Материалдар / Абайдың асыл сөздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың асыл сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық адамға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың асыл сөздері

Қазіргі кезде Абай Құнанбайұлының шығармашылығы несімен қымбат деген сауал барлығымыздың санамызды толғандырары әсте айқын емес пе? Дана Абай, дара Абайдың туғанына 175 жыл толса да қазақ елінің басынан небір жағдай өтсе де, жаңа, болашағы белгісіз бағытқа бет бұрсақ та тұтас халықтың қайнар көзі, адастырмас темірқазығы, сөнбес шоқ жұлдызы болып отыр. Әлі де солай бола бермек.

Абай атамыздан кейін бұл жалғанда небір наркескен ақындар, халқым, елім, деп езіліп, жұртым деп көкірегі қарс айрылған ақындар болмады емес болды. Бірақ сонда да дана Абайдың жұлдызы биік тұратыны неліктен? Абай өлеңдерінің әмбебаптылығынан, философиялық ой тереңдігінен рухани әлемге азық сыйлайтын, таным көкжиегін кеңейтуге ой саларлық шығармалары, адам баласының жан дүниесін тербейтін музыкалық мұрасы болар бәлкім.

Өмірінің соңғы шағында ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған теңдессіз ақылгөй сол қара сөздері арқылы бізге не айтқысы келді? Оны біздің қазіргі жас буын қалай қабылдап жүр? «...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі...» - демеп пе еді ғұлама? Бірақ, Абайдың шығармаларын, әсем сазды әндерін, терең ойлы қара сөздерін оқымай, тыңдамай өскен жан жоқ-ау, сірә...

Ақын Күләш апам (Күләш Ахметова): «Парасатты өнегенің пайдасы мол» - деп ылғи айтып отырады. Адамзат қоғамы Абай секілді дара тұлғалардың парасатты өнегесінің арқасында ұлық емес пе? Осындай ірі тұлғаларымыздың асыл көздерінің барында біздің адасуға, жаман жолға бет бұруға хақымыз жоқ!

Абайдың қара сөздері – адамзат баласына ортақ бас қойып ішер мөлдір бұлақ іспеттес. Қара сөз емес-ау асыл сөз деуге де болады. Тек осы асыл сөздің мән-мағынасын терең түсінер жан болса болғаны. Жалпы саны 45 түрлі қара сөздердің мағынасы да 45 түрлі. Абай бір ғана бағытты алып төсеніп алмай, сол кездегі қоғамның ащы шындығын, адамдардың сұм-сұрқиялығын, залымдығын, надандығын, дүниеқоңыздығын айта берсек сан түрлі тақырыптың барлығын жебіріне жетіп көңіліндегі бораған қара құйынды қара сияның көмегімен ақ қардай әппақ қағаз бетіне лақылдатып төгіп жібергендей. Сондай әсерлі, сондай керемет! Оқыған адамның жан дүниесін бір шайқап өтіп, денесін шымырлатып жіберетіні анық. Бір таң қалатыным сол кездегі оңбағандық, сол кездегі ит мінезділік, дәл сол дүниеқоңыздық бәрі бәрі қазіргі қоғамда да бар. Көбеймесе азаятын түрі жоқ. Мені қынжылтып, жүрегіме үрей тудыратыны да сол...

Ал енді хакім Абайдың асыл сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім сол маржан сөздерден нендей нәрсені түйгенімді жазып өтейін...

Үшінші қара сөзінде ақын қазақтың бір-біріне деген қаскүнемдігінің, бір-бірінің тілеуін тілеспей, жалқау болуының себебін білгісі келгендей сұрақ қоя келіп, өзі оған керемет жауап береді. Адамның осыншалық надан болуының себебін оқымағандық деп біледі. Ұры-қарының да көбеюін сол дүниеқоңыз байлардан көреді. Адамның күні адамға қараған шақты, жағымпаздарды, пасық ойлыларды үдесіне жетіп сынайды. Сол кездегі адамдардың артын ойлап, билікке жауыздарды өз қолдарымен қойып, кейін соның тепкісінде құл болып өмір сүруін, билікке мүлдем көңілінің толмайтынын, айлалының озған заманына күйіп, ызалана жазады. Осындай пасық істердің барлығын айналып келіп оқымағандықтың, білімсіздіктің зардабы деп түйіндейді.

Өкінішке орай дәл осы жағдай әлі де жалғасын тауып келеді. Кейінгі жас ұрпақты да қынжылтатыны осы. Болашағымыз қалай болмақ? Біз қай жаққа бет бұрып бара жатырмыз деген сұрақ әрбір қазақты толғандыратын мәселе. Қазіргі сәттегі басымызға туған ауыр індет, мүшкіл жағдайдың қарсаңында кім-кімге сеніп, кімге ауыз ашарын өздері білмей әлек... XX ғасырдағы қазақ халқының басындағы осы мәселе XXI ғасырда шешімін табар ма екен? Әй қайдам... Бір үміт... Бір күдік...

Оныншы қара сөзіне келер болсақ бұл жерде ақын бала тәрбиесіне, ата-ананың олқылығына күйінеді. «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді. Қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?...», - депті ғұлама. Баланы құдайдан өзің үшін сұрамай, халық үшін сұра. Елдің мұңын жоқтап, жыртығын жамайтын ұрпағың болсын дегісі келгендей. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік», - дейді. Расында да солай емес пе? «Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы, жаман болса жердің асты жақсы» - деген жақсы сөз бар емес пе қазақта? Ақынның айтқысы келгені алма алма ағашынан ұзап ешқайда түспейді, сен өзің қандайсың балаң да сенен асып алысқа бармайды. Балаң жақсы болсын десең ең алдымен өзіңді тәрбиелеу керек екенін айта келіп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, оны кішкентай кезінен қызық көріп алдап, кейін адамның өзі опық жейтінін жеткізгізі келеді...

Шынында баланы алдауды мен де құптамаймын. Қазіргі кезде де бала тәрбиесіне аса көңіл бөлмей аяулы аналарымыздың жұмысбасты болып кетуі өте қиын жағдай...

Бала кезде бәрі жақсы, жаман адам қайдан шығады? Өтірікші қайдан шықты? Бала кезінде қолыңызда ештеңе жоқ болса да: «Балам, бері келші тәтті беремін, ойыншық әперемін»-деп өтірікті көп айтамыз. «Қайда кеттің?»-деп жылап шығарып салып тұрған балаға: «Қазір келемін»-деп ұзақ іс-сапарларға кете беретінсіз. Сөйтіп, баланың бойына өтірікті дарытып, қоғамда уәдесінде тұрмайтын тағы бір өтірікшінің көбеюіне үлес қостыңыз. Өмірдегі үлкен қателіктердің барлығы ұсақ, көзге көрінбейтін дүниелерден басталатынын ұмытпауымыз керек-ау, сірә...

Сонымен қатар ақын адамдардың малды арамдықпен, иттікпен тапқанын, сол малды адамшылыққа жұмсамай дүниесінің дәл солай иттікпен кететінін айтады. Барлық іске адам баласының оңай жеткісі келетінін, еңбек етіп, кішкене нәрседен сол армандаған мақсатына жетуге ерініп, Алладан сондай батпанқұйрық тілеуіне қарсы болады...

Болашақ – жастардың қолында. Біз ерінбей, жас күнімізде еңбек етіп, ғылым жолына түсуіміз керек. Қазір – білімдінің заманы. Бірден сатының жоғарғы жағына шығудан аулақ болып, білім жолында көп күш - жігер, уақыт кетсе де ең төменгі сатыдан маңдай терімізді төгіп, күшімізді сарқа жұмсауымыз қажет.

Абай атамыздың қара сөздері тек бір ғана халықтың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен шектелмеген. Мұнда адамзат тарихында сан түрлі ғұламаларды толғандырған мәселелерге талдау жасалған. Сол себепті ақынның қара сөздері әлемдік өркениеттен ойып орын аларлық мәдени мұра десем қателеспеймін.

Абай мұрасы мәңгілік халық жадында, жүрегінде қалары сөзсіз. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себепті тізіп бергендей сол қасиеттерді бойымызға дарытып, қара сөздерді мәңгі сана-сезімімізге сіңіре білуіміз керек. Ұлы ақын айтқандай ақыл, қайрат, жүректі ажыратып алмай жұдырықтай түйіп, бірдей ұстап тек білім, ғылым жолында еңбек ете берейік, жас дос!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!