Материалдар / « Қазақ әдебиеті сабағында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту»

« Қазақ әдебиеті сабағында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында көркем сөз оқу дағдыларын қалыптастыру, дамыту жолдары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
585
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы

«Пролетарка негізгі мектебі» КМ






Баяндама тақырыбы: « Қазақ әдебиеті сабағында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту»





Авторы: Муканова Зульфира Сагимжановна

Ұлан ауданы

«Пролетарка негізгі мектебі»

КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі






Пролетарка ауылы, 2021 жыл



Қазақ әдебиеті сабағында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс

Ыбырай Алтынсарин

Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев: «ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр»,\3,19\ - деп айтқандай, оқушыларды бәсекеге қабілетті, жан- жақты дамыған, дарынды болуына жағдай туғызу бүгінгі таңда бәріміздің негізгі идеямызға айналғаны белгілі. Ғылым мен білім дамуына өзіміздің де үлесімізді қосу үшін қазақстандық білімнің дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі үшін атқарылып жатқан шаралар аз емес. Қазақстанның оқу сауаттылығы бойынша білімін дүниежүзілік стандарттан төмен нәтиже көрсеткенін білеміз.Сондықтан заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, оларды таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Білім беру жүйесінде, адам құндылықтарын арттыру дәуірінде, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кіру кезеңінде жекелей жұмыстан қарағанда оқушыларды топтық жұмыс арқылы қабілеттерін ашуға әдебиет сабақтары аса тиімді. Солай десек те, мұғалімнің өзіне де көп нәрсе байланысты. Олардың табандылығы мен жаңаны қағып алатын шапшаңдығы, қоғамдық белсенділігі, тапқырлығы көп нәтиже береді.

Қазақ балаларының, соның ішінде ауыл балалары, бойында ұяңдық басымдау. Жаңа заман көшіне ілесіп, заманауи оқушы қалыптастыру үшін ең алдымен тұлғаның өзіндік ішкі «менін» дамыту аса маңызды. Ол үшін оқушы өзін еркін сезініп, айтпақ ойын жеткізе алу қабілетін ашамыз. Көркем сөзді нақышына келтіріп орындау арқылы бала көпшілікті бағындырып, елді аузына қаратып сөйлеуге дағдыланады.Сыныпта сайрап тұрғанымен көпшілік алдында, көркемсөз оқуға беріліп кете алмай жатады. Өз тәжірибемде, оқушалырдың сыныпта өзара топтық жұмыстар арқылы бір-бірін үйретіп, өздерінің қабілеттерін аша түсуге бейімдеу жақсы нәтиже беретінін байқадым. Мыслы, «Халық ауыз әдебиеті » тарауын өткен соң, сынып оқушыларын сыныптан тыс қойылым қоюуға баулуға болады. Топ ішінде өзара бәсекеге түскен балалар әр қойылымға аса жауапкершілікпен қатысу үшін, сыныптастарының барлығын қатыстырады, әрі ұяң балалар да екінші, үшінші рет сахнаға шыққан соң-ақ ашылып, көркем мәтін, өлең жаттап айту кезінде аса шеберлікпен орындайды. Қаһарман жазушы Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасын өткенде, оқушалар арасында «үздік қойылым» тақырыбында жарыс болады.\жазушының мектебімізден оқығандықтан бұл үрдіс жылда қайталанады\ Оқушалар белсене қатысып екі достың әрекетін шебер орындайды. Осындай әр ай сайын болып тұратын қойылым нәтижесінде әр жылдың атаулы тақырыптарын да қамтып көрсетуге болады. О. Бөкейдің «Жау тылындағы бала» пьесасының желісі бойынша 9 мамыр мерекесіне дайындала береді. Әр қойылымнан кейін оқушылар, шығармадан түйген ойын, «Даналық дәптерлеріне» жазып отырады. Кейде прозалық шығармаларды, өздіктерінен қойылымға дайындап жазып жүреді.Бұл үрдіс Қанипа Омарғалиқызының өзінің алғаш өмір жолын бастаған ауыл мектебіндегі естеліктерін айтқаны негізінде жалғасын тапты деуге болады

Ұстаз – ең әуелі өзінің азды – көпті өмірін халқына, еліне арнаған, айналасына имандылық, адамгершілік, мейірім шуағын сепкен, тәлімнің қайнар бұлағы, үлгісі, соңынан адам баласын білім мен ізгілікке қалай жетелеу керектігі жөнінде тағылым – өнеге қалдырған ұлы тұлға.

Олай болса, ұлы тұлға – ұстаздардың артында қалған өшпес мұрасын, шығармашылықтарын тұмардай аялап, құрандай қасиеттеп, өмірінің алтын шамшырағына айналған, туған тілі мен әдебиетінің қадір – қасиетін жас өспірімдерге жеткізу үшін тың жол іздеп, аянбай еңбек етіп, соларға еліктеп ғұмыр кешкен Қанипа Омарғалиқызы.

Ұстаздық жолындағы Қанипа Омарғалиқызы былай дейді: «Ұстаз да басқа пенделердей басы, қолы, сезімі, жүрегі бар жандар. Ұстаз болып туған ешкім жоқ. Педагогика қағидалары, әдістеме жолдары да қатып – семіп қалған дүниелер емес. Жақсы сабақ мұғалім жазған сабақ жоспары, сабақ жоспарынан ғана туды десек қатты қателесер едік. Сабақ тірі адамдар, яғни оқушылар арасында туады. Алдыңдағы оқушылардың тек оның сабаққа қатысы, үлгерімі, пәнді оқудағы белсенділігімен ғана жақсы көру, не жек көу дегенді дұрыс деп ойлайсыз ба?»\2,192\ Алдымыздағы оқушылардың көшбасшы тұлға болуы үшін қырағы ұстаз болу керектігі айдан анық. Ендеше тіл мен әдебиет сабақтарында оқушылар қызығушылықпен қатысу үшін, сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.

Оқушыны адалдық , ар-ождан тұрғысынан кемелді тұлға тәрбиелеу оңай емесі хақ. Әр-түрлі отбасынан тәрбие алып келетін балалардың ұғымдары да әр қилы.Балаға ата-анасының, құрбысының, ұстаздың әсері мол екенін хакім Абай Құнанбайұлы «Адамға көбіне үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-ана, ұстаз, құрбысынан, солардың ішінде қайсысын сүйсе, содан мол алады» \4,168\дейді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалардың психологиялық ахуалын айтпаса да түсінікті.Мектеп мұғалімі оқушының құрбы-құрдастарын бақылай алады.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы олардың өмірден өз орындарын тауып «кірпіш болып қалануына» әсер етуге болады. Әдебиет сабағы осы мәселенің кілті десек артық айтпаған болар едік.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстарға мынадай қосымша ұсындық:

Тақырып

Қатысушы

Мақсаты

Нәтижесі

1

Ертегі :«Мақта қыз бен мысық»,

«Шалқан»

Шағын орталық, балабақша

Адалдық пен еңбек етудің маңызын түсіндіру

Жалқау болмай, еңбек ету керек екенін түсінеді

2

А.Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», Ш.Құдайбердіұлы«Еріншек», «Адамдық борышың»

1-4 сынып

Білім алуға үндей отырып, жағымсыз қасиеттермен күресу

Оқушы өз бойындағы жағымсыз мінезден арылады, білімнің қуатын түсінеді.

3

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»

А.Құнанбайұлы жетінші қарасөзі

5-7 сынып

Оқушы адал еңбек етуді үйрету, өз танымы мен болмысының қыр-сырын тануға баулу

Еңбек ету- өмір сүрудің мәні екенін түсінеді.

4

А.Құнанбайұлы шығармаларындағы идеалды адам образы

8-11 сынып

Өмір сүру феноменін қалыптастыру.

Байлық пен бақыттың кілті адамның өз қолында екенін түсінеді.

Көркем сөз құдіреті - адам жанының емшісі. Мәселен, орта буын Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады», «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт» шығармаларынан қойылым дайындайды . Адал еңбек пен мейірімді ту етіп ұстауды үлгі ете отырып, А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін бастауыш сынып оқушылары нақышына келтіре орындайды. Жоғарғы буын бастауышпен бірлесе отырып, Ш.Құдайбердіұлының «Еріншек» өдеңінен театрландырылған көрініс дайындап, барлық қатысушылар ақынның «Адамдық борышың» өлеңін жатқа орындайды. Нәтижесінде келесі қойлымға дайындалмас бұрын, әр түлі әдіс-тәсілдер арқылы өткенімізге шолу жасап, кемшіліктермен жұмыс жасаймыз. Болашақта қайталамас үшін, мақсатымызды айқындап, нәтижеге жұмыс жасауға дағдыланамыз.

«Егер біз ұлтты жанды организм деп санасақ, әдебиет сол ұлттың жаны» -дейді О.Жәлелұлы.\5,208б\ «Мұғалім мектептің жүрегі» дейтін ұстаздар үшін әдебиет пәнінің мұғалімі оқушының жүрегі дер едім. «Баланың жүрегі нәзік, оны алдауға болмайды», дейді Қанипа Омарғалиқызы. «Ұстаздықты қаламағанда қайтер едім, онда өмірім бар мән – мағынасынан жұрдай болар еді, мынадай қызық өмірді бастан өткеру де мүмкін болмас, сірә»...\1, 45б\ Иә, ұстаздық деген ұлы ұғымның бір шетінде жүрген соң, өмірде өз орынын табатын оқушы ұшыру үшін, әр сабағымыздың мәнді болып өтуіне үлес қосарымыз анық.


























Пайдаланған әдебиеттер:




  1. Қ. Бітібаева жайында жазылған ұзақ жылдар жазылған очерктер, мақалалар, ақындар жыры

  2. Баймұхан Б «Қазақтың Қанипасы» 2005 ;

  3. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», 28.02. 2007

  1. А.Құнанбайұлы қарасөздері

  2. Омар Жәлелұлы «Харекет», Алматы, 2018




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ