Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абайтану авторлық бағдарламасы 9-10 сыныптарға
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АБАЙТАНУ
(9-10 сыныптар)
Сагимбекова Бакыт Советхановна –
Алматы облысы Ақсу ауданы Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ТҮСІНІК ХАТ
«Абайтану» курсы бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
Абай – қазақ ой-санасының ең биік шыңы. Ол – парасат биіктігінің, ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Абай – бүкіл адамзаттың ұстазы биіктігіне көтерілген ақын. Қазақ бар іздегенін Абайдан табады. Абайды оқып, Абай арқылы кемелденеді. Сондықтан исі қазақ Абайды білу керек. Ал Абайды білу оңай емес. Бұл құдірет – оның туындыларының философиялық тереңдігінде, А.Байтұрсынов айтқандай «сөз ауырлығында».
Абай өмірі – үлгі, шығармалары – қазақ халқының баға жетпес байлығы. Абайды тану – қазақты танудың, түсінудің ең төте жолы. Абай – тек бас ақын ғана емес, үлкен қоғам қайраткері, философ. Абай қазақтық тар құрсаудың шеңберінде қалмай, адамзаттық биіктікке көтерілген әлемдік тұлғаға айналды. Бұны «ұлы төреші» - уақыт дәлелдеуде. Жылдар жылжып алыстаған сайын дана Абайдың айтқандары қымбаттай түсіп, өзектілігін жоғалтпайды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ақынның рухани қазынасы барлық қазақ баласының қажетіне жарап келеді.
Абай әлемінің халықтың болашағымен үндесуі, ұрпақтарымен жалғасуының бір жолы – бүгінгі мектепте оқытылуы. Ұсынылып отырған «Абайтану» курсы мектепте қазақ әдебиеті пәнінде берілетін оқу материалдарына қосымша болып табылады. Бағдарламада Абай сияқты әлемдік ұлы тұлға шығармаларын тереңдете оқыту, оның мазмұнын, философиялық көзқарасын түсіндіру, парасаты мен адамгершілік сезімінің, ақыл-ойының, рухани көркем әлемін түсіндіруді көздейді.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл ақынның өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін оқыту. Мазмұны мен идеясын, философиялық ойын, педагогикалық көзқарасын түсіндіру.
Міндеттері:
-
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қайраткерлігі, ақындығы туралы біршама толық мәлімет беру.
-
Абайтанушы ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерімен таныстыру.
-
Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу, ойын түсіндіру.
-
Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану.
-
Ұлы ойшылдың философиялық сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын түсіндіру.
-
Абайдың ғылыми-философиялық, ағартушылық көзқарасын, қоғам қайраткері ретіндегі рөлі туралы түсінік беру.
-
Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы мен қосқан үлесі туралы айту.
-
Ақынның ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру.
-
Абайдың ақындық мектебі және жас ақындарды өнерге, білімге, ғылымға үндеуі, тәрбиелеуі туралы айту.
-
Аудармалары туралы түсінік беру.
-
Шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігін айту.
-
Абай афоризмдерін оқыту, түсіндіру жұмыстарын жасау.
-
Абай шығармаларын оқыту, жаттау, түсіну.
Күтілетін нәтижелері:
-
Абайдың өмірі мен шығармашылығын, абайтанушы ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін біледі, оқиды.
-
Ұлы ақын шығармаларындағы философиялық ойды, ақынның көзқарасын түсінеді.
-
Абайдың ғылыми-философиялық, ағартушылық көзқарасын, қоғам қайраткері ретіндегі рөлі туралы біледі.
-
«Толық адам» концепциясын түсінеді, ақынның түпкі ойын аша біледі.
-
Абай афоризмдерін жаттайды, қолданады.
-
Ақынның ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсінеді.
-
Ұлы ойшылдың, тәлімгерлік тағылымы туралы түсінеді.
-
Абайдың ақындық мектебі туралы біледі.
Өзектілігі:
Жаһандану аясында рухани даму мен рухани қалыптасуда ұлы Абай шығармаларын оқыту арқылы жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру өзекті болып табылады.
Қолданылатын технология:
Сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы, жобалау.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Кіріспе. Абайтану туралы. 1 сағат. Абайтанушы ғалымдар: М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхамедханов, А.Нұрқатов, К.Оразалин, Ғ.Есім, Т.Жұртбай т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары туралы зерттеулері.
Абайдың өмірі, өскен ортасы, рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері. 1 сағат. Ақын өмір сүрген кезеңдегі тарихи, қоғамдық-әлеуметтік жағдай, туып-өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі.
Абайдың ғылыми-философиялық ойлары. 1 сағат. Абай шығармаларындағы ұлттық психологиялық дүниетаным. Батыс философтары мен Абай көзқарасының ұштасуы. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуы.
М.Әуезов және абайтану мәселелері. 1 сағат. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуі. «Абай жолы» эпопеясының жазылуы. Абайтану ғылымының негізін салуы. М.Әуезовтің Абай мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістері.
Абайдың адами қасиет және адам мінезі туралы ойлары. «Ойға түстім, толғандым» өлеңі. 1 сағат. Өлеңде Абайдың адам мінезі туралы айтуы. Көрсеқызарлық, білімнен қол үзу, айла мен амал іздеу, мақтаншақтық, өтірік пысықтық туралы ойлары.
«Қалың елім, қазағым...» өлеңі. 1 сағат. Қазақтың мінезі туралы ойын жеткізуі. Бірлік, еңбек, көрсеқызарлық, берекесіздік туралы айтуы. Білімдіден үйренуге жетелеуі. Өленің әлеуметтік мәселені көтеруі.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек». 1 сағат. Өлеңде теріс қасиеттерді сынауы. Адам мінезінің келеңсіз жақтары: арсыздық, сабырсыздық, алауыздық, күншілдік, жалқаулық, ұрлық, берекесіздік, дұшпандық, ғайбат сөз айту, мақтаншақтық, жұмыссыздық, қылжақбастық.
Абай шығармашылығындағы оқу, өнер, білім тақырыбы. 1 сағат. «Интернатта оқып жүр» (толық нұсқасы) өлеңі. Ақынның ғылым-білімге деген көзқарасы. Білім алу, оқу, ойлану қажеттілігі туралы.
«Жапырағы қураған ескі үмітпен» өлеңі. 1 сағат. Өмірдің мәні, адамның өмір туралы ойлары. Ақынның адамның өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі бақылауы , тәрбиелеу туралы ойлары.
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі. 1 сағат. Өлеңнің мазмұны мен идеясын жеткізу. Әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, байларды сынауы.
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі. 1 сағат. Заманынан, замандасынан озып туған ақынның рухани биіктен ойласарға сөз ұғарлық кісі таппай толғануы. Адамдық, адалдық, арамдық, білім, ақыл жайлы ойлары.
«Сегіз аяқ» өлең. 1 сағат. Халық қамын ойлау. Ақынның бірлікке шақыруға талпынысы. Өлеңде елдің берекесін кетірген дауласу, қастасу, арыз беру секілді жаман әдеттерді сынауы.
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі. 1 сағат. Өлеңнің мазмұны, идеясы, ойы. Ақынның қазақ қоғамындағы әлеуметтік әділетсіздіктерге деген көзқарасы, ұстанымы. Адам психологиясы.
Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары. «Болыс болдым, мінекей», «Мәз болады болысың» өлеңдері. 1 сағат. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды сынауы. Әлеуметтік мәселелерге сыншылдықпен қарауы.
Абайдың табиғат лирикасы. «Жаз», «Қыс», «Көктем», «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңдері. 2 сағат. Жыл мезгілдерін суреттеу. Табиғат құбылыстары мен адам тіршілігіндегі байланыстар. Кейіпкерлері. Әдебиет теориясы бойынша талдау.
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. 1 сағат. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны мен идеясы. Ақынның табиғат лирикасын жырлаудағы ерекшелігі. Түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, кейіпкердің сезімін табиғат құбылыстарымен ұштастыруы.
Эссе. 1 сағат.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі. 1 сағат. Қансонарда өлеңінің мазмұны мен идеясы. Қансонар туралы түсінік. Бүркітші бейнесі туралы. Әсем пейзаж, көркем бояу. Әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс.
Абайдың қара сөздері. Екінші, тоғызыншы, он бесінші қара сөздері. 2 сағат. Қара сөздерінде көтерген мәселелері. Жағымсыз қылықтарды сынауы. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі туралы. Ақын пікірінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі. Ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қара сөздердің өзіндік ерекшелігі.
Абайдың қара сөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғамы. 2 сағат. 37 қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі.
Абайдың ақындық мектебі. 1 сағат. Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы, жас ақындарға ықпалы, тәрбиесі. Абайдың ақын шәкірттері. Абайдың қазақ тарихында алғашқы ақындық мектепті қалыпастыруы. Талапты жастарды ақындыққа баулуы.
Абайдың ақындық мектебі. Абай және Шәкәрім. 2 сағат. Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына Абайдың ықпалы. Абай мен Шәкәрім өлеңдеріндегі үндестік. Батыс әдебиетінің Шәкәрім шығармашылығына ықпалы. Ақындық болмысының қалыптасуы.
Абайдың Лермонтовтан аудармасы. «Теректің сыйы» өлеңі. 1 сағат. Кавказ халықтарының ұлттық психологиясы мен мінезін көрсетуі. Теректің мінезі: буырқану, долдану, толғану, айдаһардай айбат шегу. Қарт Каспийдің мінезі: жылы жүзді, сабырлы, байсалды. Әдебиет теориясы.
Абай және батыс әдебиеті. 1сағат. Абай шығармашылығына орыс, батыс әдебиетінің әсері. Абайдың батыс әдебиетінен үлгі алуы.
Абай және шығыс әдебиеті. 1 сағат. Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар. Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті. Абайдың нәр алған рухани мектебі.
Абай – сазгер. 1 сағат. Абай танымындағы ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, әндерінің эстетикалық мәні. Абай әндерінің мазмұны. Музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақ.
Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер. 2 сағат. Ақын туралы жазылған естеліктер. Ақынның азаматтық бейнесі, қайраткерлік тұлғасы туралы.
Қайталау, қорытындылау. Жоба қорғау. 2 сағат. Өткен материалдар бойынша жоба қорғау жұмыстары.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
№ |
МАЗМҰНЫ |
Сағат саны |
|
Кіріспе. Абайтану туралы |
1 |
|
Абайдың өмірі, өскен ортасы, рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері |
1 |
|
Абайдың ғылыми-философиялық ойлары |
1 |
|
М.Әуезов және абайтану мәселелері |
1 |
|
Абайдың адами қасиет және адам мінезі туралы ойлары. «Толық адам» |
1 |
|
«Қалың елім, қазағым...» өлеңі |
1 |
|
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі |
1 |
|
Абай шығармашылығындағы оқу, өнер, білім тақырыбы. «Интернатта оқып жүр» (толық нұсқасы) өлеңі |
1 |
|
«Жапырағы қураған ескі үмітпен» өлеңі |
1 |
|
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі |
1 |
|
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі |
1 |
|
«Сегіз аяқ» өлеңі |
1 |
|
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі |
1 |
|
Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары. «Болыс болдым, мінекей», «Мәз болады болысың» өлеңдері |
1 |
15 16. |
Абайдың табиғат лирикасы. «Жазғытұры», «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңдері |
1 1 |
17. |
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі |
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |