Материалдар / 8-сыныпқа арналған ТЖБ тапсырмалары. 3-тоқсан.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

8-сыныпқа арналған ТЖБ тапсырмалары. 3-тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
716
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТЖБ 8-сынып қазақ тілі

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырыптар:Синтаксис. Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Қоршаған орты және энергия ресурстары. Жасөспірім және заң

Ұзақтығы: 40 минут; Оқылым – 15 минут; Жазылым – 25-30 минут. Балл саны: 15

Тапсырмалар түрлері: Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым. 1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [5]

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр.

Мысалы, №1 мобильдік топпен 16.12.2019 жылы түнгі уақытта рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 5 жас өспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубта) заңды өкілінсіз жүргендері анықталып, олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.

  1. «Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.»–деген сөйлемге 4-5 сөйлеммен өз көзқарасыңызды білдіріп,комментарий жазыңыз. ------------------------------------------------------------

  2. Мәтіннің стилі қандай? А. Публицистикалық Ә. Ғылыми Б.Ауызекі В. Ресми іс-қағаздары

  3. Мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз---------------------------------------------------------------

1-сұрақ-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-сұрақ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. Мәтіндегі оқушыларға қатысты көтерілген негізгі ақпаратқа өз көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.---

Жазылым. 2-тапсырма.

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесесебептеріне өз көзқарасыңды білдіре отырып эссе жазыңыз. Шамамен160-170 сөз болуы тиіс.[10]

1. «Күндердің бір күнінде табиғи ресурстар сарқылғанда...»

2. «Биоалуантүрліліктің бұзылу зардаптары қандай болмақ?»

Бағалау критерийлері


Жауап

Балл

1-тапсырма

Тест, тапсырма сұрақтарына дұрыс жауап береді

Әрбір дұрыс жауап – 1 балл, барлығы – 5 балл

2-тапсырма

Көтерілген мәселенің табиғи апаттарға әкеліп соғуы жайлы талдап жазады.

Тақырыпты ашады.

Ойын нақты білдіреді.

Лексикалық сөз оралымдарын дұрыс жазады.

Нақты дәлелдер келтіреді

Мәселенің шешу жолдарын нақты көрсетеді.

Өз көзқарасын білдіреді

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

Эссе құрылымын сақтайды.

Орфография нормасын сақтайды.

1


1

1

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы:

15 балл




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!