Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
Мен балаң жарық күнде сәуле
қуған...
|
Мектеп: «Ақбұлақ жалпы
негізгі білім беретін мектебі» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің
аты-жөні:Тусупова Роза Амангельдиновна
|
Сынып: 6
Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
4
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Абайдың қара
сөздері
|
Оқу бағдарламасына
сілтеме
|
А/И1. Әдеби шығарманың
композициясы
6.2.1.1 -
шығарма композициясындағы
белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме
жасау
|
Сабақтың
мақсаты
|
Шығарманың композициясындағы
белгілі бір эпизодтың алатын маңызын
түсіндіру
|
Бағалау
критерийлері
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылардың жатқа оқу дағдысын
қалыптастыру;
Сұрақтарға нақты жауап беруге
дағдыландыру;
Шығарманың
мазмұнын композициялық тұрғыдан талдауды
үйрету.
|
Сабақта қамтылатын
құндылықтар
|
Өмір бойы оқу, азаматтық
жауапкершілік,құрмет
|
Пәнаралық
байланыс
|
Қазақстан тарихы, денетәрбиесі,
география
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Ғаламтордан бейнебаяндарды
пайдалану, презентациямен жұмыс
|
Осыған дейін меңгерілген
білім
|
|
Жоспар
|
Жоспарланатын
уақыт
|
Жоспар бойынша
орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Басы
2
минут
5
минут
5
минут
Ортасы
12-15
минут
|
Қызығушылықты
ояту
Мағынаны
тану.
Оқы. Жұпта
талда
-
Абай қара сөздері - өмір
тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын
әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған.
Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп
жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де
байқалады. Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы,
бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді.
Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне
қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге
қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара
сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы)
келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны
туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып
өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады.
Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға
шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой
елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн
деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы
ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана
білген. Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың
ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық
мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік
арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы
ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік,
ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп,
тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын
құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ
асыл сөз ретінде бағалауға болады.
-
2-тапсырма
Оқушыларды 6 топқа бөліп
отырғызып, 6 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз.
Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет
түрлері:
Зерттеуші басты кейіпкердің мінезін,
басты оқиғаны зерттейді.
Баяндап
берушіқарасөзде
көтерілген мәселенің
әлеуметтік рөлін талдап айтып береді.
Сұрақтар
құрастырушықарасөзде
көтерілген мәселенің
әлеуметтік рөлі бойынша сұрақтар дайындайды.
Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы
қажет.
Сілтемелер
табушықарасөздердекөтерілген мәселенің
әлеуметтік рөліне сәйкес афоризмдер мен
мәтелдерді табады.
Бейнелеуші -
қарасөздердекөтерілген мәселенің
әлеуметтік рөліне байланысты сурет
салады.
Дәнекер – негізгі идеялар мен мен
оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады.
3-қадам: Оларға қарасөздер
бойынша жұмысжасауға уақыт беріңіз.
4 – қадам: Оқушылар топта
жүзеге асырған жұмысын сынып алдында
қорғайды.
Бағалау.
Оқушылар дескриптор бойынша әр топты
бағалайды.
|
https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/32790/
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Кері
байланыс
-
Сабақ несімен
ұнады?
-
Қай жұмысың сәтті
шықты?
Үйге
тапсырма:
|
|
Қосымша
ақпарат
|
Дифференциация –
Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп
отырсыз?
|
Бағалау –
Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай
тексересіз?
|
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік
ережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік
элемент)
|
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін
уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп
оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы
оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы
саралап (дифференциация) даярлау.
|
Бірнеше
тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты
болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат
берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға
құрамын.
|
Дене тәрбиесі мен
Қазақстан тарихы, география пәндерімен пәнаралық байланыс
бар.
Өмір бойы білім алу,
ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.
Оқушылардың денсаулығына
көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру
үшін ыңғайлы отырғызу т.б.
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге
асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен
жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және
неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді
осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ
бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
|
Жалпы
баға
Сәтті өткен екі нәрсені
атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға
қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың
одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға
қатысты)?
1:
Осы сабақ барысында сынып
немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін
қажет болуы мүмкін қандай ақпарат
алдым?
|