайды, бұл көрсеткіштерді жетілдіру жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ жоспарланған көрсеткіштер де (мақсаттар) жарияланады. Кеңес қызметінің көптеген түрі мектеп саясатын іске асыруда ең беделді дауысқа ие болатын директордың тікелей қатысуымен атқарылады. Жергілікті биліктер мектеп өмірін тура басқара алмайды. Бірақ олар мекеменің үлгеріміне мониторинг жүргізеді және өз тарабынан қаржының жұмсалуын бақылайды. Мектептерге өкілеттікті табыстау – шындығында оларды өзін өзі басқаруға, дербес және тәуелсіз режимге ауыстыру, – олар бірқатар шарттарды орындағаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер мектепті басқару тиімсіз, сыбайлас жемқорлық

жағдайы немесе мектептің академиялық көрсеткіштері сәйкес емес болса және ата- аналардың шағымын тудырған кезде жергілікті өкіметтің араласу құқығы бар және араласуы тиіс. Мұндай билікті құқық заңмен ресімделген. Араласудың ең жеңіл формасы – бұл жазбаша ескерту, ол мектеп директорына және мектептік басқару органына (кеңеске) жолданады. Онда қалыптасқан жағдайды түзету бойынша мектеп қандай шара қолдануы тиіс екені хабарланады. Ең болмағанда, өкімет мектептен бюджетін тартып алуы немесе басқару органдарын ауыстыруы мүмкін. Бірақ әр жолы, мектептің қызметіне араласқысы келген кезде, олар өздерінің араласуын дәйекті түрде дәлелдеулері қажет.

Ағылшын реформасының жетістіктері мен проблемалары:

    1. Білім беруді реформалау үшін мектептер тікелей жауапты. Ол үшін мектептер қаржымен және билік өкілеттігімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Олар жұртшылық алдында есеп беруге міндетті болғандықтан оларға артылатын жауапкершілік те көбейе түседі.

    2. Жақсы директорлар мен мұғалімдерде көптеген формальды тәуелділіктен азат болу сезімі пайда болды. Енді шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда білім беруді басқарудың жергілікті органдарынан рұқсат сұрау қажет емес. Сондай-ақ мұны ешкіммен келісу керек емес, тек алып, жасау қажет.

    3. Мектептерді түрлендіру мүмкіндігі пайда болды, себебі әр мектеп өз тағдыры үшін жауапты.

    4. Мектеп өмірін демократияландыру. Қазіргі таңда мектепті басқару ісіне ата-аналар бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым көп қамтылып отыр.

    5. Мектеп атқаратын негізгі міндеттерге қатысты мәліметтер кең түрде жарияланады. Білім берудегі жариялылықтың британдық нұсқасы міне, осындай. Сол себепті ешқандай проблема жұртшылық назарынан тыс қалмайды.

Дегенмен, күні бүгінге дейін лайықты шешімі табылмай отырған мәселелер бар.

Бірінші проблема: мектептік Басқарушы кеңестің құрамына кіретін азаматтар шындығында еріктілер (волонтер) болып жұмыс жасайды, оларға бұл еңбектеріне ақы төленбейді, бірақ бұдан Кеңес мүшелерінің жауапкершіліктері азаймайды.

Екінші проблема: бұрынғыша көп нәрсе директорға, оның тұлғалық қасиеттеріне және кәсіби біліктілігіне байланысты. Қазір мектеп басшыларын дайындауға көп қаржы бөлінуде. Бұл процесс 90жылдардың ортасында басталды, шындығында оны ең болмағанда 80жылдары бастау қажет еді. Өзгеріс процесі кей уақытта проблемалы және шиеленіскен сипатта болғанына қарамастан, қазір көптеген ағылшын мектептерінің қызметкерлері (ата-аналары да) «уақытты кері бұруға» және бұрынғы жағдайға оралуға келіспейді деп сеніммен айтуға болады.

Басқарушы кеңестерді (БК) құру және қызмет ережесі 2003 жылдың наурыз айында қабылданды, және келесі жаңа ережелер 2003 жылдың 1

қыркүйегінен 2006 жылдың 31 тамызына дейін қолданысқа енгізілуі тиіс болды. Біздің жағдайда Басқарушы кеңестердің ағылшындық моделін енгізу мүмкін емесі анық.

Білім берудегі жағдай, және де біздің қоғамның азаматтық мәдениеті мектеп жұмысының барлық жауапкершілігін кеңеске жүктеп қоюға мүмкіндік бермейді. Англияда бұл үшін 15 жыл қажет болды. Шын мәнінде Басқарушы кеңес директорға, оқушыларға, ата-аналарға, директормен бірге мектептің бүкіл педагогикалық қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Біздің жағдайда Басқарушы кеңесті басқару вертикалында мектеп директорына теңеп, алқалы орган ретінде құрып көру керек. Бұл кезде мүдделер жанжалын болдырмау үшін басқару өкілеттігін директор, кеңес және білім беруді басқарудың жергілікті органы арасында бөлуге аудару қажет.

Осы іс-тәжірибе нығаюына қарай мектептік білім беру табиғи түрде басқарудың жаңа принциптері мен стиліне ауысады, директорлар мен әкімгерлерге қойылатын талаптарды, соңынан білім беруді басқарудың барлық жүйесін өзгертеді.

Соңында, бірақ ағылшындар айтқандай, мектеп кеңестерінің пайда болуы

білім беру жүйесін ырықтандыру жолы ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамды дамыту, демократияны дамыту инструменті маңыздылығы жағынан соңында емес.

АҚШ және Еуропа мектептеріндегі қамқоршылық кеңестері қызметінің іс- тәжірибесін қарастырайық.

«АҚШ мемлекеттік мектептеріндегі басқарушы органдар» тақырыпшасы функционалдық міндеттер, білім беру саясатын дайындау, білім беру ұйымдарын басқару, мемлекеттік білім беру саясатына, шешім қабылдау рәсіміне жұртшылықты тарту, мектеп кеңесінің құрамы, өкілетті мерзімі мен мектеп кеңесі мүшелерін оқыту туралы талдау ақпаратынан тұрады. Мұнан басқа осы бөлімде Калифорния штаты мысалында мемлекеттік мектептердегі мектеп кеңесінің моделі қарастырылады.

Мектеп кеңесі білім берудің қоғамдық-мемлекеттік басқарудағы негізгі механизмі ретінде жұртшылықты тартудағы мектеп кеңесінің рөлі және оның міндеттері, мектеп кеңесі мүшелерінің міндеттері, мектеп кеңесін құру рәсімі мен құрамы, мектеп кеңесі мүшелерінің саны, мектеп кеңесінің өкілетті мерзімі және сайлау зерделенген.

АҚШ қамқоршылық кеңестері туралы мәселені зерделеудегі келесі маңызды кезең – бұл жеке мектептердің моделін зерттеу. Сол себепті құралда Гэллоуэй, Пайдея, Беркли Кэрролл жарғылары мысалдарында жеке мектептер басқарушы органының моделі ұсынылған.

Қамқоршылық кеңестерінің еуропалық модельдері талдаулық шолудың үшінші бөлімінде қарастырылған. Бұл жерде Еуропалық Одақтағы басқарушы органдар, және Англия егжей-тегжейлі зерделенген.

Еуропалық Одақтағы Басқарушы органдардың талдаулық шолуы Еуропадағы қазіргі кездегі бар модельдердің жалпы сипаттамасынан тұрады, Финляндия, Норвегия, Нидерланды және Швейцарияның іс-тәжірибесі

ұсынылған. Ал екінші тақырыпшада Англиядағы мемлекеттік және жеке мектептердің басқарушылық кеңестерінің мысалдары терең зерттелген. Сонымен қатар бұл жерде Англиядағы заңнама мен қолданыстағы модель, ағылшын реформасының жетістіктері мен проблемалары, мемлекеттік мектептер жанындағы басқарушы кеңестің құрамы мен қызметі туралы мәселеге толық жауап берілген. Англияның басқарушы органдарын толық түсіну үшін Шолуда бақарушылық кеңестердің қолданыстағы түрлері туралы анықтамалар және тұтас алғанда басқарушы кеңестер қызметінің тиімділігі туралы негізгі қорытындылар ұсынылған.

Көптеген елдердегі мектептерде түрлі, кеңестер, комитеттер, форумдар мен комиссиялар сияқты құрылған басқарушы органдардың көмегімен мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар және білім беруді басқарудың жергілікті органдары басқаруға қатыса алады.

Шындығында барлық елде қамқоршылық кеңес коммерциялық емес ұйымдардың жарғысы шегінде қызмет етеді. Кеңестің негізгі қызметі ұйымның басты құндылықтары мен мақсаттарын кепілді сақтау болып табылады. Мысалы, АҚШ, Англия және басқа шетелдік мемлекеттердегі орта мектептердің қамқоршылық кеңестерінің мақсаты бұл – «мектептің миссиясы мен міндетін алға жылжыту», Нидерланды мен Швейцарияда – «сапалы білім беру қызметін көрсету», бұлардың барлығы өз кезегінде тұтас алғанда мектептің қызметіне тиімді ықпал етеді.

Кей жағдайларда, игерген іс-тәжірибе мен білімге байланысты, кейбір тұлғалар қызметтің белгілі бір саласына тағайындалуы мүмкін; басқа жағдайларда жарғы кеңеске ұжымдық міндеттерді бірге бақылау мүмкіндігін береді.

Зерделенген елдердің көпшілігінде кеңестер ұйымға тиесілі мүлікке бақылау, белгілі бір қаржыны басқару, операциялық соманы басқару, және нәтижесінде мектеп бюджетін және педагогикалық құрамның сапасын бақылау міндетін атқаратын, қызметтің белгілі бір саласы кіретін комитеттерден тұрады; олардың қызметі білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі.

Мұнан да басқа көптеген мемлекеттерде кеңес білім беру стандарттары шеңберінде қызмет ететін қайырымдылық жобаларына ерекше көңіл бөледі.

Шет елдерде басқарушы органдардың міндеті барынша кең. Сол міндеттердің бірі – білім беру ұйымының немесе мектептің саясатын дайындау, ол құндылықтарды алға бастырады, сондай-ақ жұртшылықпен өзара әрекеттесудің барлығы қолданыстағы жарғыға сәйкес жүргізілетініне кепілдік береді. Сол сияқты кеңес коммерциялық емес ұйымның жарғысына өзгеріс енгізуге, және жарғысын өзгертуге уәкілетті.

Кейде дамыған елдерде осындай өзгерістердің салдарынан қамқоршылық кеңестері тұтас әлеуметтік институттар деңгейіне дейін өседі, мемлекет олардың заңмен бекітілген нормативтік-құқықтық негізі мен берік материалдыққаржылық базасы бар қызметін таниды.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес қамқоршылық кеңестері нақты қоғамдық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін инструмент болып табылатынын атап

көрсету қажет.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір жылдан үш жылға дейін мерзімге сайланады (Англия, Нидерланды), алайда түрлі жарғылар тұлғаларға әр мерзімі аяқталғаннан кейін қайта сайлану және қайта тағайындалу мүмкіндігін береді. Калифорнияда мектеп кеңесін сайлау тәртібі ерекше – шахмат кестесі бойынша, сайлау әр 4 жыл сайын болмайды, мысалы, егер қамқоршылық кеңесінің мүшелері 6 адам болса, онда әрбір 2 жыл сайын келесі 4 жылға бос орын (вакансия) болуы тиіс.

Шет елде тиімді қызмет ету мақсатында басқару органдары оқытудың нұсқаулықтарымен қамтамасыз етіледі, кеңес мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мысалы АҚШ-та білім беру мамандарын тікелей мектептік кеңестерде жұмыс істеуге даярлау қарастырылмаған болса да, қазіргі таңда мектеп кеңестерінің біліктілігін арттыру және оқыту мектеп кеңесінің барлық мүшелері үшін міндетті форма деңгейіне ауысып отыр. Бағдарламалар мектеп кеңестерінің мемлекеттік ассоциациясымен немесе мектеп кеңесі мойындаған басқа да органдармен, мысалы халықаралық ассоциациясымен немесе қалалық білім беру бөлімдері кеңесімен ұсынылады.

АҚШ мектеп кеңестерін оқыту шеңберінде мектеп кеңесінің жаңа мүшелері бағдарлануы тиіс. Мектеп кеңесінің жаңа мүшелері мәдениет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!