А.Алтайдың "Прописка" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Алтайдың "Прописка" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Прописка дегеніміз әрбір азаматтың тұратын мекенжайы бойынша тіркелуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Сынып:

6 А

Мұғалімнің аты-жөні

Абдрахманова Б.Б.

Оқулық

Қазақ әдебиеті. С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

Сабақ тақырыбы

А.Алтайдың "Прописка" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Оқу мақсаты

(қысқаша)

Әдеби шығармада көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.




І Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа назарларын аударту.

ІІ Үй жұмысын сұрау. Асқар Алтайдың өмірі мен шығармашылығы туралы берілген сұрақтар бойынша жауап береді. Әңгіменің фабуласымен толықтай танысып келеді.

ІІІ Жаңа сабақ.Сабақтың мақсаты хабарланады.


Анықтама бұрышы.Түсінік беріледі.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Прописка дегеніміз әрбір азаматтың тұратын мекенжайы бойынша тіркелуі.




Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, пысықталады.

Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарына талданады.

1.Оқиғаның басталуы

Архаттың жолға шығуы

2. Оқиғаның байланысы

Пропискаға тұрау алмауы

3. Оқиғаның дамуы

Боранның басталуы

4.Оқиғаның шиеленісуі

Жаяу кеткен үш жолаушы

5. Оқиғаның шарықтау шегі

Ертістен өте алмаған автобус

6.Оқиғаның шешімі

Алтайға кері қайтқан Архат




Тақырыбы: Желтоқсан оқиғасы кезінде сергелдеңге түскен қазақ жастарының өмірі суреттеледі.

Шығармада көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтаңдар.


Үзінді

Көтерілген

мәселелер


Идеясы

Бәрінен де төрт ай бойы сергелдеңге салынғанын айтсаңшы.Сол бір Желтоқсанның бұрқағы болмағанда, құда да тыныш, құдағи да тыныш, Алматыға іргелес ауылына пропискаға отыра қояр еді.

1986жылғы желтоқсан оқиғасы үшін қудаланған қазақ жастарының басындағы қиындықтарынан бізді хабардар ету.Кеңес үкіметінің сол кезде жасаған озбыр іс-әрекеттерін сынға алды.Сондай-ақ,кейбір майда детальді оқиғалар арқылы ауыл мен қала ортасына қатынаудың қиындығы,жолдың жоқтығын көрсету арқылы Кеңес үкіметі кезеңіндегі олқы тірлікті жеткізуді мақсат еткен.Архат образы арқылы жастарды қайсарлыққа, өжеттілікке шақырады.



Кенет сары автобус бір жағына қиқаң ете лықси беріп, бір жамбасына ошарыла құлады.Бағанадан бері сыр білдірмей отырған жұрт у-шу болған күйде сол жақтағылардың үстіне ауды.Сол қабырғасына қисая құлаған автобустың моторы өшіп, едені көтеріліп кеткен....




Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Әңгіме неліктен «Прописка» деп аталған?

  2. Қандай себеппен Архат ауылға келе жатыр?

  3. Неліктен Архат Алматыға, Алматы маңындағы ауылға пропискаға тұра алмады?
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2022
15707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі