Материалдар / Абай жолы ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай жолы ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
713
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Отан отбасынан басталады

Мектеп:

Күні: 1.05.2020 ж


Мұғалімнің аты-жөні:

Сырым Ақнұр Жолдасқызы

Сынып:


Қатысқандар: 18


Қатыспағандар:2


Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы», «Құз-қияда » тарауы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6Т1. Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау.

6Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

6ТБ1.1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтап ,эпизодттармен салыстыра алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады.

Жекелеген кейіпкерлердің бейнесін шығарма мәтінімен салыстыра талдай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Құнанбай мен үстем тап өкілдерінің іс-әрекетін эпизод бойынша салыстырмалы түрде талдай отырып , өзіндік баға бере алады.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы эпизодтарды салыстырады.

Кейіпкерлер іс-әрекеттерін салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: заманауи, кейіпкер, роман,тақырып , идея

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша...

Осылардың ішінде...

Құндылықтарды игерту:

Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

- Тіл мен мәдениет;

- Өмір бойы білім алу;

- Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

- Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау

Мәңгілік елдің «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы Абай образын талдау барысында ішінара насихатталады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Ноутбук, PowerPoint таныстырылымы

Алдыңғы оқу

Абай жолы роман эпопеясы жайлы біледі.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың

басы

8 мин













Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал.

«Шаттық шеңбері»

Бір, екі, үш,

Әке-шеше қорғаным

Бір, екі, үш,

Бауыр-аға орманым

Бір,екі, үш,

Іні-сіңілі ардағым

Бәрі менің бау-бағым...

Топқа бөлу(суреттер арқылы) «Пазл» әдісі. Алдарына берілген пазл суретті құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ 2-топ 3-топ


Миға шабуыл.

Кітап суреттері бейнеленген пазлдарды байланыстырып сабақ не жайында екенін болжайды.

Сұрақтар:

-Абай Құнанбаев туралы не білесің?

-Абайдың тәрбиесіне кімдер көбірек көңіл бөлді?

-Отбасында әкенің орны қандай?

-Абай жолы роман эпопеясы жайлы не білесіңдер?

-М.Әуезов кім?

-Қандай шығармаларын білесіңдер?

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?


Бүгінгі тақырып: М.Әуезов «Абай жолы»,

«Құз-қияда» тарауы

Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.






Суретті пазлдар:








Сабақтың ортасы

25 мин






























1-тапсырма Т.Ж.

«Уақыт тізбегі» әдісі

Оқушылар тарау мазмұнын аудиотаспадан тыңдау арқылы тақырыпты болжайды.

Тірек сөздерді

(хабар,қашқын,хат,тартыс,шайқас,жесір,мәлімдеме) «Түртіп алу» әдісі арқылы табады, тараудағы көтерілген мәселені болжайды.

Мәтін мазмұнын «Уақыт тізбегіне» салу арқылы көтерілген мәселені анықтайды.

Көтерілген мәселе бойынша, тірек сөздерді қолданып «хабар, қашқын, хат,тартыс,шайқас,жесір, мәлімдеме/ «Тарамдағы шайқас» тақырыбына диалог құрастырады. /көпшілігі/

Дескриптор:

  1. Тараудағы мәтінді аудиотаспадан белгілі бір бөлігін тыңда тақырыпты болжап айт

  2. Тірек сөздерді қолданып мәтіндегі мәселені анықта

  3. Мәтіннің мазмұнын Уақыт тізбегіне» сал.

  4. Үзінді бойынша, тірек сөздерді қолданып диалог құрастыр.

ҚБ «Бутерброд» әдісі арқылы өзара бағалау жүзеге асады.


2 тапсырма. Т.Ж.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сұрақ – жауап.

Оқушыларға «Құз-қияда» тарауын тыңдату арқылы идеялық мазмұнын жеткізеді.

Мұғалім «Құз-қиядан» мәтін бөліктерін таратады.

Оқушылар оқып, тарауды пысықтауға арналған талқылау сұрақтарына жауап береді.

1-топ

1.Абайға мәлім болған жаңа жары кім?

2. Дәрменнің қасына әдейі кеп қосылған сенімді серік, жұбын жазбас жолдасы кім?

3. Қала ішінде осы топтың да ең алғаш ат тұмсығын тіреген қақпасы?

4.Мәкен Дайырдан қалай құтылады?

5. Дайырлар екі қашқынды шариғат жолымен қалай жазалады?


2-топ

1.Дайыр бұрын кімнің жесірі болған?

2. «Есентай Оразбайдан алып келген ең зілді зәрін айтты.

Жазасы сол, Ыбырай құптамаса ұстамасын екі бүлікті! Қолыма берсін, мойындарына арқан тақтырып, сүйретіп өлтіремін!» деген көріністің аяғы немен тынды?

3.Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?

4.Тарамдағы шайқастың басталғанын қай көріністер арқылы байқаймыз?

5. "Інім өлсе, жесірім тірі, әмеңгері өзім бармын. Мәкенді өзім аламын. Осы жазда, не күзде ұзатуға қам-қарекет істесін!" – деген бұйрық жіберген кім?


3-топ

1. Дәрмен мен Мәкеннің қашу себебі?

2. Абайды араз топтарымен "Ыбырай" деп, "Құнанбайдың Ыбырайы" деп атап бастаған кім?

3. Тараудың тақырыбы мен идеясын анықта?

4. Баймағамбет суық түйілген қалпынша, үндемей ғана тұрып, омырау қалтасынан екі бүктелген хат алды да, кімге ұсынды?

5. Тарау немен аяқталады?


Дескриптор: Білім алушы

1. Тарау мазмұнын түсінеді

2.Сұрақтарға жауап береді

ҚБ «+, - , керемет» әдісі арқылы өзара бағалайды.


3 тапсырма Ж.

«Аялдама» әдісі

Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау:

1-аялдама.Оқиғаның басталуы

2-аялдама.Оқиғаның дамуы

3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс

4- аялдама.Шарықтау шегі

5-аялдама.Оқиғаның шешімі

6-аялдама.Кейіпкерлері

7-аялдама.Көріктеу құралдары

ҚБ «Үш шапалақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!