Материалдар / Абай философиясының негізіндегі толық адам моделі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай философиясының негізіндегі толық адам моделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай адам бойындағы жақсы қасиеттердің барлығын жүрекке баламалайды: «Жүрек – адам денесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша». Абай адамның қасиетін айшықтап тұрушы қасиеттердің бірі ретінде дәл жылы жүректі атайды. Кемел адамның жүрегі тау бұлағындай таза болады. Хакімнің өзі айтпақшы, «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
295
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай философиясының негізіндегі толық адам моделі

Ұлттық әдебиет шеңберінен шығып, әлемдік мәдениет кеңістігінен орын алатын Абай шығармашылығы – бүгінде бүкіл адамзаттың рухани байлығы, арзымас игілігі. Хакім Абайдың өлмес мұрасын танып, түсініп, көңілге түю, оны адамдық ғұмыр жолымыздың желкенді жетекшісі, адастырмас темірқазығына айналдыру, сол арқылы парасат шыңын бағындырып, толық, кемел адам атану өмірге жолаушылатып келген, дүниелік істер санасы мен жүрегін жаулап алған пенделердің қолынан келер ма екен? Абай философиясынан толық адамға тән қасиеттердің үздік үштігін өзімше жіктеп көрдім.

Абай адам бойындағы жақсы қасиеттердің барлығын жүрекке баламалайды: «Жүрек – адам денесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша». Абай адамның қасиетін айшықтап тұрушы қасиеттердің бірі ретінде дәл жылы жүректі атайды. Кемел адамның жүрегі тау бұлағындай таза болады. Хакімнің өзі айтпақшы, «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?».

«Жүрегім нені сезесің?

Сенен басқа жан жоқ па?

Дүниені, көңілім, кезесің,

Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!».

Адам жүрегінің тек өзі емес, өзге де адамдар басынан өткеріп жатқан, дүниеде болып жатқан құбылыстарға: әділетсіздікке, сөзбен де, іспен де қиянат жасаушылыққа бей-жай қарамауы, шындықты шырқырап жырлауы – оның (адамның) даналығының көрінісі.

Абай қарасөзінде адам баласына қайрат, ақыл, жүректің орнын көрсете келіп, қайрат пен ақылды жүрекке билетуді адам баласына ұқтыратын ғылым екенін айтады. Егер адам қайраты мен ақылы болып, жүрегі жоқ болса: «Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» - дейді. Ақылын игіліктің арнасына емес, зұлымдықтың пайдасына қолданып, жүректі өз қолдарымен қарайтқандар адамзат тарихында жетіп артылады. Аштықты қолдан жасап, бүтін бір ұлтты жойып жіберуге тырысқандар, бомбаны ойлап тауып, жапондық Нагасаки, Хиросима қалаларына тәжірибеден өткізу үшін оны әуеден лақтыра салғандар да – ғылымның өкілдері. Ендеше, ғылымның өзі адамды кемел ете алмайды, ол жүректің жылылығымен, ақылдың нұрлылығымен бірлікте болуы керек.

Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы деп санаған Абай ілім-білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қойған:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба».

Бойдағы қайратты оқуға, ғылымға жұмсау керектігін ескертіп, ғылым – адам ойының эвересті деген тұжырымға келеді.

«...Біреуден біреу артылса,

Өнер өлшеніп тартылса,

Оқыған, біген – білген-ақ

Надан – надан-ақ сан қылса».

Абайша, ғылым адамзаттың игілігіне жұмсалуы керек. Егер ол тек адамның атағы мен даңқын айшықтаушы болса, ғалымның ғылым жолына түсу ниетіне күмән келтіру керек.

Абай қалың бұқараны адал қарапайым еңбекті қадірлей білуге, ерекше құрметтеуге және оны бағалай білуге үндейді:

«... Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер

Диханшылар жер жыртып, егін егер,

Шаруаның біреуі екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер...».

Қулық-сұмдықпен, алдау-арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің жұғымсыз екенін ұқтырады:

«... Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар...».

Ризығын адал тауып, ақша үшін өзге адамдардың басынан аттап кете баратын, басқалардан тек дүние-мүлкінің көлемімен озамын деп ойлайтын жандарды көзіміз күнделікті көріп-ақ жүр.

Абай айшықтап, саралап көрсеткен осы үш қасиеттен бөлек ұятты арнайы қосар едім. Қайдан келгенін, қайда кететінін білетін, жаратушысынан, айналасындағы адамдардан, өзінен ұялатын адам кемелдікке әбден жете алады.

Қорытындылай келе, жүрегінде мейірім бүршік атқан, ақыл-ойдың шыңы – ғылымға қол жеткізген, еңбегін адал атқаратын, өзгеге сөзбен, іспен қиянат жасауға иманы, ары, ұяты жібермейтін адам Абай философиясындағы толық адам моделіне толықтай сай келеді деп тұжырымдаймын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!