« Құтты қоныс Қарақия 45 жыл »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Құтты қоныс Қарақия 45 жыл »

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын толықтыру, ізденісін, шығармашылығын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Мектеп: №1

Мерзiмі: күні:21.09.2018ж

Тақырыбы: « Құтты қоныс Қарақия 45 жыл »

Қасиеттер: ар-ұждан, шыншылдық,адалдық, өз ойына, сөзіне, іс- әрекетіне деген жауапкершілік;

Мұғалiм: Атшибаева Г

Сынып : 7 «Ә»

Оқушылар саны: 19

Мақсаты:  Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын толықтыру, ізденісін, шығармашылығын ояту.
Дамытушылық:
Оқушыларды туған жерді аялауға, қадірлеуге, қорғауға, сүюге, мәртебесін көтеруге тәрбиеленеді.

Міндеттері:

- рухани байлық көздерін ұғынады;

- рухани байлықты бағалай білуге үйренеді;

- рухани байлыққа тәрбиеленеді.

Ресурсы:

Көрнекілігі 
Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, мадақтау қағаздары, сандық, алма ағашы, үлестірме кеспелер.

1.Сабақтың барысы: ( 2 мин.)
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер. Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық-алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім. Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім. Сенен басқа жерде маған қараңғы, Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.


2. «ТАНЫСУ» ( 3 мин.)

Маңғыстауда "Адайдың бес жүйрігі" ақпа-төкпе, суырып салмалық қасиеттеріне қарай аталған. Олар мыналар: Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы. Әншілердің ішінде озық, шашасына шаң жұқтырмас дүлдүл, даусының кеңдігі ұлан-ғайыр, тек ән өнерімен ғана шектелмей, оған қоса ақындық қасиеті бар тума дарын иелеріне "қайқы" атағы берілген. "Адайдың жеті қайқысы" мыналар: Жылгелді Теңізбайұлы, Өскінбай Қалмамбетұлы, Әділ Өтеғұлұлы, Шолтаман Байсарыұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Тұрсын Алдашұлы, Досат Бәймембетұлы. Біздің Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облысымыз Өзбекстан, Түрікменстан Республикаларымен, Каспий теңізі арқылы Ресеймен шектеседі.Өлкемізден мұнай, ұлутас өндірілетінін мақтанышпен айта аламыз. Облысымызда 5 аудан бар: Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы. Қарақия ауданында ең терең ойпат Қарақия орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 132 м тереңдікте. Біздің ауылда өндіріс орындары, мекемелер бар.


Ұранымсың, жан баба, Жыр-әнімсің ,жан баба, Жебеушімсің, жан баба, Демеушімсің, жан баба, Бекет ата - Пір баба! Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата немесе 362 әулие түседі."Маңғыстаудағы әулиелер саны-360, қырда - Бекет, ойда - Саназармен 362" деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі. Қазақстандағы тарихи - мәдени ескерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғырланған. Бекет Ата- 1750-1813 жылдары өмір сүрген әулие, көріпкел, батыр, сәулетші, ағартушы. Жем өзені бойындағы Ақмешіт - Құлжан, Маңғыстау өңірі. Мүрдесі Маңғыстауда Оғыландыдағы өз мешіт ғимаратында қойылған.Ол 4 мешіт салған: Құлсарының біріншісі - Ақмешіт, екіншісі- Бейнеу ауылынан 20 шақырым жерде, үшіншісі - Үстірттегі Байшатыр, төртіншісі - жерасты мешіті Оғыланды. Киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет- ерекшелігі болғаны да аян. Уақыттың куәлік етуіне олардың әрқайсысының әсер ету күші де әр алуан болып келеді. Уа, дариға, алтын бесік - туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.



3. «ОЙЛАН,ТАП» ( 5 мин.)

туған жер туралы мақал-мәтелдерге береміз.



5. Шығармашылық жұмыс. (10 мин.)

Келесі кезекті"Маңғыстау" сөзжұмбағына береміз.

Сөзжұмбақ тақтада ілінген.

Оны оқушылар шешіп, жауаптарын тақтадағы сызбаға жазып отырады.

М А Ң Ғ Ы С Т А У

1. Облысымызда соңғы ашылған аудан

2. Ең терең ойпат

3. Облысымыз туралы құнды энциклопедия атауы

4. Бекет ата мүрдесі қойылған жер атауы

5. Ауданымыздың орталығы

6. Облысымыздағы теңіз атауы

7. Облысымыздың орталығы

8. Бекет атаға баратын жол қай ата арқылы өтеді?


6. Топпен ән айту. (5 мин.)

Әнді сүйсең менше сүй, - "Ұшады Маңғыстаудан шағалалар"


7.  «Ұшқыр ой,жылдам жауап» (5 мин.) видео ролик қарау


8. Қорытынды. (5 мин.)

Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далай тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік (хормен).

Қазақ тілінің мерейі үстем бола берсін!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі