Материалдар / "Абай жолы-дара жол" Әдеби композициялық қойылым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай жолы-дара жол" Әдеби композициялық қойылым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлануына үлес қосу және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай ақын шығармашылығын насихаттау, халықтың рухани мәдениетін арттыру. Абай өскен орта туралы жан-жақты ақпарат беруге арналған қойылым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
583
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Абай-жолы-дара жол»

Әдеби композициялық қойылым


Мақсаты: Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлануына үлес қосу және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай ақын шығармашылығын насихаттау, халықтың рухани мәдениетін арттыру. Абай өскен орта туралы жан-жақты ақпарат беру


Көрнекілігі: слайд,музыкалық көркемдеуші құралдар, «Абай дара ,Абай дана қазақта» кітап көрмесі

Барысы:


АВТОР: Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,

Әлемнің барша елін аралаған,

Абайға бас имейтін адам барма!?


Адам!Адам деген құдіретті есім.Кеудесінде жаны бар пенде болу бар да,адам атына лайық азамат болу бар.Осындай сан түрлі сауалдарға жауапты Ұлы Абайдан табатындаймыз.

Күніне жүз оқысаң жалықпайсың,

Көз талды,шаршадым деп талықпайсың,

Бір сөзін бір сөзінен артық көріп

Құмар боп қайта-қайта анықтайсың!

Шіркін,Абай неткен дана,дара,кемеңгер! Сөз құдіретін Абайдан артық ұғар жан сірә да тумас.Ал Алып Абай кімнен туды,қандай отбасынан тарады,осындай құдірет иесін өмірге әкелген кім,тәрбиелеген,адам қылып қалыптастырған кім?



Құнанбай: Биссимилла,деп сөз бастайды Құнанбай,

Бола қоймас бүгін көрген түсім жай

Ибраһим деп аян берді абыз шал.

Ұлды болам Кеңгірбайдай данадай !

  • Ия,Ұлжаннан тағы бір ұлды болам ,елінің адал перзенті айналар адам дүниеге келер. Басқа баламнан оқ бойы озық тұрар.Менің орнымды басар.Тек аллам ел ішіндегі алакөздіктен сақтасын. Онсыз да мені жұрт қатыгез,жауыз дер! Әйтседе осы елім,жұртым,халқым үшін,солардың тыныштығы мен елдігі үшін емес пе осының бәрі!Көпке жағу оңай ма,Кеңгірбай атамыздың теріс батасынан сақтай гөр аллам,ұрпағымды! Меккеге қажылықққа барғанда алдымен ел амандығын,сосын өз күнәмді өзіме бер,ұрпағымнан аулақ ете гөр деймін!Адамның қай мінез қасиеті болса да,сол мінезі міні де болады .Менің түйгенім өмірде ұстанған нәрсені берік ұстану. .Жақсылық –кісінің айнымас табандылығында деп білемін.Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар! Адам пенде ғой! Пенденің жоқ-жіті толған ба?

Жаңылмас, қате баспас хан бола ма?

Тапжылмас, табан таймас жан бола ма?

Бәйгеге күнде қоссаң алдын бермес,

Тұлпарда арықтаса сән бола ма?

Кер заман кез келсе адам жаңылмай ма?

Кемеңгер келелі істе танылмай ма?

Айнымас таза жүрек, сенімді дос,

Тарығып, талған кезде табылмай ма?

 

Шықпайды жан, кесімді қаза келмей,

Асыл ерлер өтті ме наза көрмей?

Елі үшін еңбек етіп азап тартқан,

Мақшарда бейіске енер, жаза көрмей! –

О,аллам,өмірге келер ұлымды арсыздықтан,қаңқу сөзден,бос белдбеуліктен сақта!



АВТОР: Исі қазаққа Зере ананы немесе Зере әжені таныстырып жату артық. Зере – ұлт анасының, ұлт әжесінің жиынтық бейнесі. Зере – дәстүр мен тәлім-тәрбиенің шамшырағы. Зере – ұлтымыздың рухани төлқұжатына айналған Абайдың әжесі. Дана ақынның даналығының бастауы.



ЗЕРЕ: « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» Қарағым, оқуың ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға!Әкең де кітап ұстағаны болмаса,алысқа ұзамады. Сен әр күн жаңа өмірге келгендей боласың! Балапаным –ау,абай бол,абай бол,құлыным! Ел ішінде азғындатушы да арандатушы да көп болады.Сені олардан аман алып шығар осы кітаптан алар білімің! Ибраһим деп азандап ат қойсақта Абай деп атадым.Абай бол,құлыным!Абайым!

Автор: Алып анадан туады.Абайдың анасы, Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжанмен тағдырлас болуы да Алланың жасаған кереметі дерсің. Ұлжанды алғаш Құнанбайдың інісі Құтпанбетке атастырады. Құтпанбет ру арасындағы бір қақтығыста найзаға түсіп өледі де қалыңдығы Ұлжан оң жақта қыз күйінде қалған соң, екінші әйел қып Құнанбай алады. Ақылды келін Ұлжан енесі Зеремен аса бір ынтымақтастықта ғұмыр кешкен. Жер дауына байланысты оқтын-оқтын тұтанып отыратын Тобықтының өз ішіндегі бас араздық осы Зере-Ұлжан ауылында бітім тауып жататын-ды. Сол кездегі ата дәстүр бойынша Ұлжанның бар баласы өз қолында тәрбиеленбеген. Үлкен ұлы Тәңірберді жас кезінде Өскенбай бидің қолында болса, Ысқақ Күңкенің тәрбиесінде болған. Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен Ұлжанның тәрбиесінде болып, Абай жасынан бір ауыл боп отырған Құнанбайдың үшінші әйелі Айғызбен өз үйінің ортасында жүріп Телқара атанғаны белгілі. "Абайдың сөзіндегі салқын ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз".

Ұлжан: Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларын да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты. Шын асылдық қасиеті жоғалмайды. Қарашығым,қоңыр қозым! Атадан жетеу, анадан төртеу болсаңдарда аға-сұлтанның баласымын демей,елімнің ,қазағымның баласымын дегенің дұрыс. Сені көбі дұрыс түсінбес,тіпті етегіңнен тартар,келеке етер,Айналайыным,ешқашан қатыгездікке барма!Атаның баласы болма, адамның баласы бол! Сен үшін де, өзім үшін де тілер бар тілегім осы ғана.

Автор: Ия,Абайдай алыпты дүниеге әкелген анадан тараған басқа балалары қандай еді?Енді Абайдың сұйікті бауыры Оспанға тоқталып көрелік.

Арғы атасы Ырғызбай, өз әкесі Құнанбай секілді арысқа түсіп күрескен Оспанның да балуан болатын жөні бар.

Жайнаған туың жығылмай, 

Жасқанып жаудан тығылмай. 

Жалын жүрек суынбай, 

Жат біткеннен түңілмей, 

Жайдары жүзің жабылмай, 

Жайдақтап қашып сабылмай, 

Жан біткенге жалынбай, 

Жақсы өліпсің, япырмай! – деген ұлы ақын Абайдың жақсы інісі Оспан өлгенде жазған көңіл айту өлеңі баршаға мәлім.  Қайғыдан қан құсса да, сүйікті бауырының қайғасына налыған ақын Оспан бейнесін анық ашып, суреттеп бейнелегендей. Жоғарыдағы өлең арқылы Оспанның өр мінезді, батыр да балуан кісі болғанын байқаймыз


Оспан: Құнанбайдан тараған ұрпақпыз ғой,алайда көресін Құнанбайдың осы Ибраһимінен көрдім! Қит етсе закон,қит етсе мақалдап шығады.Ееей,Ибраһим,сенің дегенің осы ма еді? Мен айтпап па едім,сенің елің сен ойлағандай емес,бәрі бәрі шетінен сатқын,анау жаныңда жүрген кешегі тобырдың бәрі басынып барады,Ибраһим,берші маған рұқсатыңды. Оспан балуан атыма сай болайын.Күнту,Оразбайға кім екенімді көрсетейін! Ай,қайран ағам –ай,сенің ойыңша олар ойланар,мәмілеге келер,болмаса халқыңның қамфын жер дермісің!Жо,жоооқ,Ибраһиммм,олар күні үшін елін де,халқын да оязға,орысға сатып кеткендер! Сен орыстың әдебиетін,мәдениетін алыңдар дейсің,ал олар орысқа қазақты құл етпек. Жұмсақ ағаш құртқа жем, жұмсақ адам жұртқа жем,АБаййй!


Автор: 1875 жылы отыз жасқа енді ілінген Абай Мұқыр болысына болыстық қызметке тағайындалған еді. Сайлаусыз, назначениемен. Екінші әйелі Әйгерімді сол қарсаңда кездестіріпті. Абай досы Ербол екеуі Ақшоқыдан 25 шақырымдай жердегі Орда тауында аң аулап жүріп, оның «Шілікті кезең», жас шыбықтар қалың өскен тұсты «шілік» дейді, аталатын бөктерін қыстайтын руы мамай Бекей деген адамның аулына келіп қонады. Отыз жастағы жігіт Абай табиғи әдемі дауысы бар, «кең маңдайлы, нұр жайнаған қара көзді» Бекейдің сұлу қызына «бой ұрмай тұра алмайды» (Әрхам). Үйіне келгеннен кейін де гүл жайнаған сол қыз көз алдынан кетпей қояды. Алғашқы махаббаты Тоғжанды есіне салады.

Әйгерім:          Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

                              Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

                              Жіңішке қара қасы сызып қойған,

                              Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Ия,ия,тап осылай! Абай мен Әйгерімді табыстырған алғашқы өлең жолдары! Ділдә бәйбішенің «бай сенікі,бала менікі» ,ел сыйлысының қонағына иес бол дегенін ұстанғаным да рас.Қазақ салтының көп әйел алу, Ділдәнің өмір бойғы тоқал деп атауы, Абайымның азандап қойған атым Шүкімәнді Әй –керімге айналдырып, сүйікті жар болуымның қасында ештеңе емес қой тәйірі! Ділдә –шыдамдылықтың бейнесі,ал Әйгерім-адал махаббаттың ажары,Абайдың қосылмаған ғашығы Тоғжанның жалғасы, Абайдың ыстық ықыласының қайнар көзі! Өнерін бағалап,қонағын күте білген адал жары.



Автор: Абайдың шақыртуымен келген құрметті қонақтың бірі - Арқаның атақты әншісі Біржан Қожағұлұлы болған. Қоянды жәрмеңкесіне қатысу және қазақ даласының түкпір-түкпіріне сапар шегу сал-серінің салты.

                           Құлақтан кіріп бойды алар,

                           Жақсы ән менен тәтті күй.

                           Көңілге түрлі ой салар,

                           Әнді сүйсең, менше сүй, -

дейтін Абай Біржан салдан көп ән үйренеді және Әйгерімге Біржанның әндерін үйретеді. 

Біржан:  Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! (құлақтан кіріп бойды алар орындалу керек)

Айтқышсың ау, Абай! Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші едің. Керісінше , бүгін сен ән туралы біз елемей жүрген түкпірді аштың. Мен саған тағы борышты болдым ғой. (ән орындалады: «Жанбота»)


Автор: Абай бейнесін аша түсер тағы бір кейіпкер Ербол. Ербол» - Абайдың жан досы; екеуінің арасында өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық болды. Абай мен Тоғжан арасын селбестіріп, кейіннен Абайдың Әйгерімді алуында Ерболдың атқарғаны аз болған жоқ. Бұдан басқа ел ісін реттеуде де Абай мен Ербол үнемі ақылдасып, бірігіп әрекет қылып отырған.

ЕРБОЛ: «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,
Саған жар менен артық  табылса да»

-Шіркін,Абай! Сенің жаныңда жүру,сенің өлеңіңді тыңдау мен үшін үлкен мақтаныш қой! Тоғжанмен әр кездесуің, қосыла алмай құсаланған күндерінің куәсі емеспін бе! Ал Тоғжан әнімен Әйгерімді кездестіруің сенің жалынды жастығыңның шоғын өршіткені де ғажап дүние еді. Ел ішіндегі қамқорлығың,әділдік пен адамгершілікке шақыруың ,қарапайымдылығың –бәрі де сенің болмысыңның тұғырын биіктете түскен жоқ па?! Абай, сенің адалдығыңа,адамдығыңа жасаған пендешілігіме де үнсіз жауап бердің –ау!


АВТОР: Абай өміріндегі ең бір әдемі, ең бір әсем көріністердің бірі ретінде Абайдың алғашқы махаббаты – Тоғжанмен кездесуі. Тоғжан Абай ауылына көршілес жатқан Бөжей ауылының қызы. Әкесінің аты - Сүйіндік. Абай оны алғаш рет көктем мезгілінде сол Сүйіндіктердің үйіне қонаққа барғанда көреді. "Сылдырлаған шолпысы ,әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері- баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.Толықша келген ,аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр.Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас,жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.   Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп,не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей.Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай."



ТОҒЖАН: Кертаудың ат байладым аршасына, 

Сәлем де Тобықтының баршасына,

Махаббатсыыз дүние бос екен-ау,

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да.
Махаббат әр адамның жүрегіне ұя салатын сезім құдіреті. Ол құдірет бірде шапағатқа, бірде машақатқа, бірде ләззатқа, бірде азапқа, бірде нұрға, бірде мұңға бөлейтін, ыстығы мен суығы астасып жататын асау бір ағын. Жарқылы жаныңа гүл еккізетін, тіпті кейде қайғы-қасірет шеккізетін бұл сиқырлы сезімнің ғашықтық ғаламаты да, махаббат машақаты да сонысымен қымбат, сонысымен жұмбақ.
Осы оттың шарпуынан ақылы дария, таланты жаһанға жария жандар да «аман» қалмаған,Абай! Ғашықтық ғаламаты тағдырдың аманатына айналып, қосылмас ғашықтардай күн кшерміз! Менің іңкәр сезімім жаныңды өртер,күйік те сыйлар,амал не,әкелеріміздің араздығы,рушылдық құрбанымыз!

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?
Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?

Автор: Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсең

Абай төңірегіндегі тағы бір ерекше тоқталар бейне- Михаэлис.Абайдың жер ударылып келген орыс досы.

Михаэлис өзіне керек бір кітапты іздеп кітапханаға келіп тұрғанда, сол жерде Толстойдың кітабын сұрап Абай да тұр екен. Михаэлиске қыр қазағының сол кітапты сұрауы таңсық көрінеді. Сондықтан ол Абайдан: «Толстой неге керек?» деп сұрағанда, Абай өзінің кітап қарастырып жүрген жайын айтады. Содан екеуі кітапханадан бірге шығып әңгімелесіп-ақ кетеді. Таяу арада сыйлас, айырылмас дос адамдар хәліне жететінін кім білген.
Сөйтіп, жасы 30 ішіндегі Абай бұрынғы азды-көпті білімін есіне түсіріп, «өз өзінен ізденіп, қармана бастайды.


Михаэлис: Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше мен бір белгілі парқын көрдім.

Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының куман жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?



АВТОР: Адамдық борыш, ар үшін,

барша адамзат қамы үшін.

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін,

Бұл Абайдың немере інісі,ағасы Құдайбердінің ұлы,Абайдан тәлім алған шәкірті Шәкірімнің өлең жолдары . Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Абай бағытын ұстанған өр тұлға,бес арыстың бірі. 


Шәкәрім: Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.


Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.



Автор: Ұлы Абайдың үш рет отау тіккенін баршамыз білеміз.Үшінші әйелі Оспанның жесірі Еркежаннан бала тарамайды. Ал Ділдә мен Әйгерімнен 3 қыз,8 ұл дүниеге келед. Солардың ішіндегі ең сүйікті ,кенже баласы -Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.



Мағауия: «Дұғай сәлем ғизатлу уә һәм хүрматлу Мағашқа жетіп мағлұм болсын-ки. Үй ішіне менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бәкеңнен айдатып жібер. Ақылбай бірге келсін. Мұндағы істер жақсы жүріп жатыр. Шаһкәрімге сатарлық (соңғы «сатарлық» деген сөз сызылып тасталған – А.О.) һәм сәлем айтыңдар, ол да келсін.

                               Ой жүгіртіп қарашы Мағаш бала,

                               Сан дегенің тоғыз-ақ, бірден сана.  

                               Нөлді ертпесе бұлар да қысырайды,

                               Единица сыфат деп біл тек қана.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!