Материалдар / Абай шығармашылығы және еуропа әдебиеті мен мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай шығармашылығы және еуропа әдебиеті мен мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы:8

Пәні:Абайтағлымы

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығы және еуропа әдебиеті мен мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

А/ Білімділік: Абай атамыздың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақынның өмірдегі орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануында басқа да орыс жазушыларымен бірге Пушкиннің ықпалы зор екендігін ұғындыру, ақынның аудармашылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату, орыс әдебиеті үлгілерімен салыстыра жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Б/ Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, мейірімділекке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, суреттер, шығармалар жинағы, баспасөз материалдары.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.

Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б/ Үй тапсырмасын сұрау

В/ Жаңа сабақ

Үй тапсырмасы:

Сан тілмен келтірсек: аудармаға арналған өмірінің 15 жылында Абай үлкен- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Ол А.С.Пушкиннің « Евгений Онегин» атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А.Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған.


  1. Ақынның А.С Пушкиннен аударған аудармалары туралы не айтасыңдар?


Shape1

Аудармалары

Shape2 Shape3


Shape5 Shape4


Shape7 Shape6

/ Оқушылардың орыс ақыны Пушкин поэмасы «Онегин» туралы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру./

2. Өлеңін аудармасымен жатқа айтқызу.

3. Аударма жасаудағы шеберлік, екі елдің мәдинетінің арасындағы айырмашылық

Жаңа сабақ : Орыс әдебиетін оқып үйренген кезде Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі — А. С. Пушкин болды. 
Абай атамыздың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақынның өмірдегі орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануында басқа да орыс жазушыларымен бірге Пушкиннің де ықпалы зор. Осының бәрі қазақ ақынының көзқарасымен, бүкіл сана-сезімімен қайнап бітісіп, екі ұлы ақынның қос жүрегі қатар соғып тұрғандай. Өмірді шынайы суреттеп, халқын шексіз сүйген, ұлттың ауыз әдебиетінен нәр алған, халық поэзиясын жақсы білген және мол пайдаланған ұлы орыс ақыны қазақ ақынына осы жағынан күшті әсер етті. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы әлемдік әдебиет тарихында, әсіресе, орыс әдебиеті тарихында ең көп әрі мол және толассыз зерттелумен келеді. Зерттеулерге зер сала оқып отырсам, А. С. Пушкин орыс әдебиетіне заман талабына сай тың ақындық ой-сезім әкелген, орыстың ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздығымен, мүлдем басқаша қалыптастырған екен. А. С. Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет — ондағы азаматтық, революциялық идеялардың қуаттылығы. 
А.С. Пушкин орыс халқымен тарихи жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады. Ресей халықтарының бәрінің тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық дастанының мазмұнын жаздыртып алады. 
Қазақтар туралы ақын өзінің «Капитан қызы», «Пугачев бүлігінің тарихы» атты кітаптарында айтып өтеді. Міне, мұның өзі ұлы ақынның бір ғана өз ұлтының шеңберінде қалып қоймай, жалпыадамзаттық құндылықтар қорына қосылатын мәдениеттерді тани алатын ғаламдық парасат иесі екенін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік мәдениет кеңістігіне кірігу үрдісінде ел келешегі жастар дәл осындай парасат иесі бола алса игі еді 
Абай және Пушкин 
Қос данышпан. 
Даналығын ақындардың 
Бүкіл әлем таныған. 
Ізгілікке үйретіп, 
Жанымызды оятып, 
Сұлулықты сезімін, 
Ақындыққа баулыған. 
Ғасыр өтсін, жыл өтсін, 
Ұмытылмас жырларың. 
Асыл сөзін қос дананың 
Мәңгі сақтар ұрпағын. 
Издревле сладостный союз 
Поэтов меж собой связует: 
Они жрецы единых муз; 
Единый пламень их волнует; 
Друг другу чужды по судьбе, 
Они родня по вдохновенью. 

Екі елдің данышпан Абай мен Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезге дейін адамдарды қызықтырады. Дүниеде табиғатқа тарта туған аса дарынды адамдар бірін- бірі ешқашан естіп білмесе де, екеуі жұмыр жердің екі шетінде жүріп- ақ өзді - өзі орайлас ой кешіп, бірінің кемел ақылын бірі толықтырып жататыны ғажайып. Бірін – бірі көрмей, естімей жатып-ақ екеуі егіздің сыңарындай ғылыми жаңалық ашқан білімпаздарды білеміз.

Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік қайдан туды?

Меніңше, Абай да, Пушкин де өз шығармаларында жалпы адамзат үшін мәңгілік маңызын жоймайтын, соған асық болар құндылықтарын жазған. Олар: адамгершілік, сұлулық, парасаттылық, әділеттік, махаббат

Расында да, Абай мен А.С. Пушкин екі халықтың өнер әлемінде кейінгі ұрпақтың ұмтылып жетуді арман етіп келе жатқан биік шың тәрізді.Қос елдің бас жұлдыздарының аспан болып ашылған, бұлақ болып мөлдіреген, көл болып жалтыраған, теңіз болып толқыған, гүл болып өрілген, нұр болып төгілген өлеңдері жас жүректі терең ойға шомылдырады, өмірдің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын түсіне білуге көмектеседі, сондықтан осы ұлы ақындардың өлеңдерінен нәр алу біз үшін үлкен өмір сабағы деп ойлаймын.Абайдың Пушкинмен үндестігі, оның жақын тартуы тегін емес еді.

Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік: 

А.С Пушкин « Я вас любил» өлеңін махаббат тақырыбына арнады. Пушкиннің «Я вас любил» өлеңі – жай ғана махаббат сөздері емес. Бұл – бір кезде ғашық болған әйелге деген терең сабырлылық пен үлкен адами достыққа, сыйласттыққа толы үндеу. Сүйгеніне жете алмауын, жауапсыз махаббатын былай суреттейді: 
Я вас любил, любовь еще быть может, 
В душе моей угасла не совсем; 
Но пусть она вас больше не тревожит, 
Я не хочу печалить вас ничем.- 
десе, Абай : 
Сүйсіне алмадым, сүймедім, 
Сүйегім жасып, сор қалың. 
Сүйісіп саған тимедім, 
Бола алмадым сенің жарың,-дей келе,сүйгенінің жары болмағанына өкінеді. 
Абай өзі сүйе білген, өзін де сүйгізе білген, табиғаты, болмысы бірегей, 
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» дегенді дұғадай сан қайталаған. Абайдың әр түрлі тақырыптағы шығармаларының ішіндегі махаббат лирикасы айырықша орын алады. Ол әндердің бірі «Көзімнің қарасы». Оның кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді. 

Пушкиннің поэзиясы Абайдың шығармашылығына қатты әсер етті. Пушкин поэзиясы қазақ әдебиетінің гүлденіп, өршуіне қуат жеткізетін демеу болды деуге болады. Абай еліктеген емес, бірақ оның поэзиясы Пушкин поэзиясымен табиғи туысқан болды. 
Бұл ретте тақырыбы ұқсас өлеңдердің ішінен Абайдың ақынға арналған өлеңін алсақ: 
Адамның кейбір кездері 
Көңілде алаң басылса; 
Тәңірінің берген өнері 
Көк бұлттан ашылса,- деп бастайды Абай. 

Пока не требует поэта 
К священной жертве Аполлон, 
В заботах суетного света 
Он молодушно погружен,-деп шертеді Пушкин. 
Осы екі өлеңнің не сөз, не теңеулерінде біріне- бірі ұқсас тұрған дәнеңе де
жоқ. Ал тақырып, мазмұнын алсақ, олар ұқсайды, тіпті бір жерде шығады. Екі ақынның өлеңі де « ақын мен ақындық шабыты» дегенге арналады. Ақындық шабыттың өзін де екі ақын жоғарыдан келген сый есепті түсінеді. 
Қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын ақын дегенді немесе ақындық дегенді жекеше тақырып етіп өлең жазған кісі жоқ. Осы сияқты өлең Абайды да бұрынғы қазақы ақыннан жоғары шарықтатып әрі шалымды етіп, жаңа үлгі, жаңа сөз сырының ақыны етеді. Тар заманның қапасынан еркіндікке бой ұрған екі ақынның терең сезімінен тебіреніп шыққан жырлары іштей жалғасып, А. С. Пушкиннің отты жыры Абайдың жүрек сырына ұласады. Қазақтың бас ақыны жазған «Адамның кейбір кездері» өлеңі мен орыстың ұлы классигі жазған «Поэт» және «Поэту» өлеңдерін салыстыра келіп, қазақ халқының атақты жазушысы М.Әуезов былай дейді: «Абай бұл өлеңінде шынайы ақындық шабыт үстіндегі шарқ ұрарлық, өскелең халді алады. Еліктеу жоқ, бірақ өз түсінігімен, өз тілімен көріктеп берген осы өлеңінде Абай Пушкин дәстүрін анық еске түсіреді». Ұлы жазушының бұл пікірінен біз Абай мен А. С. Пушкин бір-бірін аудармалар арқылы ғана толықтырып қоймай, сонымен қатар рухани жан-дүниесімен, өмірге деген көзқарастарымен де үндес екендігін көреміз. 
Абай мен Пушкиннің « Табиғат» тақырыбына арналған өлеңдері 
Пушкиннің де, Абайдың да сүйетін, қызық тақырыбы- табиғат тақырыбы. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдер- күшті ақындық шеберлікпен, қор мәдениетпен жазылған жырлар. Абайдан бұрынғы қазақ әдебиетінде жыл мезгілін айрықша тақырып қып алу тағы да жоқ болатын.Еуропа машығын алсақ, осы тақырыпқа арналған өлеңдер балалар оқитын мектеп хрестоматиясының барлығында болады. Орыс әдебиетінің көлемінде « қысқа» , «күзге» арналған өлеңдер ең алдымен Пушкиндікі болатын.Бірақ Абайдың «Қысына» көз салып қарасақ, орыс ақындарының қысты суреттейтін теңеулері жоқ па? Ең алдымен: « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» деп басталатын қысты Пушкиннің өзі де сипаттаған.Абайдың бұрын жұты қалың, шаруа соры –ақ боран, алты ай қысты жалпы айтпаса, оны осындай шал пішінімен алғанымен, ол шалды қазақ оқушыларына танытады. Ұғымды қып, өз тәні қып қорытып әкеп ұсынады. «Аяз бабай» мұның сипаттауынан « кәрі құдаң» боп, өз ауылының кісісі болып кетеді. Өлеңдерде Абай әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік- кәсібіне, шаруа- жайына көшеді. Көшпелі қазақ өмірін Абай өзінің туған табиғаты көріністерімен суреттей алды. Әсіресе ауыл кедейлерінің аштық пен жоқшылықтағы ауыр тұрмысы шынай бейнеленді. Абай қазақ ауылының нағыз өз суреттерін ғана алады. Адамның табиғатпен бірлігі олардың арасындағы ұқсастық пен байланыстың поэтикалық бейнеленуіне негіз болды. 

. « Өлсем, орным қара жер» және « Памятник» өлеңдері 
Ақынның адамгерлік ұлы бітімінен туған әрі терең, әрі сирек көңіл сыры- 
« Өлсем, орным қара жер». 
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? 
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? 
Махаббат, ғадауат пен майдандас қан, 
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?... 
Бұл жыр өлім жайын толғайды. Бұдан бұрын да басқа классик ақындарша Абай да өлім жөнін ауызға оқта- текте ала жүретін.Бірақ анық өзінің өмір шындығымен, ерекше мол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыры осы өлең.
Я памятник себе воздвиг нерукотворный, 
К нему не зарастет народная тропа, 
Вознесся выше он главою непокорной 
Александрийского столпа. 
Нет, весь я не умру — душа в заветной лире 
Мой прах переживет и тленья убежит — 
И славен буду я, доколь в подлунном мире 
Жив будет хоть один пиит.-деп А.С.Пушкин жазған. 
Жалпы алғанда, бұл жырлардың тақырыбы-ойшыл адамның, әсіресе, сыршыл ақындардың анық тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр болады. Бұл өлеңдерді біз Абай мен Пушкин өмірінің соңғы шағының үлкен үлкен қорытындысы дейміз. 

Абайдың терең толғаулы, дана ақындығы екендігі сол- Пушкиндей классиктер үлгісін сырт жағынан ғана алмай, еліктеу түрінде ғана алмай, біржолата өз тамыр топырағынан өскен, өзіндік мәдениетті үлгі өрнек есебінде бере білуінде. 


Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде. 
Петропавл қаласындағы Абай мен Пушкинге орнатылған ескерткіш. 


Бекіту: 3 қатарға Абайдың Пушкин шығармашылығымен сарындас «Қыс», «Адамның кейбір кездері», «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма» өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасатамын.


Эссе: « Әлемге кеткен аты бар, алтыннан жазған хаты бар, күн сөнбей, ол сөз сөнер ме?»


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Абайдың сөзі – қазақтың бой тұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып ,дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды , қайта уақыт өткен сайын оның ұлығының тың қырларын ашып жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін , қазағын жаңа биіктерге , асқар асуларға шақыра береді . 
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзіннің қарашығындай сақтайтынына , қорғайтынына сенемін. 
Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін,»-деген. 


Қорытынды: Кестені толтыру «Білемін» «Үйрендім» «Білгім келеді»


Үйге тапсырма: Эссені аяқтау. Пушкин мен Абай шығармашылығын оқу, талдау, өлеңін жаттау.


Бағалау: үй тапсырмасы, бекіту тапсырмалары, эссе бойынша білімдері бағаланады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!