Материалдар / « Қазақтың қара сабынының химиялық құрамы, емдік қасиеттері,жолдары» атты іздену жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

« Қазақтың қара сабынының химиялық құрамы, емдік қасиеттері,жолдары» атты іздену жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың қара сабынының құрамы,емдік қасиеттері, жасалу тәсілдерін үйрету,жасалу тәсілдегі ерекшеліктерін басқалармен бөлісу,емдік қасиеттеріне тоқталу жұмысының өзектілігін білдіреді. .Жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану, осы арқылы сабын жасау өнерімізді өзгелерге таныту Нәтижесінде: Кір-қоңды кетіру деңгейі жоғары болу үшін қара сабының жасалу сапасы жоғары болу керек. Сондай-ақ, бүгінгі кір сабындар сияқты кір жуған адамның қолын бөртіріп, қышытпайды. Қанша кір жусаңда денеңе кері әсері жоқ. Ең үлкен қасиеті денеңізге қышыма,қотыр,бөрткен шықса қара сабынмен 1-2 рет сабынмен шайынсаңыз,денеңізге дерт дербез жоламайды Бүгінгі сабындар секілді қайызғақ түсіріп, шашыңызды құрғатып немесе майластырып жібермейді Әр түрлі ауруға шалдықан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын сақарлы суға малып емдеп жазып алған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1299
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


« Қазақтың қара сабынының химиялық құрамы, емдік қасиеттері,жолдары» атты іздену жұмысы

Алматы облысы, Ақсу ауданы Суықсай ауылы «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Қызайбекова Күльсара Наушановна

Абстракт

Қазақ халқының қолөнері- сонау заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес , сондай-ақ туысқан орта Азия халықтары, қолөнерімен де ұштасып жатады.

Сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар. Киім үлгілері тұрмыс жиһаздары қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты қазіргі бізге келіп жеткен өнердің бірі қолдан жасалған қазақтың қара сабыны..

Зерттеу жұмысында қазақ халқының өнерінің бірі сабын жасаудың әдіс-тісілдері туралы түсініктіме бере отырып, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидалары бойынан сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрып, ата-салтын, жоғалтпау мақсатында жан-жақты зерттеп маңызын көрсете біледі.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімінен және пайдаланған әдебиеттер тізбесінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптылық өзектілігі зерттеу деңгейі, терең әрі жүйелі ашылып, жұмыстың алдына қойған мақсаты, міндеттері толық көрсетілген.

Негізгі бөлімінде. Ұлттық өнер оның ішінде сабын жасаудың тарихы, сабын жасаудың қажеттілігі мен маңызы, өңдеу жолы, сабының қасиеті, сабын тарихы, жөніндегі зерттеулер жан-жақты ашылған.

Абстракт

Веками живя и развиваясь на огромном территориальном пространстве с богатейшими недрами , пронеся через столетия традиционные материальные и духовные ценности, передавая их из поколения в поколение неповторимая культура нашего народа является неотделимой частью общечеловеческой культуры. Одной из составляющей этой культуры, достигшей нашей эпохи ,является национальное искусство – рукоделия.

Рукоделие не только богатая сокровищница казахского народа, но и является общим достоянием родственных народов Средней Азии. Изделия сделанные талантливыми умельцами не теряют своей гармоничности и в наше время. Одним из видов рукоделия дошедших до дней является «Искусство вываривания мыла»

В данной исследовательской работе «Искусство вываривания мыла» наглядно отражены взятые за основу объяснение искусство вываривания умения, отличающегося своей особой древней традицией исполнения и являющимся истинным талантом.

Исследовательская работа состоит из введения, основной и заключительной частей, списка использованной литературы.

Вводной части раскрывается тема работы и её значимость, отражаются этапы ведение исследовательской работы, углубленно и системно раскрыты документальные материалы, обозначены цели и задачи работы.

А основной части работы отражены исторические предпосылки вываривания мыла и в том числе раскрыты способы обработки лечебные своиства вываривания мыла и ее использование .

В заключительной части раскрываются результаты исследовательской работы «Искусство вываривания мыла».

.








.


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда оқушыларды сәндік- қолданбалы ұлттық өнерге баулу, ата кәсіппен айналыстырып, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан шеберлігін қастерлеуге, іскерлікке баулып, еңбекке деген қабілетін дамыту басты мақсаттардың бірі болып отыр.Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. . Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қазіргі заман талабына сай күнделікті қажетті бұйымдар ретінде қолдануға болатынын, дәлелдейтін көп тәжірибелік жұмыстар жасадық.

Мәселенің деректік қоры. Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекше- лігімен көзге түседі. Ал қандайда болсын өнер мен талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар , киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайынты мәлім. Сол сиақты, қазіргі бізге келіп жеткен қазақтың қара сабынының жасалу жолдары және оны жаңа қырынан көрсетуге тырыстық.

Мәселенің зерттелуі: Қолдан жасалған сабын несімен тартады? Бұл экология- лық таза өніім.Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптерден тұрады. Ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды. қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

Сөйтіп, қазақ халқының қара сабыны туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін адамгершілік қағидаларды бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдеп-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында сабын жасау әдісін мұғалімнің ұсынысымен бойыма сіңіре отырып, шығармашылық еңбегімді ұсынамын


Зерттеу жұмысының мақсаты:

ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата-

бабаларымыздың өнері-қолдан жасалған қазақтың сабынын

зертеп,емдік қасиеттерін қарастырып, талқылап жұмыс

жасай отырып, жаңа заман талабына сай өзгерту жолын

қарастыру.

Осы мақсаттарды орындаудағы міндеттер:

Міндеттері:

Теориялық және практикалық білімдерді жинақтау:

Қара сабын туралы мәліметтерді жинақтау,оның жасалу тәсілдерін,қолданылуын,емдік қасиеттерін, ырым –жорамды сақтап қалу.

Ұлттық этно-мәдениетті кеңінен насихаттау,ұлттық құндылықтарды сақтап қалу.


Зерттеудегі ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы


І. Теориялық бөлім.

1. Сабын туралы материалдарды жинақтау.

2Сабын жасаудың қайнатудың әдіс-тәсілін меңгеру.

ІІ. Тәжірибелік бөлім

1. Сабын жасау технологиясы.

2.Жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану, осы арқылы сабын жасау өнерімізді өзгелерге таныту

Негізгі бөлім

Сабынға жалпы сипаттама

Сабын негізінен май қышқылдарының, сондай-ақ нафтен және шайыр қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы RCOONa Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі мысалы римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған Әбу Әли Ибн Сина өз қол жазбаларанда шығыс елдерінде сабын қолданылғанын және Визиантияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған9-10 ғасырларда Орта Азияның Асбара,Бахи,Термаз қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған.Сабынды көп мөлшерде өндіру 19-ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын-кристал қатты заттар,220-270С-та балқиды.Суық суда нашар, ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ертінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиетті бар,себебі сабын әлсіз қышқыл жіне күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды.

Мыс :RCOONa+HOH=R-COOH+NaOH

Мұндағы R радикал,егер ол кіші мән HCH:CH;CH тең болса,сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады.

Қарапайым сабын карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин әртүрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар,балық майларын) алады. Қазақтар жануар майын, сексеуіл шырпысын немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып қайнату арқылы қолдан сабын жасаған.

Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар қолданылады. Өсімдік майы, жануар майы, КОН, сода NаОН сақар конифоль, нафтин т.б. қолданылады. Майдың гидрлизінен алынған ертінді қарайғанда глицерині бар сабын түзеді. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бей органикалық қосымша заттар болады.

Сабын 72 % қатты , сабын хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібіне , сондай-ақ зиянды жәндіктерге қарсы күресте перепараттар дайындау технологиясында сабын қолданылады.

Сақар –калий корбонаты, химиялық формуласы.НСО. Сахар ақ түсті, ұнтақ зат .Ауада ылғал тартып үгіледі.Суда жақсы ериді.Сабынды КОН ертіндісіне СО мен әсер ету арқылы және гмнозем өндірісінде қосымша өнім ретінде алады. Сұйық сабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде, фотографияда қолданылады.

Сабының қажеттілігі мен маңызы.

Бағзы халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй-іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.

Алабота шөптесін өсімдік.

Алабота (Chenopodium)- алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Ол көбіне өзен, көл жағаларында сор, сортан жерлерде өседі Қазақстанда 20-түрі бар. Алабұтаның биіктгі 5-30 см болады. Гүлі қос жынысты, шашақты гүл шщоғырша топталған. Алабұтаның кәдімгі алабота жәнеғ иісті алабота деп аталатын екі түрі бар. Кәдімгі алаботаның биіктігі 10-40 см-дей . Тік бұтақты сабағына ақ түкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қос жынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусым тамызда гүлдейді қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып малға береді. Иісті алабота сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15-60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүл шоғырына топталған. Маусым-тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпе ауруларын емдеуге және күйе көбелегін жоюға пайдаланады.

Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae)- тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді өсімдіктер. Қазақстанның шөл және шөлейт аймапқтарында жиі өседі. Республикавмызда 47 туысы , 218 түрі кездеседі. Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама қарсы орналасады. Түссіз ұсақ гүлдері гүл шоғырына топтасып масақша құрайды. Жемісі-жаңғақ. Тұқымы сақиналы болады.Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді ( сезен, ебелек, сораң, т.б) сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, алтұқымын балықшылар балыққа жем ретін.де пайдаланады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды.

Сабын жасау дәстүрі

САҚАР – КҮЛДЕН ШЫҒАДЫ Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар.

Сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды.

Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек-кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт-бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады.

Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады.

Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек.

Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт-бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз.

Мұнда ескеретін бір жайт, күнба­ғыстың яки алабо­таның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, асытып-тасытпай, отты бір деңгейде жаққанда, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек.

Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш-төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз.

Мұны үш-төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш-төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.

Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.

Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жа­сауға болатынын айталық . . Ауыл-аймақта сабын жасау үрдісі үш-төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қай­натқан адамның жолы ауыр болады деп пайым­­даған. Жақсылыққа жорымаған. Мұн­дай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақ­тың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан жасар жұмысыңызды игілікке істетуін сұрайсыз. . Әбден тазалап жуыл­ған, майланған қазанға бір кесе сақар сал­саңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің ма­йын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш-төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпта қайнау үшін қажет шара.Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз сабын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі-үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір-қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән-ма­ңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал

БҰЗАУШЫҚ

Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс бол­ғандықтан әрі кім көрінген жасай бер­мейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап-сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, бала­ларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші-қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл-аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.

ҚАРА САБЫННЫҢ ҚАСИЕТІ

ҚАЗАҚ САБЫНЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ МОЛ.

БІРІНШІДЕН, КІР-ҚОҢДЫ КЕТІРУ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ. БҰРЫН ҚАЗАҚ МАЙЛЫ ТАҒАМДЫ, ЕТТІ КӨП ЖЕЙТІНДІКТЕН, КИІМДЕРІ ДЕ СОҒАН САЙ МАЙЛАСЫП КЕТЕТІН. СОНЫ ТАП-ТАЗА ҒЫП ЖУУ ҮШІН ҚАРА САБЫННЫҢ ЖАСАЛУ САПАСЫ ЖОҒАРЫ БОЛУ КЕРЕКТІГІ ТҮСІНІКТІ

СОНДАЙ-АҚ, БҮГІНГІ КІР САБЫНДАР СИЯҚТЫ КІР ЖУҒАН АДАМНЫҢ ҚОЛЫН БӨРТТІРІП, ҚЫШЫТПАЙДЫ. ҚАНША КІР ЖУСАҢ ДА ДЕНЕҢЕ КЕРІ ӘСЕРІ ЖОҚ.

ЕҢ ҮЛКЕН ҚАСИЕТІ, ДЕНЕҢІЗГЕ ҚЫШЫМА, ҚОТЫР, БӨРТКЕН ШЫҚСА, ҚАЗАҚ САБЫНЫН ІСТЕТІҢІЗ. БІР-ЕКІ РЕТ СОЛ САБЫНМЕН ШАЙЫНСАҢЫЗ, ДЕНЕҢІЗГЕ ДЕРТ-ДЕРБЕЗ ЖОЛАМАЙДЫ.

БҮГІНГІ САБЫНДАР СЕКІЛДІ ҚАЙЫЗҒАҚ ТҮСІРІП, ШАШЫҢЫЗДЫ ҚҰРҒАТЫП НЕМЕСЕ МАЙЛАСТЫРЫП ТА ЖІБЕРМЕЙДІ.

ЕРТЕДЕ, СУСАБЫН АТЫМЕН ЖОҚ КЕЗДЕ, ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ТІРСЕГІНЕ ТӨГІЛГЕН ҚОЛАҢ ШАШТАРЫН ОСЫ САБЫНМЕН ЖУЫП,КҮТІП-БАПТАП ҰСТАҒАН

ӘР ТҮРЛІ АУРУҒА ШАЛДЫҚАН МАЛДАРДЫ ЕМДЕУГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ. ӘСІРЕСЕ,БАҚАНА, АУСЫЛМЕН АУЫРҒАН МАЛДАРДЫҢ ТІЛІН,АША ТҰЯҒЫН ОСЫ САҚАРМЕН ЕМДЕП ,ТҰЯҚТАРЫН САҚАРЛЫ СУҒА МАЛЫП,ЖАЗЫП АЛАДЫ.

Қолдан жасалған сабын өндірісі
Жалпы мәлімет. Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.


Қолдан жасалған сабын несімен тартады?

- бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.

- тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды.

қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

- сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы, түсі, көлемі, пішіні- барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.

- қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
Дайындау технологиясы.

Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал-жабдықтар сатып алудың қажеті жоқ. Сабынды үй жағдайында жасаймыз. Сабынды қолдан жасаудың жеңіл тәсілдеріні бірі манадай:
Дайындау үшін не қажет?

- сабын (мүмкіндігінше балаларға арналған сабын болғаны дұрыс, оның қатты иісі жоқ әрі қымбат емес);

- майлар: миндаль, кедр, бүрген. Бастысы - иісі қатты шықпау керек;

- эфир майлары (лимон, лаванда, шай ағашы және т.б.);

- толықтырушылар (кептірілген гүлдердің жапырақтары);

- сабын массасын араластыру үшін су;

- булау үшін ыдыс;

- формалар (мүмкіндігінше шыныдан болмауы керек).
Сабынды майда үккіштен өткізіңіз. Көптеген сабын жасаушылар сабынды алдын ала күннің астына немесе ыстық батарея үстіне қойып алуды жөн көреді. Өйткені үккіштен өткізу кезінде сабын шаңы көп шығады.

Майлардан 1 қасықтан (егер май біреу болса, 2-3 қасық) және глицериннен 1 қасық алыңыз. Барлығын араластырыңыз. Ыдысты буға қойыңыз.

Майды қыздырыңыз. Сабынды салыңыз. Мүмкіндігінше барлығын бірге емес, кішкентайдан. Май тезірек еруі үшін ыстық су құйып отырыңыз.

Сабын сұйық қамырға ұқсай бастағанда, бірнеше тамшы эфир майларын құйыңыз. Эфир майының әр тамшысынан кейін жақсылап араластырыңыз.

Толықтырғыш қосып, араластырыңыз. Кейбіреулер толықтырғыш ретінде ұнтақталған кофені қолдануды дұрыс деп есептейді, бұдан сезімтал тері үшін ерекше жұмсақ әрі табиғи скраб шығады. Көбісі үккіштен өткізілген тропик жемістерін қолданады, мысалы: банан.

Сабынды формаларға құйып шығыңыз. Суыған кезде мұздатқышқа қойыңыз. Дайын сабынды бүтіндей алу үшін форманы ыстық су құйылған ыдысқа қойыңыз, бірақ көп уақытқа емес, әйтпесе сабын ери бастайды.

Кептіріңіз (1-2 күн).

Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз

Сабын жасау үшін не қажет?

- Үккіш.

- Ыдыс.

- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

- Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)

- Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

- Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб.)

- Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.  

- Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.

- Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.

Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз – ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.       

Сабынды қалай қайнатамыз?

Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасаңызЕнді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.

Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.

Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз. Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.).

Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет. Байқағаныңыздай, сабын дайындау соншалықты қиын емес. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты, аралас сабындар жасауға болады.

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған..

Қортынды
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай. Қолдан жасалған сабын несімен тартады?

Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер қосылған,ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды.

Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

Сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы, түсі, көлемі, пішіні- барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.

Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады. Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал-жабдықтар сатып алудың қажеті жоқ. Сабынды үй жағдайында жасаймыз.
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық

процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт

бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап

тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады.

Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі

әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз Байқағаныңыздай, сабын дайындау соншалықты қиын емес. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты,

аралас сабындар жасауға болады.

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған..





Пайдаланған әдебиеттер тізімі



1 .Бастауыш мектеп» 2004 жыл.

2 .Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері – Алматы, 1995 жыл.

3. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: «Қазақстан» 1977 жыл.

4. «Шаңырақ» үй- тұрмыс энциклопедиясы-Алматы. 1977 жыл.

5. Халықұлы Ғ. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы.

«Сөздік- словарь». 1998 жыл.

6. Мұқанов К. Жүннен жасалған бұйымдар. Алматы. «Қайнар». 1990 жыл.

7. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 9- том Алматы, 2007 жыл

8. «Қазақ кеңес энциклопедиясы» 12 том Алматы, 1978 ж







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!