Күні: 22
желтоқсан
Сыныбы: 5 а, 7
а
Түрі: сыныптан тыс
шара
Тақырыбы: «Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» (Абайдың қарасөздері
жайында)
Мақсаты: Абайдың ұлылығының дәлелі
боларлықтай қарасөздердің мәнін, маңызын, ақынның артқыға айтар
ойын, ғақлиясын түсіну, кейінгілерге насихаттауға
үйрену.
Күтілетін
нәтиже:
-
Абай Құнанбайұлының өмірі мен
шығармашылығынан мәлімет алады.
-
Қарасөздердің философиялық
ой-түйінін, мән-маңызын түсінеді.
-
Қарасөздерде айтылған ойлар
мен келтірілген афоризмдердің тәрбиелік мәнін
үлгілейді.
Көрнекіліктер: аудиодиск, Абайдың ғұмырнамасы
жайындағы электронды оқулық, қанатты сөздер,
мақал-мәтелдер.
Сабақ
барысы:
Мұғалім
сөзі: Қазақ халқының ұлы ақыны,
кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын
шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің
досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа
қарай бізбен бірге адымдап келеді.
Абай халықтың мақтанышы ғана
емес, біздің ұлыттық ұранымыз, ұлыттық идеологиямыз. Оның өлмес
мұрасын алдымен өізіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің
ғұмырлық парызымыз. Өйткені Абайды таныту – әлемге қазақты таныту
деген сөз. Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы
біреу-ақ.
Оқушылар: «Өзгеге көңілім
тоярсың»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген
сөзі бар. Ал Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім»
деді.
Ал біз бүгінгі сабақта
даналықты іздеп, Абайды оқуға талпындық.
(Электронды оқулықтан Абайдың
қолданған заттары мен оқыған оқу орны жөнінде бейнеролик
көрсетіледі)
Абай ақындық өнер еріккенің
ермегі емес, ол – қоғамды түзетуші ұлы күш деп
қарады.
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер
шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін
ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас
жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел
баста-ақ, - деп, тәрбиелік мәні мен маңызы мол өлеңдері әлі күнге
құдіреттілігін жойған жоқ.
Өлеңдері: «Білімдіден
шыққан сөз», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба»,
«Адамның кейбір кездері», «Әсемпаз болма
әрнеге»
Мұғалім
сөзі: Абай ХІХ ғасырдың 90 жылдары
өзінің ой толғаныстарын қарасөздерімен жазған. Өз шығармасын
қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан
болса, көркем қарасөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тариханда
Ы.Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай
болды.
Абайдың қарасөздері көркем
әңгіме емес – ғақлиялық даналық сөздер. Абайдың қарасөздерінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең,
оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. «Қарасөздер»
Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады.
Көрініс. «Бірінші
сөз»
7 «а» сынып оқушылары.
«Алтыншы сөз» Қарағаева З, «Он бесінші сөз» Арманұлы А, «Он алтыншы
сөз» Құспанов І.
Көрініс: «Он жетінші
сөз»
«Он тоғызыншы сөз» Сәбен З,
«Жиырмасыншы сөз» Мақсотова А, Төлеген А, «Жиырма үшінші сөз»
Салауат А, Азамат А, «Отыз үшінші сөз» Ғабдулғазезов Т, Сатыбалдиев
Ж, ҚарағаеваЗ.
Мұғалім
сөзі: Абайдың қарасөздері немесе
өлеңдерінен алынған үзінділер болсын афоризмдер деген үлкен мәнге
ие болды. Кез келген оқытушы, топ алдында сөз сөйлер шешен де,
бүкіл көпшілікті өзіне қаратқан небір ақсақалдар ақынның сөзін
тілге тиек етіп, сөзін асылдандыра түседі.
Келесі кезек қанатты сөздерге
берілсін.
-
Аадамның адамшылығы істі
бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен
емес.
-
Көңілдегі көрікті ой ауыздан
шыққанда, өңі қашады.
-
Әкесінің баласы – адамның
дұшпаны. Адамның баласы – бауырың.
-
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі
үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек
қылсаң, алланың сүйген құлының бірі
боласың.
-
Адам баласын замана өстіреді,
кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі
виноват.
-
Егер ісім өнсін десең, ретін
тап.
-
Дүние – үлкен көл, заман –
соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын – інілер,
кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
-
Бақпен асқан патшадан, мимен
асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала
артық.
-
Жаман дос – көлеңке, басыңды
күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп таба
алмайсың.
-
Досы жоқпен сырлас, досы
көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ
бол.
-
Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз
ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
-
Бағың өскенше тілеуіңді ел де
тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң – өзің ғана
тілейсің.
Қорытынды:
Кіршік жоқ жүрегімізде ақын
Абай
Жырларың бізге айтқан
ақылыңдай
Қатарда бізбен бірге алға
басқан
Тірісің сен қазіргінің
ақыныдай.
Неткен кең, неткен жомарт
шіркін баба,
Әлі туар талай ақын, шіркін
бала.
Берерін беріп өткен ақын
Абай,
Ал біз ше? Борыштымыз шынында
да.