Материалдар / " Адамды бағындырудың асылы-еңбек,бірлік" кластан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Адамды бағындырудың асылы-еңбек,бірлік" кластан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Торайғыравтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған кластан тыс шара.Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен класс жетекшілер өз сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
621
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Адамды бағындырудың асылы- еңбек, бірлік»

Мақсаты: Оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын ,халқымыздың асыл ұлдарының бірі- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығымен,өмір жолымен тереңірек таныстыру.

Көрнекілігі:Слайд, деректі бейнефильм

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, жалпы әдебиет сүйер оқырман қауым! Бүгін -ерекше күн.Аз ғана өмір сүрсе де , қазақтың басына күн болуды армандаған ақындарымыздың бірі- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 28- қазан күні 125 жыл толады.Соған орай ұйымдастырылып отырған « Адамды бағындырудың асылы-еңбек,бірлік» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Қазақ өлеңінің тарихы қызық әрі терең.Оны ойласаң, көз алдыңа қазақ даласындай кең жайылып жатқан өлең -жыр дариясы елестейді.Суы мол, нәрлі бұлақтан бастау алған оған үлкенді-кішілі өзендер қосылып,арнасын үлкейтіп,кең айдынға ұластырды.

Деректі фильм көрсетіледі

1-жүргізуші: Осы жыр дарияны толтырған қазақтың халық поэзиясы мен ақын -жазушылардың есімі бүгінде айдай әлемге аян.Бұхар жырау , Дулат, Махамбет, Шортанбай, Абай- барлығы да өз алдына бір-бір жыр дария. Олар үлкен дарияны құрап жатқан асау арналы,сулы,нулы, өзендер іспетті.Осылардан кейінгі кезекте қазақ жырының тарихымен тығыз байланысты есімнің бірі -Сұлтанмахмұт Торайғыров.

2-жүргізуші:Өмірінің соншама қысқалығын сезсе керек, ол әрбір күнін , әрбір уақытын бос жібермеуге тырысады. Жасынан алдына биік мақсат қойған ақын осы жолда оқу – білім керектігін жақсы түсінеді. Рухы биік ол өмірге оптимистік көзқараспен қарады.

« Оқу», «Оқып жүрген жастарға», « Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып»



«Жылнамалар сөйлейді»

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қызметкерлеріне сөз беріледі.

1- жүргізуші. Ақын- заман перзенті. Сұлтанмахмұттай ірі ойлы, асау жүрек, асқан шабытты, лапылдап жанып тұрған ақын көз алдында болып жатқан ірі өзгерістің қайсысына да бейтарап қарай алмайтын жан еді.

2- жүргізуші. С.Торайғыровтың 1918 жылы жазылған «Таныстыру» поэмасы ұзақ уақыт бойына қалың оқырманға беймәлім болып келді. Бұл поэма бастан-аяқ Алашорда қайраткерлерін марапаттауға арналған. Ұлт -азаттықты ту етіп көтерген Алашорда қозғалысы туралы Сұлтанмахмұт «Таныстыру» поэмасында Алаш қозғалысының жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды қайраткерлерді қазақтың айы, күні, шолпанына теңейді.

Басында ол қарағым тұр ғой дәйім,

Тек ұзақ өмір берсең бір құдайым.

Дулатов, Байтұрсынов,Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын,

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі -күн, бірі-шолпан, бірі- айым.

Солардан басқа кешегі кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын.

«Таныстыру » поэмасынан үзінді.

Көрініс «Оқыған қазақ пен қара қазақ айтысы»

  1. жүргізуші

Мен -қазақ,қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Ерікті ен даланың құсына

Алтай,Ертіс,Сырдария,Есіл,Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып.

Елім,жерім қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа тойып,

Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,-

деп тарихтың тереңінен сөз қозғайды.Шыңғыс ханның Еуропаны тітіреткен «ұлы жорығын» еске салады. «Күнбатыс,Күншығысқа әмірі жеткен»,Ресей мен Қытайды өз билігімен санастырған атақты Шыңғыс хан ұрпағы Абылай екендігін оқырман аңғарады.Дала ақынының аузынан шыққан бұл жалынды сөздер тек кейіпкерлердің ғана емес,сонымен бірге Сұлтанмахмұттың өзінің де жан сырындай оқылады

2-жүргізуші:С.Торайғыров тек көркем шығарма жазумен ғана айналысып қоймаған. Ол жаңа өмір үшін күресте баспасөздің мүмкіндігін барынша пайдаланған. «Өлең хәм айтушылар», « Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?», «Социализм» деген мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, « Айқап», «Абай» журналдарында жарияланған. Сұлтанмахмұттан қалған мұра- біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа кезеңі ХХ ғасыр басындағы дәуірдің шындығын,қоғамдық ой пікірдің дамуын түсінуіміз үшін аса маңызды.Ұлы ақынның пікірі қашанда ойды қозғайды,жанға азық береді,пікірге талғам дарытады.

Өлеңдері оқылады.

« Жан қайда әділетті іздейтұғын», « Туған өлкеме», « Таныстыру» поэмасынан үзінді оқылады.







1-жүргізуші:

Орда бұзар – отызға жетпей,жиырма жеті жыл ғұмыр кешіп, құйрықты жұлдыздай ағып түскен С.Торайғыров туралы алғашқы сұлтанмахмұттанушы , жазушы,ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың төмендегі пікірі:

«Ақын- елінің тілі ғой,

Адал туған ұлы ғой,

Бүлк-бүлк еткен жаны ғой,

Жанын жеген ары ғой,

Айта алмай жүрген зары ғой,

Жаннан , ардан безбесе,

Ақынын қандай ел қастерлемесін,» -деп Сұлтанмахмұтқа халық атынан зор баға бергендей. Демек ,Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр дариясын құрайтын үлкен,асау,арналы өзеннің бірі болып қалмақ.Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

























»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!