Материалдар / Абай Құнанбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қажет. 2020 жыл Абай атамыздың 175 жылдығына арналған презентация.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2020
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Абай Құнанбаев
Презентация тақырыбы
Абай Құнанбаев


Page 2

Мақсат
Оқушыларға Абай Құнанбаев жайлы
толыққанды ақпарат беру. Абай
атамыздың шығармаларымен танысу.


Page 3

Абай Құнанбаевтың өмір баяны
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында
Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт əйелінің бірі, екінші əйелі
Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан
басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды.
Бұлардың əрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара
деген əйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың
əкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді əйел болған.


Page 4

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай
тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке əділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мəтел сөз қалған.
Өскенбайдың əйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 əйел алған адам. Оның бəйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған
екінші əйелі: Ұлжаннан – Тəңірберді (Тəкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші əйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында
үйленген ең кіші əйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең
пейілімен ел анасы атанған “кəрі əжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, əзіл-
қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тəрбиесінде өсті. Абай əуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған
соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан
анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шəкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге
ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен
танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сəғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында
Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын əрі жалғастыра алмай, небəрі 3
жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.


Абайдың Алматыдағы ескерткіші.

Абай мен Оспан Құнанбайұлдарының зираттары
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, əкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ
болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай əке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ
даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен əлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен
жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, əдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.


Page 5


Абай (Ибраһим) Құнанбаев
(1845-1904) — ақын,
ағартушы, жазба қазақ
əдебиетінің, қазақ əдеби
тілінің негізін қалаушы,
философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер
[1], либералды көзқарасын
исламға таяна отырып, орыс
жəне еуропа мəдениетімен
жақындасу арқылы қазақ
мəдениетін жаңартуды
көздеген реформатор. Абай
ақындық шығармаларында
қазақ халқының əлеуметтік,
қоғамдық, моральдық
мəселелерін арқау еткен.[2]


Page 6

Абай ұлдары
Ақылбай (сол
жақта) жəне
Тұрағұлмен (оң
жақта) бірге


Page 7

Абай
Құнанбаев
Ақын
Ағартушы

Аудар
машы
Филосо
ф
Комп
озит
ор
Қоғам
қайратк
ері
Саяси
қайраткер
Ойшыл
ғұлама
ғалым


Page 8

Үй тапсырмасы
Абайдың кез-келген бір өлеңін жаттап
келу. Жəне сол өлеңі жайлы ақпарат
жинау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!