«Өлең сөздің патшасы,сөз
сарасы
Қиыннан қиыстырар ер
данасы...
Жұртым-ай ,шалқақтамай сөзге
түсін
Ойланып,сыртын қойып, сөздің
ішін...» Кей-кейде жаның мұңға толғанда,жұбатар ешкім
болмағанда,жүрегің езіліп,жаныңды қоярға жер таппай сандалатының
бар.Міне сол сәтте қолыңа қалам ұстасаң болды,іштегі сыр жырға
айналып,бойың бір жеңілденіп,жан жарасы емделгендей болады.Әрине ,
қалам ұстағанның бәрі ақын немесе жазушы бола бермесі анық,алайда
жүрек тербелгенде,өзің бір сергелдеңде жүргендей сезінесің,сол
сәтте туған ой ұшқыны еркін,ешнәрсеге бағынбай,лаулаған өртке
айналады.Ондай жалынға айналаның бәрі түк емес,ештеңені сезіп бір
елемес.Осыдан туған өлең шарықтамай қайтсін!Сол сәт қана емес,өмір
бойы жанға желеу,үлкен бір демеу болары анық,өйткені ол өз сырың,өз
жырың. Ойыңа ой қосылған сәтте бойыңа бой қосылғандай сезінесің.Уай
,сонда көрерсің, төбең көкке бір елі жетпегендей
болғанын.
Өмірде бір мезет қуанышты
сәттер де бар.Бақыттан басың айналардай болған сәтте тілге оралған
тәтті сөздер өрнектеліп,өз мақамын тауып тізбектеліп,өмір шіркін
шырайланып кетеді.Бұл сәтте қиялың қанат жайып,арманның алатауына
жеткенше асығады.Алып-ұшқан көңіл ғой құбылмалы ,дәл бір ауа райы
секілді.Сол бір көңілден шыққан сырлы сөздер жаныңды жұмаққа
апарғандай болады.Қиялыңа қанат бітіп ,өзге бір әлемнің есігін
айқара ашасың .Ол сенің ішкі жан дүниең,рухани азық ,жинаған
құндылығы мол ғажап әлем,тек сол бір рухани байлығың мол болса
болғаны,адамдық туын желбіретіп,бар болмысты елжіретіп, «аh»
ұрғызасың.Онымен қоймай кейде масаттанып,марқайып ауыр мұңнан
арыласың.Міне ,бұл өлең құдіреті,яғни асыл сөз
құдіреті.
Кейде Ұлы хакім Абайдың
өлеңдерін,қарасөздерін оқи отырып адам жанының қаншалықты жұмбаққа
толы екенін сезінесің.Әрбір қайталап оқыған сайын жаңа бір әлемге
еіп бара жатқандай боласың.Данамыз ой елегінен өткізіп,адамзат
бойындағы бар құндылықты үйлестіре келе толық адам формуласы қандай
екендігін ғылымсыз –ақ түсіндіреді.