. Орфографияны оқыту әдістемесі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

. Орфографияны оқыту әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
. Орфографияны оқыту әдістемесі.Практика барысында оқушылардан кететін олқылықтарды саралау және шешу жо
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып.  Орфографияны оқыту әдістемесі. 

Тапсырма:
1 Дәрісті игері , конспект жасау
2Мектептегі тәжірибеге сүйеніп оқушылар жиі жіберетін орфографиялық қателерді тізіп жазып, оларды болдырмау бойынша жүргізілетін жұмыстарды мысал ретінде келтіру.


Мен 22-мектепте практика өту барасында 6-7 сынып оқушыларынан байқаған орфографиялық қателерді сараптадым, және оларды болдырмас үшін жасаған әркеттерім.

1)Бірінші мен байқаған мектеп оқушыларының жіберетін орфографиялық қателері 
 Мәтін барысында сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген (а)дыбысы көбінесе жіңішке (ә) болып айтылады, алайда (а) әрпі жазылады:жай, жай-жапсар, жайлау, жайсаң, жайт, шай, шайқас, шайтан,шайыр.
Оқушыларға осы сөздер бар мәтінді оқығанда көп жіберетін орфографиялық қателері осылай болды.
Бұндай қателікті болдырмас үшін
Мен оқушыларға бұл кішкене ережені жақсылап түсіндірдім,яғни (ж,ш,й) дыбыстарының ортасына келетін (а)дыбысының,оқылу барысында (ә) болып естілетінін оқушыларға айтып түсіндірдім.


2)Екінші мен байқаған мектеп оқушыларының жіберетін орфографиялық қателері 
Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке
дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) (ә) дыбысының орнына (а)әрпі жазылады.
Мысалға: ләззат (айтылуы – ләззәт), 
Жәмила (айтылуы – Жәмійлә), 
тәкаппар (айтылуы –тәкәппар).
Бұндай қателікті болдырмас үшін
Мәтінді жаздырмас бұрын оқушыларға осы сөздерді айтқызып сосын жазғызып,орфоэпиямен орфографияның бұл жерде атқаратын қызыметін түсіндіру керек сияқты.


3)Үшінші мен байқаған мектеп оқушыларының жіберетін орфографиялық қателері 
   (Щ) әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген
сөздерде ғана жазылады, 
(Ф) әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдер және одағайларда жазылады: Фазыл,Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние), тіфу.
Бұл жердегі оқушылардың жіберетін қателігі (щ) әріпінің орнына (ш) әріпін жазуы,дәл сол сияқты (ф) әріпінің орнына көбнесе (п немесе б) әріпін жазғандығы.
Бұндай қателікті болдырмас үшін
Ең алдымен оқушыларға щ әріпіне қатысты байғырғы сөздерді түсіндірдім,дәл сол сияқты араб тілінен енген сөздерді оқыта отырып құрамында ф әріпі бар сөздердің қазақ тілінде кейбір жалқы есімдермен есімдер,одағайларда ғана жазылатынын түсіндірдім.


4)Төртінші мен байқаған мектеп оқушыларының жіберетін орфографиялық қателері\
   Рим цифрынан кейін дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІҮ курс.
Күрделі құрама атаулар жасайтын кейбір көмекші сөздер (ат, ас, әл) сөз басында келсе, бас әріппен, сөз ортасында келсе, кіші әріппен, дефис арқылы
жазылады: Әл-Фараби даңғылы, Ат-Тарази кәсіпорын бірлестігі,жануарлар емдеу институты әл-Фараби даңғылында орналасқан.
Бұндай қателікті болдырмас үшін
Ең бірінші жалпы дефис туралы анықтама бердім,оқушыларға жалпы дефис қайда кезде қойылатынын және қай кезде қойылмайтынын ажырата білуге үйреттім.


Тіпті мынандай тапсырманы қағаз картчкаларға шығарып бердім

Мәтінді оқып, онда дефистің неге, қандай жағдайда
қолданылғанын түсіндіріңіздер.

1. Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар әңгіме-дүкен құрып
отыр. (Ш.А.) Вагон-ресторанда адам онша көп емес екен. (С.Ш.)
2. Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын
сұрастырған. (М.Ә.)
3. Үлкен үй мен қонақ үйдің арасына тартылған
кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы ерттелген ұзын торы ат тұр екен.(М.Ә.)
4. Ауыл үстінен қашқандарын иттер қуып, Ботақан бойы азанқазан болды. (М.Ә.)
5. Азынаулақ қойлар мен төртті-бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді.(М.Ә.) 
6. Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген
қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған көк шыбықтай сүйкімді. (Д.Ә.)
7.Ол орта жастарды жағалатқан ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейнеді. (Ғ.Мүс.) 
8. Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.)
9. Жасыбай көлі сол таудың қойнауында қызылды-жасылды кәрден кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір. (Б.М.)

5)Бесінші мен байқаған мектеп оқушыларының жіберетін орфографиялық қателері
Мифологиялық, қиял-ғажайып бейнелердің тегін, затын
білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері, ібіліс, періште, шайтан, дию.Бұл сөздер көбінесе әдебиеттен ертегілерді оқыту барысында өз ойларынан ертегі құрап жаздыру тапсырмасында бұл қателік орын алды.
   
 Бұл жерде оқушылардың қателігі бұл сөздерді бас әріппен жазуы.
Бұндай қателікті болдырмас үшін

Жалпы мифология туралы және олардың басты әріппен жазатындай нақты болымдылықты білдірмейтіндігін түсіндірдім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі